Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".
Негізгі ой – Жетістікке жету үшін, мақсатыңызға жетелейтін себептеріңіз болсын. Алдымен себептер, сосын барып салдар жүреді.
Сіз өзіңіздің
не қажет ететініңізді білген кезіңізде
және оны өте қатты қажет
Ал егер бай болуға тиіс болсаңыз ше?
– Сіз қалай баюға болатыны жайлы кітап не бейне таспа туралы жаңа ғана білдіңіз делік. Сіз оларды сатып алар ма едіңіз? Әрине, сатып аласыз.
– Өйткені, Сіз жетістікке қалай жетуге болатыны жайлы кітапты бұрын оқып жүрген едіңіз, Сіз үшін қалай баюға болады тақырыбындағы көптеген жақсы кітаптармен бейне және үн таспалар күтпегендік болмайды. Ал егер Сіз бай болуға тиісті болмасаңыз, бәлки, бұл кітаптарды оқымаған да болар едіңіз, бұл таспаларды тыңдауға, көруге уақыт жұмасамаған болар едіңіз. «Шын жыласа, соқыр көзден де жас шығады» – деген мақал бар. Қалай дәл айтылған!
Осыны ескере отыра, алдымен Өзіңіздің жетістікке жетелейтін себептеріңізбен жұмыс істеуді, сосын барып, жауаптарымен жұмыс істеуді үнемі үзбеңіз.
Ұсақ-түйек себептер бұлар – біздің кез келгенімізге, кез келген кезде, кез келген күнде болатын және біздің өмірімізді өзгерте алатын себептер түрлері.
Әлемде өмір сүретін адамдар қанша болса, адамдардың жетістікке жету себептері де сонша екендігін Сіз қалай қабылдар едіңіз? Бұл жағдайдың түп-тамыры – себептердің жеткілікті болуында. Қарапайым өмірді байлық пен бақытқа толы өмірге айналдыра алатын нәзік қылды қалай табуға болады?
Көптеген адамдар өздерінде қандай күш-қуат бар екенін сезбейді. Сондықтан өздерінің санасының иесі болуға талпынбайды. Олардың санасын қорқыныш, жігерсіздік, уайым, шешімсіздік, ынжықтық, түңілу т.б. толып жатқан келеңсіздіктер жаулап алған.
9. Төрт жойқын құлшыныс
Қарнымның ашқанына жыламаймын,
Қадірімнің қашқанына жылаймын. Халық даналығы
– Адамды табысқа қандай күш құлшындырады?
– Сіздің өз-өзіңізге жауап беретін: «Мені не итермелейді? » – дейтін маңызды сұрақ бар.
Өзіңіздің қаржылық табысыңызды ұлғайту тілегінен басқа, тағы төрт негізгі жойқын құлшыныс бар.
Олардың алғашқысы – қадірлі болу.
Өндіріс басшылары
мен ақылды менеджерлері кейбір адамдардың
материалдық сыйларды алуға қарағанда,
өзін қадірлеп бағалауға қол жеткізу
үшін көп іс тындыратындарын біледі.
Сауда-саттықпен айналысатын
Шындығында, адамдарды тани білетін жандар, әдетте: «Сіз – ерекше адамсыз. Сіздің жөніңіз мүлде басқа» – дейді. Егер үлкен компаниялар өз қызметкерлерін қастерлеуге үлкен ықылас қоятын болса, тек сауда-саттықпен айналысатындарға ғана емес, қызметкерлеріне де, хатшылары мен қызмет көрсетушілеріне де көңіл бөлсе – онда өндірістің ғаламат шарықтауы болар еді.
Кейбір адамдарды ерекшелеп тұратын екінші қозғаушы себеп – бұндай адамдарға ұнайтын өзін жеңімпаз ретінде сезінуі.
Бұл – ең бір керемет итермелейтін құлшыныстардың бірі.
Егер Сізге әлдебір нәрсе қажет болса, онда – жеңіске, ұтысқа деген құлшыныс туады.
