Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Байқаған  боларсыз, біздің өсуіміздің екі түрі бар: жеңіс өсуі және шығын зардабы. Егер Сіз әлдебір жобаны аяқтауға өзіңіз кірісіп, уақытыңызды бекерге  жұмсаған болсаңыз, онда өзіңіздің  жалқаулығыңыздың салдарынан болған шығынның орнын толтыру әдісін іздеңіз. Жағымды  да жағымсыз да іс-әрекеттеріңіз үшін жауап бересіз.

Соған қоса, іс-қимылдарыңызбен келіспейтін  адамдарды жан-жағыңызға жинамаңыз. Өзіңізге ыңғайсыз компанияға жоламаңыз. Мол сенім бар – сенген, үлкен  іс бар жерге барыңыз. Бұл –  Сіздің байлық пен бақытқа жетудегі жалпы амалыңыздың бөлігі боп  саналады.

13. Тұрақсыздық

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы секiлдi тез суалар. Абай

– Тұрақсыздық  қалай туындайды?

– Сіздің жеңіске  жетуіңізді қалаймыз. Осы беттерді оқитын адамдардың көбісінің барынша  табандылық танытып, өз мақсаттарын  жетілдірмейтінін білеміз. Неліктен? Өйткені  бұл жұмыс – көп уақытты  сарп ету мен ойлауды талап  етеді. Көбіне өздерінің жақсы көрмейтін  жұмыстарымен күн сайын қажымай-талмай айналысып жүретін көптеген адамдардың болашағын жоспарлауға уақыт  таба алмай, «менің уақытым жоқ» деп  жауап беретіндері оғаштық. Олар өздерінің болашақтарының беймәлім боп қалғандарына жол береді.

Көптеген  адамдардың нақты жоспар жасамайтындарын  да білеміз, дегенмен, Сіз сол көпшіліктің  бірі болмасаңыз екен. Сіз қолдарыңызды айқастырып қойып, істің өзі оңғарылар  деген үмітпен жүре беруге тиісті емессіз.

Кейбіреулер былай дейді: «Егер Сіз мен  істейтін жерде жұмыс істесеңіз, онда үйіңізге кеш қайтасыз. Сізге  сәл-пәл тамақтануға, босаңсу үшін сәл-пәл теледидар көруге, сосын  жатып сәл-пәл ұйықтауға аз-маз  уақыт қалады. Сізге түннің жарымына дейін отырып, жоспар жасауға мүмкіндік  болмайды». Мұны өмірде жолы болмай жүрген адам айтып отыр. Ол – жақсы жұмыскер, ынталы жұмыскер, адал жұмыскер.

Дегенмен, өмір бойы адал болып, қажымай жұмыс істеуге  болатындығын, сөйте тұра, кедейшілік күйге түсіп қарызға белшеден бататындығын байқадым. Сізге адал жұмыскер болып қана қоймай, басқаша  болған жөн. Сіздің мақсатты жақсы жоспарлаушы, жақсы жөнге салушы болғаныңыз абзал. Егер Сіз өз мақсаттарыңызды жазып  қойған болсаңыз, бұл – Сіздің одан әрі өсу жауапкершілігін өзіңіздің  мойныңызға алғандығыңызды білдіреді, бұл – Сіздің ниетіңіздің дұрыстығын білдіреді. Ал ісіңіздің жақсы жүруі  үшін байсалды болған жөн. Сізге жабырқап жүруге болмайды, байсалды болыңыз. Әрбір  адам өз ісінің ілгері басқанын қалайды  ғой. Бірақ, айқын жоспармен бекітілмеген үміт іс жүзінде әуре сарсаңға салып, орындалмауы мүмкін.

14. КЕДЕЙШІЛІКТІҢ  СЕБЕПТЕРІ

Жоқтық, барлық, жоғалмақ – араласы,

Үш  еріксіз болады мағынасы.

