Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Саған жар менен артық табылса да.

Сорлы асық сарғайса да, сағынса да,

Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да,

Шыдайды риза болып жар ісіне,

Қорлық  пен мазағына табынса да.            Абай

Ойлау жүйеңіз  әлсіреп, ойыңыз тарам-тарам болып, санаңыз басы ауған жаққа лағып  кеткен кезде, мүсәпірлігің анықталады. Сіз өзіңе деген сенімді жоғалтып, мүсәпірлігіңді сезініп, көлеңкеңнен  де қорқа бастайсың. Біреу келіп  жақын адамыңды алып кететіндей болады. Осы қорқынышты жеңетін бірақ  жол бар – бұл өзіңіздің  ойлау жүйеңіз бен жүйке күшіңізді  табиғи қалыппен жүріп толықтырып, мүсәпірлік қалыптан арылу.

Қызғаншақтық  – біздің бәріміз жабыла күресетін  нәрсе. Біз біреуді сүйуіміз мүмкін, бірақ ол адам сіздің меншігіңіз емес қой. Өз ойлау күшіңізді құрған мезетте, әр адам өз өмірімен сүруге тиіс даналығын  түсінесіз. Өзіңіздің қызғаншақтығыңыздан, сүйікті адамыңызды жоғалту қаупінен жоғары деңгейдегі ойлау мен жүйке  күшін құрыңыз.

Махаббат  – әлемдегі ең ұлы күш. Сүйе біліңіз, сіз де сүйікті боласыз. Есіңізде болсын, сіз өзіңіз сүйген және сізді  сүйетін адамды еш уақытта жоғалтпайсыз. Егер айырыла қалсаңыз есіңізде болсын, онда ол да, сіз де шын сүймегендеріңіз. Бұл жай ғана сезім әсері болған.

Әлемде тұрақсыз пенделердің көп екенін есіңізден  шығармаңыз, олар көз жасыңызға тұрмайды.

Сүйкімім  кетіп, жалғыз қаламын деген қорқыныш көптеген адамдардың санасына себепсіз ұялайды. Сіздің сүйіспеншілігіңізді  аңсайтын, сізді жақсы көретін  біреу қайтсе де табылады. Іздеңіз, табыңыз. Сізге жетіспейтін, – жаңаша ойлау жүйесі арқылы келетін жойқын жүйке күші мен сенімділік.

33. Кәрілік  қорқынышы дегеніміз не?

Өмірдің ұнап ойынын,

Шатыраш ойнап жүрмін шат.

Жер ашып тұр қойынын:

«Кел  жылдам, – деп, – көрге жат! »  Шәкәрім

– Кәрілік  қорқынышы дегеніміз не?

– Адамды келеңсіз ойлар меңдеп, жүйке күші төменгі  деңгейге жеткенде, осы қорқыныш миды жаулап алады. Адам өзін кәрі, әлсіз, соқыр, саңырау, селкілдеп ұсқыны кеткен қалыпта  көреді. Осы қорқынышпен дұрыс  өмір сүріп, дұрыс ойлау арқылы күресуге болады. Енді осыны ақылға салып  таразылап байқайық.

Біріншіден, кәрілік деген нәрсе жоқ, себебі біздің денеміздегі жасаушалар, сүйек  пен тістен басқасы, он бір ай ғана өмір сүреді. Күн сайын миллиондаған жасаушаларды жоғалтып, миллиондаған жасаушаларды құрамыз. Сонда біздің қай бөлігіміз кәрі? Бұндай бөлік жоқ. Бізді қартайтатын денеміздегі улар. Біздің жауымыз туған күніміз емес, улар.

Есіңізде  болсын, адамда күн тізбектік және биологиялық жас мөлшері болады. Егер де табиғат заңымен жүрсеңіз, күн тізбектік жас ешнәрсені  білдірмейді.

34. Өлім қорқынышы  қалай туындайды? 

