Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Жан тыныштық таппайды тән қамын жеп,

Тән бұзылса, тұрағым бұзылар деп,

Ыстық, суық, аштықтан сақтау үшін

Зұлымдық  пен Айланы қылады сеп.

Сөйтіп ақыл бере алмай адал көмек,

Зұлымдықпен адамды адам жемек.

Адал еңбек, ақ пейіл, мейірім жоқ –

Осы болар  таза ақыл өлді демек.

Сондықтан адам – залым, әлемге жау,

Ебін тапса, қоймайды ешкімді сау.

Жер білсе  адамзаттың бұл қылығын

‡стінен бәрін  төгіп тастар еді-ау.

Олай қылмай, билесе бәрін ақыл,

Еш қиянат қылмаса зорлық, тақыл.

Таза еңбекпен тағдырдан пайдаланса,

Адамды сонда  адам деген мақұл. Шәкәрім

 Бүгіннен  бастап өзіңіздің істеп жүрген  ісіңізге сүйіспеншілікпен қарауға,  осыны сүюге өзіңізге-өзіңіз уәде  беріңіз. Бүгіннен бастаңыз! Молшылыққа  жетудің басты шарты, негізгі  бағыты осында жатыр. Егер іштей  мамандығыңызды өзгертем деген  қалауыңыз болса, түбі ерте  ме кеш пе өзгертпей тынбайсыз.  Бұл сіздің қалауыңыздың жалғыз  ғана жолы. Адам өзі сүйіп, бар  көңілімен беріліп, шабыттанып  ұнатып істейтін істерді ғана  істеуге тиіс.

Өзгерістерге  қарсы жүруден қорықпа!

Осының  жетегінде кетіп, құлы болудан қорық. Әсет Мұқашбеков

*Біздің қазақтардың  басым көпшілігі ауыздарын қу  шөппен сүртіп үлкені мен кішісі, шалы мен жасы, еркегі мен әйелі  жоқшылықтан басқаны, әлбетте,  айтпайды. Өздерін қоршаған нәзік  әлеммнен тек жоқшылық пен  кедейшілікті сұрап отырғандарын  білмейді. Табиғат пен нәзік әлем: қалаулары осы болғаннан соң  тілектерін қабылдап, осы ниеттерін  іс-жүзіне асырып жатқанын сезбейді. Айтатын әңгімелерінің өзі, сана  төмен болғандықтан және рухани  білімнің таяздығы мен жұтаңдығынан, осы деңгейден көтерілмейді. Әңгімелерінің  басты тақырыбы – бірін-бірі  көре алмау, сыртынан жамандап  өсектеу. Біреуі байқаусызда сүрінсе  көмектесіп жаны ашып демеудің  орнына – оны табалау. Осындай  кері кеткен оймен, қара ниетпен  қалай ғана молшылыққа, байлыққа, сыңғырлаған денсаулық пен шексіз  бақытқа жетуге болады? ! Бұрынғылар «Рахым Алладан, пейіл адамнан» деп тегін айтпаса керек.

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе  сүңгі де, түбін көзде,

Сонан тапқан – шын асыл, тастай көрме. Абай

Өзіңізді  қоршаған нәзік әлем тілегіңізді  қабыл етіп, көздеген мақсатыңыз орындалмай қоймайды, себебі өзіңіздің ойыңыздан  шашырап шыққан қуат нәзік әлеммен  ақпарат алмасады. Не ойласаңыз сол  болады деген ереженің іс жүзіне асқанын  көзіңізбен көріп, көңіліңізге ұялатасыз. Осылайша нәзік әлемге ақшаны жақсы  көретініңізді, ақша өзіңіздің тұрмысыңызды түзеуге қажет екенін, оны орнымен  пайдаланатыныңызды білдіресіз, хабарлайсыз. Өзіңіздің ойлау жүйеңізді осылай құра алсаңыз, сізге ақша тартыла  бастайды. Басқаша болуы мүмкін емес...

