Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Егер Сіз  бір мезгілде әрі жұмыс істесеңіз, әрі тынықсаңыз –жұмысыңыздағы үлкен  жетістіктеріңіздің зор қуанышын сезіне алмайсыз, рахатқа кенеле алмай қаласыз.

75. Ойды қағазға  түсірудің төрт тәсілі

Адамның берген жауабы, іс-қимыл әрекеті  оның көзқарасын анықтайды. Джим Рон

Уақытты басқара  білудің ең керемет тәсілдерінің бірі – қағазда ойлана білу қабілеті болып табылады. Табысты кәсіпорынды  жасау – үй тұрғызған тәрізді. Сіз идеяны ойша толғатып жүресіз  де қағазға түсіресіз, сосын барып  оны жобаға айналдырасыз. Менде: ИДЕЯ НЕГІЗІНДЕ ЕМЕС, ҚҰЖАТ НЕГІЗІНДЕ  ЖҰМЫС ІСТЕУ – дейтін түсінік  бар.

Күнді жоспарлау  да қағазға түсіруді талап етеді. Бұл – адамның таңертең тұрып: «Бүгін мен не істеуім керек екен, қане қарайық па? » – дегеніндей түкке жарамайды. Бұл өте кеш. Мұндай адамның ең жақсы істей  алатыны, ол – күннің қалған кезінде  келер күнді, келер аптаны, келер  айды қалай өткізуді жоспарлай бастауы.

Ойды қағазға  түсіру – бүл шабыт ағымы. Ол: «Не істеу керек? » – деп  тек тізім құрғанға қарағанда, әлдеқайда  көп әр алуан нұсқаларды шамалайды. Өміріңізді жоспарлауда Сіздің пайдалануыңызға  болатын төрт түрлі өте маңызды  әдіс бар.

76. Өзіңіздің күнделігіңіз

Өмірде  құны ескірмес,

Бағасы  құнды асыл сөз. Сүйінбай Аронұлы

– Күнделік жазуымыз міндетті ме?

– Мен күнделік жүргізуді насихаттауға көп уақытымды  жіберемін. Мен мұны өмірлерінде  табысқа қалай қол жеткізуге  болатын мәселелерді шындап үйреніп  жүрген адамдар үшін баға жетпес құрал  болып табылатынына қатты сенемін.

Күнделік  – Сіздің өз өмір жолыңызда кездестірген мәселелер мен ақылды ойлардың жиналатын  орны. Жақсы идеяларды кез келген адам айтуы мүмкін. Сіз оларды ерекше мәнерлі өсиеттерден естуіңіз мүмкін, немесе қолдануыңызға болатын әлдебір  мәліметтің ізіне түсуіңіз мүмкін. Маңызды идеялар Сіз рульде отырғаныңызда  кенеттен келе қалуы мүмкін. Ең бастысы: ЖАҚСЫ ИДЕЯЛАРДЫҢ СІЗДЕН СУСЫП КЕТУІНЕ  ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ.

Егер ұстап  қала алсаңыз, маңызды идеялар Сіздің өміріңізді өзгертуі мүмкін. Қай жерде  болғаныңызға қарамай, күнделікті үнемі  бірге алып жүріңіз.

77. КүнтізбеСөзде сиқыр бар, ал өлеңде даналық бар. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)

– Күнтізбенің  қанша қажеті бар?

– Ойларыңызды  қағазға түсіре білуге жағдай жасайтын екінші бір тәсіл – бұл күн  сайынғы күнтізбе және күн сайынғы  күнделік. Бұл жердегі мен күнделік жайлы айтып отырғаным. Сіздің алдағы кездесулеріңіз жазылатын орын әрең табылатын күнделік түрі емес. Менің  айтып отырған күнделіктің түрі – «күн сайынғы күнделік».

«Күн сайынғы  күнделік» – Сіздің кездесулеріңіз бен жоспарларыңызды жазуға арналған күн сайынғы дәптер. Әйтсе де, мұнда басқа нәрселер үшін де орын көп. Мұнда бизнесіңіздің шығындарын қадағалау үшін орын бар, конференция  нәтижелері үшін де орын бар, телефон  сөйлесулері үшін де орын бар, жасауға  тиіс тізімдер үшін де орын бар.