Нажағайдай  жарқ етіп өшпек болса,

Өмірдің он тиындық жоқ бағасы. Шәкәрім

–Адамдардың байымауының себебі неде? – Бізде жетістікке қол жеткізбейтін сылтаулар толып жатыр. Жоқшылықта, кедейшілікте үкіметті, салықты кіналаймыз, туған-туысты, көршілерімізді, әкімді, президентті, тіпті болмаса Жаратушыны да кіналаймыз.

Жолы болмаған адам жанын ауыртпай, қиналмай-ақ пайда  тапқысы келеді, реті келсе біреудің нәрсесін қымқырып кетеді. Бұның реті келмесе: «Қайырсыз ит, сараң» –  деп бермеген адамды, қоршаған ортаны, туған-туыстарды жазғырады. Нәтиже – ненің болғанымен анықталмайды. Не болса, сол болады. Және бұл кез  келгеннің басындағы жайт.

Тағдыр солай, кез келген уақытта Сіз қолыңызда  бардың бәрін әп-сәтте жоғалтуыңыз  мүмкін. Ақшаңызды жоғалтып, көк  тиынсыз қалған күндеріңіз болған шығар. Сіз өзіңізді құрыған адамдай  сезінген боларсыз. Сіз бүгінде алған  қарыз ақшаңызды біржола құртып жіберіп, қанен-қаперсіз жүре бересіз. Әйтсе де, мұның бәрі кездейсоқ  нәрселер, бірақта кездойсоқтық деген  өмірде болмайды. Себептің де салдары  болады, осыны білсеңіз, көп нәрсені  түсінгеніңіз.

15. Қарыздар

Сіздердің жақсыларыңыз алған қарыздарын өз уақытында  қадір құрметін сақтай отырып өтеушілеріңіз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

– Ақша табу үшін не істуіміз керек?

– «Ақшадан ақша туындайтынын» ұмытпаңыз. Ақша дегеніміз – күш. Осы күшті  нығайта беру үшін үш нәрсе істеуіңіз  қажет: тұрақты түрде ақшаңның бір  бөлігін сақтап қор жинаңыз және қандай болмасын қарыздан құтылыңыз. Ай сайын түскен кірістің 10 пайызын  бөлек жинаңыз, бұл кімнің болмасын баю жолының бастауы.

Сіз істейтін жұмыстар жеткілікті. Егер Сіз оларды атқармасаңыз, онда өміріңізде еш нәрсе  өзгермейді.

Ашығын айтқанда, тәртіп – бұл бәрін істеуге  қабілеті жететін бірден-бір нәрсе. Бұл – нағыз алға басудың бірден-бір  қозғаушы күші. Егер ынталандыра алатын күш болса, онда тәртіп болғаны. Тәртіп – өсуіңіз үшін қажеттілердің  бәрін жасайтын Сіздің ынталандыратын күшіңіз болсын, Сіздің қабілетіңізге  айналсын.

Егер Сізге  бүгінгі күндегі істеп жүрген ісіңіз ұнамаса, онда оны өзгертіңіз.

Егер Сізге  бір нәрсе жетпей тұрса, онда оны  өзгертіңіз.

Егер Сізге  бір нәрсенің ыңғайы келмей тұрса, онда оны өзгертіңіз.

Егер Сізге  бір нәрсе ұнамай тұрса, онда оны  өзгертіңіз.

Есіңізде  болсын:

ЕГЕР СІЗ  ӨЗІҢІЗДІ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ ӨЗГЕРТСЕҢІЗ, ОНДА СІЗ БӘРІН ДЕ ЖАҚСЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ  ӨЗГЕРТЕ АЛАТЫН БОЛАСЫЗ. Жеме-жемге  келгенде, Сіз түйісікке тәуелді  жай өсімдік не хайуан емессіз  ғой. Сіз – барынша керемет  жаратылған тіршілік иесісіз.

