Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Сөйтіп, жаңа тәртіпке көшіңіз. Өз өміріңізді бақылай  жүріп, бұл әлемде не жасауға, қалай  жасауға болады – соны анықтаңыз. Бұл мәселені ешбір анықтамастан тірлік еттім деп ешқашан да айтпаңыз. Сіз, мүмкін, өзіңіздің сұрастырып білгендеріңіздің бәрін үнемі іске асыра алмайтын боларсыз, дегенмен, Сіз істей алатын нәрселеріңіздің бәрін анықтауға  сенімді болыңыз.

Өз өміріңізді зерттегеніңізде, өміріңіздегі нашар  оқиғаларды да, жағымды оқиғаларды да, сәтсіздіктерді де, сәттіліктерді  де бастан кешкендеріңізге көзіңіз  жетеді. Бастан кешкен сәтсіздіктеріміз – олардан сабақ алуға септігін тигізетін болады. Олар көп жағдайда жақсы мұғалім болып табылады.

Әлдебір нәрсені  дұрыс жасау үшін, алдымен бұрыс  жасап алу әдісі бар. Дұрыс  емес нәрселер жасау мүмкіндігі –  өмірдің таптырмас мектебі. Әйтсе  де, Сіз бұл мектепте көп оқымассыз.

Өзіңіздің жеке басыңыздан өткен тәжірибелеріңізбен алғаш қақтығысу – Сіздің жаныңызға  бататынын айтып кеткеніміз жөн.

44. Басқалардан  үйреніңіз

Жеңілге ұмтылмаңыз; жақсы жаққа ұмтылыңыз. Шырғалаңдарды ескермеуге тырыспаңыз; өзіңіздің дайындығыңыздың деңгейін көтеруге тырысыңыз. Қиыншылықтардан  қашқалақтамаңыз; кемеңгерлікке ұмтылыңыз. Джим Рон

– Өз біліміңді  жетілдірудің қандай тәсілдері бар?

– Білім  алудың тағы бір тәсілі – басқа  адамдардың өмірлік тәжірибелерінің  көмегі арқылы қосалқы түрде білім  алу. Сіз басқа адамдардың жетістіктерінен  де, сәтсіздіктерінен де үйрене алатын боласыз.

Тарих тізімінің  бір өзін «өнегелер» деп атауға болады. «Мына адамдардың жасағандарын жасаңдар»  делінеді. Тарихтың келесі тізімін  «сақтандыру» деп атауға болады. Бұл  жерде: «Мына ақымақтардың істегендерін істемеңдер» – дейді. Қандай бай  мәліметтер десеңізші!

Десе де, мүмкін, тіпті тағы басқа үндеулер бар шығар. Егер Сіздің тарихыңыз  әлдебір кезде осыған ұқсас кітапқа  енетін болса, тарихыңыздың үлгі болуы  үшін қамданыңыз...

Басқалардың тәжірибесінен үйрену үшін пайдалануға  болатын үш тәсіл бар:

1. Кітап сияқты  жарық көрген әдебиеттерді, сондай-ақ, жарияланған

бейне және үнтаспаларды пайдалану.

2. Басқа адамдардың  ақылды кеңестері мен ақымақ  істерін тыңдау.

3. Жеңістер  мен жеңілістерді бақылау.

45. Кітаптар  мен таспалар (кассеталар)

Атымды  адам қойған соң,

Қайтіп  надан болайын?

Халқым  надан болған соң,

Қайда барып оңайын? ! Абай

– Біздің істес  болған, жетістіктерге жеткен адамдарымыздың барлығы жақсы оқырмандар. Олар оқиды. Білуге құмарлықтары оларды оқуға мәжбүрлейді. Олар жай білуге міндетті жандар. Олар жақсы болулары үшін үнемі жаңа жол  іздеп жүреді. «Барлық жетістікке жеткен жетекшілер – кітапқұмарлар» деген керемет сөйлемді еске ұстаған  жөн.

Баспа жұмысының  кітап сияқты баспахана өнімдерімен  әрдайым байланыстағы кезі болған еді. Ал, бүгінде электронды тарату ғажайып  баспасының бар болуының арқасында  да оқи алатын болдық. Айтып отырғанымыз: білім алудың керемет құралы болып  отырған бейне және үнтаспалар.

– Жұмыс  басты адамдар қалай оқиды?

– Қолы бос  емес адамдардың оқу үнтаспаларын пайдаланатындарын  білеміз. Мәселен, өздерінің көліктерін жүргізіп, келе жатып үнтаспаларды жиі тыңдайды. Үнтаспаларды тыңдау – бұл жаңа идеялар мен дағдыларды пайдаланудың қарапайым әдісі.

