Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Енді өзіңіздің  ішкі жан дүниеңізге қарап, осы келеңсіздіктің жағдайын талдаңыз. Қарызға қалай  батқаныңыздың себебін анықтаңыз. (Жоғарыда жазылғанды қайталап оқып шығыңыз).

Осыдан соң  ойлау жүйеңізді, көзқарасыңызды өзгертіңіз. Түсініңіз, бұл жалған әлемде ешкім  де, ешкімге қарыз емес. Тек қана өзіңіздің өмірге деген жауапкершілігіңіз  бен белгілі бір парыздарыңыз бар екенін ұға біліңіз.

Адам  ғапыл дүниені дер менікі,

Менікі  деп жүргеннің бәрі оныкі.(Алланікі)

Тән қалып, мал да қалып, жан кеткенде,

Сонда, ойла, болады не сенікі? Абай

Қарыз –  ескіше ойлау жүйеңіздің нәтижесі. Сондықтан да, ойлау жүйеңізді  жаңаша бағытқа бағыттағанда, қандай болмасын өткен қарыздарыңыздан  арылыңыз, өйтпесеңіз – олар өзінің бұғауынан босатпай буындырып, шырғалаңдарды  тудыра береді. Әңгіме тек қана ақша қарызы жайлы емес, бірінші кезекте  ар-ұждан жайлы. Ол үшін ең қажетті  нәрсе жауапкершілік, парыз және өзіңді ұстаудың тәртібі.

Ақшаны бірден төлеу міндет емес, бөліп-бөліп төлеңіз. Осылай істегенде өзіңіздің қарызды  қайтсем де қайтарамын деген мақсатыңызды білдіресіз. Осыны қарыз берген адамға ескертіп айтыңыз.

Егер де ақшаны өсімімен алсаңыз, мүмкін болса өсімін төлеуден бас тартыңыз.

21. Егер сізге  қарыз болса

Бір кісі адамдарға қарыз беріп жүруші еді және қызметшісіне айтатын: «Кедейлердің қарыздарын кешіріп жібере бер, Тәңірім  де біздің күнәләрімізді кешіріп  жіберсе» деп. Ол кісі өлген соң Тәңірі оның күнәләрін кешіріп жіберген екен. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

– Егер адам сізге қарыз болса ше?

– Егер бір  адам өзіңізге қарыз болып, осы қарызды  қайтару қаперіне де кіріп шықпайтын  жағдай өмірде жиі кездесетін жайт. Осы кезде біздің санамызда қандай құбылыстар болып жатады?

– Егер кімде-кім  сізге қарыз болса, онда оның бейнесі  өзіңіздің Ғазиз жаныңызда жазылып  қалады да қуатыңызды сорады, өйткені  борыштар адамға деген сезіміңіз  құруға емес, құртуға бағытталған. Осы  адамға деген өкпеңіз, ызаңыз, мүсіркеушілігіңіз, өшпенділігіңіз жан-дүниеңізде шоғырлана  береді.

Заң бар: ойыңыз қайда – қуатыңыз сонда, қуатыңыз қайда – қаныңыз да сонда. Осылайша өзіңізді әлсіретесіз. Борышқордың  бейнесі төменгі есте болғандықтан, қайта-қайта айналып осыған келе бересіз.

Не істеу  керек?

Бұның бәрі де қарапайым нәрсе!

Ең бірінші  былай деп пайымдаңыз: «Керекті уақытта, керекті жерде, оған да, маған да жайлы жағдайда – қарызға берген ақшамды қайтарып аламын».

Енді ақшаңыз  қайтсе де өзіңізге қайтып келеді, ал осы  жұмыстың іске асуын өзіңіздің Ғазиз  жаныңызға яки Құдайға тапсырыңыз, жолын өзі табады.

Бұл да әлі  толық емес. Енді ең маңыздысы!

Борышты адамның  қарызын кешіріңіз де, ол адамға осылайша силық беріңіз. Қарызыңызды  силаңыз.

Егер қарызыңызды  қайтармаса, сұрамай-ақ қойыңыз. Жауапкершілігін  өз мойныңызға алыңыз. Сізден қарыз  алған мезеттте, ғарыш сізді ақшадан  арылтты. Бұл ақшадан қиналмай құтылудың  зиянсыз жолы. Сіз осы ақшаны жоғалтып, ұрлатып немесе біреулер тонап алса – денсаулығыңыздан айрылуыңыз мүмкін еді. Сізден қарыз алған адам: сізді  неше түрлі пәле-жаладан, қауіп-қатерден аман алып қалды. Қарызын кешіріңіз  де, өмірлік берген сабағына алғыс  айтыңыз. Борышкердің телефонын, не мекен жайын білсеңіз өзіңіздің  шешіміңізді міндетті түрде хабарлаңыз.