16. Біз қарыздарды  қалай жасаймыз?

Қарыз Алланың жердегі туы. Егер Алла қайсы  бір пендесін жазалағысы келсе оның мойнына қарыз туын іліп қояды.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

– Адамдардың ақша жағдайлары қалай?

– Адамдардың көпшілігі қарыздар. Бірақта басым  бөлігі осыны мойындағылары келмейді. Қарыздар әртүрлі болуы мүмкін. Ең біріншісі – өзіңе берген уәдені орындамау.

Өзіңізге  өзіңіз қаншама уәде бергеніңізді есіңізге түсіріңізші. «Бітті, ертеңнен бастап темекі шекпеймін, арақ ішпеймін, есесіне  таңертеңгілік жаттығу жасап  денсаулығымды түзеймін, салауатты  өмір сүру жолына түсіп, тұрмысымды түзеймін, денсаулығымды шыңдаймын» т.б. Өзіңіздің  ата-анаңызға, жұбайыңызға, бала-шағаңызға, жора-жолдастарыңызға қаншама уәделер  бердіңіз? Осылардың ішінде орындалғандары бар ма?

Біреуді телефон  арқылы құттықтап ізгі тілек білдіргіңіз, енді біреуге қайрымдылық жасағыңыз  келді, өкінішке орай осы жақсы ниетіңіз күйбің тіршілігіңіздің күлінің  астында көміліп қалды. Бұл ар-ұятыңыздың алдындағы қарызыңыз.

Есіңізде  болсын: Еш уақытта уәде беруші болмаңыз!

Бәрі  өзгереді, бәрі уақытша. Сіздің кеше не бүгін берген уәдеңіз орындалмай қалуы мүмкін. Уәде де – қарыз.

Қажетті нәрселерді Алла тағаладан сұра, үзіліп кеткен аяқ киімнің бауы болса  да. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

– Қарызды  тағы қалай табамыз?

– Өзіміздің  тойымсыздығымызбен! Көрсеқызарлығымыздың қалауы ала берсем екен дейді. Беруге келгенде мойынымызды ішке тығып  бүгіжіктеп қаламыз, бар болса да қимаймыз, уысымыздан шығарғымыз келмейді. Осының бәрі өзіміздің қоршаған ортаға – қуатымыздың дұрыс бөлінбеуінің салдары. Өзіміздің өмірдегі мақсатымызды түсінбеуімізден туындайды.

Қоршаған  ортамен қуат алмасуымыз бұзылған мезетте  – денсаулығымыздың, тұрмысымыздың, адамгершілігіміздің, ақшамыздың, адамдармен араласуымыздың шырғалаңдары басталады. Алға басудың орнына, кері кете бастаймыз.

Біреулерді  мүсіркеп аяу сезімі де қарыздардың  туындауына себеп болады.

Қарыз –  өзіңе, туған-туыстарыңа, жақындарыңа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіңіздің жетіспеуі. Сіз қоршаған ортаны сүйіспеншілікпен қабылдай алмайсыз, құрудың орнына құртасыз. Адамның негізгі болмысы  құрту, жою емес – жоқтан бар жасап  құру ғой.

Біздің жан  дүниемізді, мінез-құлқымызды қарыз  сезімі меңдеп алса, асқақ арманымызға, мақсатымызға орын қалмай қалады, себебі оңға да, солға да, алдыға да, артқа  да қарызбыз.

Жасы  кіші үлкеннен ұялмай жүр,

Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.

Сәлем – борыш, сөз – қулық болғаннан  соң,

Қандай  жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр.     Абай

«Қарыз» деген  сөз жанымызды жаулап алады. Аяқ-қолымызды, ой-өрісімізді шырмап-матап тастайды. Өзім үшін емес, басқа біреу үшін өмір сүретін боламын, өз өмірімнің  иесі болудан айырыламын.