Қалай күшті  болу керек, қайткенде барынша батыл  болу керек, қалай шешен болу керек, қалай ықпал етуге болады, жұбыңды  қалай табуға болады, қайткенде барынша  нәзік жан бола аласың, бизнесті қалай бастауға болады, осындай мыңдаған басқа да пайдалы кеңестер жайлы  білімнің мыңдаған кітаптары мен  таспалары барын Сіз білесіз  бе? Сөйте тұра, осы күнге дейін  көптеген адамдар білімнің бұл байлығын пайдаланбауда. Сіз мұны қалайша  түсіндірер едіңіз?

Жетістікке  жеткен мыңдаған адамдардың өздерінің  шабыттандырған тарихтарын қағазға  да түсіріп қойғандарын Сіз білесіз  бе? Әйтсе де, адамдар оқығысы  келмейді-ақ. Сіз мұны қалай түсіндірген  болар едіңіз?

Біздің адамдардың, мен білсем, қолы өте бос емес. Ол: «Ал, жақсы, бірақ егер Сіз мен  жұмыс істейтін жерде жұмыс істесеңіз, онда үйіңізге кеш қайтасыз. Сізге  сәл-пәл тамақтануға, босаңсу үшін сәл-пәл теледидар көруге, сосын  жатып сәл-пәл ұйықтауға аз-маз  уақыт қалады. Сізге түннің жарымына дейін отырып, оқуға және тағы оқуға  мүмкіндік болмайды» – дер  еді. Мұны – өмірде жолы болмай жүрген адам айтып отыр. Ол – жұмыскер, ынталы жұмыскер, адал жұмыскер.

Дегенмен, Сіз  өмір бойы адал боп, қажымай жұмыс  істеуге, сөйте тұра кедейшілік күйге  түсіп, шырмалып қалуға, қарызға белшеңізден  батуыңызға болады. Сізге адал жұмыскер болып қана қоймай, басқаша болған жөн. Сіз, тіпті оқуды ұнатпайтын болсаңыз да, ары кеткенде, үйіңізге келе жатып жолай жақсы үнтаспа  тыңдауыңызға болады, солай емес пе?

Бұл – бүгіннен бастап Сіз түннің жарымына дейін  кітап оқып, таспа тыңдайсыз деген  сөз емес. Біздің бар сұрайтынымыз: Сіз білім алуға күніне жарты  сағат уақыт бөліп тұрсаңыз. Бар  болғаны осы-ақ.

Сіз өзіңіздің  істеріңіздің жақсы жүргенін шынымен  қалайсыз ба? Онда әлгі отыз минутты  бір сағатқа дейін созыңыз. Идеяларды  өнегелер мен рухани ілімді біздің ешқайсысымыздың жіберіп алуымызға  болмайды.

Адам баласы тек тамақпен ғана тіршілік етпейді. Бізге тамақтанудың соңынан ақыл-ойымыз бен жан-дүниеміз сөзбен қымталған  рухани азықты тілейді. Өкінішке орай, адамдардың көбі рухани азықтың жетіспеушілігінен  зардап шегеді.

Біреуге келгендегі біздің бірінші жасайтын шаруамыз, кітапханасымен таныса бастау болады. Ол адамның кітаптары мен жинаған  таспаларын көзбен шолып шығу арқылы біз сол адам жайлы бос әңгімеден  әлдеқайда көп білеміз.

Кітапхананың  көп бөлігі не оның жоқтығы ол адамның  не ойлайтыны немесе түкке бас  қатырмайтыны жайлы жорамал жасауымызға  мүмкіндік береді. Кітаптар мен таспаларды толғау адам ойының қарымын, оның қалауы мен өмірлік құндылықтарын ашып көрсетеді. Сіздің кітапханаңыз өзіңіз жайлы не айта алар екен?

Көрдіңіз  бе, кітап оқу – бос уақытты  өткізудің сән-салтанаты емес, кітап  оқу өскісі келгендердің қажеттілігі. Сондықтан Сіз орта мектепті не колледжді  бітіру – енді оларға еш уақытта  кітап оқымауға құқ бергендей  ойлайтын кейбір достарымызға ұқсап  тоқырап қалмаңыз. Кітап оқуды  бастаңыз. Әсіресе, өзіңіздің ішкі мүмкіндіктеріңізді ашуға себеп болатын кітаптарды оқыңыз.

– Қазір  неше түрлі жақсы кітаптар бар, қайсын оқимыз?

– Енді Сіз  өзіңіз оқуға тиісті барлық кітаптар жайлы ойлайтын боласыз. Мұндай жағдайда әлдебір жақсы нәрсе жайлы  айтқаным абзал: Сізге ол кітаптардың  бәрін бірден оқып шығудың қажеті жоқ. Аптасына екі кітаптан оқып көріңіз.

