Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

4. ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІН МОЛШЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ

Қанағаттанарлық өмір сүру үшін тоғыз талапты орындау  керек:

– жұмыстан ләззат табу үшін жақсы денсаулық  керек;

– өз қажеттілігіңді қанағаттандыру үшін жеткілікті байлық керек;

– қиындықтармен  күресіп, оларды жеңу үшін қайрат керек;

– өз күнәларыңды  мойындап, тәубаға келуге бой ұсынушылық керек;

– лайықты  бірдеңе тындыру үшін азапты еңбек  етуге шыдамдылық керек;

– өз жақындарыңның  ізгілігін көру үшін Рахымшылық керек;

– басқа  адамдарға пайда келтіріп, көмек  көрсетуге өзіңді мәжбүр ету үшін сүйіспеншілік керек;

– Жаратушы сен үшін ақиқат болу үшін сенім керек;

  болашаққа деген үрейден арылу  үшін үміт керек; И. Гете

Бұл фәни әлемде әркiмнiң ләззаттанып, өмiрдiң рақатын  көруiне барлық жағдай бар. Ол жағдайды толық пайдалану үшiн, кім де-кім  болмасын, әлем заңдылықтарымен үйлесiмдi өмiр сүруі шарт. Бiрақ, адамдар  өздерiнiң бiлместiгiнен ол заңдылықтарға  сенімін жоғалтып, толық орындамайды. Сөйтiп, қоршаған ортаның бейберекетiн  шығарып, өздерiне керектi өмiр қажеттiлiктерiнен  айрылып қалады. Соның салдарынан өмір шырғалаңдарына түсіп, қайғы-қасірет  көріп, түрлi ауруларға шалдығып денсаулықтарынан айырылады, жоқшылық пен кедейшілікте өмір сүріп, тез қартайып, өмiрлерiн қысқартады.

– Қазіргі  замандастарымыздың басым бөлігі өз беттерімен жоқшылық пен кедейшіліктің  тығырығынан шығатын жолдар мен  әдістердің бар екенін білмейді, түсінбейді және осы бағытта ізденбейді себебі неде деп білесің?

– Басты  себеп рухани және танымды-тағлымды ілімнің жоқтығынан. Кеңес заманында  бізді өмір бойы жұмыс істеуге  үйретті, бірақта ешкімде, ешқашанда  жақсы тұрмыс жағдайы мен ақша табудың жолдары мен әдістеріне үйреткен жоқ. Жаратушы бізді деніміз  сау, бақытты және молшылықта өмір сүру үшін жаратқан – бұл жерге шыр  етіп түскендегі әр пенденің туа салғандағы құқы мен еркі! Сен ең алдымен  мыңдаған кедергілерді жеңе отырып, ақша табу мен молшылықта тұруды үйрен, өз маңдай теріңмен тапқан байлық – рухани күш пен тазалықтың шыңы! Сен байлығың мен дүниең болғанда ғана басқаларға қамқорлық жасай аласың, ал түгің  жоқ кедей болып «мен құдай  жолындамын, рухани тазамын», – деп, не өзіңе, не елге пайдаң тимей, құр  кеуде қаққаныңның кімге қажеті бар? ! Кедейлік пен жоқшылық – күнә!

 Молшылық  пен шексіз бақытқа жету үшін  адамға ең бастысы не қажет? 

– Молшылық пен шексіз бақытқа жету үшін адамға ең бастысы денсаулық керек. Сіз  өзіңіздің денсаулығыңызды жақсартудың, ауырмаудың алдын алу мен ұзақ ғұмыр сүру әдісі мен жасарудың, байлық пен молшылыққа жету жолдарының құпиясын да, өзіңізді мазалап жүрген көптеген сұрақтардың жауабын да – осы кітапты оқысаңыз табасыз. Осы кітаптағы ілім мен білімді  өмір сүру нұсқауы ретінде басшылыққа алсаңыз болғаны, қалғанының бәрі өзіңізде бар!

Есіңізде  болсын, байлық пен молшылық – «шық бермес» Шығайбай сияқты керекті-керексіз дүниелерді жинай беру емес. Бұл  дегеніміз өмірдің әрбір сәтіне қуана білу. Бізде шексіз бақытты  болуға барлық мүмкіншілік бар, тек  осыған басқаша көзқараспен қарау  керек. Сондай-ақ, жоқшылық – сеніміміздің жиынтығы мен осыған сәйкес іс-әрекетіміз екенін түсіну. Төменде маған және қазіргі табысқа жетіп жүрген көпшілік азаматтар басшылыққа алып жүрген, қазақ баласына құпия болып  келген қағидаларды баяндамақпын:

Кедейлiктен еңбек қылсаң құтыласың, жалғыздықтан көппен пiкiрiңдi қоссаң құтыласың. Абай

