Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Мақтауды  сөзбен айтып білдіру міндет емес. Адамды мақтауды іс-әрекетіңізбен, ыммен  немесе белгілі ережелер мен силастықты сақтай отырып та білдіруге болады. Бизнестегі әріптестеріңізді мақтаудың  бұдан да басқа жолдары мен  әдістері толып жатыр.

84. МАҚТАУДЫҢ  НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ

 Мақтаудың  негізгі неше әдістері бар? 

– Мақтаудың  негізгі біршама әдістері бар, олар төмендегідей:

1. Әріптесіңіздің  сіз үшін өте маңызды екенін  білдіріңіз

Сіз үшін әріптестеріңіз – өздерінің іс-әрекеттерінің  маңызды екенін сезсін, оларды әруақытта  атап, айшықтап отырыңыз. Әріптесіңізге  байланысты жұмыстың жақсы жүріп  жатқанын өзіне көрсетіңіз. Егер де осы жағдай демеушіге қатысты  болса, оның да қатысуының, қолдауының қандай маңызды екенін де көрсетіңіз. (Біз осы жиынды сізге арнадық, сізсіз мән-мағынасы болмас еді).

2. Демеушінің  көңілін өзіңе аудар

Әріптестеріңіз  Демеушінің өзіне көңіл аудармайтынын  айтып жиі шағымданады. Бірақ  сұрақ туындайды: демеуші өзіне  көңіл аудару үшін әріптес не істеді? демеушіге көрсетіңіз, оның ақыл-кеңестерінің, нұсқауларының, көңіл бөлуінің сіз  үшін қаншалықты маңызды екенін, сол  кезде ол басқалармен салыстырғанда  сізге ерекше көңіл бөліп, сізбен жеке жұмыс жасай бастайды.

3. Желілі  бизнесіңіздегі пайда болған  келеңсіздіктерді, жағдайларды шұғыл  түрде демеушіңізге жеткізіп  отырыңыз

Желі жүйесіндегі  болып жатқан жағдайларды толықтай демеушіңізге хабарлай отырып, өзіңіздің  демеушіңізді толықтай қолдайтыныңызды, жүйеде қалыптасқан жағдайды талдауға әрқашан дайын екеніңізді білдіресіз. Бұл дегеніңіз өзінен-өзі мақтау болып табылады.

4. Мақтау  нақтылы болу керек

Адамды мақтаймын  десеңіз, нақтылы қасиеті мен  қабілетін мақтаңыз. Мысалы: Сіз  – от ауызды, орақ тілді шешенсіз; сізде ерекше сата алатын қабілет  бар т.б.

5. Мақтау  сыпайы да, ерекше сипатты болуы  керек

Желілі бизнесте қайталап көшірудің маңызы ерекше, бірақ бұның мақтауға қатысы жоқ. Мақтау – әркімнің жеке ісі, әр адамға ерекше сыпайы да сырбаз болған жөн. Сондықтан  бір мақтауды екінші адамға таңудың  қажеті жоқ.

Дегенмен  де мақтаудың сипатты болғанының маңызын жоққа шығаруға болмайды. Бұл жерде нені айтпақпыз? Егер де мақтауыңыздан жақсы нәтиже күтсеңіз – адамның жанын жаралап, сезіміне қылау түсіріп алмаңыз (мысалы, «Ойлаған жоқпын, оқымаған сауатсыз болса да лекцияны жақсы оқыды»).

6. Демеуші тарапынан болатын  сын-ескертпеге дайын болыңыз,  бірақта өзіңіздің әріптестеріңізды  ешуақытта зекімеңіз

Ешкімде қателіктен қорғалмаған, сондықтан да демеушіңіздің  көрсететін кемшіліктеріне, оны түзетудің  жолдарын айтатын сөздеріне іштей  дайын болудың маңызы зор. Демеуші  болған кезде есіңізде болсын, әріптестеріңізді зекуге, сынап-мінеуге қатаң тиым салынған.

7. Демеушіңізге  еліктеңіз

Сіздің демеушіңіз – жан-жақты қабілеті бар көшбасшы. Осы көшбасшыңыздың кейбір қабілеті, ерекшелігі сізде болмауы мүмкін. Өзіңізде жоқ қабілетке еліктей  отыра, біріншіден өзіңіздің деңгейіңізді көтересіз, екіншіден демеушіңізді байқатпай отырып мақтайсыз.

8. Жұмысқа  елдің алдымен ерте келіп, елдің  соңынан кеш кетіңіз

Жұмысқа болмасын, жиынға болмасын елден бұрын келіңіз: өзіңіздің демеушіңіз бен әріптестеріңізді күле қарсы алып – өзіңіздің ыстық  ықыласыңызды білдіресіз. Оның үстіне ұжымның жиынында соңғы әзірлігіне көмектесесіз.

