Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".
49. Құндылық
Құндылық дегенді қалай ұғасыз?
– «Мәселенің бәрі – уақытта жатуы мүмкін. Кейбір адамдар соншалықты үлкен табыстарға қол жеткізіп жатады, өйткені олардың уақыты көп. Олардың уақыты жетіп жатыр, сондықтан да олар табысқа жетуде. Егер менде де уақыт болса, мен өмірде мол табысқа қол жеткізер едім» – деп ойлайтынмын.
Тыңдаңызшы, түн жарымда сағат соққанда, түннің ортасы болғаны ғой. Бітті, тәулік аяқталды. Ал, егер Сіз тәуліктегі жиырма төрт сағаттан басқа уақыт табам деп талап етсеңіз, онда Сізді жындыға балайды.
Егер Сіз уақытты ұзарта алмайтын болсаңыз, онда экономикалық нәтижелердегі айырмашылықты анықтайтын не таба алар едіңіз? Бұл – құндылық деп аталса керек. Құндылық – айырмашылықты анықтайды. Сіз еш уақытта уақыт жасай алмайсыз, дегенмен, Сіз барынша құнды тұлға бола аласыз. Құндылықтың бұл көзқарас жүйесі – экономиканың басты шарты болмақ. Құрастыратын конвейерде істеңіз, не тауар сатыңыз, не қызмет көрсетіңіз, Сіздің еңбегіңіз өнімділіктің құндылығы бойынша төленеді. Бірақ Сіз еңбек ақыны уақыт үшін емес, өндірілген құндылығыңыз үшін, өзіңіздің еңбегіңіздің өнімділігі үшін аласыз.
Қарапайым адам:
«Сағатына мен бәленбай табыс
табамын» – деп айтқанында қателеседі.
Бұлай болуы мүмкін емес! Егер бұлай
болса, ол үйінде жатып-ақ ақша ала бермей
ме? Жоқ, шын мәнінде, ол сағатына белгілі
ақшаны алмайды, ол алатын ақшасын, өзінің
бір сағатта жасаған өнімінің
құндылығына алады. Сағаттық еңбек
ақы – бұл құндылықты өлшеуге
мүмкіндік беретін ыңғайлы
Егер ... (осы үнемі келетін егер солай емес пе? Өмір – үлкен егерден тұрады. Философтар «өмір, бұл – айқынсыздық» деп айтқан ғой). Егер Сіз ең алдымен өзіңізді-өзіңіз жөнге келтіре бастасаңыз – бағалы тұлға бола алар едіңіз.
Қарапайым адам: «Менің жұмыс тәжірибеме он жыл. Жұмысымның неге алға баспайтынын түсінсем бұйырмасын» – дейді. Ал, шын мәнінде, оның он жылдық жұмыс тәжірибесі жоқ. Оның иелігіндегі – он жыл бойы қайталаған бір жылғы тәжірибе ғана. Тоғыз жыл бойы ол бірде-бір жетілдірушілік істемеген, бірде-бір жаңалық енгізбеген.
Жұрттың бәрінің көп ақша тапқысы келеді. Әйтсе де, олар ақшаны тиісті жерінен іздемейді. Кейбіреулер: «Маған көп ақша керек, мен өзімнің бастығымнан сұрап көрейін» -– дейді. Әрине, оның бастығы бірден ақша төлеп, ақшасынан айырылғысы келмейді. Мен осы уақытқа дейін шабыттанып кетіп, әлдекімге ешбір себепсіз еңбек ақы берген бастықты көрген емеспін.
Кейбір адамдар: «Біз үстеме айлық қосуды өтінеміз» – дейді. Бұл жағдайда мәселе – қалай сұрай бастағаныңыздан бастап, жасалған келісім-шарттың аяқталғанына дейін үнемі сұрай беретін боласыз.
Тағы Сіз үстеме қосуды сұрағанда, бір құтылуға әзер жететіндей кішкентай жәрдем сұрайсыз. Сіз тығырықтан шығуға себептігі ғана тиетін әдістен аулақ болыңыз.
Тыңдаңызшы, Сіз қиын жағдайдан бір түйір нан және бір кебіспен ғана шыға аласыз. Бірақ бұл тірлік – Сіз үшін емес. Сіз оңтайлы өмір дастарқанынан түсіп қалған қиқымдарды жинау үшін оқып отырған жоқсыз. Сізге мерекеге керек қой, солай емес пе?
50. Ақыл ойыңызды жетілдіру
– Біздің қазақтар
жоғары оқу орнын бітіре салысымен-ақ,
басым көпшілігі өздігінен
– Адамдардың көбі өздерінің ақыл-ойын дамытуды жастық шақтарында-ақ тоқтатып тастайды. Жақсы жұмысқа ие болса болғаны, олар ақыл-ойларын одан әрі жетілдіруді тоқтата салады.