 Уақыт  өте келе өзімізге қажетті  нәрселердің бәрі жанымызда жүргеніне  сеніп осы сенім арқылы ойымызды  іс жүзіне асыра бастаймыз.  Тағы қайталаймын: не ойласақ  сол болады! Күні бойы не ойлайсыз  – сіз солсыз! Тіпті күндерін  қалт-құлт етіп көріп жүрген  адамдар туралы ойласаңыз, осы  адамдарға ең керекті нәрсе  менің жазып, айтып отырғандарым, осы қағида мен шарттарды саналарына  сіңіріп, жүректеріне ұялатып  сенулері. Егер де осы айтқандарымыз:  кейбіреулердің кеуделеріне үміт  отын тұтатып, тығырықтан шығатын  жол тауып беріп, ой-өрістерін  өзгерту арқылы тұрмыстары мен  денсаулықтарын түзетуге септігін  тигізсе – менің де жер бетінде  текке жүрмегеніміз.

Асыл  сөз адамдарды жақсылық ниетке баурайды. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

*Өз өміріңізді  жан-жақты қараңыз: адамдармен  қарым-қатынасыңыз, ақша жағдайыңыз, бақытыңыздың деңгейі, денсаулығыңыздың  қалпы. Енді осы жағдайыңызды  ой-елегіңізден өткізіп талдаңыз. Осы қалыпқа келу үшін алдымен  қалай ойландыңыз, осы қалпыңыз  ой-өрісіңіздің нәтижесі ме? Сіз  өзіңізді көз алдыңызға елестету  арқылы – «маңдайының соры  бес елі» сорлысыз ба, әлде  болашақта бақытты, дені сау,  дәулетті «басына бақ құсын»  қондыра білген адамсыз ба, соны  анықтап алыңыз.

Ақылды  орнымен жұмсап, бақыт, дәулет табу – әрбiр адамның жiгер, талап, қайраттылығына, еңбек, өнерiне байланысты. Абай

*Ой –  уақытпен, себеп-салдармен, ешқандай  ережемен, басы-аяғы мен шектелмеген.  Нәзік әлемде шекара, шектеу деген  болмайды. Молшылық – адамзаттың  бәріне ортақ шарт, біздің ойлау  жүйеміз дұрыс болмағандықтан  осыны қабылдай алмаймыз. Біздің  ойымызша, дүниең мен жиған қоқыстарың  неғұрлым көп болса, байлығың  да сонша мол болады деп  пайымдаймыз. Молшылық пен байлық  дегеніміз ғарыш әлемі және  өзіміз сияқты шексіздік екенін  түсіну, осыны санамыз арқылы  қабылдай білу. Өмірге басқаша  көзқараспен қарау деген міне  осы. Бізге молшылық пен байлықты  іздеп қажеті жоқ. Біз онсыз  да осының ішінде шомылып жүрміз.

Шынын айтсақ, адамзаттың аз ғана бөлігі бүгін өмір сүреді. Көпшілігі уақытты  кейінірек өмір сүруге дайындықпен  өткізеді. Д. Свифт

*Еркіндік  дегеніміз де – молшылық. Құс  қай жерді ұнатса сол жерге  ұясын салады. Сол сияқты адамдар  өз санасы мен ақыл-ойындағы  бөгеттерді алып тастағанда молшылық  пен байлық құйыла бастайды. Еркіндікті  санасына сіңіріп, ойлау жүйесін  өзгертуге үйренген мезетте ғана  олар өздеріне молшылықты жасай бастайды. Адам бала күнінен өзінің санасын – өзінде жоқ нәрсе мен елде бар нәрсеге емес, керісінше не істегелі, не істегісі келетініне бағындыра алса, онда ол өз тағдырына өзі қожа бола алады. Ойына алғанының бәрі де орындалады. Қысқаша айтсақ адамды «тән мен нәпсі билеу емес, адамды жан билеуі керек».

Ойлы адам оза береді, ойсыз адам тоза береді. Қазақ мақал-мәтелдері Адамдардың нәзік денелері мен нәзік әлемде өзара қуат алмасу үнемі жүріп жатады. Біз ойымыз және нәзік денелеріміз арқылы қоршаған ортаға және нәзік әлемге өзіміздің санамыздан бөлініп шашыраған қуатымыз арқылы – тілегімізді, қалауымызды, арманымызды, мақсатымызды білдіреміз, хабарлаймыз, Жаратушыдан сұраймыз. Осының әсерінен қоршаған орта мен нәзік әлем ойлаған ойымызға орай: тілегімізді, қалауымызды, арманымызды, мақсатымызды қабыл етіп, осылардың іс жүзіне асыуын қамтамасыз етеді.