9. Демеушіңізге  жаңадан өнім өткізетін сауда  жүйесінің өрісін кеңейту туралы  жоспарыңызды хабарлап отырыңыз

Әрине, бұл  сіздің жеке бизнесіңіз, осыны ары  қарай өрісін кеңейту жөнінде  рұхсат сұраудың қажеті жоқ, бірақта  демеушііңіз қайда жұмыс істейтініңізді біліуі шарт. Біріншіден, ол жаңа сататын  жерде қалай сату керек жөнінде  келелі кеңес береді, екіншіден, ол өзінің желісінде осы жұмысты  жоспарлайды.

10. Әріптестердің  басты ережесі: демеушіні таңдамайды, талғамайды

Осы ережені  желілі бизнесте басынан қабылдау қажет. Тіпті сіздің демеушіңіздің кемшіліктері болса да, оған өкпелемеңіз, сынамаңыз, өзіңізге жеке бизнес жасауға мүмкіншілік  берген адамды шама-шарқың келгенше силаңыз.

11. Келеңсіз  ойды далаға, жағымды ойды жағаға  – желілі бизнеске бағыттаңыз

Әріптес жақсы  хабар алғанда, өзінен төмен тұрған әріптестерінің арасына таратуы  міндет. Жағымсыз жағдайды естісе демеушісіне  міндетті түрде айтуы керек. Бірақта  барлық шырғалаңдарды демеушінің мойнына  арта салуға болмайды, осыны әріптестері  әдет қылып қалыптастырмауы шарт. Барлық қиыншылықтар мен кедергілірді өзі жеңе білуі керек, тек қана өзі шеше алмайтын жағдайларды ғана демеушіге айтып, көмек сұрай  алады.

12. Басқалар  қашқалақтайтын жұмысқа бел шеше  кірісуі керек

Жұмыс әрдайым  жақсы болып қанағат әкеле  бермейді. Басқалар қашқалақтайтын жұмыстарды атқарып тастайтын күш-қуат табыңыз. Бұл сіздің ұжымдағы белді ойыншы екеніңізді, сізге сенуге болатынының  дәлелі.

13. Әрқашанда  әріптестеріңізге визиткаңызды  беріп, қайда болатыныңызды айтып  кетіңіз

Бұл сіздің әріптестеріңізден қашқалақтамай, олармен ашық қатынаста екеніңізді көрсетеді. Сіз оларға көмек көрсетуге  әрдайым дайынсыз.

14. Ұсақ-түйекке  көңіл аударыңыз

Әріптестеріңіздің көңіл-күйін біліңіз, егер де ауырып қалса көңілін сұраңыз. Бұл сіздің бизнесіңізге қосымша пайда әкелмейді, бірақта демеушімен араңыз жақындай, жыли түседі. Осындай ұсақ-түйектер сіздің қоршаған ортаға деген көзқарасыңызды білдіреді.

15. Әріптестеріңізге  қамқор бола біліңіз

Өзіңіздің әріптестеріңіздің  хал-жағдайларынан хабардар болыңыз, бизнесте болмасын, тұрмыста болмасын. Мүмкін сіз үнемі көмектесе алмассыз, бірақта демеушіге бей-жай қарамайтындығыңыздың белгісі. Осыдан кейін әріптестеріңіз өзіңіздің сенімді серігіңізге  айналады.

16. Өзіңізге  тікелей қатысы болмаса да, әріптестеріңіз  талқылап жатқан ақпаратты жіті  бақылаңыз

Мүмкін әріптестеріңіз сіздің уақытыңызды алмау үшін өздерінің  жеке бастарының жайын бүгі-шігісіне дейін өзара талдап-талқылап жатады. Бірақта сіз осы жерде өте мұқият болыңыз, уақытында араласыңыз, килігіңіз. Ұжым мүшесінің біреуінің ата-анасының денсаулығы туралы әңгімелесіп, өзара қызу талқылап жатыр, сіз де осы кезде оның анасының көңілін сұраңыз, жағдайын біліңіз. Өзіңіздің әріптестеріңіздің жеке өмірі сізді бей-жай қалдыра алмайтынын білдіріңіз.

17. Басқа  біреудің пікірін тыңдай біліңіз

Өзіңіздің әріптестеріңіз келгенде оларды тыңдаңыз. Сөздерін бөлмеңіз. Тек қана өзіңіздің пікіріңіз  ғана дұрыс деп есептемеңіз. Басқалардың  да пікірін, көзқарасын құрмет тұтыңыз, силаңыз.

18. Әріптестеріңіздің  жеке басының ісінде шаруаңыз  болмасын

Әріптестеріңіздің жеке ісіне қол сұқпаңыз, сұрамаңыз. Бұл бизнес, іскер қарым-қатынасты  жеке қарым-қатынаспен былықтырмаңыз, бұны әркім жақтыра бермейді.