Адам –  санасы сенген, көз алдына елестеткен мақсаттарының бәріне де ерінбей  еңбектеніп, құмырсқа сияқты алған  бетінен қайсарлықпен қайтпаса жетпей қоймайды. Өз жұмысыңызды жан-тәніңізбен беріліп істеңіз. Бүгінгі істейтін істі, еріншектеніп еш уақытта ертеңге қалдырмаңыз!

*Сен өзіңе-өзің  «жеке шаруа қожалығысың»!

ӨЗІҢ осының әрі бастығы, әрі есепшісі, әрі  мұғалімі, әрі делдалы бола біл! Әсет Мұқашбеков

5. Арман мен мақсат

Табыс – күнделікті қадағалайтын бірнеше  қарапайым ережелер, сәтсіздік –  күнделікті қайталанатын қарапайым  қателіктер. Осы екеуі не шыңға  шығарады, не жарға жығады. Джим Рон

– Армандау дегенімізді қалай түсінесіз?

– Армандау – айналаңды бағдарлау. Мақсат –  өзіңіз қоршаған ортаға, белгілі тұлғаға, затқа, білімге, өмір сүру шарттарыңызбен қалай қарап, қалай сезінетініңізді  анықтайды. Басқаша айтқанда – бағдарлау  жол сапарға дайындалу. Бұл екі  аралыққа немесе белгілі бір мақсатқа бет бұру, іске асыру, бару. Сіз осы  кезде, табиғаттың заңына бағынып: денсаулық, қуаныш пен ақылдың байсалдылығына жетесіз.Армандай алудың өте зор  маңызы бар. Мақсатыңызға жететініңізді  білген кезде миыңыз толық тыныштықта болып, ішкі күшті шоғырландырады. Ойыңыз тұнық, мақсатыңыз айқын бола бастайды.

Есіңізде  болсын, алдыңызда нақтылы мақсат болған кезде, ескі керексіз зиян ойларды, жаңа жарқыраған ойлармен алмастырасыз. Әрбір пайдалы ойыңыз бен арманыңыз  қабаттасып жүйке жүйесін күшке  толтырып, осы лапылдаған іс-әрекет бүкіл денеңізге тарайды. Асқақ  арман мен нақтылы мақсат арқылы жоқшылықтан құтыласыз, денсаулығыңызды  қалпына келтіріп, мықты дене мен  мөлдір ой құрасыз. Сіз жойқын мақсат құрғанда, таусылмайтын қуат көзі мен  шабытты ақылға ие боласыз.

Арман мен  мақсат – ақыл мен тәннің тепе-теңдігін сақтайды. Бұл жаңа қуатты туындатып, білім кеңістігін кеңейтіп, ішкі мамыражайлық қалыпқа әкеледі. Сіз өмірдің  ширығуына шыдайтын күшіңізді көбейтесіз. Сіз қандай болмасын шырғалаңдарды  шешесіз.

Армандауға  әркімнің де қабілеті бар. Бұл үшін күнделікті қалыптан шығып қуат жиюдың қажеті жоқ. Ол үшін күнделікті бірнеше  минутыңды бөліп, оқу-тоқусыз, дайындықсыз  нәтижеге жету.

Мақсатты  нақтылап меңгергенде өміріңіз айқын, қадамыңыз нық болады. Мақсат арқылы ойлау мен іс-әрекетің үндесіп, ішкі бақытқа қолың жетіп, тәнің, жаның, рухың үйлесімділік тауып, керемет  нәтижелерге жетесің. Бұл жүйке күшінің қорын құрады. Армандау табиғи өмір сүру қалыпқа келуімізді жетілдіреді, тездеп іске асырады. Мақсат қою барысында өзіңіздің күні бойғы істеріңізді шабытты түрде жоспарлап, кешкі армандау барысында – күні бойы істеген жұмыстарыңды талдап, оған баға беріп, одан арғы мақсаттарыңды жоспарлап қоясың. Өз іс-әрекетіңді талдау өте маңызды. Өзіңіз іштей сабырлы боласыз. Бұрынғы көңіліңді алаңдатып жүрген адамдар мен заттар мазалап жүйкеңе әсер етпейтін болады. Бұл шабытты іс-әрекетіңізге мол мөлшерде қуат береді.

