Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".
Егерде не қажет екенін анық біліп, тезірек аяқталуын тілесең, осыған апаратын әдісті қайтсең де табасың.
Жәй ғана құлшынып қоюың жеткіліксіз. Егер де ақымақ болуға құлшынсаң, онда аузынан көбігі аққан жындысүрейдің өзі болып шыға келесің.
Егер тапқың келсе ізде. Тамаша ойлар бізге сирек соғады.
Өте қажеттілігін сезінбесең, құлшынысың да құлдырайды.
Ілім / Білім
Пайымдау – молшылықтың бастауы. Пайымдау – денсаулықтың бастауы. Пайымдау – рухани ашылуыңның бастауы. Пайымдау мен іздену – бастаудың қайнар көзі.
Жәй ғана білім алу күнкөрісіңе көмектеседі. Өз бетіңше біліміңді жетілдіру –табысқа әкеледі.
Біз біліміміз тартымды болып мақсатымыздың іске асуына әсер ететіндей етіп қолдануды үйренуіміз қажет.
Оқылмаған кітапың ешқандай да пайдасы болмайды.
Егер де жаман
жолда сүрінсеңіз, екінші бұл жолмен
қайта жүруге құлшынысыңыз болмайды,
сондықтан бағытыңызды
Кейбіреулердің аз оқитындықтары сонша, ойлары ойнамалы болады.
Егер бір табақ ет пен кітаптың біреуін ұсынса, таңдауыңыз кітапқа түссін.
Адам ойының
ұлылығы – шексіздік пен
Санаңа да тәніңе бергендей жақсы, құнарлы қорек бер.
Сізге қажетті нәрселер – табыс, жақсы тұрмыс, айқын болашақ бәрі де кітаптарға жазылып қойған. Не істеу керек деп ойлайсыз ғой? Америка халқының тек 3 пайызында ғана кітапхана билеті бар. Керемет, олар бай шығар! Жоқ – олар еркін, азат. Мүмкін, сізді қоршап тұрған осы үш пайыз шығар!
Надандық – жақсы емес.
Надандық – кедейлік.
Надандық – құлдырау.
Надандық – қасірет.
Надандық – ауру.
Барлық келеңсіздіктің бастауы – надандық.
Нәтиже / Табыс
Табысты қумаңыз – өзіңіз тартатын тұлғаға айналуға тырысыңыз.
Әр күннің қортындысын ойша ой елегінен өткізіңіз. Осының барысы қуантады немесе іс-әрекетке қамшылайды.
Менің мақсатым – нақтылы кеңесті, нақтылы нәтижеге айландыру. Басқаларды әр түрлі пәндерге үйрететін мұғалімдер бар. Бұл мен емес. Басқаларды нақтылы нәтижелерге жетуді үйрететін мұғалімдер бар. Бұл мен.
Егер де біруақытта әр түрлі заттарға көңіл бөлсеңіз, нәтижесі онша болмайды. Егер де белгілі ғана нәрсеге көңіл аударсаңыз, керемет нәтиже алатын боласыз.
Табыс – қолымыз жеткені емес, нәтижесінде кім болатынымыз.
Кейбір заттың қалай әрекет ететінін білмеген жақсы. Ең бастысы – олар бар. Біреулер өсімдіктің құрылымын зерттесе, келесілері өнімдерін жинайды. Барлығының нәтижесі өзіңізге қажетті нәтижеге ғана келіп тоғысады.
Өнім жинау – пісіп жетілудің шыңы. Егер жемістері ұсақ болса немесе ірі болса да өкінбей жинауды үйренуіміз қажет.
Мақсатты қоя білу – табыстың бөлінбес бөлшегі.
Табыстың 20
пайызы сіздің тәжірибеңіз бен
Менің байқағаным, елдің бәріне кедейшіліктен қалай құтылуға болады деп түсіндіргеннен гөрі, баю оңай.
Мақсат / Жоспар
Мақсаттар. Егер белгілі мақсатың болып, осыны қайтсем де іске асырам деп құлшынып, сеніп тұрсаң, сіздің қабілетіңіз туралы әңгіме қозғаудың өзі артық.Әрқашанда алғашында себеп, соңынан салдар болады.
Болашаққа екі көзқарас бар. Біріншісі қауіптеніп, екіншісі үміттеніп қарау.