Күніне он-он екі сағат бойы еңбек етіп, ақшаларын көбейтіп жүрген менің бірнеше достарым бар. Олар ақша қажет болғаны үшін емес, «жеңіс» тұғырының қуанышы, қанағаттанушылық сияқты қажеттілігі керек болғаны үшін тер төгіп жүр. Олар үшін ақша – үлкен дем беруші бола алмайды, оларда ақша енді жетіп жатыр. Сіз білесіз бе, бұның не екенін? Бұл – жеңістің беретін бас айналдыратын сезімі.
Кейбір адамдар әдетте: «Егер менің ақшам болса, онда мен өз өмірімде бір күн де жұмыс істемес едім», – дегенді айтады.
Бәлкім, сондықтан Құдай әлгіндей нәрселер айтатын адамдарды ешқашан байытпайтын шығар. Олар осы үшін сазайын тартады.
Үшінші үлкен алдыға жетелеуші құлшынысыңыз – жанұяңыз.
Кейбіреулер өздері үшін еш уақытта істемеген нәрсені өздері жақсы көретін жандар үшін жасап жүреді.
Сүйіспеншіліктің осындай терең сезімін бастан кешірген жан – қандай бақытты!
Қайырымдылық – төртінші үлкен құлшыныс қуаты, бұл – адамның өз байлығын басқалармен бөліскісі келген ниеті. Құрыш құюдың алпауыты Эндрю Карнеги қайтыс болғанда, оның жазу үстелі суырмаларының бірінен сарғайып кеткен бір парақ бет қағаз табылады. Сол кездегі осы бір тілімдей қағазға Карнеги жиырма жасында өз өмірінің басты мақсатын: «Мен өз өмірімнің бірінші жартысын ақша жинауға жұмсаймын. Ал өмірімнің екінші жартысын сол ақшалардың барлығын таратып беруге арнаймын» – деп жазған екен.Мұны Сіз білетін бе едіңіз? Карнеги бұл алға қойылған мақсатымен жігерленіп құлшынғаны соншалық, ол 450 млн. доллар байлық жинаған екен (қазіргі кездегі 4, 5 миллард долларға пара-пар). Сөйтіп шындығында, ол өмірінің соңғы кезеңінде бұл ақшалардың бәрін театрлар мен кітапханалар салудан шаттыққа кенелген көрінеді.
10. Мақсаттар: Олар қалай жіктеледі
– Мақсат күшінің асқақтығы бар адамның жәй пендеден айырмашылығы қандай?
Мақсат
күшінің асқақтығына ие адам
дегеніміз: жан-жақтылы тепе-
Біздің алдымызға
қойған мақсатымыз асқақ болғанда,
сізді ешкімде ләзаттану мен
рахаттану тағынан тайдыра
– Егер Сіз бұны әлі бастамаған болсаңыз, онда өзіңіздің қойын дәптеріңізді не күнделігіңізді алыңыз. Біз Сізді бақылаушыдан (не оқушыдан) қатысушыға (жазушыға) айналдырғымыз кеп отыр.
Сіз орындайын деп отырған үй тапсырмасының түрі сәл басқашалау. Өйткені онымен өмір бойы айналысуға тура келеді. Тапсырманың тақырыбы – мақсаттар және көп кешікпей түсінетініңіздей, мақсаттар өзіңіздің бүкіл өмір бойы айналысатын ісіңіз болады. Армандар – үнемі даму үстінде және үнемі өзгерісте болады.
Бұл жұмысты неге орындауыңыз керек? Өйткені Сіз әрдайым армандаған, бірақ ол арманыңыздың Сіз үшін шындыққа асатынына ешқашан сенбеген, өмірдің бейнесін жасауға қадамды жасайсыз. Ендеше, қане бастайық! Тәртіпті неғұрлым сақтаған сайын, нәтижелерге соғұрлым тезірек кенелетін боласыз. Ал нәтижелер пайда бола салысымен, ол үшін қажет болған арнайы жұмыстарды орындағаныңызға және тәртіп сақтағаныңызға ешқандай да өкінбейсіз.