Мақсатыңыз  орындалғаннан кейін жүйкеңіз жақсарады, басқа адамдар мен олардың  ойлау жүйесі бұрынғыдай әсер етпейді. Мінез-құлқыңыз жайдарланады, жүйке  соққысын әлсіретесіз, бұл мінезің  түпкілікті өзгереді деген сөз емес, тұңғиыққа шомып сабырлы да, салиқалы боласыз.

Мақсатың  іске асқанда – ширығуыңды табиғи жолмен жоғалтып, ақылың өткірленіп, сезімің  ұшқырланып, денсаулыққа жайлы тәндік дем аласыз. Барлық жүйелерің бірқалыпты жұмыс істеп, тепе-теңдік қалыпқа  түседі. Сондықтан да, өзіңіз мақсатыңызды шыңдайтын бағдарламаларыңызға, жұмысыңызға, кәсібіңізге, жан ұяңыз жайлы  армандау барысында – Жаратушымен, табиғатпен үндесіңіздер. Құдай мен  табиғат – шыңға шығаратын  байсалды өмір, таусылмас қуат береді.

Еркіңізді нығайтатын даналық ілімінің екі құрамдас бөлігі:

Армандаған  не Табыс жүйесінің кітаптарын оқыған кезде ұлы істерді ақсат етесіз, еркіңізді шыңдайсыз, осы еркіңіз арманыңыз бен мақсатыңызды іс жүзіне асырады.Ұлы істердің біреуінен құлшыныс табыңыз, өзіңіздің кім екеніңізді емес, кім болғыңыз келетінін көріңіз.

Осы мақсатыңызды шыңдайтын бағдарламамен өмір сүріңіз. Жаратушы мен табиғат тағайындаған істерді ғана істеңіз, осыларды ғана алыңыз. Егер де күніне екі қабат  таңертең және кешке жатар кезде  асқақ армандап, жақсы кітап оқысаңыз, не бейне, не үн таспа көріп, тыңдап ішкі күшіңізді нығайтсаңыз, сіз  жеңбейтін кедергі болмайды.

6. Асқақ арман – бақытты заман

Адам  жетпіс бес пайызға өз қиялымен, тек жиырма бес пайызға ақиқатқа орай өмір сүреді; оның күші де, әлсіздігі  де осында. Ремарк

– Армандай алмаған адамның көңіл күйі?

– Армандауды білмейтін пенде өзінің сәтсіздіктерін білдірмеу үшін жиі ақталып түсіндіріп әлек болады. Осының белгісі дені сау, бақуатты адамдарды күндеу, сынап-мінеу. Арманы жоқ әлсіз адамды бағындыру  оңай. Басқалар оның ойлау жүйесін игеріп алғандықтан, ол адамның «қуыршағына» айналып кетеді.

Сізде асқақ  арман бар болғанда ғана, барлық қиыншылықтарды жеңіп, тағдырдың қандай болмасын соққыларын қасқая тұрып қарсы  алуға дайынсыз. Шындығында, сіз  қандай болмасын шырғалаңдардан қиналмай шығасыз, себебі асқақ арманыңыз  бен нақтылы мақсатыңыз қандай болмасын бөгеттерді жеңіп шығатынына кәміл  сеніңіз!

Әркімнің  өмірі бірнеше себептердің ықпалында  болады. Бұл себептердің бірі –  бізді қоршаған орта, қай жерде, қандай үйде тұрамыз, қандай мектепте оқимыз, ата-аналарымыз, достарымыз кімдер –  бұлардың әрқайсысы белгілі бір  орны бар.

Біз, сондай-ақ, өзіміздің өмірімізде өтіп жатқан оқиғалардың  ықпалында боламыз. Біліміміздің деңгейі  өміріміздің қалыптасуына әсерін тигізеді. Бірақ біздің өмірімізге ықпал ететін ең басты құдіретті күш – армандау.

