Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".
Қаржылық
есебіңізде Сіз өзіңіздің кірісіңіз
бен шығысыңызды мұқият көрсетіп
отырыңыз. «Тапқанымның бәрінің қайда
кететінін білмеймін» – дегенді
Сіз әлдеқашан естіген
Сіз кейбір нәрсеге сенетін болсаңыз, күндердің күнінде көптеген дүниені басқаратын боласыз. Бұның үлкен мәні бар. Сіз өміріңіздің есеп қисабын жүргізуді өз мойныңызға жүктеп, өмір жолыңыздағы орасан молшылыққа аршынды қадам жасаңыз.
61. Ақша ағымының заңдылығы
Егер де жүз мыңдаған адамдар ақша табудың жолын білсе, онда бұны да үйренуге болады ғой! Егер сіз көлік жүргізе алып, ұялы телефонмен сөйлесуді үйреніп, компьютерді меңгеріп алсаңыз, неге ақша табуды үйренбеске? !
Адамдардың арманы қаржы тәуелсіздігі, осында белгілі заңдылық бар ма?
– Бүгінгі
таңда өнімдерді өте көп
Көптеген адамдар дәстүрлі бизнес пен желілі жүйе бизнесін шатастырады. Олардың ойынша бизнес деген бір жерден арзанға алып, осы тауарды не өнімді тілің салақтап жүріп қымбатқа сату. Адамдардың арманы ақшадан қысылмау, ақшаның үздіксіз құйылып жатуы. Адамдардың басым бөлігі жанталасып жұмыс жасаса да, тұрмыстары жүдеу – басына тартса аяғына жетпей, қарыздың құрсауынан құтыла алмай бейнеттеніп өмір сүреді.
Енді біреулер асып-тасып шалқып өмір сүріп: «Жегені алдында, жемегені артында», «қарын тоқ – қайғы жоқ». Олардың балалары ең таңдаулы оқу орындарында оқиды, мінген көліктерінің өзі шашасынан жел есетін сәйгілүк – шетелдік аса қымбат жеңіл автокөліктері, барам деген жерлеріне барады, көрем деген елдерін көреді. Осы екі жағдайды салыстыра, талдай келе менің Роберт Киосакидің «Ақша ағымдылығының шаршысы» кітабынан оқып білгенім белгілі «Ақша ағымының» заңының бар екені және осы заңның мүлтіксіз жұмыс жасап жатқаны.
62. Сіз өзіңіздің
жеке бизнесіңіздің болуын
Келіңіз, бұл үшін не қажет екенін талдап көрелік.
Біріншіден, бәсекелестікке төтеп бере алатын идея. Нарық алаңында алуан-алуан тауар мен түрлі қызмет көрсететіндер жыртылып айырылады. Осы аласапыран ортада өз орныңды таба қою да оңай болмас...
Екіншіден, бастапқы қаржы құйылымы. Мысалы, тіпті өзіңнің сауда лашығыңның өзін қалқитып қою үшін кем дегенде 5...10 мың доллар шығын шығаруың қажет.
Үшіншіден, қажетті алаң (өндірістік, сауда, қоймалар) , құрал-жабдықтар, керекті саймандар т.б.
Ары қарай, өз ісіңді ашу үшін қажетті құжаттар топтамасын алуың керек (есепке тұру, лицензия, рұқсат т.б.)
Қызметкерлер санын да ұмытпаңыз, оларды іріктеу, оқыту және күн көрісін қамтамасыз етуге міндеттісіз.
Енді бір «сүрініп мұрттай ұшатын» жеріңіз – салықтар.
Осы тізімді Алдаркөсе айтпақшы: «алалайым таусылса, бұлалайым бар» дегендей тізбектеп, шұбыртып жаза беруге болады.
63. Келіңіз, жанұямыздың кірісі мен шығысы туралы сұхбаттасайық
Отбасының кірісіне не жатады?
– Жалақы
– стипендия
– зейнетақы
– әлеуметтік жәрдем
Шығынға мыналарды жатқызуға болады
– Үйіңнің құны мен ішіндегі мүліктері
– автокөлігіңнің құны мен оны ұстауға кететін шығындар
– балалар мен кәрі әке-шешеңді асырауға жұмсалатын шығындар
– білім алуға жұмсалған шығындар
– тамаққа, киім-кешекке кеткен шығындар
– коммуналдық шығындар т.б.
Егерде таразының екі басына кіріс пен шығынды қойсақ, сөз жоқ шығын кірісті басып кетеді.
64. Өмір жолыКеліңіз
бұл фәни өмірдегі қарапайым
адамның өмір жолын
I II III
\/-----------------\/---------
1-ші кезең: 1 мен 20 жастың аралығы, бұл кез адамның жұмыс істемейтін уақыты. Әке мен ананың қамқорында болады.
2-ші кезең: 20 мен 60 жастың аралығы, бұл еңбек кезеңі. Осы уақытта адам өзін және жанұясын асырау үшін еңбек етеді.
3-ші кезең:
60-тан ары қарай, тағы да
«жұмыссыз» немесе зейнеткер
кезеңі басталады. Батыста
Кәнеки, 40 жылдың белсенді еңбек кезеңінде біз қаншама табысқа жететінімізді қарастырып көрейікші?
Егер біздің мемлекетімізде орташа еңбек ақысы 200 доллар деп алсақ, ал 40 жылда 96 мың долларға ие болады екенбіз.