11. Ұзақ мерізімді мақсаттар
Біздің ең ұлы мақсатымыз біреу ғана болсын: қалай сезінсек – солай сөйлеп, қалай сөйлесек – солай өмір сүруіміз керек. Сенека
– Осылардың бәрін мұқият жазып алу қажет пе?
Өзіңіздің
қойын дәптеріңізге не бөлек
бір қағазға «ұзақ мерзімді
мақсаттар» деп жазып қойыңыз.
Сіздің міндетіңіз – «Мен
Бұл жаттығуды тиімді орындау үшін, мүмкіндікке орай, уақыт кезеңіне көп бағыт-бағдардың санын кіргізген жөн.
Барлық жаттығуға Сіздің 12...15 минут уақытыңыз кету керек. Бұл уақыт ішінде 50 әр түрлі бағыт-бағдарды тізіп шығып, мынандай жетекші алты сұрақты ескеріңіз:
Не істегім келеді? Кім болғым келеді? Не көргім келеді? Неге ие болғым келеді? Қайда барғым келеді? Нені бөліскім келеді?
Осы алты сұрақты есте тұта тұра «Мен, түптеп келгенде, алдағы бір жылдан он жылға дейінгі өмірімнің кезеңінде неменеге қол жеткізгім келеді? » – деген басты сұраққа жауап беріңіз. Ойыңызға ерік беріңіз. Еш нәрсені тәппіштеп әуре болмаңыз, оны кейін жасайсыз. Мысалы, үлкен үй сатып алғыңыз келеді делік, онда жай ғана «үй» деп жазыңыз да келесі тарауға көшіңіз.
Сіз тізіміңізді жасап болған соң, өзіңіздің не жазғаныңызды қарап шығыңыз.
Сосын, жасаған тізіміңіздің әрбір тарауына қол жеткізуге не орындауға, ойыңызша қанша жыл кететінін көрсетіңіз. Егер әлде бір тарауын бір жыл ішінде орындай аламын деп есептесеңіз, 1 санын жазыңыз. Келесі тарауын орындауға, ойыңызша шамамен үш жыл кететін болса, онда 3 санын жазыңыз. Келесі мақсатты жүзеге асыруға өзіңізге бес жыл керек деп есептесеңіз 5-ті көрсетіңіз. Сөйтіп, ақырында, өзіңіздің бағалауыңызша он жыл кететін мақсаттардың тұсына «10» деп жазыңыз.
Енді мақсаттарыңыздың теңдестірілуін тексеріңіз. Егер он жылға арналған мақсаттарыңыздың көптігін, бір жылдық мақсаттарыңыздың санаулы ғана екендігін аңғарсаңыз, онда Сіздің бүгінгі күндері әрекет етпей мақсаттарыңыздың орындалу мерзімін кейінге ысырғаныңыз болады.
Екінші жағынан,
егер Сізде ұзақ мерзімді мақсаттар
аз болса, бұл дегеніңіз ұзақ мерзімді
келешектегі тұрмыс-
Бастысы, бұл жерге қысқа мерзімді мақсаттар мен ұзақ мерзімді мақсаттар арасындағы тепе-теңдікті жасау. (Сәл кейінірек біз нағыз қысқа мерзімді мақсаттарды қарастыратын боламыз. Бұлар – орындалуы бір жылдан аспайтын мақсаттар).
Шын мәнінде, әр түрлі мерзімде жүзеге асырылатын көптеген мақсаттарды қою қажеттігінің маңызды себептері бар.
Бақыт сусып қолда тұрмайды. Біз үшін өмірдің рахатына батудың жақсы әдеті – бұл мақсатқа қол жеткізіп, бірден екінші мақсатқа қол жеткізу жолында жұмыс бастап кету болып табылады. Жетістіктің жетегінде өте ұзақ жүру – қауіпті. Келесі дәмнің тәттілігіне құшырланудың бірден-бір әдісі – денің сау болып, істеген ісіңе риза болмай тұру.