Арман –  іске асырғымыз келген өмір. Армандарымызға мүмкіндік бергенімізде, мақсаттарымыздың жолдарындағы барлық кедергілерді жеңіп  шығатын құдіретті күш-қуат иесіне айналамыз.

Арманымыз нақтылы  айқын болуы шарт. Бұлдыр болашақтың баурайтын күші де аз болмақ. Армандай алмасаңыз, ғұмырыңызды қорқынышпен  өткізіп, өмірден арманның не екенін білмей өтесіз. Тек қана батыл арман  ғана жалпы жауыңыздың бет пердесін ашып береді. Осы армандауды бастағанда өзіңіздің мінезіңізді терең  зерттеңіз. Өзіңізбен адал болыңыз! Өзіңіздің жақсылыққа баратын жолыңыздың алғашқы қадамы – арманыңыздың деңгейін анықтау.

Келешекке қатысты  екі нұсқа бар: Келешекке үмітпен  де, үреймен де қарауыңызға болады.

– Қанша  адам келешекке үреймен қарайды?

– Көбісі үреймен  қарайды.

– Өзіңіз ойға алған нәрсені басқа біреудің сіз үшін іске асыруын мақұлдайсыз  ба?

– Үнемі  абыржи беретін адамдардың түрлерін көрген боларсыз: неге ол адамдар соншалықты қорқып қалған? Себебі өз болашақтарын жобалап-жоспарлауға олар уақыт  таппаған. Көп жағдайда олар әлдекімнің мақұлдауын алуға тырысып тұрады. Өмір сүру барысында әлдебіреудің көзқарасына  сүйеніп отырады. Сондықтан не істесе де жұрттардың қолдауын күтіп, жан-жақтарына  алаңдап, тынышсыздық күй кешетіндеріне  таң қалуға болмайды. Арманы жоқ адамдар кедейліктен де, қайыршылықтан да құтылудың жолын іздемей, бәріне де шыдайтын көнбіс болады. Армандай білмеген адамда – құлшыну, өзін-өзі бақылау, елестету, жігерленіп алға ұмтылу жетіспейді.

Асқақ армандай алатын адам, келешекке сеніммен қарайды, белгілі мақсаты, құлшыныс сезімі туады. Бұл адамдар келешектерін көз  алдына елестете алады. Келешек олардың  қиялдарын баурап алып, зор құштарлық  күшке, буырқанған қуатқа айналады.

Арман деген не? Ол әрбір адамға қажет пе? Ол не әкеледі? Қалауың орындалмағандағы күйзелісің немесе әрбір оянған күніңде қажетті іс-әрекеттерді істеуің, сізді арманыңызға жақындата түседі, яғни сіздің өміріңіз мәнсіз, мағнасыз емес.

Арман –  өмірдің қозғаушы күші. Тек қана арман ғана Сізді келеңсіздіктер мен шырғалаңдардың үстіне шығара алады. Армандарына сенген адамдар, өз өмірлерін  өзгертіп, әлемді құрып, тарих беттерін жазады.

Барлық адамдар  өмірде жетістікке жетіп, бақытты болғысы  келеді. Бірақ осыған неге бәрінің  қолы жетпейді? Біздің арманымыздың іс жүзіне аспауы –осы арман бізге  мақсат болған жоқ.

Адамдар армандауды білмейді, сондықтан өзінің жеке басының  мақсатын алдына қоя алмайды. Арманыңды  мақсатқа айландыр. Өмірдің мақсаты  – өзіңнің мүмкіншілігіңді іс жүзіне асыру. Өмір бізге табысқа  жету үшін берілген.

Табыстың  мәні – арманнан мақсатқа қарай  жылжу, мақсаттан бизнестің жоспарын іс-әрекетке асыру. Алғашқыда басты  мақсатты, жоспарды, басты бағдарламаны ұзақ мерізімге анықтап аласыз. Сонан  соң мақсатқа барар жолды кезеңдерге бөліп, әр кезеңге, таяу мерзімге жоспар жасайсыз. Тек қана мақсат қана арманыңызды  іс жүзіне асырады!