– Адамның  қарызын кешірмесек не болады?

– Егер адамның  қарызын кешірмесең, онда оның жанын, ар-ожданын аласың. Қарыз болған адам кепілдікке бірдеме тастауы  керек қой. Өз жан-дүниеңізді түбегейлікті түсіне алмай жүргенде, біреудің жанының, ар-ожданының сізге қажеті бар  ма?

Сіз қарызды  кешірген мезетте, өзіңіздің жан-дүниеңізде – жаңа адамдарға, ақшаға, білімге  орын босайды. Бұрынғы қарызымды  қайтсем де қайтарам деп рәсуә  болып жүрген қуатыңыз – өзіңізге қайта айналып келеді. Басқаларға еркіндік бере отырып, өзің осы фәни әлемдегі – дүниеге, затқа байланудан, дүние қоңыздығыңнан, сараңдығыңнан, ашкөздігіңнен, иттігіңнен, жексұрындығыңнан, жағымпаздығыңнан, алаяқтығыңнан, менменсуіңнен, жауыздығыңнан, қатігездігіңнен, қанпезерлігіңнен, суайттығыңнан, екіжүзділігіңнен, жоқшылығыңнан, қайыршылығыңнан, құлдығыңнан, миғұлалығыңнан, ақымақтығыңнан, есерлігіңнен, даңғойлығыңнан, жындысүрейлігіңнен, іш мерездігіңнен, алкеуделігіңнен, жарыместігіңнен, бөспелігіңнен, т.б. ең бастысы – басқа пендеге  табынудан құтыласыз.

22. Беру керек  пе, бермеу керек пе? Алу керек  пе, алмау керек пе?

Сараңдықтан, пасықтықтан артық ауру жоқ.  Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с.)

– Қарыз  беру, қарызға алу керек пе?

– Сізге  біреу келіп бірдеме сұраса ойланыңыз. Әлемге бірдеме беретін кезіміз  жетті. Не беру керек? Өзіңде бар нәрсені  ғана бере аласың ғой. Сүйіспеншілікті, мейірімділікті, махабатты, қуанышты, шаттықты!  Адамдарға осыларды силаудан бастаңыз.

Егер де артық  ақшаңыз бар болса, ақша беріңіз, тек қана қарызға емес! Соңынан  өкініш пен күдіктен, дәмеленуден  азаптанбау үшін былай ғана бере салыңыз. Силық ретінде марапаттаңыз! Берсе  берер, бермесе қояр. Қандай айырмашылық  бар? ! Сіз қысылып тұрған адамға көмектестіңіз, қайырымды іс жасадыңыз.

Ақша беруге мүмкіншілігіңіз болмаса не бергіңіз келмесе, онда қарызға ақша бермейтініңізді, ал осы ақшаны қазіргі сәтте силай  алмайтыныңызды, бірақта басқаша  қолдан келетін көмегіңіңізді аямайтыныңызды түсіндіріп айтыңыз.

Адамдар әдетте ақша бермей қоя ма деп «жоқ» немесе «бар» деп айтады. Бұл жағдайда оның жанын «қорқыныш» билеп алған, бүйтіп алған ақшада береке болмайды. Сондықтан да, осы сәтте жан-дүниеңізді қандай сезім билеп алғаны өте  маңызды.

Өте қызық  бір жайт бар. Қарызға ақша алғанда, қуат сақталу заңы бойынша, кепілдікке дүниеңді салмаған жағдайда, кепілдікке – жаныңды, ар-ожданыңды, ұятыңды  саласың. Ескерте кететін жайт –  егер кепілдікке өзіңнің дүниеңді салсаң, осы сәттен бастап ол дүниең сенікі емес, қуат деңгейінде осы дүниеңізді басқа біреу басқаратын болады. Яғни, сіздің ішкі жан-дүниеңіздің мазасыздығы  артып, жаның жай таппайды. Осы  сізді әлсіретеді.

Қарызынан құтылмай дүниеден өткен адам, сол  қарыз үзілмейінше көрінде кісендеулі қалады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Қысқаша қортындылайық:

Адам өзін-өзі, сондай-ақ қоршаған ортаны неғұрлым сүйіп, силаса – соғұрлым қарызы аз болады немесе мүлдем болмайды.

Ешкім –  ешкімге қарыз емес. Біз бәріміз  – біртұтаспыз. Осыдан шығатын заңдылық: «Неғұрлым көп берсең – соғұрлым көп аласың» немесе «Береген қолым  – алаған».

– Адамдар  неге тілемсектеніп сұрай береді?