Бір адам айтады: «Мен сияқты жұмыс істеп үйіңе кеш келсең, тамақ ішесің, теледидар көресің, шаршап барып ұйықтауға жатасың. Сіз өзіңіздің болашағыңызды жоспарлай беруге уақытыңыз да болмайды». Бұл адам жоқшылықтың шырмауынан шыға алмай, қарызға белшесінен батып жүрген адам.
Мені таңқалдыратын нәрсе адамдар, өздерінің өмірін емес, кезекті еңбек демалыстарын мұқият жоспарлайды. Мүмкін бірдемені өзгерткеннен де, бас қатырмау қарапайым шығар.
Егер де сіз алдыңызға қойған мақсаттарды іске асыра бастасаңыз, мақсаттар сіз үшін жұмыс істей бастайды. Егер де ойлаған жоспарды іске асырсаң, онда осы жоспар сіз үшін жұмыс жасайды. Қандай да болмасын пайдалы әрекетті іс жүзіне асырмайық, аяқтап келгенде осылардың бәрі де сіз үшін қызмет атқарады.
Уақытша қиыншылықтарды жеңу үшін, болашаққа деген мақсатымыз болуы қажет.
Біз күнделікті қызығушылқтарымыздан сақтануымыз керек, себебі болашақты бұлдырлатып жібереді.
Бәрімізде де екі-ақ таңдау бар – жәй ғана күйбің тіршілік кешу немесе өз өміріміз бен тағдырымызды өзіміз құру.
Уақыт / Уақытты бөлу
Уақыт – біздің басты құндылығымыз. Бірақта осыны өзіміздің мақсаттарымыз үшін қолданғанның орнына: текке өлтіріп, рәсуә қылып босқа өткіземіз.
Біз негізгі уақытымызды ұсақ-түйекке емес, керісінше негізгі мақсатқа бөлуіміз керек.
Мен естіген жинақталудың жақсы анықтамасы: «Қайда қаңғалақтамасаң да, белгіленген жерде болыңыз».
Сізге сағатқа төлемейді, осы аралықта құрған құндылығыңызға төлейді.
Уақыт ақшадан да қымбат. Сіз көп ақша алуыңыз мүмкін, бірақта берілген уақытты ұзарта алмайсыз.
Егер қағаз бетіне бүгінгі күнгі жоспарыңызды түсірмесеңіз, онда тіршілігіңізді қоя тұрыңыз.
Өмір қағидалары
Жетіспейтін жоққа емес, қолдағы барыңа қанағат етіп бақытты бола білуді үйреніңіз.
Бақыт – сәттілік не қалауың емес. Бақыт – өз қолыңмен құрған, жасаған нәрсең.
Өзің өмірден өткеннен кейін қалатын үш затың бар – фотосуреттеріңіз, кітапханаңыз және жазған жазбаларыңыз. Бұлардың бәрі болашақ ұрпақ үшін, жиған дүниеңнен де маңызды.
Адамға қай
уақытта алғыс білдіруге
Өзіңізге емес – басқалардың өз өмірлерін қысқа өткізуіне жетекшілік құқын беріңіз. Өзіңізге емес – басқалардың ұсақ-түйекке бола дауласуына құқық беріңіз. Өзіңізге емес – басқалардың жоқтан өзгені уайымдауына құқық беріңіз. Өзіңізге емес – басқалардың өздерінің болашақтарын біреудің қолына беру құқығын беріңіз.
Бизнес (мәнсап) / нарықтық қатынас
Әкем мені – болашақта қиналмауым үшін, төлегеннен артық жұмыс істеуді үйретті.
Егер сіз
тек қана сатсаңыз, өлмес тіршілігіңізді
ғана көресіз. Егер де сатқанда уақытыңыздың,
ықыласыңыздың бір бөлігін
Сіздің жұмысыңыз бен бизнесіңіз өзіңізге әсер етпесін, керісінше өзіңіз осы екеуіне әсер етіңіз.
Жұмыстан ләззат алатындар, жұмыстан ләззат ала алмайтын адамдардан көш ілгері.
Жарнамаға жіберген
10 000 долларыңнан гөрі, өзіңіз шын
қамқорлығыңызға алған бір
Өзіңіздің нарық алаңы мен бизнесіңізге шырғалаңдарыңызды емес, шеберлігіңізді әкеліңіз. Егер нашар сезінсеңіз әріптесіңізге емес, дәрігерге барыңыз. Егер ақша керек болса, бизнестегі бәсекелесіңе емес, банкке барыңыз.
