Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".
Бұл дұрыс адамдар кімдер? Бұл – Сіздің мақсатыңыз бен міндетіңізге байланысты болмақ. Әйтсе де, негізінен тәртіп пен қажырлылық арқылы өз уақыттарын өмірдің мәнін ойлануға, үлкен істер атқаруға жұмсайтын тұрмыс-күй дәрежесі жақсы және мәдениетті адамдарды іздеңіз.
Шын мәнісінде, үлкен табысқа ие болушылармен қарым-қатынас жасау соншалықты қиын емес, оларды өз тобыңызға қоссаңыз болғаны.
Қарым-қатынас
жасайтын ортаңызды ұлғайтқаныңызда
Сіз өмірлік құндылықтарды
Мәселен, табысқа
жетуіңіздің жоспарын жасауда Сізге
көмектесетін бірнеше табыскер адамдарды
табыңыз, Сіздің күш-қуат жаттығуыңыздың
жоспарын жасауға, дұрыс тамақтануды
үйретуге септігі тиетін, денсаулығы
жақсы бірнеше адамдарды
Табысқа қол жеткізген адамдар өздеріне қайран қалатын адамдарды мұқият іздеп жүреді. Олар шабыт пен білімді қарым-қатынастың дұрыс өрнегі нәтижесінен алуға болатынын біледі.
Қарым-қатынас – байлық пен бақытқа бастар жолдардың бірі. Жағымсыз ықпалдардың арам шөптерін өз өміріңізде болдырмауға тырысыңыз. Ол арам шөптердің орнына егістіктің, мәуелі бақтың тұқымдарын «өсіріңіз». Зор табыстың қандай егінін жинайтыныңызды елестете алар ма екенсіз?
Керекті адамдармен үнемі қарым-қатынаста болыңыз. Себебі таныстық пен байланыс талай есікті «теуіп ашуыңызға» көмектесіп, кедергі жасайтын керексіз бейнеттен құтқарады. Байланыстың сапасы мен саны басқа әсерлермен салыстырғанда аса маңызды. Қажетті адаммен қажетті жерде, керекті уақытта танысуыңыз өміріңізді түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін. Таныстарыңыздың шеңберін ұлғайта беру үшін тізім жасап, қоғамдық жұмыстарға белсене араласыңыз.
Тізім жасаңыз: Біріншіден өзіңізге пайдасы тиеді-ау деген өзіңіз тұратын жердегі беделді адамдардан бастап, ұлттық деңгейге дейін ел көлемінде атағы шыққан алдыңғы қатарлы 25 адамның тізімін жасаңыз. Осылардың әрқайсымен жақын арадағы 12 айдың аралығында кездесудің жоспарын жасаңыз. Осылармен кездесіп болғаннан кейін тағы да осындай 25 адамның тізімін жасаңыз. Бұл тізімге – жергілікті әкімнен бастап, үкімет депутаттары мен үлкен кәсіпкерлерді кіргізіңіз. Өзіңіз білуге тиісті адамдарды түгел тізіңіз, сонан кейін осы адамдармен кездесудің жоспарын жасаңыз, осы жоспарды ұзаққа созбай іс жүзіне асырыңыз.
82. Адамдармен қарым-қатынас жасаудың 10 шарты
Өмірде табысты болу үшін адамдармен қарым-қатынас жасай білу талантты болудан әлдеқайда маңыздырақ. Әсет Мұқашбеков
– Адамдармен қарым-қатынас жасауда белгілі шарт, ереже бар ма?
– Қоршаған
ортамен қатынас жасай алу
неменеге тәуелді? Жауап қарапайым:
ол біздің көңіл күйімізге, кей кездерде
өзіміздің қалай сезінуімізге байланысты.
Адамдармен араласқанда бөгет
Ең бірінші табыстың әрқалай болатынын түсінуің қажет. Жалғыз жүріп аздаған табысқа жетуге болады, ал көппен жүрсең үлкен жетістіктерге жетесің, биік шыңдарды бағындыра аласың. Бұны қазақ атамыз «Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас» – деп даналық сөзбен қысқа да, нұсқа түйіндей салған.