Егер бұл  Сізге көп көрінсе, екі жұқа кітап  алып, соларды оқудан бастаңыз. Он жылдың ішінде осылай оқып отырсаңыз, онда Сіз  мыңнан артық кітаптан сусындайтын  боласыз! Сіздіңше қалай, мың кітаптан алған біліміңіз өміріңіздің  көптеген қырларына ықпал ететін боп көрінбей ме?

Әрине, солай  болады.

Бұл жерде, егер Сіз соңғы он жылда аптасына екіден кітап оқымаған болсаңыз, үзбей кітап  оқып жүрген адамнан мың кітап  артта қалып қоятындығыңызды  айту да әділетті шығар. Нарық жағдайында жұмыс істеп жүрген Сіз енді бір он жылдан кейін тағы екі мың кітапқа артта қалып, қандай қолайсыз жағдайға ұшырайтыныңызды түсінесіз бе?

Кейбір көпті  көрген бәсекелестеріңіз үшін Сіздің жемтік боп кететіндігіңіз сондықтан. Олар Сізді бір шайнап, түкіріп  тастайды.

Бұнымен де бітпейді. Сіз біліміңіздің жетімсіздігінен  кейбір таң қалдырарлық мүмкіндіктеріңізді өткізіп аласыз. Ал, Сіздің ой өрісіңіз өміріңіздің барлық ауыртпалық жолдарында септігін тигізе алмайтын, тіптен, үстірт болуы мүмкін.

Шеберліктің жетімсіздігі, білімнің жетімсізідігі, көзқарастың жетімсіздігі, құндылықтың  жетімсіздігі, өмір өрнегінің жетіспеушілігі – осының бәрі адамның кітап оқымағандығының  нәтижесі. Есіңізде болсын: оқылмаған  кітап – Сізге көмекке келе алмайтын кітап. Сіз тіпті көп  кітапты оқып тауыса алмассыз, әйтсе  де, жеткілікті дәрежеде оқи аласыз.

46. Бақылау

Ақыл  деген – өлшеусіз бір жарық  нұр,

Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр. Шәкәрім

– Басқа  адамдардың тәжірибелерін бойымызға  қай уақытта сіңдіре аламыз?

– Басқа  адамдардың тәжірибесінен үйренудің  үшінші тәсілі – бақылай білу. Жетістікке жеткен адамдардың не істейтінін бақылаңыз. Неліктен? Себебі жетістік – шешудің  кілтін көрсетеді. Табыскер адамның  қалай қол алып амандасатынын  бақылап көріңіз. Табыскер әйелдің  қалай сұрақ қоятынын бақылап  көріңіз. Істері оңға басқан адамдардың жетістіктеріне тән өз әдеттері болады. Олар жеңімпаздар жүріс-тұрысының  үлгісін жасайды, дәл солай, артта  қалғандардың жүріс-тұрысының да үлгісі болады. Сіз қызмет бабымен жоғарлағыңыз келе ме? Онда қызмет бойынша, өзіңізден  жоғары тұрған жанды бақылауға алыңыз.

Өзіңізде  ақшаның көп болғанын қалайсыз ба? Онда ақшалы адамдардың ақшаларын қалай  жұмсайтынын, оның тұрмыс дәстүрін бақылап  көріңіз. Табыскер адамдарға өткізілетін  семинарларға қатысудың Сіз үшін пайдалы жақтарының бірі – оларды бақылай алу мүмкіндігіңіздің туғандығында жатыр. Қанша жақсы болмасын ешбір  кітап не таспа, ешбір материал үндемеген  қалыптағы үнсіз қарым-қатынастардың  күш-қуатын бере алмайды. бейнетаспалардың жалпы қарым-қатынастардың керемет  құралы болуы, міне – сондықтан.

Сөйтіп, жақсы  бақылаушы бола біліңіз. Өмірдегі жақсылықтарға  қарай өзгертуге түрткі болатын  шешудің бірде-бір кілтін жіберіп  алмаңыз

47. Келешекке  қаржы құю

Ең  жаман бірақ нәрсе бар, соңғы 90 күнде кітапты қолға алып оқымауыңыз және еш нәрсе болмады деп ойлауыңыз.

  Джим Рон

Абай өзiнiң  жиырма бесiншi қара сөзiнде былай  дейдi:

"Балаларды  оқытқан да жақсы, бiрақ құлшылық  қыларлық қана, түркi (тiлiн) танырлық  қана таза оқыса болады. Оның  үшiн бұл жер дарулхарап (қауiптi) , мұнда әуелi мал табу керек,  онан соң араб, парсы керек.  Қарны аш кiсiнiң көңiлiнде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық  қайдан тұрсын? Асап-iшуге малдың  тапшылығы да, ағайынның араздығы  да – әртүрлi пәлеге, ұрлық, зорлық, қулық, сұмдық секiлдi нәрселерге  үйiрлендiруге себеп болатұғын  нәрсе. Мал тапса, қарын тояды.  Онан соң, бiлiм түгiл өнер  керек екен. Соны үйренейiн не  балама үйретейiн деп ойына  жақсы түседi".