Сіздің «Күн сайынғы күнделігіңізді» кейін  күнделігіңізге, не жобалар жинағыңызға  енгізгіңіз келген күн мен аптаның  негізгі сәттерін жазып ала қою  үшін пайдалануға болады.

Сіз оны бір  күндегі, бір аптадағы, бір ай, тіпті  бір жылдағы болған бүкіл мәліметтерді құрастыратын, өңдейтін орталық орын деп есептеңіз.

78. Тіршілік  жоспары

Өмір  деген – ұйқы ғой,

Түс көргізбей қоя ма?

Қиын-қызық, әр түрлі ой

Іс  көргізбей қоя ма? Шәкәрім

– Тіршілік жоспарын жасау сонша маңызды  ма?

– Тіршілік жоспары дүниенің бәрін өзгертіп, Сіздің өмірдегі тіршіліктеріңіздің қалай  аяқталарын анықтауы мүмкін. Жеке өміріміздің  ағымының жоспарын құруға біздің кейбіреуіміз ғана уақыт бөлеміз.

Өз өміріңіздің  тіршілігінің жоспарының ең маңызды  ережесінің біріншісі мынау: ЖОСПАРЛАУДЫ  АЯҚТАМАЙ ТҰРЫП, КҮНІҢІЗДІ БАСТАМАҢЫЗ.

Әрбір күн  – байлық пен бақытқа жету жолындағы  Сіздің өмір амалыңыздың баға жетпес өрнек бедері болғандықтан, күніңізді  бастамастан бұрын жоспарлап  алыңыз. Және мұны күн сайын жасаңыз. Иә, бұл барлық жазу жалықтыруы мүмкін. Дегенмен есіңізде болсын: Құндылық –  үміттің емес, күш салудың жемісті  нәтижесі.

Егер күніңізді  күн сайын жоспарлау өнерін меңгерсеңіз, онда Сіз жетістіктің келесі деңгейінде одан биігірек табысқа өтуге дайын  боласыз.

Келесі негізгі  сәт: ЖОСПАРЛАУДЫ АЯҚТАМАЙ ТҰРЫП, АПТАҢЫЗДЫ  БАСТАМАҢЫЗ.

Аптаңызды бастамай тұрып, жоспарлап қойыңыз. Егер демалыс  күні кешкісін Сіз өзіңізге-өзіңіз: «Мен осы аптада не істеуім қажет? » деп сұрақ қояр болсаңыз, өміріңіздің  неге ұқсайтынын елестетіп көріңізші. Иә, бұның кейбір ынта-ықыласпен  байланысты болатынын білемін. Дегенмен, егер Сіз күндеріңізді өзіңіздің  жалпы тіршілік жоспарыңыздың бір  бөлігі есебінде жоспарлауды үйренсеңіз, онда басқа бөліктерінің бәрі бір-бірімен  әлдеқайда жақсы жымдасатын болады.

Егер Сіз  аптаға жоспарлау өнерін меңгерсеңіз, онда Сіздің өз өміріңізді бірден айға жоспарлауға қабілетіңіз болады. Сондықтан да келесі негізгі бағыт: ЖОСПАРЛАУДЫ АЯҚТАМАЙ ТҰРЫП, АЙЫҢЫЗДЫ БАСТАМАҢЫЗ – деп аталады.

Сосын Сіз  өз мақсатыңызды күнге, аптаға және айға үйлестіруді үйренесіз, өз мақсатыңызды үш айға, алты айға және бір жылға  үйлестіресіз.

Бұл – Сізден үлкен тәртіптілікті талап етеді. Ал, егер мұны орындасаңыз, онда Сізді  уақыттың иесі деп айтуға болады. Уақытты  меңгеру өміріне жол «жылдам  даңғылдай» болуы мүмкін, осыдан қанағат  тауып, рахатқа бөленетініңізге  менің күмәнім жоқ!

79. Тіршілік  жоспарын қалай дайындаймыз

«Әр адам не үшін жаралса, соған ғана ылайықты өмір сүреді». Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)

– Тіршілік жоспарын қалай дайындаймыз?