 Адам  өмір сүруі үшін қажетті жағдайдың  бәрі бар, бұл оған туа салысымен  берілген. Онда неліктен бірдемелерді  тілемсектеніп сұрай береміз?  Бізге әрқашанда аз. Біресе ата-анамыздан,  одан қалса мемлекеттен, болмай  бара жатса оқыған намазымызды  пұлдап Жаратушыдан сұраймыз.

Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп  қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз  де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны  дейді. Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң  – ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба? » дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл осы  саудагердей қыламын дейді. Абай, он алтыншы сөз

Егер де, бірдемеге пұлыңыз жетпей тұрса, онда өз мүмкіншілігіңізді толықтай пайдаланбай тұрсыз. Ішкі жан-дүниеңізге назар аударыңыз. Біздің әрқайсымыздың  ішімізде шексіз байлық көзі, бұлағы булығып  бұғып жатыр. Осында бір қарағанда  ақылға симайтын қалып бар. Осы бастаудан  неғұрлым көп ала бастасаң, бастауыңыз да соғұрлым молая береді. Немесе көп  берген сайын, молынан құйыла бастайды. Бірақта, ескеретін бір шарт бар. Бергенде ақ көңіліңізбен, шын ниетіңізбен, шексіз сүйіспеншілігіңізбен беріңіз. Берсеңіз – тек қана қарызға ем

23. ЖАЛҚАУ  АДАМНЫҢ ОЙ ӨРІСІ

Жалқау  тірі болғанмен өлгенге есеп,

Білімнің  кеселі жоқ мұнан кесек.

Білімсіз, әрекетсіз еріншекті,

Күнәкер де болмаспыз өлді десек. Шәкәрім

– Жалқаулар  қалай өмір сүреді?

– Жалқау адамдар  мақсатсыз өмір сүріп, уақытты елемейді. Олар, мүмкіндігінше, жүйесіз өмір сүру қалпын ұнатады. Олар өздерінің өмірлерін  айдаладағы жел қуған қаңбақтай  мақсатсыз өтіп жатыр деп түсінеді. Сөйте тұра, мұндай өмірмен ере  жүретін екі ұштылық пен ішкі сезімдерден рахат табады.

Егер оларда жұмыс болса, ол – уақытша болады, өйткені олар кез келген жүйемен, уақытты тәртіпке салғысы келген әрекетке қарсы тұрады. Осындай мақсатсыз  адам: «Мен өмір бойы кешігіп жүремін. Мен, бәлки, өз уақытымды ешқашан  да басқара алмаспын. Мен бұған  енді мән бермеймін, не болса, ол болсын өзімнің қазіргі жағдайыма көңілім  толады» – дейді.

Бұл көзқарастың  дұрыс емес жері бар ма? Біз кім  жайында айтып отырмыз? Иә, Сіздің өміріңіз жайлы айтып отырмыз. Егер Сіз өзіңіздің осындай өмір қалпын ұстанғаныңызды сезінсеңіз, онда мұндай бағыт – өмірдің негізгі және қосалқы жолдарындағы кез келген дамуына кедергі болары анық.

24. Өзін-өзі  тежеушілік

Өзіңде бармен өмір сүр, бүгін артық қалғаныңды ертеңге сақта: достарыңа тіленші  болғаннан гөрі мүлкіңді дұшпанға тастаған артық. Эзоп

 Өзімізді-өзіміз  қалай шектеп тастаймыз? 

– Табысқа  жету үшін жеке басымыздың дамуын бөгейтін нәрселерден арылу үшін әрдайым  жұмыс істеуіміз керек. Сіздің кім  екеніңізге қарамай, күресуге тиісті өзін-өзі  шектеушіліктің үш түрі болады.

Бірінші шектеушілік  – жайбасарлық. Жайбасарлықтың қауіпті  болатын себебі, оның шоғырлана беретінінде. Егер біз бір күннің ішінде әлдебір  кішігірім жұмысты істемей-ақ қойсақ, оның соншалықты мәні жоқтай көрінеді.

Кінәлау –  жеке басымыздың даму жолында өзімізге кедергі жасап қоятын тағы бір  бөгетіміз. Белгілі бір уақыттарда біздің бәріміз бір нәрсе жөнінде  әлдекімдерді кінәладық. Өзіміздің  ішкі дүниемізге үңілудің орнына, біз  неге саусағымызбен біреуді көрсетуіміз  керек? Біздегі «Мен»-іміз бізді  қорғауға ұмтылады. Сондықтан да, біз  сыртқы күшті кінәлағанымызда өзіміздің  жеке басымыздағы әлсіздікпен кемшілікті көре алмай қаламыз. Бұл белгілі  «себептер тізімін» жасауымыздың негізіне айналған сияқты.