Өмірдегі  барлық бақытсыздықтардың бәрі дерлік бізбен болып жатқан жағдайлар туралы өзіміздің жалған пікірімізден туындайды. Олай болса, адамдар туралы терең  біліп, жағдайларға дұрыс баға беруіміз бізді бақытқа жақындата түседі. Стендаль

*Біз молшылықтың  емес, керісінше жоқшылықтың, кедейшіліктің  негізінде тәрбиелендік. Біз жоқшылық  пен кедейшілікті санамызға сіңіріп  өстік. Қазіргі кезде байлар  мен кедейлер қоғамымыздың, қоршаған  ортамыздың бөлінбес бір бөлігі  болып қалыптасты. Шындығында ауқатты  адамдарға қарағанда, нашар тұратын  адамдар мен кедейлер көп. Бізді  молшылық пен байлық бәріне  де жетеді деп не оқытқан,  не үйреткен жоқ. Өзіміздің  тәрбиемізге орай осыған шүбәсіз  сенеміз. Біз ешқашанда молшылық  шарттарын қабылдамаймыз, барлық  күш-қуатымызды жоқшылыққа шоғырландырамыз. «Менің ешуақытта жетістікке қолым жетпейді» деген қағида көптеген адамдардың санасына сіңіп, көңілдеріне орнығып қалған. Олар жоқшылықты жеңуге болады деген ойдың өзінен қорқып, жанталасып өмір сүреді.

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш  керек, одан соң тәртіп керек. Мұхтар Әуезов

*Адам баласына  Жаратушы туа салғанда-ақ өз  өмірін басқаратын алапат құрал  берген. Ол өзінің ойлау жүйесі  арқылы санасын қалыптастыру. Өкінішке  орай, өзінің бақытқа және молшылық  пен байлыққа жетуі тікелей  өзінің санасы мен ойлау жүйесінде  бұғып жатқанын, осы сананы қолдану  арқылы ауру-сырқауды білмейтін дене жасап алуға және молшылық пен бақытқа қол жеткізуге болатынын көпшілік білмейді, бұл туралы ойланбайды.

Көру  мен сезу – болу, ойланып-толғану  – өмір сүру. Шекспир

*Адамдар  өздерінің нашар тұрмыста тұратындығының  жауапкершілігін мойнына алғысы  келмейді. Оларға осы қалыптарына  – біреуді, қоршаған ортаны, заманды,  әкімдерді, үкіметті, президентті,  тіпті болмаса Жаратушыны кінәлау  жеңіл. Олар өздерінің осы жағдайларын:  «маңдайыма жазған тағдырдың  жазуы» – деп ақталады, осы  сенімді санасына сіңіріп, жүректеріне  ұялатып алады. Осы құрдымнан  шыға алмайтындарына мүлтіксіз  сенеді. Қайыршылық пен жоқшылыққа  матап-шырмап қойған ойларды санасынан  қуып, жүрегінен үркітіп жіберсе,  санасы мен қалауы біртіндеп  молшылыққа, байлыққа қарай бет  бұра бастайтынын сезбейді, білмейді.

Біз өмірге не берсек, одан тек соны ғана табамыз. Эмерсон

*Кейбіреулерге  молшылыққа ұмтылып жанталасқаннан  да, кедейшілікте жайбарақат өмір  сүру, молшылыққа қарсыласу қарапайым  да жеңіл көрінеді. Осындай алдыға  жүрудің орнына, кері кеткен ой  меңдеп алған адамдар өмірдің  мағынасын түсінбей: сұрықсыз, сүреңсіз, өзін керексіз адам ретінде  сезініп – құлшыныссыз, талпыныссыз  «ағынмен қалқып» жүре береді. Жоқшылыққа сену жоқшылықты туындататына, молшылыққа сену молшылықты туындататынына сенбейді. Таланттар тыныштықта, мінездер тіршілік алапаттарында түзіледі. И. Гете

*Адамдарға  оларды басқа біреулердің мүсіркеуі,  жаны ашығаны ұнайды. Көптеген  адамдар өздерін басқалардың  қалай алдап кеткендерін, қанша  еңбектенсе де еңбегі дұрыс  бағаланбайтындықтарын, өзін меңдеп  алған созылмалы ауруларын, өзіне  дәрігерлер жасаған операцияларын  үнемі қайталап айтуды ұнатады.  Осындай ойларды басқа адамдардан  да естігендіктен осыны шын  екен деп ойлайды. Осындай жылаңқы,  кері кеткен оқиғаларды тыңдай  бергендіктен, молшылық пен денсаулықты  шыңдауға бағытталған ойларды  басынан қуады, молшылыққа малына  алмайтындығына, денсаулығының түзелмейтініне, кедейшілік құрсауынан шыға алмайтынына  тіптен де сенімді бола береді.