– Тіршілік жоспарын құрған кезде Сіз түсінуге тиісті екі жай бар. Біріншіден, тіршілік жоспары кестеге ұқсас болады, тек тізімдегі рет санының  орнына қызмет тізімі берілген.

Екіншіден, жоспар құру әдістемесін жекелеген  жоба есебінде де, іс-әрекет етуші біріккен жобалар есебінде де пайдалана аласыз.

Енді ол қалай  жасалу қажет.

Жол көзді  қағазға жоспар кіретіндей етіп күннің саны бойынша тігінен сызық жүргізіңіз. Сосын қағаздың сол жақ бетіне, «жұмыс» деп ат қойыңыз. Бұл аттың  астына белгілі бір уақыт аясында  атқарылуға тиісті жұмыстардың барлық түрін тізіп шығыңыз.

Мәселен, жаңа өнімнің нарыққа шығуы бойынша  компанияның бастауында жұмыс істейсіз. Әрбір қажетті қызмет түрлері  үшін (сату бойынша конференция, жарнамалық қолдау, қаптама, нарықты зерттеу) Сіз  ең ақырғы мерзімді анықтап, оны кестеге  белгілейсіз. Сосын орындауға қажетті  күндердің санын есептеп шығып, жоспарыңыздың кестесін қондырасыз. Сіздің алдыңызда тұрған тапсырманың  көзбен шолып шыққан көрінісі соңғы  нәтиже болып табылады.

Тіршілік  жоспарын құру өте көп еңбекті  қажет ететін тапсырма. Мінсіз жоспар құрмас бұрын, бірнеше дайын нұсқаларды жыртып тастауыңыз мүмкін. Тапсырманың  көп еңбекті қажет ететіндігі сол – Сізге бүкіл жобаларыңыздың ішіндегі басымдылығын анықтау қиын болады. Жоспарыңыз дайын бола салысымен  Сіз үлкен қанағаттану сезіміне бөленесіз. Жоспарыңызды көз алдыңызға қойыңыз. Оны офисіңіздің қабырғасына іліп немесе жобалар жинағыңызға салып қойыңыз. Ол Сізге алдағы міндеттеріңіз жайлы үнемі еске сап тұрады.

Тіршілік  жоспары дем беріп, әсер етуші  де, ұнамсыз сезім тудырушы да болуы  мүмкін.

Оның ұнамсыз  болатындығы – Сізге жоспарыңызға сүйену қажеттілігі жайлы үнемі  есіңізге салып отырады. Сіз белгіленген  мерзімнен қалып бара жатсаңыз –  ол ұнамсыз бола бастайды. Оның дем  беріп әсер етуші болуының себебі – Сіз өз армандарыңыз бен жоспарларыңыздың шындыққа айнала бастағанын көресіз. Бұл  – шексіз сыйлық. Басынан аяғына дейін жақсы жоспарланған күн, оның мақсат, құрылымдарымен – бұндай жақсы  жоспарланған күн көп дүниенің ішінен өз орынын тауып, құндылықты еске алуға, нағыз қазынаға айналады.

80. Жетістікке  жеткендермен араласыңыз

Өзін  сыйлай білмеу – бақытсыздық, өзіне  шексіз риза болу – ақымақтық. Г. Мопассан

– Аайналамыздағы адамдардың бізге тигізетін әсері  бар ма?

– Сіздің қалаған  тұлғаға айналуыңызға ықпал ететін негізгі себептердің бірі – барынша  ұғынықты болу. Сіздің басқалармен, –  өз өміріңізге енуге өзіңіздің рұқсат еткен адамдарыңызбен қатынасыңыз.

Бізге айналамыздағылардың  ықпалының күшті, нәзік те тұрақты  болғаны соншалық, олардың бізге  қаншалықты әсер ететінін көбіне біле бермейміз. Осы жайлы ойлап көріңіз. Егер Сіздің айналаңызда табыстарын ысырап жасап жүрген адамдар болса, онда Сіздің ысырапшыл адам болуыңызға керемет мүмкіндік туып тұр дей  беріңіз. Егер Сіздің айналаңызда жиынға емес, күрес жарысына баруды жөн  көретін адамдар болса, Сіздің де соларға қосылып кетуіңіз ықтимал. Айналадағылардың ықпал күші осындай.

