Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Сорпа-сумен, сүйекпен сүйдірмекке.

Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп

Мақтамайды  ешкімді бұл күнде көп.

Осы күнде  мал қайда, боқ ішінде,

Алтын алсаң, береді боғынан жеп.

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе  – адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Абай

Адамның тағдырын болжау үшін балгер не көріпкел болудың  қажеті жоқ. Тек қана бір сұрақ  қойсаңыз жеткілікті: «Өмірдегі басты  мақсатың не, осыған қалай жетпексің? ».

Егер осыны  жүздеген адамнан сұрасаңыз тоқсан тоғызының жауабының мөлшері  былай болады: «Менің жақсы өмір сүріп өзімше бақытты болғым келеді». Сырттай қарасаңыз жақсы жауап. Бірақта тереңірек үңіліп қарасаңыз – жетістікке жетудің жолдарының, мезгілінің, әдістерінің, нақтылы мақсаты жоқ адамның жалпылама жауабы.

Рухани қараңғылықтан, надандықтан және жоқшылықтан, кедейшіліктен, аурудан құтылар жол бар ма? Қазір және келешекте біздің ұлттық идеологиямызға, дәстүрімізге тірек  болатын ілім бар ма?

Қазіргі кездегі  ұлттық дәстүрдің құлдырау шағында  әркімге де бақытты өмір жолынан  адастырмайтын тұрақты нысана керек. Біз ол нысананы Абай ілімінен таба аламыз. Бұл туралы президентіміз  Н.Ә Назарбаевтың ұлы ақынның 1995 жылы болып өткен 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде айтқан мына салихалы ойы кімге болса да бағыт бергендей  болады:

"...Абай  әлемі бізді жеті түнде адастырмас  темірқазық іспетті. Соған қарап  тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай  аламыз. Өйткені, жанды жегідей  жеп жүрген көп сауалдың жауабын  Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің  басын баяғыда-ақ жөнге салып  алуға болатын еді. Сорлатқанда  біреудің уақыты жетпейді, біреудің  ұғымы жетпейді, біреудің атымен  зауқы жоқ.

..Қазіргідей  заманда Абай жырларына айына  емес, аптасына емес, күніне бір  үңіліп қоймай болмайды. Сонда  жан қинап жүрген қай күмәннің  де бәріне жауап таба аласың."

Бұл сөздер әрбір адамның дұрыс жетілуіне  кепіл болатын, қоғам өмірінде басшылыққа алатын бағдарламалық ойлар тәрізді.

Әр елдің  өз ұлы адамдары болады. Оларды кезінде  дұрыс танып, олардың қалдырған  мұраларын халықтың игілігіне қолдана  білген елдер заманның қандай шырғалаңынан да еркін шығып отырады. Мысалға  бір ғана елді, көршіміз Қытайды  алайық. Конфуций мұрасын қытай халқы  өзінің рухани өмірінің күре тамырына айналдыра білген. Ұлы ойшыл осыдан екі жарым мың жылдай бұрын  өмір сүрсе де қытай халқы оның жазғандарын әлі күнге дейін  өздерінің күнделікті өмірлерінің  кодексі ретінде пайдаланады. Елдің  барлық саяси-әлеуметтік өзгерістерінде де ұлы Конфуцийдің ілімі ешбір  мұқалмайды, қайта сол саяси өмірдің  іргетасына айналып, жаңаша құбылып  отырады. Оның нәтижесін осы күнгі  Қытай елінің қарқындап өркендеу екпінінен де көріп отырмыз. Қытай  халқына ұлы Конфуций жол көрсететін шамшырағы болса, ал бізге – ұлы  Абай мен Шәкәрім бабаларымыз  сондай шамшырақ болуға лайық.

Пайдаланылған кітаптар:

1. Пайғамбарымыздың  бір мың бір хадистері. –  Шымкент қаласы – 1992 ж.

2. Абай (Ибраһим)  Құнанбайұлы. Шығармалардың екі  томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, Өлеңдер мен аудармалар. – 2004.

3. Шәкәрім  Құдайбердіұлы. «Иманым». – Алматы: «Арыс» баспасы. – 2000.

4. Джим Рон.  «Семь стратегий достижения богатства  и счастья». –

5. Сокровишница  высказываний и цитат Джима  Рона.

6. Брайан  Трейси. «Как разбогатеть с нуля».  – Минск: ООО « Попурри». –  2005.

7. Наполеон  Хилл. «Вы сами способны творить  чудеса» – Минск «Попурри»  – 2004.

8. Валерий  Синельников. «Путь к богатству.  Как стать и богатым, и счастливым»  – М.: ЗАО Центрполиграф, 2007. –  (Тайны подсознания).

9. Рахым Оразалиев, Досым Омаров, Әсет Мұқашбеков. «Жасару құпиясы»  – Алматы: «Алейрон». – 2006

10. Әсет Мұқашбеков. «Рух пен тәннің саулығы» –  Алматы: «Алейрон». – 2007

11. Әсет, Қамбар  Мұқашбектектері. «Жүйке жүйесінің  тылсымы» – Алматы: «Алейорон». –  2007

12. Әсет Мұқашбеков, Серік Шалқарұлы.  «Ақыл есті билеп алған жоқшылық  пен кедейшіліктен қалай құтылуға  болады? » – Алматы: «Алейрон».  – 2007

 

 

 

 


Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"