Туғаннан бастап жиырма бес жасқа дейінгі біздің оқуымыз бірден биікке ұмтылады. Біз орасан зор білімді игереміз, сөйте тұра, есейгенде, нарық жүйесіндегі өзіміздің жұтаңдығымызды байқаймыз, біздің оқуымыз заман талабымен үйлеспей жатады.
Өткен кездердегі Сіздің қалауларыңыздың бәрі – орташа өмір деңгейі болып қалды. Мұндай ойлау жүйесінде ешбір өсудің болмайтыны анық. Жиырма бірінші ғасыр адамдардан үнемі өсу мен үнемі оқуды талап етуде.
Технология шапшаң ырғақпен ауысатындықтан бір жұмысқа жабысып, ол жұмыстың қырық жыл бойы қала беретініне сенуге болмай қалды: «менің атам осында жұмыс істеген, менің әкем жұмыс істеген, енді мен осы салада жұмыс істеймін» дейтін ой өлген, сонымен бірге өсу мен бейімделудің қажеттілігін мойындағысы келмеген жандардың да үміттерін өлтірген.
Егер тиімді жағынан қарайтын болсаңыз, біліміңнің деңгейін бүкіл өмір бойыңызда жетілдірсеңіз, онда Сіз кім болар едіңіз? Соны ойладыңыз ба? Қандай шеберліктерге қол жеткізетініңізді, қандай молшылықтарға кенелетініңізді ойладыңыз ба?
Жеке бастың дамуының әдеттерін қалыптастыру үнемі күш салуды талап ететіндіктен, ол күш-қуатты тек тәртіп қана қамтамасыз ете алады, енді тәртіптің кілтін көрсетейін.
Аздан бастаңыз
да, оларды біріктіріңіз. Кішігірім
тәртіптеуші шарттармен жұмыс істей
жүріп, Сіз маңызды тәртіптеуші
ережені меңгергеніңізді
Өзіңіздің қолыңыздан келетін азғантай мәселелерді алып, әлдебір нәрселерді алып, дәл қазір жасап тастаңыз. Сосын тағы бір нәрсемен айналысыңыз. Біраз уақыт өткен соң алдыңыздан үлкен бір мәселелер шығады. Сіз оларды толық сенімділікпен шеше алатын боласыз.
Сіз салмағыңызды азайтқыңыз келе ме? Онда нанды майсыз жеп көруден бастаңыз.
Сіз шетелдерді аралағыңыз келе ме? Әр апта сайын 2 мың теңгеден сақтап қоя беріңіз.
Сіз ұқыпты болғыңыз келе ме? Жарты сағат ерте тұра бастаңыз.
Сіз миллион теңгеге сауда жасағыңыз келе ме? Елу мың теңгеге сауда жасаудан бастаңыз.
Сіз еш уақытта, өзіңізге қатысты кішкентай адым да жасамаған болсаңыз, онда Сіздің үлкен тапсырмаларды шеше қоюыңыз екі талай.
Өндірісім мол табыс әкелді деп, өзінің жеке кірісін де жөнге келтірмей, дандайсып жүрген адамға ұқсай көрмеңіз. Ол кімді алдап жүр десеңізші!
Көрдіңіз бе, бұл өмірде бәрі де өзара байланыста: бірі екіншісіне ықпал етеді. Тәртіптің пайда болуы не жоқ болуы, келесі тәртіптің пайда болуына әсер етеді.
51. Болашақты болжай білу
Болжай білу жарым ырыс, достасу ақылдылықтың жарымы, бала-шағаңның аз болуы жеңілтектіктің белгісі. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
– Бизнесмен болу үшін неден бастау керек?
– Бизнесмен болу үшін – өмірде нақтылы жоспарыңыз болсын. Болашаққа сеніммен қараңыз. Сіз көзқарасыңызды, жоспарыңызды өзгертуіңіз мүмкін, бірақ болсын. Сіздің шабытты жоспарыңыз алдыға құлшынып, өмірге ілесе білуі керек. Осы кезде жетілген ақылыңыз қуатты болып, тән ойыңыздың соңынан ілесетін болады. Сіз не ойлайсыз, солсыз. Бұл өзіңіздің ақылыңыз, қуатыңыз арқылы іске асады. Жұмыс жасауы үшін миға қорек беріңіз. Ми түк істемесе, былжырап кетеді. Тәнге де, ақылға да үнемі іс-әрекет қажет. Егер мұны істемесек, онда барымызды жоғалтамыз. Дене мен ойдың тоқырауы аздырады. Ақылдың ішіндегі келеңсіз ойларды қуып, қарқынды іс-әрекет беріңіз. Ішкі бақыт пен күш жинауды іздеудің жолында тоқтап қалмаңыз.