«Бұл» –  еш уақытта кінәлі болмайды. Егер Сіз  жауапкершілікті осы «бұл»-ға жүктейтін  болсаңыз, онда Сіз үнемі қаржылық, тапшылық пен түңілушілікті бастан кешетін боласыз. Сіз еш уақытта  да жеткілікті түрде табыс таба алмайсыз. Ал, енді Сіз «бұл» – дәрежесінде  емес, «мен» – дәрежесінде ойлай  бастасаңыз, онда жеке басыңыздың шарықтап дамуы басталып, табысыңыздың өсуіне куә боласыз. Сылтау – бұл жеке бастың даму жолына кедергі болатын  өзін-өзі тежеуліктің үшінші түрі. Сылтау өзін-өзі тежеуліктің кінәлау  түрімен тығыз байланыста болады. Қаншама сылтау болатынын ойлап  көріңізші? Дұрыс айтасыз, миллион  түрлі сылтау болады. Адамдар өз тіршіліктерінің өн бойында тағы миллион сылтаулар ойлап табады. Сондықтан бәріне өздері жауапты  болатын шындықтан қашып, масқара  түрде өмір кешеді. Олар миллион  теңге жасағаннан гөрі, тағы миллион  теңгелік сылтауға сынық іздейді.

– Өзіңізді-өзіңіз жетілдіру үшін бүгіннен бастап не істеуіңіз қажет?

 Сіз өзіңізді-өзіңіз  тежеуліктердің кейбірінен арылмасаңыз,  онда алдағы бес жылдағы өміріңіз  бес жасқа үлкейгеніңіз болмаса,  бұрынғы қалпында өте беретін болғаны. Ал, егер өзіңізге жауапкершілікті алып, жеке басыңыздағы шектеушіліктен арылатын болсаңыз, онда керісінше, бес жылға жақсара түсер едіңіз. Сөйтіп, бұл дабыл Сізді қатты ойландырар ма екен?

Өздерінің жеке басы қабілеттеріне сеніңкіремейтін  адамдар көп. Олар өздерінен-өздері «Менің қолымнан не келеді? Өз өміріме  өзгеріс енгізу үшін не істей алам? » – деп сұрайды.

Адам баласы керемет нәрселер жасай алады, өйткені  адам баласының жаратылысының өзі  ғажайып емес пе! Сіз және мен  – құрт, балық, құс не ит емеспіз  ғой. Біз жоқтан бар жасай аламыз, көбікті байлыққа, апатты салтанатқа айналдыра аламыз.

25. Сәтсіздік

Еріншектіктен – салақтық,

Салақтықтан – надандық...

Бірінен-бірі туады,

Жоғалар сүйтіп адамдық. Шәкәрім

– Сәтсіздік  дегеніміз не?

– Сәтсіздік  – жекелеген оқиғалардың нәтижесі болып табылады. (сәтсіздік –  тәртіптің төменгі деңгейінен туындаған  майда сәтсіздіктердің ұзын тізімінен  шоғырланған нәтиже болып шығады.)

Сәтсіздік әрбір  сәт сайын бүгін... ойлай алмағанымызда, қамдана алмағанымызда, құлшына  алмағанымызда, биікке көтеріле алмағанымызда, алуға құштар бола алмағанымызда  және бүгін... алға ұмтыла алмағанымызда .

Қауіп –  бүгінгі күннің босқа өткенін  көре тұра, жеме-жемге келгенде, еш нәрсе  болмағандай, бұл – бір ғана күн  ғой деп ойлағанымызда жатыр.

Осы күндерді қоссаңыз – жылға айналады, ал бұл  жылдардың жиыны – өмірге ұласады. Мүмкін күн сайынғы ұсақ-түйек  сәтсіздіктердің Сізді үлкен  бақытсыздыққа әкелетінін енді түсінген боларсыз.

Сіз өзіңіздің  керемет жасампаз екендігіңізді  біліңіз. Ішкі жан-дүниеңізге үніліңіз де, өзіңіздің ғажайып адамдық  құндылықтарыңызды оятыңыз. Олар Сіздің қашан түрткілеп оятатыныңыздың, қашан пайдаланатыныңызды күтіп  бұғып жатыр.

26. Тәртіп

Тәртіптілік – тұрмыстың жартысына, достасу  – ақылдың жартысына, уайымшылдық  – кәріліктің жартысына тең; өнерлі, ақылды әйел байлықтың екіден біріне тең. Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.)

– Табысқа  жетуде тәртіптің алар орны қандай?

 Тәртіп  жайлы әңгіме болғанда көп  елдің түсінігінде ұнамсыздық  жай туындайды, өйткені олардың  санасында бала күніндегі шамасы  жеткені әлсіздеуін ұрып-соғып,  қолындағысын тартып алғаннан  бастап, есейген кезде жұмыс уақытында  болар-болмасқа әкіреңдейтін атқамінерлерге  дейінгі әр түрлі бейнелер  бірден пайда болады.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"