Арман –  Мақсат – Жоспар – іс-әрекет –  нәтиже – талдау. Табыстың формуласы  осы. Осының негізінде бақытыңыз  бен байлығыңыз бұғып жатыр.

7. Өмірдің мақсаты – мақсат үшін  өмір сүру

Адамның ісі қандай болса, өзі де сондай. Г.Гегель

– Өмірдің  мақсаты неде?

– Барлық адамдарда  өздерінің шырғалаңдары бар, олар өмірдің  қиын тауқіметтерімен жиі беттеседі. Бірақта белгілі мақсаты бар  адам, бұл туралы мазасызданбайды. Ол осы қиыншылықтарды сабырлы қарсы  алып, осыдан шығатын жолды да табады. Қиыншылықтарды жіті бақылап шеше алмаса, басқа біреудің көмегіне жүгінеді.

Айқын белгіленген  арман сияқты айқын белгіленген  мақсаттар магниттей әсер етеді. Олар Сізді өзіне тарта жөнеледі. Сіз оларды неғұрлым нақтылы белгілеген сайын, көз алдыңызға жақсы елестете аласыз, оларға қол жеткізу үшін қажымай жұмыс істеген сайын, олар Сізді өзіне тарта түседі. Біздің айтқанымызға сеніңіз: өмірдің  соқтықпалы «соқпақтары» өзіңіздің  табысыңызға бара жатқан Сізді жолдан тайдырғысы келгенде, Сізді алға тартатын күшті магниттің қажеті болады.

Мақсаттың соншалықты маңызды екендігін түсіну үшін, ешбір  мақсаты жоқ адамдарға қараңызшы. Өздерінің өмірін жоспарлап алудың орнына бұл адасқан жандар көзін  ашпаған күшік сияқты – өмір өзенінде біресе қалқып, біресе батып, қақалып-шашалып  тыныстары тарылып, ауа жетпей қиналуда. Олар нағыз құндылықтардың орнына –  көртышқан тәрізді жарыққа шыға алмай, қараңғы түнекті артық  көріп, өлмес күндерін әрең көріп, санда  бар, сапада жоқ жандар тобырын толтыруда.

8. Жетістікке жету үшін, жетелейтін себеп болсын

Тек ақиқат білім ғана күдік туғызбайды, ол өмірді бағалауға, тұрмыс құруға үйретеді. Шоқан Уәлиханов

– Адамдардың басым бөлігінің неге мақсаты  айқын емес?

– Сіз өзіңіздің  ойыңызды, жоспарыңызды іс жүзіне асыру  үшін белгілі бір сәтті күтесіз. Осы күте беру сіздің әдетіңіз болып  қалыптасып кеткен жоқ па? Мақсатқа жете алмаймын деген себептеріңіз көп  болғанда, уайым жоғары. Барлық жағдайды жаман жағынан бағалап, осыны  ғана әңгімеңіздің арқауы қылып, барлық ойыңызды жетістікке емес, керісінше  келеңсіздікке шоғырлайсыз. Қауіптің барлық жолдарын біліп, бірақ осы  тығырықтан шығатын жолды іздемесеңіз, онда табысқа жетіп жатқандарды  көрмейсіз. Осындай аса сақтықтың, толып жатқан кері кеткен себептердің  салдары – жүйкенің ширығуына, тепе-теңдіктің  болмауына, өзіңе сенбеуге, денсаулығыңның бұзылуына, рухыңның құлдырауына, тұрмысыңның  жүдеуіне әкеп соғады.

– Егер сізде  жетістікке жетем деген жеткілікті дәлелдер болса, ақылға сыймастай іс атқарар едіңіз: сіздің ақылыңыз мол, бірақ мақсатыңызға жетелейтін себептеріңіз жеткіліксіз.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"