19. Жиында  демеушінің жанынан орын алып, оған көмектесіңіз

Көмек керек  болатындай жағдай болып қалса, барлық жиындарда демеушіңіздің қасынан  табылыңыз. Сеніңіз, бұл өзіңіздің  демеушіңізді пір тұтаныныңыздың белгісі.

20. Жиын (мероприятия)  өткізетін уақытты бақылау

Қандай болмасын жоспарланған жиынды уақытында бастап, уақытында аяқтау керек. Бұл сіздің өз әріптестеріңіздің уақытын бағалайтындығыңыздың көрсеткіші, сондай-ақ сіздің ұйымдастырушылық қабілетініңіздің деңгейі жоғары екенін білдіреді. Жиын кезінде жарыс сөзге  шығып сөйлеушілер өзіне берілген уақытты қатаң сақтауын қадағалаңыз  – көп сөз, бос сөз. Төменгі  деңгейдегі әріптестер компания жетекшілірінен ұзақ сөйлеп, езіп-қыртып тұрып алуларына  болмайды, бұл – компания жетекшілірін силамағандық болып табылады.

Мақтаудың қандай түрлері, әдістері болмасын бизнестің  қарқынды қадаммен дамуына өзіндік  үлесін қосады, сондай-ақ ұжымның одан әрі жұмыла түсуіне ұйытқы болады. Мақтау әріптестеріңіздің ойларын  топтастырып бір арнаға түсіреді, жүйенің ішіндегі және сыртындағы жанжалды жайма-шуақтайды.

85. Джим Ронның  бағалы ойлары мен асыл сөздері

Американың  бизнестегі жетекші философы

Джим Ронның адамның өзін іскерлік қабілеті мен  жеке басының қасиеттерін өзгертудің, дамытудың негізгі шарттарымен  шұғылданғанына 30 жылдан астам уақыт  болды.

Джим Рон  басқа адамдарды оқыту мен  жігерлендірудің өзіндік эталоны. Ол қарапайым нәрселердің өзінен, осылардың өзара қарым-қатынастырынан асыл маржан таба білетін қабілетімен  ерекшеленеді. Оны тыңдаған немесе кітаптарын оқыған адамның арманы асқақтап ерекше күйге бөленеді.

Бизнес саласында  бірнеше кәсіпорындардың басшысы  болып – өзі молшылыққа кенеліп  және өзінің жеке басы туралы тамаша пікірді  қалыптастырды. Джим Рон өзінің жасампаз қабілетін халықаралық дәрежеде – бизнесменнің жеке басының дамуы  мен басқаруын жетілдіру, семинарлар мен сатуға бағытталған оқу жүйесін  жолға қойған көп салалы «Jim Ronh International»  корпорациясына шоғырландырды.

Қазіргі таңда 5000-нан астам рет 3 миллион адамдардың алдында сөз сөйлеп, лекциялар  оқыды.

Ол Еуропада, Азияда, Австарлияда, Африкада және Солтүстік  Америкада өзінің семинарлары мен  жұмыс кездесулерін өткізді.

Джим Рон  американың Ұлттық шешендік (оратор) ассоциясының мүшесі (National Speakers Associations) , 1985 жылы, майын  тамызып сөйлейтін шешендігі  үшін бағалы CPAE силығымен марапатталған.

Жеке даналық ( философия) Сіздің ақша жайыңызды  айқындайтын экономика емес; шешуші жағдай – өзіңіздің өмірге деген  даналық көзқарасыңыз (философияңыз).

Біреудің  жоспарын көшіріп алмаңыз. Өзіңіздің  даналығыңызды (философия) дамытыңыз, ол сізді жаңалық пен ерекшелікке  жетелейді.

Егер сіз  желкенді дұрыс кере алсаңыз, онда оған соққан жел, әрқашанда армандап жүрген кірісіңізге жақындатып – рухыңыз, жаныңыз, әмияныңыз ойлағаныңыздай болады.

Даналық ілім (философия) өзіңіздің нені бағалы деп  есептейтініңіздің және нені білетініңіздің жалпы жиынтығы.

Кедейшілік  сіз: «Аз істеп, көп алсам» деген  сәттен басталады.

Егер қателігімді  түзеймін десеңіз, онда көзқарасыңызды өзгертуден бастаңыз.

Ең жаман  бірақ нәрсе бар, соңғы 90 күнде  кітапты қолға алып оқымауыңыз және еш нәрсе болмады деп ойлауыңыз.

Сіздің жеке даналық іліміңіз (философия) – тағдырыңыздың  қалыптасуының шешуші кілті.

Адамның берген жауабы, іс-қимыл әрекеті оның көзқарасын анықтайды.

Өміріңізді  өзгертуге берілген жалғыз мүмкіншілік  – өзіңіздің көзқарасыңызды өзгерту.