– Қарыз  бен парыздың айырмашылығы неде? –  Көптеген адамдар қарыз сезімі мен  парыз сезімін айыра алмайды, шатастырады. Екеуінің айырмашылығы жер  мен көктей. Анығырақ айтсақ – бір-біріне қарама-қайшы ұғым.

Нақтылы қазақи түсінікте Қарыз деген сөздің мағынасы – «борышты», «малай», «құл», «қайыршы», «жарлы», «мүсәпір», «кеңкелес», «міндетті», «тәуелді», «жаны жаралы», «сорлы», «бишара», «сілімтік», «миғұла», «ынжық», «суайт» деген сөздердің  мағынасымен астарласып жатады.

Қарыз –  жазалау, істеген жамандықтарыңның қарымтасы, соққы, ауру, бақытсыздық, қайыршылық, кесепат, зұлымдық, жоқшылық, күйзеліс, азап т.б. келеңсіздіктеріңіздің себебінің  бастауы – өзіңізді «сырты бүтін, іші түтін» пендеге біртіндеп  айналдыратын алапат күш.

Ел не десе о десін, бірақта табыс – қарапайым  ағым (процесс). Ол аспаннан салбырап түспейді. Мұнда ешқандай сиқыр да тылсым да жоқ.

Өмірдегі  жетістікке жетудің негізгі шарттарын  біртіндеп қолдана отыру арқылы табысқа жетіп, қарыздарыңыздан  құтылу табиғи қалып.

Бұның байлық пен бақытқа да қатысы бар. Бақыт  пен байлық та өмірдегі жетістікке жетудің НЕГІЗГІ шарттарын күнделікті қолдана отырып ойыңды іске асыру. Табысқа  жетудің кілті – жетістікке жетудің  негізгі шарттарынан тайқып кетпеу.

17. Қарыз  бен парыз

Қош, сүйтiп жүрiп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым  табу керек. өзің таба алмасаң, балаң  тапсын, ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние  де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбiр ғибадат  орнына бармайды. Абай

Қарызға ақша алу – қайтарып беруден әлдеқайда  жеңіл. Біреудікін аласың, өзіңдікін  бересің. Осының түп негізі – «дүние жалған, өтеді де кетеді, барыңда  ойна да күл» деген жалған түсініктен туған. Сондықтан да қарыз ала  берейік деген ниетте боламыз. Бұл  дұрыс емес.

Кеңес заманында  біз парыздың негізінде тәрбиелендік. Отан, ата-анаң, жан ұяң, ағайын, жора-жолдас т.б. алдындағы парызың.

Негізінде бүкіл  батыс әлемі мен Америка қарызбен өмір сүреді. Олар осыны қалыпты  жағдай деп пайымдайды. Адамдар қарызсыз өмір сүруге болмайды деген көзқарасты да қалыптастырып алған, онсыз өмір сүру мүмкін емес деп есептейді.

Егер де сіз  өз өміріңізді өзіңіз басқара алмасаңыз, онда сіздің өміріңізді басқа біреу  басқаратын болады. Қарыз осының таптырмайтын тамаша құралы.

18. Дүние  мүлікті қарызға алу

Біреу жақсы ниетпен қарыз алса, қарызға  алған ақшасын қайырлы (жақсылыққа) қаражат жасаса, Алла тағала ол кісіден  жәрдем аямайды.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Сіз бағалы бір затты қарызға (кредитке) алған  кезіңізде, борышқа белшеңізден  батасыз. Сіздің тұрмыс жағдайыңыз құлдырай бастайды, себебі қалтаңыздан ақша төлеуге мәжбүрсіз. Сіз банкирді байытып жатырсыз. Өміріңіздің бір  бөлігі осыған кетеді. Сіз жаныңызды  салып болашақ ұрпақтың несібесін  ұрлап жатырсыз. Сіз де, балаларыңыз  да бас еркіндіктерінен айрылды. Неліктен? Себебі өркениеттің (цивилизация) тырнағына іліктіңіз.