Өмір  бойы қалай өмір сүру керек екенін үйрен. Сенека

*Егер біз  жақсы ойлар ойласақ жақсы  нәтижеге жетеміз, ал келеңсіз  ойлар санамызды, ойлау жүйемізді  тұмшалап тастайды. Осының салдарынан  аямшақ адам өзіне жоқшылықты  тартады, ал қызғаншақ адам  жақсылыққа деген қалауын жоғалтады.  Тіпті сабырлы да, салмақты адамның  өзі де қазіргі қалтасының  шамасына қарап қымбат заттарды  көруден, өлшеп киіп көруден  бас тарта, өзіне кедейшілік  пен жоқшылықтың есігін қалай  ашып қойғанын байқамай қалады.

Өмір  сүру дегеніміз – заттарды табу емес, оларды жасау. Аристотель

* Өзіңіздің  әрбір күніңізді қалай өткізетініңізді  шешіңіз. Табыс жүйесіндегі ілімді  игерсеңіз, ойлау жүйеңіз өзгеріп,  жүйке жүйеңіз қуаттанып, бақыт  пен молшылық – сіздікі, тек  қана аламын деген қалауың  болса болғаны. Табыс жүйесінің  ілімі – сіздің адамгершілігіңіздің  бөлінбес бір бөлшегі. Бұл тек  таңдаулы пенделерге ғана берілген  нәрсе емес. Осы тұрған қалпыңызда-ақ  молшылық әлеміне сүңгіп кетуіңізге  болады. Тәп қазір не ойлап  тұрсыз, осы ойыңыз ұлғая береді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай  түйіні: Өз ойыңыз, ақыл-есіңіз, қалау-ниетіңізбен  Табыс оқу жүйесінің көмегімен  біліміңізді жетілдіруге, молшылық  пен бақытты өмірге, мықты денсаулыққа  апаратын іс-әрекетке, осы кітаптағы  білімді негізге, басшылыққа алып, ойлау жүйеңізді, санаңызды өзгерту  арқылы қолма-қол кірісе беріңіз.

Адамдар да өсімдік тәрізді, жақсы күтілмесе, жайнап өспейді. Ш. Монтескье

* Жақсы әдет  пен қалыпты өміріңіздің бөлінбес  бөлшегі етіп алыңыз. Молшылық  тартатын әрбір әдісті қолданыңыз. Қабырға, айна, тоңазытқыш, көлігіңізге  өзіңізге ұнайтын ойларды, пікірлерді, кім болғыңыз келетінін жазып  қойғаныңыз да жөн. Жақсы ойлар  қалауыңызды білдіріп, осылайша  көз алдыңызға кім болатыныңызды  күнделікті елестетіп, бірте-бірте  сол тұлғаға айналуыңызға септігі  тиеді. Ойлау жүйеңіз қалыптасады.

Пайдасы жоқ бардан без,

Панасы  жоқ сайдан без. Қазақтың мақал-мәтелдері

*Сіз осы  шексіз ғарыштағы Жаратушы жаратқан  пендесінің біреуі ғанасыз. Бар  болғаны осы. Сіз – жеке  адамсыз және адамзатсыз. Сіз,  басқа адамдар сияқты ақиқатсыз  және қайталанбайтын адамзат  қоғамының құндылығысыз. Осы толық  жетілгеннің баға жетпес байлығы  мен молшылығысыз. Адам баласындай  басқа жетілген тіршілік иелері  бар ма? Сізден артық құндылық  бар ма?

Тиянақ  көрме жалғанды,

Қуа берме арманды.

Пайғамбар мен сахаба,

Сен түгіл содан қалғанды.

Неменені  қимайсың,

Нәпсіні неге тыймайсың?

¤зіңді  кімге силатып,

¤зің  кімді сыйлайсың?

Құры  білген не керек,

Білгенді  қылған, со керек.

Баянсыздың  бәрін қой,

Боласың сонда шын зерек. Шәкәрім

*Бақыт пен  молшылық та құс сияқты, балапандарын  басып шығару үшін ұясын өзіне  жайлы жерге салады. Қазекеңнің  бақытты құсқа теңейтінінің мәні  мен мағынасы осында жатыр.  Дәулетті, абыройлы адамдарды: «Басына  бақ құсы қонған», – деп  асқақтататыны да содан. Ал  бақ құсының басына қону қонбауы  өзінің санасы мен ойлау жүйесінде  бұғып жатқанын көпшілік білмейді, сезбейді. өзінде бар бақ құсын  өзі түсінбейтін айдаладан іздейді.  Сондықтан да басқаға еліктемей,  өзіңмен-өзің болуың керек.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"