Жеке басты  жетілдіру

Егер өзіңізді өзгертпесеңіз, онда қолыңдағы барыңмен қаласың.

Өмір –  «бірдемелер жетіспейді» және «осыларды  қалай табамын»-ның ерекше үндесуі, сондықтан – біз анаған да, мынаған  да бірдей көңіл бөлуіміз қажет.

Өзіңіздің қалпыңызды және іс-әрекетіңізді анықтау үшін: «Мен қанша аламын? » емес, керісінше: «Менің қолымнан не келеді? » деп  сұраңыз.

Байдың баласы бай мұраға ие бола алмағаны өкінішті-ақ. Егер өзіңіз оның қаталығын қайталамай, белгілі табысыңыз болса ғана оны мүсіркеуіңіз орынды.

Біз қазіргіден де көп нәрсеге ие болуымызға болады, себебі өзімізді жетілдіре отырып деңгейімізді де көтере аламыз.

Жетекші болу / адамдарды басқару

Жетекшінің  қасиеті – қатал болу, бірақ  дөрекі емес; қайырымды болу, бірақ  әлсіз емес; сенімді болу, бірақ  көкіректі керу емес; ойлай алу, бірақ  жалқау емес; қарапайым болу, бірақ  ұяң емес; табанды болу, бірақ  дандайсымау; әзілің жарасса атаңмен  ойнай білу, бірақ шектен шықпау.

Кей-кездерде кімге ең қажет не, соның көзін  соңынан әзер жеткізесің.

Менің тәрбиешім: «Бар ананы істеп таста» деп емес «Кел осыны бірігіп істеп тастайық»  дейтін. Егер де біреу: «Кел бірігейік! » деп айтқанының өзі керемет  емес пе.

Іскер қабілеттері  бар адамдар баршылық. Оларды да өзгерту қажет. Жақында хабарландыру оқыдым: «Біз қызметкерлерімізді жақсы  болуға үйретпейміз. Біз тек жақсы  қызметкерлерді жалдаймыз». Керемет, қысқа  да нұсқа!

Жетекшінің  басты қасиеті – нашар істеп  жатқандардың жақсы істеуіне көмектесу, жақсы істеп жатқандардың одан әрі  тамаша істеуіне жәрдемдесу.

Егер сіз  жақсы ойды біртіндеп дамыта берсеңіз, онда ол ақылды, парасатты адамдардың санасына ұялайды.

Жетекшілік  – өзіңді-өзің жоғары деңгейге көтеру үшін жекпе-жекке шақыру.

Жетекшілер  – жанұяда, бизнесте, өкіметте, оқу  саласында т.б. болмасын өзінің тәртібімен және мәнерімен қателік жіберуі  тиіс емес.Жетекшілер – өздерінің  ішкі қарама-қайшылықтарын жайма-шуақтандыра  алуы шарт. Бұлай ете алмаса осы келеңсіздік олардың тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін.

Адамдарға тек  қана жұмыста емес, өмірде де көмектесуге  үйреніңіздер.

Жетекшілерді  тәрбиелегенде мынадай ереже  бар. Қырандардың мектебіне үйректерді жібермеңіздер – көмектеспейді. Оқуды бітірген үйрек, бірінші кездескен  қоянды дос қылып алады.

Іс-әрекет/ жұмыс

Өмір қажеттілігіңе  емес, сіңірген еңбегіңе жауап береді. «Егер сізге бірдеме қажет  болса, онда осыны алыңыз» емес, керісінше: «Сіз сіңірген еңбегіңізге қарай, керегіңді  аласыз».

Басты мақсаттан  емес, күнделікті күйбің тіршіліктен  босаңсыңыз.

Демалыстың  жалғыз ғана пайдасы – күш, қуатыңды толықтыру.

Жер айтады: «Маған өздеріңнің қалауларыңды емес, тұқымдарыңды себіңдер».

Жұмыс істегенде  түбін түсіріңіз, дем алғанда  шарықтап шаттықтаныңыз. Бірақ осы  екі түсінікті былықтырып алмаңыз.

Сіз өзіңіздің  даналығыңызды және жұлқынған сезіміңізді  нәтижелі іс-әрекетке айналдыра білуге үйреніңіз.

Жұлқыныс / құлшыныс

Адамдардың  не қаласа соны ала алатын керемет  мүмкіншіліктері бар. Бірақта «қалау»  мен «керектінің» арасында айырма бар.

Ең жақсы  құлшыныс өзіңді-өзің жігерлендіру. Кейбіреулер  айтады: «Мені біреу келіп дұрыс  арнаға бұрып жіберсе екен» –  деп. Егер ондай адам келмесе? Тәп  осы кезде іс-әрекеттің нақтылы  бағдарламасы пісіп жетіледі.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"