Тірлігіңді  өлімге әзірлік көр. Пайғамбарымыз  Мұхаммед (с.ғ.с.)

– Өлім қорқынышы  қалай туындайды?

– Табиғаттың тылсым сырларына орай, ойлау жүйеңіз  бен жүйке күшіңіз азайғанда  миыңызды мазалайтын, өзіңізді азаптайтын өлім қорқынышы таяйды. Кейбір адамдар  үнемі өліп қаламын ба деп қорқып өмір сүреді. Осы ауру ойлар, барлық рухани ағымдарды алмастырады. Жындыханаларда өлім қорқынышынан есі ауып кеткен ерлер мен әйелдер толып жатыр. Бұл қорқыныштың пайдасы жоқ, ажал ойласаң да, ойламасаң да дәмің  таусылған күні келеді. Шәкәрім бұл  туралы:

Өмір, дүние, жер мен көк, өткен заман,

Ажал  алмай қоймайды ешкімді аман.

Өлмей, өшпей, қартаймай жүргің келсе,

Ол  болмай ма тағдырды жамандаған?

Ажалды қалыпты  жағдай деп қабыл алыңыз. Жоғарыда суреттелгендей тағдырды жамандауға бола ма? Тағдырыңыз онша жаман емес те шығар. Әрине, өлім қорқынышы жақсы емес. Жастық – қартыққа, өмір – өлімге дайындалу. Бақытты өлмеуге себеп  жоқ. Егер де өзіңіз фәни өмірде жақсы  жұмыс жасап, істеріңді ретке  келтіріп, жаныңыз жай тауып неге көз жұмбасқа? Егер де ұзақ ғұмыр  кешсеңіз өлімге көз жұмбаңыз. Ол туралы көтеріңкі көңіл күймен айтып  өзіңізді дайындаңыз.

Барлық өміріңіз – өлімге дайындық. Өзіңізді қанағаттанған  қалыпта ұстаңыз, өкініште қалмаңыз. Асқақ өмір сүріп, салтанатты өлуге  ұмтылыңыз. Жаратушы шын жүрегіңмен, көңіліңмен не сұрайсың соны береді. Адамдардың нәзік денелері мен нәзік әлемде өзара қуат алмасу үнемі жүріп  жатады. Біз ойымыз және нәзік денелеріміз  арқылы қоршаған ортаға және нәзік  әлемге өзіміздің санамыздан бөлініп  шашыраған қуатымыз арқылы – тілегімізді, қалауымызды, арманымызды, мақсатымызды білдіреміз, хабарлаймыз, Жаратушыдан  сұраймыз. Осының әсерінен қоршаған орта мен нәзік әлем ойлаған ойымызға орай: тілегімізді, қалауымызды, арманымызды, мақсатымызды қабыл етіп, осылардың іс жүзіне асыуын қамтамасыз етеді.

Қазір атом ғасыры, ғылым айтады, бүкіл Ғаламшар қуат деп. Физиканың бірінші заңы: «Қуат құрылмайды да, құрымайды да», – дейді. Ол материяның әр түрлі  түрлерінде, шексіз жолдарымен пайда  бола береді, бірақ осының бәрі бір  қуат. Оның түрі ғана өзгереді, бірақ  жойылып кетпейді. Өмір дегеніміз  – қуат. Егер де қуат жойылмайтын  болса, онда қуаттың басқа түрлері  сияқты өмір де жойылмайды. Өмір әр түрлі  ағымдар арқылы өзгерістерге түсуі  мүмкін, бірақта өмірлік қуат болып  қала береді. Өлім тек қана бір қалыптан екінші қалыпқа өтетін өтпелі кезең.

Жан денеде болғанда адам өмір сүреді, ал ол денеден  кеткенде өмір сүру доғарылады. Дене біраз  уақыт өткен соң біртіндеп  ыдырап, материяның басқа түріне айналып  кетеді.

Кейбір адамдардың адамның алдағы өлім туралы ойланбауының себебі неде?