Шешім қабылдау (табандылық) / Сұраныс
ӨЗ ішіңдегі азамат соғысынан кейін ғана соңғы шешімді қабылдайсыз.
Сіздің қажеттілігіңіз
соңғы нәтиженің ағымының бастауы.
Міндетті түрде мұхиттан қасықпен қалқып
алып жатқан жоқсыз ба, соны тексеріңіз.
Балаларға күлкі болмас үшін, жоқ
дегенде қолыңызға шелек
Өмірде сіңірген еңбегіңнен артық затты кездейсоқ алып қойсаң жақсы емес. Барға қанағат қылыңыз. Қанағат қылушылар өздерінің өмірлеріне молшылық әкелетін ойдың, идеялардың терезелерін аша алады.
Шешім қабылдау да даналық. Оны: «Бұл шешілді» деп айтуға болады. Мақсатқа ұмтылған адам: «Мына таудың шыңына көтерілуге қия-жартастары бөгет. Бірақ бұл менің тауым. Мен қайтсем де бағындырамын. Шыға алмай мерт болып кетпесем, таяу арада осы шыңның басынан қол бұлғағанымды көресіздер».
Дағды / Түбегейлі білімТабыс – сиқыр да, тылсым да емес. Табыс – өзіңнің түбегейлі біліміңді біртіндеп қолданудың нәтижесі.
Өміріңіздің 80 пайыз құбылысын анықтайтын сансыз заттар бар.
Жеңілге ұмтылмаңыз; жақсы жаққа ұмтылыңыз. Шырғалаңдарды ескермеуге тырыспаңыз; өзіңіздің дайындығыңыздың деңгейін көтеруге тырысыңыз. Қиыншылықтардан қашқалақтамаңыз; кемеңгерлікке ұмтылыңыз.
Өзіңіздің қажеттілігіңізді жасырып, мүмкіншілігіңізді көрсетуге үйреніңіз.
Табыс – күнделікті қадағалайтын бірнеше қарапайым ережелер, сәтсіздік – күнделікті қайталанатын қарапайым қателіктер. Осы екеуі не шыңға шығарады, не жарға жығады.
Көзқарасты өзгерту / Шешім қабылдау
«Қолымнан келсе істер едім» деп айтпаңыз, керісінше «Мүмкіншілігім болса істеймін» деп айтыңыз.
Біздің көзқарасымыз өміріміздің бағытын анықтайтын желкен. Осы бағытты өзгерту үшін біз жағдайды емес, көзқарасымызды өзгертуіміз қажет.
Мен бұрын айтатынмын: «Бәрі де өзгереді деп үміттенемін», бәрі өзгеру үшін алдымен – өзімнің өзгеруімнің қажет екенін кейіннен түсіндім.
Егер сіз ерекше жағдайға баруға тәуекел етуге дайын болмасаңыз, онда қарапайымдылықты қайталай берудің қажеті жоқ.
Біз өзімізді екі жағдайда: не құлшынғанда не тығырыққа тірелгенде ғана өзгертеміз.
Бірдемеге қол жеткізу үшін, сол деңгейдегі тәуекелге баруға тиіспіз.
Егер де өзіңіздің тұрған орныңыз қанағаттандырмаса, онда күрт өзгертіңіз! Сіз қаққан қазық емессіз ғой!
86. Бай адам
мен кедей адамның өмірге
Бай адам ғарыштағы шексіз молшылыққа сенеді.
Мүмкіншіліктерді көре алады. Өз өмірлерінде Абайдың мына сөздерін басшылыққа алады:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап».
Табиғаты жеңімпаз. Олар үшін сәтсіздік деген болмайды. Сүрінген сәтті – сәттілікке өткізетін көпір деп, осы жағдайды жақсы бағалап, тәжірибе жинап, күшейе түседі.
Өзін өте жоғары бағалайды: «Мен бұдан да артықпын, мен өзімді-өзім сүйемін, мүмкіншілігім керемет! »
Адамдарға сенеді. Себебі, өзінің ойын басқалардың орындауымен іске асырады. Тәуекелге барады, онысы ақталады. Ол тек қана ақшаны ғана емес, алдындағы істің де қарқындап дамуын алдын-ала болжай алады.
Табысқа жеткен адам не істеу керек екенін анық біледі. Ол өзінің мақсатқа барар жолын жоспарлайды, өзінің мүмкіншілігіне сенімді болып, барлық уақытын осы ойын іске асыруға жұмсайды.