Өз тізімімізді қарап, теңестіргеннен кейін, әрбір мерзім дәрежесінен өзіңізге барынша маңызды боп көрінген төрт мақсатты іріктеп алыңыз. (бір жыл, үш жыл, бес жыл, он жыл)
Енді Сізде он алты мақсат болады. Олардың әрқайсысы үшін мыналарды енгізіп қысқаша тарау жазыңыз:
1. Не қажет
ететініңізді тәппіштеп
2. Сипатталған
тараудағыға неліктен қол
Сол мақсаттарыңыздың артына нағыз себеп тұрғанда барып, өзіңізге не қажет ететіңізді көретін боласыз.
Бір кездердегі
маңызды деп санаған кейбір мақсаттарыңыз
енді шабыттандырмайтын болады. Оның
себебі, Сіз оған ұмтылатын жеткілікті
тиянақты себепті таба алмайтын күйде
боласыз. Бұл дұрыс. Мұндай дәлелдің
қажеттілігі Сізді өз мақсаттарыңызды
нақтылай түсуге және қайта қарауға
мәжбүр етеді. Мұның бәрінен кейін
жалпы кезең қаралады. Осы өзіңіздің
болашағыңызды жоспарлауға
Сіз өзіңіздің 16 мақсатыңызды анықтап бола салысымен, оларды жинап қағаз бетіне түсіріңіз не тұрақты күнделікке жазыңыз, олардың Сіз үшін бұрынғыдай маңызды екеніне және оларды іске асыруда белсенді қадам жасап жүргеніңізге көз жеткізу үшін, өзіңізбен үнемі бірге алып жүріңіз.
Сіз байқаған боларсыз, мақсатты жөнге салу – бұл нақты нәтижелердің бір дүркін ғана тапсырмасы емес. Керісінше, бүкіл өмір бойындағы толассыз ағым.
12. Қысқа мерізімді мақсаттар
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. Абай Құнанбаев
– Қысқа мерізімді мақсаттардың айырмашылығы?
– Қысқа мерзімді мақсаттар деп, бір айдан бір жылға дейінгі мерзімде қол жеткізуге болатын мақсаттарды атаймыз. Дегенмен, бұл мақсаттар өздерінің қажеттілігі бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарға қарағанда, барынша қарапайым болғанмен, маңыздылығы жөнінен бірдей мәнге ие болмақ. Жолаушы өзінің ұсақ сапарында белгіленген соңғы межесіне келе жатып, саяхатының табысты болуы үшін жақын орындарға соғады емес пе?
Мына жағдайда да, солай, Сіздің қысқа мерзімді мақсаттарыңыз ұзақ мерізімді жетістіктеріңізбен байланысты болуы қажет. Бірақ, көз жетерлік келешектегі мақсаттарға жетудің артықшылығы барынша айқын. Бұл мақсаттардың мұндай түрін «сенімділіктің кілті» деп атайды. Өйткені оларға қол жеткізу одан әрі алға басуыңыздың қажеттілігіне сенім ұялатады. Сонымен, Сіз табанды жұмыс істесеңіз, түні бойы отырып әлдебір арнайы қысқа мерзімдегі тапсырмаларды орындасаңыз, онда өзіңіздің жетістігіңізге рахаттанып, саяхатыңызды жігерленген сезіммен жалғастыратын боласыз.
Қойын дәптеріңізге
не күнделігіңізге қысқа мерзімді жоспарларыңызды
жазып қоюыңызды талап етіп отырғанымыз
міне сондықтан. Мұны қалай жасайсыз,
ол өзіңізге байланысты. Оларды атқарылар
қажетіне орай: күндер, апталар, айлар
– деп мерзімі бойынша
Мұндай тізімнің
бар болуы, оған белгі қойып отыру
мүмкіндігі – белгілі бір қанағат
сезімін тудыратын болады. Сіз
атқарылған тарауларға әлдебір белгі
қойғаныңызда уақыт тауып, өзіңіздің
жетістігіңізді тойлаңыз. Бұл тойлау
ойланып-толғануға мүмкіндік