Күнделікті  тіршілікте адамның алдағы өлім туралы ойланбауының себебі – жанның мәңгіліктігінде. Жан мәңгілік болғандықтан, өзін тәнге  балайтын кейбір жандарға фәни өмірдің  өткіншілігін ойлатпайды. Оларға Абай былай дейді:

Адамзат – бүгін адам, ертең топырақ,

Бүгінгі өмір жарқылдап алдар бірақ.

Ертең өзің қайдасың, білемісің,

Өлмек үшін туғансың, ойла, шырақ.

Егер өлім өтпелі кезең болса, онда өлімнен  кейін ұзақ ұйқыдан басқа ештеңе де болмайды, ал ұйқыдан қорқып керегі жоқ.

– Ой өзендері қай бағытпен ағады?

Өмір екі  арнамен ағып жатқан өзенге ұқсас. Бір  арнасы денсаулықпен пен бақытқа  апарса, екінші арнасы қарама-қарсы  бағыт: ауруға, мезгілсіз кәрілікке, бақытсыздыққа, сәтсіздікке апарады. Бұл өзен қиял немесе қолдан жасалған емес, ол Ертіс қалай ақса, ол да адамның  миында су түрінде емес, ой түрінде  ағып жатыр. Бұл өзенде табыстың ағысы  жақсы ойлардан, ал сәтсіздіктің ағысы  жаман ойлардан туындайды. Осы келеңсіз ойлардың басты қаупі – қорқыныш.

– Дін қорқынышқа қарсы тұра ала ма?

 Дін бағалы  нәрсені жасайды, қорқыныш осыларды  құртады. Дін – құрайды. Қорқыныш  – құртады. Өркенниетті дамудың  басынан аяғына дейін осылай  болады. Барлық табыстың бастауы – сенім. Барлық сәтсіздіктің –бастауы қорқыныш. Сондықтан да біз қорқынышпен күресе алуымыз үшін, оның табиғаты мен себептерін түсінуіміз шарт.

Қорқыныш  үнемі тұрақты болмайды, олай деп  нақ сеніммен айтып отырғанымыздың себебі, қорқыныштан да сенім күшті. Біздің өміріміздің басты бағдарламасы, адамдарды қорқыныштан құтқарып, көңілдеріне сенім ұялату, себебі қорқыныштың қамшылайтыны соншалық, олардың кейбіреулері өздеріне-өздері қол жұмсауға дайын.

Егер де сізді  қорқыныш билеп тұрса, жүйке соққысы  мен ширығуынан құтыла алмайсыз. Егер сіз табиғат-анаға сенбесеңіз өзіңізді деніңіз сау, жасарған қалпыңызда сезінбейсіз. Сіз бұған толықтай сенуіңіз қажет, ол сізді тән мен жан ауруларының  құрдымынан суырап алып шығады. Өзіңіздің  ойлау жүйеңізді өзгертіп, жүйке  күші қоймасын толтырып алғаннан кейін, қорқыныштан пайда болған кедергілердің  бәрін де жеңетін боласыз.

– Қорқынышты қалай жеңуге болады?

 Қорқынышты  жеңу үшін тәндік, ақылдық, рухани  қуат керек. Өз қорқынышыңызды  өзіңіз жеңуіңіз керек, себебі  өзіңізбен бірге өзіңіздің даналығыңыз  бар.

Құдай бізге  қорқыныш сезімін таңбайды, тек қана қуатты, махаббатты және дұрыс ойды ғана береді.

Осы сөздерді өздерінің бақытсыздықтары, сәтсіздіктерімен күресіп жүрген ерлер мен әйелдерге  беріңіздер.

Олар өздерінің  намаздарында, ұйығандарында (созерцания) , жолдары ашылып, ақыл-ойларына сенім  ұялағанша қайта-қайта қайталап айта беруі керек.