– Неліктен көпшілік адамдар жеке бизнестерін құра алмайды?
– Адамдарға қоғамның тигізетін әр түрлі әсерін ескерсек, онда неліктен адамдардың табиғи қабілеттерінің, ішкі мүмкіншіліктерінің жабылуы белгілі болады. Сондықтан да іс-әрекет жоспарын құрмас бұрын, ең бастысы болашақта кездесетін бөгеттерді және оны жою жолдарын анықтап алулары қажет.
Бұған: аямшақтық,
«шық бермес Шығайбай» сияқты сараңдық,
қаттылық, көзтоймастық, көрсеқызарлық,
мейрімсіздік, жауыздық, қаныпезерлік,
көре алмаушылық, қорқыныш, мазасыздық,
уайым, беті қайту, босаңдық, ынжықтық,
жігерсіздік, бопаулық, суайттық, уәдеде
тұрмаушылық, өз-өзіңе разы болу және
бұрынғы кемшіліктерің мен
Адамдарды өзгертуге ұмтылғаннан гөрі, жақсы адамдар таба білген абзал. Әрине, олар өздерін өзгертуі мүмкін, бірақ Сіз де, мен де оларды өзгерте алмаймыз. Адамдар кейде: «Қолайлы адамдарды қалай жинауымызға болады? » – деп сұрайды. Мен оларға: «Сіздер қолайлы адамдар табуға тиістісіздер» – деп жауап беремін. Менің бере алатын ең керемет жауабым осы.
Табысты кәсіпкердің бірінші ережесі мынандай: ЖАЛҚАУЛАРҒА ЖОЛАМАҢЫЗ. Неліктен? Өйткені бұдан түк те шықпайды. Сіздің қолыңыз жеткені – бейшара АДАМДАР болады. Олар қырандай аспанға қанат жайып шарықтай алмайды. Олар тек қана мыңқылдайтын үн шығарып, көмектескеннің орнына жымқырумен айналысатын болады. Сосын олар Сізді «біржола титықтатып бітіреді». Мен білемін... Мен тырысып көргем.
Сонымен, Сіз өзіңіздің жасауыңызға тиісті көптеген мәселелерге қанықтыңыз. Бұл кітапты оқуыңыз – Сіздің өсу мен өзгеруге деген ішкі дәлелдеріңіздің барын көрсетеді. Біз Сізге өзіңіздің қалай бола алатыныңыздай тұлғаға айналуыңыз үшін, осы іргетасқа сүйенуіңізге кеңес берер едік.
52. ҚАЛАЙ ҚАРЖЫ ЕРКІНДІГІН ЖАСАЙМЫЗ
– Қаржы еркіндігін қалай жасай аламыз?
– Бұл сұрақты басқаша да қоюға болады. «Сіз ақшаны есіңізге жиі аласыз ба? Сіздің ойлау жүйеңізде ақшаға орын бар ма? Күнделікті күйбең тіршілігіңізде өзіңіздің кірісіңіз немесе ақшаңыз туралы ойланып толғануыңызға қанша уақытыңызды арнайсыз?
– Әрбір адамның өзінің уақытының басым бөлігін арнайтын белгілі ойлау жүйесі, тұрмысын жақсартсам деген бір қызығушылығы бар. Бұл дегеніміз – ақшаны үнемі ойда ұстау. Ақшаны ойда ұстау дегеніміз өзіңіздің жақсы тұрмыс құру үшін қанша ақша мөлшері керек екенін болжау. Бұл дегеніңіз қолың жетпес милллион долларды армандау емес, нақтылы қазіргі жағдайда өзіңе қажетті заттарды сатып алу үшін керекті қаржының көзін ойлау, осы қаржының табылатынына сенімді болып, осы бағытта іс-әрекетке кірісу.
Егер сіздің мақсатыңыз ақшаны көп табу болса, онда осы бағытқа бар қалауыңызды, мақсат-мүддеңізді арнаңыз. Ол үшін қолыңызда күнделікті қанша ақша барын санап, мақсатыңызға жету үшін енді қанша керек екенін есептеп жүру. Осы ақшаны қолыңызға түсіргеннен кейін, өміріңіз қалай жақсаратынын, қалай болатынын үнемі көз алдыңызға елестетіп, ойыңыздан бір сәтке шығармай жүріңіз. Жан-жағыңызға қараңыз, осы ақшаны табудың түрлі-түрлі жолдарын, әдістерін қарастырыңыз, сол кезде осының шешімін қайтсеңіз де табасыз.