– Осы Абай атамыздың сөзінен көретініміз, білім іздеу – байлық пен бақытқа  жету жолындағы амалдардың бірі. Білім  іздеу – кейбір қаржы шығару қажеттілігін көрсетеді. Шындығында, сапарыңыздың табысты  болуы үшін, Сіз жасауға тиісті қаржы жұмсаудың үш түрі бар.

Біріншіден, ақша жұмсау – қажет. Кітаптар мен  таспалар (кассета) сатып алуға біршама  ақша керек қой. Дәл сондықтан  да, мен Сізге өзіңіздің біліміңізді  жетілдіруге қаржыңыздың бір  бөлігін құюға кеңес берер  едік.

– Шексіз мүмкіндік  бар ма?

– Жеме-жемге  келгенде ақшаның – құны керемет  емес. Болашақта – шексіз мүмкіндік  болмақ. Сіздің салымыңыздың келесі бір  түрі – уақыт – ақша салуыңыздан  да артық боп табылады. Сізден білімді  кездейсоқ алуға емес, байыпты  оқып-үйренуге барынша көп күш  салуды талап етеді. Сіз не істесеңіз  де, соның бәрінде бақылау жасасаңыз  да, оқысаңыз не басқаларды бақыласаңыз  да – Сіздің күш-қуатыңыздың қарқыны  алар біліміңіздің көлеміне қатты ықпал  ететін болады.

48. ӨЗГЕРУ МЕН ЖЕТІЛУ

Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

Есек  көтін жусаң да мал тауып кел,

Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,

Сұм нәпсің үйір болса тез тиылмас.

Зиян  шекпей қоймайсың ондай істен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас. Абай

– Бақытты  болу үшін қандай ережені сақтауға тиіспіз?

– Бақытты  болғыңыз келсе, мына ережені сақтаңыз – қажымай талмай өзіңізді жөнге  келтіруге дағдыланыңыз. Жеке басты  жетілдіру бизнесі өмір бойына жалғаса  береді.

Жұмысқа кірісерде: « Мен не аламын? » – деген  сұрақты қоюыңыз қажет. Алу мен  болу бұлар – екі егіз ұғым. Сіздің қалай болуыңыз, алған нәрсеңізге тікелей әсер етеді. Бұл жайлы  ойлап көріңіз: Өзіңіздің бүгінгі  қалпыңызға жеке тұлға болып барып  қол жеткіздіңіз.

Табыс көлемі жеке бастың даму деңгейінен асып түседі. Кейде Сіздің табысыңыздың кенеттен өсуі мүмкін. Сіз сол табысыңыздың қалай пайдалану керектігін, жауапкершілікті  үйренбесеңіз, онда тапқан табысыңыз  қайтадан кеми түседі.

Бірде өте бай бір адам: «Егер Сіз  әлемдегі бүкіл ақшаны алып, оларды теңдей ғып барлық адамдарға бөлген болсаңыз, ол ақшалар дереу осыған дейін болған қалталарға қайтадан түскен болар еді» – депті.

Өзіңіздің үмітіңіз бен сеніміңізді қағазға жазыңыз  да жаттап алыңыз. Табысқа жететін  темірқазық жұлдызына айландырыңыз. Ойыңыздың бәрі осы мақсатқа шоғырланғанда, әрбір қадамыңызды уақтылы шешетін  боласыз. Үміттеніңіз. Үмітіңіз арманға  жетелейді. Осы арманыңызды көз  алдыңызға нақтылы елестете берсеңіз, ойлау жүйеңіз өзгереді. Осы өзгерген ойлау жүйеңіз табыс пен молшылыққа, бақытты өмірге келудің бірден-бір  жолы. Сіз үшін бұл ойды басқа  біреу ойлай алмайды. Не ойласаңыз  Жаратушы соны беретінін есіңізден  шығармаңыз! Жаратушы жоқшылықты ойлай  берсең жоқшылықтың есігін ашады, молшылықты ойлап осы бағытта іс-әрекет жасасаңыз  молшылықтың есігін ашады. Бүкіләлемдік ӘДІЛЕТТІЛІК ЗАҢЫ үнемі жұмыс  жасайды. Жақсы ойласаңыз жақсы  ойдың, жаман ойласаңыз жаман  ойдың қарымтасын, ал жақсы іс-әрекетіңіздің  жақсылығын, жаман қылықтарыңыздың  жаманшылық қарымтасын қайтсеңіз де аласыз. Осыны миыңыздың қыртысының бір бөлігіне қашап жазып алыңыз!

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"