Табиғаттың  жолымен өмір сүре бастағанда, жоғарғы  күштерден – ойлау жүйеңізді  өзгертіп, қорқыныш пен жүйкенің ширығуынан құтқаруын сұрап өтініңіз. Күнделікті намаз оқығанда, не ұйығанда осы  күштермен жолығуыңыз мүмкін. Адам тек қана ішіп-жеу үшін ғана өмір сүрмейді.

Қорқыныштан қашпаңыз, оны талдап тәннің бір  сезімі ретінде қабылдаңыз. Тәннің сезімінің алдауына жол бермеңіз. Өзіңді-өзің мүсіркемеңіз. Өзіңді мүсіркеу – бостан босқа қуатты жоғалту. Осыдан құтылсаң басқадан да тіленшілеп көмек  күту әдетін жоясың. Нағыз қайғы  келгенде, қасқайып тұрып қарсы алатын боласың. Біліңіз, уақыт бәрін де емдейді.

Еш уақытта  жеңілісті мойындамаңыз. Есіңізде болсын, өзіңізге тағы бір мүмкіншілік беру еш уақытта кеш емес.

Тағы да –  өткен күнмен өмір сүрмеңіз. Өткен  өмір барлығымызға таяқ жегізіп, өзегімізге өкініш орнатып, жүрегімізге қаяу салған. Бірақ түгелдей жаман болған жоқ, тек осыларды ғана еске түсіру қажет. Тіпті сіздің өткен өміріңіз тым  бақытты болса да, өткен күнмен өмір сүрмеңіз. Өмір артқа қайта  бұрылмайды.

35. Сансыз  мүмкіншіліктердің негізі

Әуелде  бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан  тұла бойды ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, қалыпты, шыдамдылық,

Бұл – қайраттан шығады, білсең керек. Абай

– Баюға, тұрмысты жақсартуға қалай қол жеткізуге  болады, қандай мүмкіншіліктер бар?

– Негізгі  мүмкіншіліктерің – сансыз ойдың  кілті. Денсаулығымызды жақсартамыз  ба, байлығымызды көбейтеміз бе, жеке басымыздың қасиеттерін дамытамыз ба немесе кәсіпкерліктегі мамандығымызды жетілдіреміз бе, шыңға шығып керемет жетістікке жетуіміз бен құзға құлауымыз  тек қана біздің сансыз мүмкіншіліктердің  негіздерін анықтай алу қабілетімізде, осыларды тауып алып қажетімізге  жаратуда ғана жатыр.

Мысалы, күзде  мол өнім алу үшін, дихан өзінің барлық қабілетін сансыз мүмкіншіліктердің  негізі: топырақ, тұқым, су, күн сәулесі, қосымша қоректендіруге және күтуге жұмсайды. Осы мүмкіншіліктердің  әрқайсысы да өте маңызды, тек  осы сансыз мүмкіншіліктер үйлесімділік тапқанда ғана мол өнім алуға болады.

Сондықтан да жаңа жобаны бастамас бұрын немесе алдыңа жаңа мақсат қойған кезіңде, өзіңе  мынадай сұрақтар қой:

 КІРІС  ПЕН ШЫҒЫСТЫҢ АРАСЫНДА ҚАНДАЙ  САНСЫЗ МҮМКІНШІЛІКТЕРДІҢ НЕГІЗДЕРІ  БАР? 

Осы қарапайым  ағымды (процесс) түсіне және қолдана  білсеңіз, онда алдыға қойған арман  мен мақсатыңыздың іске асуының  бірінші жолы.

36. Байлық

Ырыстың күн көру үлесінің оннан тоғыз  бөлімі сауда да, ал онннан бір бөлігі шаруада. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

Біздің көбіміз  үлкен алапат өзгерістерді басымыздан өткізгеніміз жоқ. Біз өзімізді бірінен  соң бірі келетін, жаңа, жақсара түскен әдеттерді бойымызға қалыптастыра отыра, қажетті бағытқа қарай ақырын итереміз. Ақырында барып, біз өміріміздің түп-тамырымен, кәдімгідей өзгеріске түскенін анық байқайтын боламыз.