Бұл ықпал  одан ары да тереңдей түседі. Егер Сіздің айналаңызда басқаларды сәл алдаудан қорықпай, еш нәрсе жоқ деп есептейтін адамдар болса, – олар Сізді де кейбір ережелерді айналып өтуге  сендіретін болады. Ол адамдар Сізді  шын жолыңыздан жайлап тайдырып, енді бір он жыл өткен соң, таңертеңгілік  ұйқыңыздан оянып, өзіңізден-өзіңіз: «Мен мұндай жағдайға қалай тап болдым? » – деп сұрайтын боласыз.

Және бұл  жағдай Сіздің өміріңіздің соншалық қуанышты сәті болмайды...

Сізге қолайсыз адамдарға уақытты босқа жұмсамас үшін, өзіңізге-өзіңіз мынандай үш іргелі сауал қойыңыз:

Мен қандай адамдармен уақытымды шығындап жүрмін? Олар маған қатысты не істейді? Олармен  қарым-қатынаста болу мен үшін пайдалы  ма?

Бұл сауалдарды елемеуге болмайды.

Таныстарыңыздың әрбіріне жұмсалған уақытыңызға  баға беріңіз. Ол пайдалы ма, толық  па, жоқ әлде негізсіз бе, жартыкеш пе? Жауабыңызға сенімдісіз бе? Онда мына сауалдар төңірегінде ойланыңыз:

Олар Сізді  не істеуге мәжбүрледі?

Олар Сізді  не тыңдауға мәжбүрледі?

Олар Сізді  не оқуға мәжбүрледі?

Олар Сізді  қайда болуға мәжбүрледі?

Олар Сізді  не жайында ойлауға мәжбүрледі?

Олар Сіздің сөйлеуіңізге қалай ықпал етті?

Олар Сіздің пікірлеріңізге қалай ықпал етті?

Ақырында, Сіз, шын мәнінде, осы сауалдар төңірегінде  ойланған соң, өзіңізге-өзіңіз тағы бір  мынандай: «Осы таныстарым менің таңдап, алдыма қойған мақсатым бойынша өсуіме көмектесе ме? » – деген соңғы  сауал қойыңыз.

Егер сәті түсіп, Сіздің жауабыңыз «Иә» болса, мен Сіз үшін қуаныштымын. Ал егер, Сіз соншалық сенімді болмасаңыз, өміріңіздегі негізгі ойыншыларыңыздың кейбіреулерінің қарым-қатынасына баға берудің кезі келгені.

Ықпал жайлы  бұл мәселені елемеу өте оңай. Қалыпты  адам: «Мен осы ортада өмір сүріп  жатырмын, бірақ мұның маңызы жоқ. Айналамдағы бұл адамдардың маған  қатысы шамалы» – дейді. Ол қателесіп  тұр. Бәрінің маңызы бар. Есте сақтау үшін: БӘРІНІҢ МАҢЫЗЫ БАР дейтін әдемі сөйлем бар.

Бұл кітаптың көптеген кітаптардан айырмасы –  қалауды ақиқатқа баламай, шындықты айтуында жатыр. Шын мәнінде, бұл  кітаптың басты міндетінің бірі Сізді: «Өзіңізді-өзіңіз алдайтын кез өтті. Мен өзімнің қандай мықты жақтарым мен қандай кемшіліктерім бар, маған  билік не істейді, маған қандай ықпал  жасайды, өз өміріме ненің әсер еткенін  қалаймын? » – деп айтуға мәжбүрлеуде  жатыр.

Бұл сауалдарды талқылап, сосын барып оларды тағы да зер салып оқып шығыңыз. Құндылықтардың бәрі – қайта қарауға татиды, бұл, әсіресе, ықпал күшіне қатысты.