Сіз қарызға  алған затыңызды пайдаланасыз, бірақта  осы затты алған сәттегі қуанышыңыз көп ұзамай су сепкендей басылады. Ақша дағдарысына ұшырайсыз. Нақтылы  шаттық – жоқтан бар жасап, өзіңізге және қоршаған ортаңызға жайлы жағдай жасағанда ғана келеді.

Әлі түйін  салмаған алманы жей аласыз ба? Жесеңіз  де тек қана ойша. Сонда қалай  болғаны? Өзіңіз еңбек сіңіріп барып  таппаған үйіңізді, бағалы дүниеңізді, машинаңызды қалай ғана пайдаланасыз? Бұл ақымақтық.

Адам өзі  құрған, жасаған немесе ата-бабасынан  мұраға қалған дүниелерді, бағалы заттарды ғана пайдалануы қажет. Тіпті мұраға қалған дүниені пайдаланғанның өзінде де, осыны ары дамытып көбейтпесе, бұл да таусылады.

19. Өсімқорлық

Өсімге ақша берген де, өсімге ақша алған да дозаққа  барады.

– Өсімқорлықты қалай түсіндірер едің?

– Өсімқорлық дегеніміз біреуге қарыз ақша беріп, қайтарғанда үстемемен алу. Қасиетті Құран Каримде айтылған. Өсімқорлық – зор күнә.

Егер де ақшаны өсімімен қарызға берсеңіз – адамды өзіңізге тәуелді қылып қоясыз. Бұл  дегеніңіз – құлдық. Бұлай істеу  қарыз бергенге де, қарыз алғанға  да өте қауіпті. Түсіндірейін. Санаңыз (сознательный разум) бен Ғазиз жаныңыз (подсознательный разум) қарыз алушы  – еңсесін езіп тұрған қарыздан құтылғысы келеді. Бұдан құтылудың  бір жолы – қарыз берген адамның  көзін жою. Адам жоқ – шырғалаң жоқ. Сондай-ақ, Ғазиз жан ауқымында  – қарыз алған адам, қарыз берген адамға үнемі – жамандық, жауыздық, ауру, апат, өлім тілеп жатады.Өсімқор  – алғыс емес, үнемі қарғыстың  құрсауында болады. Қазақ атам айтқан: «Көп тілегі қабыл болады» – деп. Кей кездерде осы адамдардың ойының қабылдануы ғажап емес, әлемнің әділеттілік заңына сай қалыпты жағдай.

Қарыз алған  адам – күле кіріп, күңірене шығады. Өсімге қарыз беруші адам, осы қағиданы санасына сіңіріп, миының бір қыртысына  қашап жазып алғаны жөн болар  еді.

20. Қарызды  қайтару

Кімде кім біреуден қарыз алғанда оны  қайтару ниетінде болса, Алла тағала оны өтеуіне жәрдем етеді. Кімде  кім оны жеп кету мақсатында алса, Алла тағала малының берекесін ұшырады  да, оны өтей алмай өліп кетеді.   Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Бұл жағдайды екі жақтан талдайық: біріншісі –  өзіңіз қарыз болған, екіншісі –  сізге қарыз болған сәтті.

– Қарызға  белшесінен батқан пенденің ары қарайғы  іс-әрекеті қалай болады?

– Қазіргі  жағдайда қарызға белшеңізден батып  тұрсаңыз да, шұрқ етпеңіз. Қандай жағдайдан  болмаса да шығатын екі жол  бар. Өз өміріміздегі барлық келеңсіздіктерді, оқиғаларды өзіміз жасаймыз ғой.

Бірден тығырықтан шығатын жолды пайымдап: «Уәделі  уақытында, керекті жерде мен  өзімнің алған қарызымды, алғысымды  айта отырып қайтарамын. Екі жақта  қанағаттанатын боламыз».

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"