Сіздің табысыңыздың деңгейі көптеген адамдармен қарым-қатынас жасаған кезде ортақ тіл табыса білуіңізде, олардың сізді қолдауында, қолпаштауында және өзіңізбен бірге белгілі бір мақсатқа қарай тас түйіндей жұмылып, бірігіп тізе қосып жұмыс істеуінде жатыр. Бұл тек бизнеске ғана қатысты емес. Өмір бойы әр түрлі адамдармен араласамыз, бірақта біздің болашағымыз осылармен үйлесе білуде жатыр. Осы адамдармен сөйлесе, араласа, тіл табыса білу шеберлігі сіздің өмір сүру барысындағы айнымас серігіңіз, көмекшіңіз болатынын жүрегіңізге ұялатып, санаңызға сіңіріп алыңыз.
Адамдармен бизнесте, күнделікті күйбең тіршілікте тіл табыса білуге, қарым-қатынас жасауды жеңілдететін төменгідей шарттар, ережелер бар:
1. Табыс көппен
бірігіп тізе қосып жұмыс
Сіз өзіңіздің әріптестеріңізге мақсаттарыңыздың бір екенін дәлелдей білуіңіз керек. Сіз арқылы олар өздерінің белсенділігімен ғана табысқа жетуге болатынын түйсінулері шарт. Осы шарт барлық жүйенің өзегі болып қалыптасуы қажет.
2. Жолдасыңды жолға тастама
Егерде түсетін пайда саған ғана түсетінін білсе ұжымда (командада) БЕРЕКЕ БОЛМАЙДЫ. Әрине, осы бизнесте сіз өз пайдаңызды көздейсіз, бірақта сіздің әріптестеріңіздің да мақсаты осы. Әркімнің өзінің белгілі бір қызығушылығы бар. Сіз осыны ескеріңіз.
Егер де алдыңызда кәсіпкерлігіңді жетілдірем деген мақсат тұрса, онда осы мақсатқа жетуді, мамандығын жетілдіріп, білім деңгейін толықтыруды төменгі сатыда тұрған әріптестеріңізден (дистрибьютор) талап етіңіз. Осы жағдайды әріптеслардың көзқарасымен қараңыз, бизнеске әкелетін кірісін, пайдасын талдаңыз, талқылаңыз.
Әріптестеріңіз сіздің қамқор болып қанатыңыздың астына алып жүргеніңізді сезіне білсін, түсінсін.
3. Әріптестеріңді
шын көңілмен қамқорлығыңа
Неліктен әріптестеріңіздің белсенділігі төмендейді? Олар ешкімге керегі жоқ, жан баласынан жөн сұрай алмаған кезде көңілі қалып, жұмысқа құлықсыз болады. Табиғатынан адамдардың бәрі бірдей, бірақта адамға аз ғана көңіл бөліп, ниет қойсаңыз келтіретін пайдасы ұшан теңіз. Өз әріптестеріңіздің жетістіктерін жіті бақылап, қандай сұрақтары барын, түсінбеген жерлерін түсіндіріп дем беріп отырсаңыз, онда олардың белсенділігі артып, өзара қарым-қатынастарыңыз тонның ішкі бауындай болып беки түседі.
4. Адамдардың қабілетіне шек келтірмеңіз
Әрбір адамның қайталанбас еркешелігі болады, кейбір ерекшеліктері күнделікті өмірде, ал кейбір ерекшеліктері бизнесте маңызды болады. Сіз ертең қандай қиыншылықтар болатынын, кімнің көмектесетінін білмейсіз. Адам баласының табиғаты өзі деңгейлес адамға үйір болады, осындай адамдар бір-бірін тауып алады. Тынымсыз адам өзі сияқты адамдармен жолығып, мағналы да, қызықты да жұмыстар атқарады, себебі олардың мінездері де, өмірге деген көзқарастары да өзара үйлесімділік тауып жатады. Егер де сіздің ұжымыңыз тек қана осындай адамдардан құралса, онда бизнесіңіз түк те кіріс әкелмейді, тек қана ойын-тойға, мәз-мәйрәм шатыққа айналып кетуі мүмкін. Сондықтан да әр адамның қабілетіне қарамай, жүрегіне кілт таба білудің маңызы зор, тек сонда ғана ұжымыңыз толық қанды болып, қандай жағдайдан болмасын сытылып шыға алады.