Арманыңыз үшін Сізді әлдекім ұрсатын шығар? Арманыңыздың бейнесін әлдекім қаралағысы келетін шығар? Бөтен біреудің ықпалы арқылы әсіресе, жағымсыз ықпал арқылы өміріңіздің қалыптасуына жол беру оп-оңай. Өміріңіздің бағыт-бағдарын ортаңыздың белгілеуіне, Сізді бөтен  пікірдің билеп алуына; Сізді теңіз  толқындарының басып қалуына; мінезіңіздің басқа біреудің қыспағымен қалыптасуына жол беру оп-оңай. Мәселе мынада жатыр  – Сіздің қалауыңыз осы ма еді?

Сіз кім болғыңыз келсе, – сол боласыз ба, не қаласаңыз, – соған жетесіз бе, қалағаныңыңыздың бәрін аласыз ба, жоқ әлде арманыңызды  өзгелердің ұрлағанына жол бересіз  бе?

Адам  өз досының дүние таным, пиғылына қарай үйлесіп кетеді. Сондықтан  кіммен достасуды алдын ала ойланып  алған абзал.  Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.)

Егер Сіз  ортаңызда дәл қазірде қалыптасқан  жағдайға талдау жасағаннан кейін, қарым-қатынас  бақшаңызда бірнеше арамшөптің барын  айқындасаңыз, мынадай шараларды  қолдануыңызға болады:

Біріншіден, өзіңіздің жақсы тұрмыс халіңізге  кері ықпал жасайтын адамдардан қол  үзіңіз. Мен мұның қиын екенін білемін, әсіресе, бұл Сіздің отбасыңыздың мүшелеріне қатысты болса, тіпті қиын болады. Ал, егер үйіңізде арманыңыз, мақсат, мұратыңыз  үшін Сізді үнемі ұрыса беретін  біреу болса, ондай ұрыс оны зор  рахатқа батыратын болса, оның өзінен немесе оның ықпалынан құтылыңыз. Есіңізде болсын, бұл – Сіздің өміріңіздің  сапасын құтқаратын таңдау болуы  мүмкін.

Әрине, өмірдің  қарапайым болуы сирек кездеседі. Кейде біз де бизнестегі өзімізге қолайсыз адамдармен, қызметкерлермен, серіктестермен және басқалармен қарым-қатынасқа  көп уақыт жұмсауға мәжбүр боламыз. Егер Сіз ондай адамдардан іргеңізді  аулақ сала алмасаңыз, олармен шектеулі түрде ғана қарым-қатынас орнатуға тырысыңыз.

ейде ат үсті ұнамсыз қарым-қатынас жасаудың өзі, Сіздің өміріңізге ұзақ уақыт кері әсер ететін жағдайы да болады. Егер Сіз аптасына екі түн бойы танысыңызбен ішкілікке салынсаңыз, ақыр аяғында  тепе-теңдіктің ауытқуы мүмкін. Мұның  салдары бес жыл, он жыл, жиырма жылдан кейін ойранға ұшыратуы мүмкін.

Орташа деңгейдегі адам боп қалу оңай. Бұл үшін Сізге  керектінің бәрі – болмашы адамдармен болмашы істерге негізгі уақытыңызды  жұмсау. Ақылды адамдар өз іс-әрекеттерін  өлшеп жұмсайды. Олар ненің басты, ненің қосалқы екенін біледі. Оларды әлгіндей нәрселер тығырыққа жиі  тірейді.

Ақылды адамдардың да, әрине, кездейсоқ достары болады. Айырмашылығы – олар достарына негізгі  уақыттарын жұмсамай, демалысқа арналған уақыттарын, яғни өздері үшін салыстырмалы түрде маңызсыз уақыттарын бөледі. Олар кездейсоқ достыққа және әр түрлі  қыдырымпаздыққа өз уақыттарын бекерге  шығындамайды.

Бұл – Сіздің өміріңіз. Сіз өз уақытыңызды кіммен өткізгіңіз келеді және қалай өткізгіңіз келеді – ерік өзіңізде.

81. Жақсы  қарым-қатынасты қалай жасауға  болады?

Достық –  өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені  ешкім ешқашан да барлық басқа  игілікке ие бола тұрса да, дос жарансыз өмірді қаламақ емес. Аристотель

Жақсы қарым-қатынастың ережесі: «УАҚЫТЫҢЫЗДЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІН  ДҰРЫС АДАМДАРМЕН ӨТКІЗІҢІЗ».

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"