Сіздің жеке басыңызда дамытудағы ізденістердің  үш өрісі бар, оны Сізге осыларды білу абзал. Сіз жеке дамуыңызды рухани, сырт-келбет және ақыл-парасат тұрғысында қарауыңызға болады.

 Байлық дегенді қалай түсінеміз? 

Байлық дегеніміз  ақшаңның бар болып, сырттан құйылып  келіп жатуы. Сіз көп мөлшерде ақша табуыңыз мүмкін. Егерде осы ақшаңыз  өзіңізге жұмыс жасаған кезде  ғана байыйсыз. Баю үшін алдымен  ақша табуыңыз керек, сонан кейін  осы ақшаны өзіңізге кіріс әкелетіндей  етіп жұмысқа жегуіңіз қажет. Өз бетінше  байыған адамдардың молшылыққа жету жолдары да әртүрлі. Кейбіреуі егін өсіріп, құрылыс салып, үйдің ішін безендіріп, енді біреуі асхана, мейрамхана ашып, басқа біреуі жүк тасып немесе өзінің желілі бизнесін ашып дегендей, адамдар қазір неше түрлі ақша табудың жолдарын тауып алған. Осының бәрі олардың өз жұмыстары мен  сататын заттарын басқалармен салыстырғанда  жақсы білуінде, осыдан кіріс алуында.

Онан әрі, «байлық» тек қана экономикалық түсінік  емес. Тәжірибенің байлығы, достықтың  байлығы, сүйіспеншіліктің байлығы, жанұяңның  үйлесімділігінің байлығы, мәдениеттің  байлығы, денсаулығыңның байлығы.

Бірақта біздің мақсатымыз «байлық» деген сөздің ақша еркіндігі екендігін айта кетуіміз керек. Қаражат тәуелсіздігі деп  – кәсіпкерлігіңді және маңдай теріңді  ақшаға не акцияға айландырғандағыңды «байлығыңды» айтамыз.

Осы түсініктің көп не аздығы, әрқайсымыздың бай  адам екенімізді сан жағынан сезінуімізде. Біздің сеніміміз бойынша, бәріміздің негізгі мақсатымыз біреу-ақ: Ақша қыспағынан азат болуымыз, таңдау еркіндігіне  ие болу, шабытты жұмыс жасап және басқалармен бөлісе білуімізде.

Сіз үшін шындап келгенде байлық нені білдіреді? Қаражат  тәуелсіздігіне жету үшін қанша ақша қажет? Бұлар – тек жәй сұрақтар емес. Өзіңіз байқап отырғандай, материалдық  байлық дегеннің анықтамасын неғұрлым айқын түсінсеңіз, осы кітаптағы  ойлар Сізге соғұрлым көп пайда  береді.

37. Өміріңіздің  гүлденуін – даму жоспарын  құрудан бастаңыз

Егер де сіз  алдыңызға қойған мақсаттарды іске асыра бастасаңыз, мақсаттар сіз  үшін жұмыс істей бастайды. Егер де ойлаған жоспарды іске асырсаң, онда осы жоспар сіз үшін жұмыс жасайды. Қандай да болмасын пайдалы әрекетті іс жүзіне асырайық, аяқтап келгенде осылардың бәрі де сіз үшін қызмет атқарады. Джим Рон

 Жетістікке  жету үшін неден бастау керек? 

– ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТУ ҮШІН ЖЕКЕ ІСІҢІЗДІ БАСТАУЫҢЫЗ ҚАЖЕТ.

Ол үшін, Өміріңіздің гүлденуінің даму жоспарын құрудан бастаңыз. Бай адам болу үшін «байлықтың» жоспарын жасаңыз. Есіңізде болсын, сізге бай болу үшін «байлықтың жетістігі» жоспарын жасаудың қажеті жоқ, адам ешбір қаражатсыз-ақ «қалай бай болу керек? » жоспарын жасай алады.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"