5. Әріптесіңіздің пікірімен санасыңыз, қолдаңыз, қолпаштаңыз
Сіздің құрған қалыпсыз желілі бизнесіңіз – бұл сіздің бизнесіңіз, кәсіпкерлігіңіз, бұл сондай-ақ осы желідегі әріптестеріңіздің де бизнесі. Желілі бизнес маркетигінде бастық та, бағынышты да жоқ, сондықтан да барлық әріптестер бірдеңгейде маңызды, демеушінің (спонсор) басты мақсаты ұжым мүшелерінің әрқайсымен сауатты түрде жұмыс жасау.
Бизнесті қарқынды дамыту үшін, осы бизнестің қыры мен сырын, мүмкіншіліктерін жақсы білуіңіз керек. Әріптестеріңіздің пікірі істі алға бастыру үшін пайдалы болуы мүмкін, осыны әрдайым атап отырыңыз. Әріптестеріңізге үнемі жәрдемдесіңіз. Бұл тек қана әріптестеріңізді шабыттандырып қана қоймайды, ұжым мүшелері оларды сіздің бағалайтыныңызды да түсінуіне сеп болады.
6. Әріптестеріңіздің сезімін де ескеріңіз
Сауатты демеуші сынай да, мақтай да алады. Есіңізде болсын – адамның қарым-қатынасы өте үлбіреп тұрады, «аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» дегендей, кей кезде байқамай сөйлеген бір ауыз сөз, не істеген іс үлбіреп тұрған қарым-қатынастың быт-шытын шығарады. Есіңізде болсын: сіз бірдемені істегенде не сөйлегенде әріптестеріңіз сізге қарап тұрады, сондықтан да сөзіңіз бен ісіңізге абай болыңыз, артынан орны толмас өкініште қалып жүрмеңіз.
7. Әріптестеріңізге көмектесіңіз
Көптеген желілі маркетинг компанияларын зерттеген кезде, әріптестердің бизнестен кету себептері демеушісінің көмегі жоқтықтан екендігін анықтаған. Көмектесу, мақтап-марапаттау – желілі бизнес жұмысының негізгі шарты. Осылай істегенде әріптестеріңіз тағдырдың талқысымен далада қалғандай сезінбейді.
8. Әріптестеріңді қызықтыру үшін сөздің майын тамызып сөйлеңіз
Әрбір адамға
басқа біреулердің
9. Әріптестеріңіздің өздерінің «менінің» маңызды екенін сезінуге мүмкіншілік беріңіз
Әрбір адам кейбір істерді істегенде, алға қадам басқанда істеген ісі маңызды екенін сезінгісі келеді. Осыны ескеріп, әрбір адамның жеткен жетістігін атап көрсетіп отыру қажет. «Түймедейін түйедей етіп» көрсете білсең, өзіңе ол адам тарапынан қажет болған көмекке зәру болмайсың.
10. Жанжалдан аулақ болыңыз
Желілі бизнес
– адамдардың өз ара қарым-қатынастарына
негізделген бизнес. Қарама-қайшылықсыз,
үнемі үйлесімділікті көз алдыңа
елестету мүмкін емес. Келіспеушіліктен
қашып құтыла алмайсың, сондықтан
да оны ушықтырмай майпаңдатып жіберуді
де білу керек. Ешкімге де өзіңіздің
көзқарасыңыз ғана дұрыс екенін дәлелдеймін
деп тыраштанбаңыз. Кімнің дұрыс, кімнің
бұрыс екендігін уақыт
83. МАҚТАУ ШЕБЕРЛІГІТуысқаның, достарың – бәрі екіұшты,
Сол себепті досыңнан дұшпан күшті.