Табысқа жеткен адам елмен тіл табыса біледі, әр сөзін қоршаған ортаға, нақтылы жағдайға байланысты ойланып барып сөйлейді.
Табысқа жеткен адам өзінің қалтасына қарап өмір сүріп, өзінің кірісі мен шығысын, уақытын үнемі есептеп жүреді.
Табысқа жеткен адам басқаларға қайырымды, мейірімді болады. Әсіресе өзі араласатын, өзімен деңгейлес адамдармен жақсы қарым-қатынас ұстайды.
Табысқа жеткен адам өмір ағымынан қалмауға тырысады. Өзінің ісі мен кәсібіндегі ғана емес, елдегі, әлемдегі болып жатқан өзгерістерді жіті бақылап отырады.
Табысқа жеткен адам ылғи жақсы ойлап, көтеріңкі көңіл күйде жүреді. Ол қандай жұмысты болмасын сапалы істеп, әрі жауапкершілікпен қарайды. Осыны өзіне әдет қылып қалыптастырады. Көңілі дала сияқты кең, өзі жомарт, қолы ашық болады.
Табысқа жеткен
адам Жаратушыға үнемі алғыс айтып,
жоқ адамдарға қамқор болып жүреді.
Жетістікке жеткен адамдардың басым
бөлігіне тән ортақ қалып: олар теледидарды
өте сирек көреді, ұйықтауға ерте
жатады. Есесіне ерте тұрып таң
бозынан жұмысқа кірісіп
Кедей адам жоқшылық пен жетіспеушілікке сенеді.
Бұлар туралы Абай былай дейді:
Жүректе қайрат болмаса,
Ұйқтаған ойды кім түртпек?
Ақылға сәуле қонбаса,
Хайуанша жүріп күнелтпек.
Табиғаты сәтсіздік. Әрбір сүрінген сайын, жолы болмайтынына сенімі арта береді. Осыны өзінің өмірлік бағдарламасы етіп алады. Уайымшыл, жігерсіз, ынжық, жылаңқы.
Өзін өте төмен бағалайды. «Мен түкке де тұрмаймын», «Мен бұған лайық емеспін».
Жан баласына сенбейді, бәріне де – күмәнмен, күдікпен қарайды. Тәуекелге бармайды. Тек қана ақшаны ғана көреді, осы ақшаны жұмысқа жегуді білмейді. Болашағын болжай алмайды, ой-өрісі жұтаң, таяз.
Өмірде жолы болмай жүрген пенденің өмірде айқын мақсаты жоқ, оның ойынша табысқа жеткендер «жолы болғандар». Ол жағдайға байланысты, біреу түртпелектесе ғана іс-әрекет жасайды.
Жолы болмай
жүрген пенденің елге сүйкімі болмай,
өзінің келеңсіздігін басқа
Жолы болмаған пенде ысырапшылыққа жол беріп, уақыттың да, ақшаның да қадірін білмейді.
Жолы болмаған пенде пайда түседі-ау деген адамдармен ғана жақындасып, бақай есеппен араласады. Ойында біреуді алдап кетсем деген мақсат тұрады.
Жолы болмаған пенде «лездік мауқын» ғана басатын істерді ғана жіберіп алмауға тырысады. Қалғаны «күл болмаса, бүл болсын». Өмір ағымына көңіл аудармайды.
Жолы болмаған адам жанын ауыртпай, қиналмай-ақ пайда тапқысы келеді, реті келсе біреудің нәрсесін қымқырып кетеді. Бұның реті келмесе: «Қайырсыз ит, сараң» – деп бермеген адамды, қоршаған ортаны, туған-туыстарын жазғырады.
Жолы болмаған адамдарға қандай жолмен болмасын, әйтеуір дүние тапса болғаны. Бұларға тән: аямшақтық, сараңдық, қаттылық, көрсеқызарлық, мейрімсіздік, жауыздық, қаныпезерлік, көре алмаушылық, қорқыныш, мазасыздық, уайым, беті қайту, босаңдық, ынжықтық, жігерсіздік, бопаулық, суайттық, уәдеде тұрмаушылық. Осы әдеттер – бұлардың дамуына, ойлауына бөгет.
87. СӨЗ СОҢЫ
Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа,
Аларында шара жоқ, алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.
Мал жияды мақтанын білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,