53. Ақша туралы жағымды ой ойлаңыз
Ақша адам үшін өмір сүрудің мақсаты емес, тек құралы ғана. Әсет Мұқашбеков
Бізге ақша туралы қалай ойлаған жағымды?
Сіз онсыз
да ақшаны жағымды жағынан ойлайсыз.
Егерде үнемі: «менде ешуақытта ақша
болмайды» – деп ойлай
– Көптеген адамдардың ақшасының болмауының, кейбір кәсіпкерлердің құлдырауының себептері неде?
– Адамдарда ақшасының болмауының тағы бір себебі, соңғы жылдары рухани, діни, тылсым дүние туралы көркем, ғылыми, көпшілікке арналған әдеби-оқу кітаптары көбейіп кетті. Бұл әрине өте тамаша! Осының салдарынан көптеген адамдардың ойлау жүйесі жердегі күйбең тіршілікке емес, рухани бағытқа бұрылып кеткенінің дәлелі. Осы адамдардың ойлау жүйесі нәзік әлемдерден рухани ілім сұрағаннан кейін, табиғат осылардың қалауын орындап, сұрағандарын беруде. Бұндай адамдардың қалталарының таяз болатын жөндері де бар.
Бұл әсіресе кәсіпкерлікпен шұғылданатын адамдарға әсерін тигізуде. Егер де кәсіпкер (бизнесмен) , немесе ірі кәсіпорын басшысы, рухани ілімге беріліп кетіп, нәзік әлемнің тылсымына сүңгіп кетіп, бар уақытын, ойлау жүйесін осының тылсымын түсінуге арнаса, жердегі күйбең тіршілігі мен шаруашылығымен шұғылдануына уақыты да қалмай қалады. Осының салдарынан кәсіпкерлігінің деңгейі төмендеп, бар ақшасынан айырылып, шаруашылығының тоз-тозы шығып кетуі мүмкін. Осының бұрын кәсіпкерлікпен айналысқан, ал қазіргі уақытта саясатпен шұғылданып жүрген саясаткерлерге де қатысы бар.
Онда кәсіпкерлерге рухани болмыстарын дамытпай, тек қана мешітке барып садақа берумен, жоқ-жітіктерге т.б. ақшалай көмек көрсетуімен ғана шектелуі керек пе?
– Жоқ, олай емес. Бұл іске саналы түрде өзінің жоспарларының, істейтін істерінің рухани жақтарын сараптай, талдай өзінің істеп жүрген ісіне толықтай бақылау жасап, келешектегі кірісін есептеп, жоспарлап, рухани мен фәнилік дүниенің үйлесімділігін тауып барып келуі керек. Осылай істегенде нәзік әлемді рухани да, фәнилік те қоректендіріп отыратын болады, келе-келе бұл әдетке айналып, өмірдің екі жағын ойлау жүйесін, керек уақытында кезек алмастыруды қалыптастырады.
Айта кету керек, қазіргі көптеген кәсіпкерлер осы жолды өздерінің ішкі дауысының көмегімен тауып алған. Өздерінің ойлау жүйесінің ағымын сауатты түрде басқарып өмірдің рухани жақтарын да ұмытпайды, себебі кәсіпкерлігі мен шаруашылығы көңілдегідей дамуда.
Егер осы тарауды оқып отырғанда тек қана жұмысты, жанұяңызды, спортты, өмірдің рухани жақтарын ғана ойлап, ақшаны ара-тұра ғана ойласаңыз, берер кеңесім – ойлау жүйеңізді өзгертіңіз. Ақша туралы жиі-жиі ойлаңыз, есіңізден шығармаңыз, ақшаны ми қыртысының бір бөлігіне қашап жазып алыңыз! Ақшаны кем дегенде күніне үш қабат ойлауды әдет қылып қалыптастырыңыз!
Бұл мәселенің күрделілігі – егер ақша өміріңіздің басты мақсаты, негізгі бөлігі болмаса, онда ақша туралы ойлау қиын болады. Онда ақшаны күнделікті еске түсіріп отыратын әдіс құрыңыз. Бұл үшін қандай болмасын әдіс жарай береді – бөлмеңіздің, көлігіңіздің т.б. өзіңіздің тұрақты отыратын, көзге ұрымтал жерлеріңізге ақшаны қыстырып не іліп қойыңыз. Бұл сізге ақшаны, ақша болған кезде алатын қанағат сезіміңізді үнемі еске түсіріп отыратын болады. Ойлау жүйеңіз ақша туралы ойлануға мәжбүр болады.
54. Ақша туралы кейбір кері кеткен ойлар, тұжырымдар
"Қазақтың
бiрiнiң-бiрiне қаскүнем