Сүйсе жалған, сүймесе аянбаған,
Бұл не деген заманға ісім түсті? ! Абай
– Мақтау шеберлігі деген не?
Желілі
бизнес маркетингінде бастық
та, бағынышты да жоқ, дәстүрлі
бизнестегі жоғарыдан төменге
қарай басқару тәсілі бұл
Мақтау – қандай жағдайды болмасын жайма-шуақтандыратын әдіс. Адамдармен қарым-қатынаста, достарыңның арасында, бизнесте болмасын мүлтіксіз жұмыс істейді. Бірақта өтірік мақтау мен дұрыс мақтай алмау қандай іске болмасын нұсқан келтіреді. Ең маңыздысы мақтау шын көңіліңізден айтылсын, жасанды болмасын. Мақтау жүрегіңіздің түбінен шықсын, тек сонда ғана екінші адамның жүрегіне барып ұялайды.
Осы әдістегі ерекшелік неде?
– Мақтау қарым-қатынастағы «зәмзам»
Біз адамдармен араласқанда үнемі сыпайы, жайма-шуақ бола алмаймыз, кейбір адамдардың сезіміне әсер етіп ренжітіп аламыз. Уақытында айтылған мақтау адамды жібітіп, келеңсіздікті тегістеп, ширығуды тарқатып жібереді. Дөңгелек айланғанда бірқалыпты, шиқылдамай дөңгелеуі үшін май қалай керек болса, адамдармен қарым-қатынас жасап араласқанда мақтау да сондай қажет.
– Мақтау ұжымды жұмылдыра түседі
Мақтау –
ұжыммен жұмыс істегенде
– Мақтау демеушінің
қабілетін әріптестеріне
Мақтау өзіңіздің
міндетіңізді әріптесіңізге жүктеудің
таптырмас әдісі, сіз осыдан қомақты
үлес алатын боласыз. Осы кезде сіз
бір оқпен төрт қоянды (! !! ) атып аласыз:
әріптестеріңіз өздеріне сенім көрсеткеніңіз
үшін сізді демеуші ретінде
Мақтау – бизнесті дамытудағы ең бағалы және нәтижелі әдістердің бірі
Мақтау адамдарды
жігерлендіреді, алдында тұрған мақсаттарды
орындауға құлшынысын одан әрі шыңдай
түседі. Мақтаудың нәтижесінде
Мақтау әріптестеріңіздің қолында іс-әрекеттің құралы болу үшін оған төмендегі бес мақтауды үйрену шарт:
– Компанияны мақтауды
– Жүйені мақтауды
– Демеушіні мақтауды
– Әріптестерін мақтауды
Өнімдерді мақтауды
Осы бизнестің кімге және неге тәуелді екенін ұмытпау керек. Компания сізге өзіңіздің бизнесіңізді құру үшін мүмкіншілік берді, сондай-ақ ғаламат нәтиже беретін керемет өнімдермен қамтамасыз етіп отыр.
Желілі бизнес алдыңа қойған мақсатқа төтелей жетудің де жолдарын оқытады, үйретеді, осының нәтижесінде қандай болмасын биіктерді бағындыра алатын адам боласыз.
Демеушіңіз – сіздердің ұстаздарыңыз, ол әрқашанда сіздің бизнесіңізге көмекке келуге әзір, осы адамдар болмаса ешқашанда осындай керемет мүмкіншілікке ие болмас едіңіздер. Сіздің әріптестеріңіз сіздің тіренішіңіз, сүйенішіңіз. Сіздің ұжымыңыз да сіз шыққан биікке шықсам деп ұмтылады, сізді осы жолда қолдайды, қолпаштайды. Сіздің әріптестеріңіз – сіздің жетістікке жететініңізге сенімді, әрі қысылған шақта қол ұшын созуға дайын жақын достарыңыз, жақындарыңыз.
Демеушілер, әріптестер – олардың бәрі де мақтауға лайық жандар, осыны есіңізден шығармаңыз. Тек сонда ғана өзіңізге қолдау керек болса, олар қолдайды, меселіңізді қайтармайды.