Бұл ақшаға не алуға болады?
Керемет дегенде 2...3 бөлмелі орташа пәтер алуға, ал қалған табысыңыз аштан өлмеуге себепкер болады.
65. Өмір бойы өгіз сияқты жұмыс істегіңіз келе ме?
Әдетте адамдар өмір бойы жұмыс істейді. Өз өмірінің аяғына дейін жететін ақшаны ілеуде біреуі ғана тапса табады.
66. Ақша – уақыт
Адамдардың
басым бөлігі ақшаға да, бос уақытқа
да шомылып жүргісі келеді. Ақша
мен уақыт тәуелділігіне
Біріншісіне не ақшасы, не уақыты жоқ екеуінен де жұрдай адамдар кіреді.
Олар кімдер? Бұлар мемлекеттік құрылымға немесе «қожайынға» жалданып жұмыс істейтіндер. Олар таңның атысы, күннің батысы – істеген жұмыстарына белгілі мөлшерде ғана, күн көрісіне жетер-жетпес жалақы алатындар.
Екіншісіне – ақшасы болса да бос уақыты жоқтар жатады. Бұлар «тәуекел тас жұтады, не бас жұтады» деп өз бизнесін жүргізіп жүргендер. Олар өз еңбектерінің рахаты мен ләззатының дәмін өте сирек татады, себебі байлықтары болғанымен бос уақыттары болмайды. Жалпақ тілмен айтқанда – сіңбіруге де мұршасы жоқ жандар. Барлық уақыттарын бизнеске бағыштайды.
Үшіншісіне – ақшасы жоқ, есесіне уақытын өлтіре алмай ерігіп жүрген жандар кіреді. Бұлар зейнеткерлер және белгілі-белгісіз себептермен жұмыссыз сандалып жүрген адамдар.
Төртіншісіне – ақшасы да, бос уақыты жеткілікті адамдар тобы кіреді.
Бұлар жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемеде істейтіндер. Осыларда тұрақты табыс, жылда алатын ақылы еңбек демалысы, сырқаттанса төленетін бюллетень және әлеуметтік жеңілдіктер. Бірақ біздің бүгінгі аумалы-төкпелі тіршілігімізде – ешкімге де, ештеңеге де тұрақты кепілдік бере алмайсың, беру мүмкін емес! Кепілдік не аңызға, не елеске айналып кетеді. Бұл алаңда – дәрігерлер, мұғалімдер, шенеуніктер, есеп-қисап қызметкерлері т.б. жайғасқан.
72. ӨЗ УАҚЫТЫҢЫЗДЫ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ
Сағаттың өзі – ұры шықылдаған,
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман. Абай
Уақыт дегенімізді қалай түсінеміз?
– Уақыт – бұл өмірдегі ақыл жетпейтін негізгі материал. Уақытқа ие болып – біз бәрін де істей аламыз, ол болмаса, түк те істей алмаймыз.
Адамның уақытты
толық қарауына алуы шын мәнінде,
күн сайынғы керемет. Әркім мұны
тани бастағанда барып, бұл кереметтілікке
жасандылықсыз таңдана
Сіз таңертең тұрасыз, ойлап көріңізші! Әмияныңыз, өмірінде адамның қолынан келмес, әлем дүниесінің заты – жиырма төрт сағатпен сиқырлы түрде толтырылып қойылған және сол дүниенің бәрі Сіздікі. Мұны ұрлап – жырлауға болмайды. Мұны және ешкім көп етіп те, аз етіп те ала алмайды.
Уақыт әлемінде бай ақсүйек дегендер, не ақылды ақсүйек дегендер жоқ. Тіпті патша да, данышпан да тәуліктің артық сағатына ие бола алмайды. Мұнда ешқандай жаза да болмайды. Сіз өзіңіздің таусылмас қымбат «тұтыну бұйымыңызды» қалауыңызша жұмсай аласыз. Сөйте тұра, Сіз одан еш уақытта айырылып қалмайсыз.
Сонымен бірге Сіз алдағы уақытты пайдалана алмайсыз.
Уақытты қарызға алуға болмайды! Сіз уақыттың сол қазіргі сәтін ғана жұмсай аласыз. Сіз ертеңгі күніңіздің уақытын жұмсай алмайсыз, ол Сіз үшін – сақталып тұр.
Менің – керемет дегенім рас емес пе? Сізде, күн сайын – өміріңізге арналған жиырма төрт сағат болады. Оған Сіз өз денсаулығыңыздың жайын, көңіл көтеруіңізді, ақшаны, қанағаттануыңызды және өлмейтін жаныңыздың өсу жайын сыйғызуыңыз керек.
Уақытты дұрыс пайдалану, уақытты барынша тиімді пайдалану – зор маңызға ие мәселе және ең бұлтартпас қажеттілік. Бәрі – уақытыңызды қалай пайдаланыңуызға тәуелді болмақ. Елдің бәрі, бәрінің ұмтылатыны әлгі ұстатпас сыйлық бақыты да – осы уақытқа тәуелді.
Егер адам баласы өзінің иелігіндегі табысының жиырма төрт сағатын «шығын тарауына» дәл сай келтірмесе, онда ол адам бүкіл өмір бойына үнемі бей-берекет күй кешетін болады.
Біздің еш
уақытта қосымша уақытымыз
Уақыт – біздегі бар ең құнды «тұтыныс бұйымы». Сондықтан да уақытпен санаса білу – өміріміздің қалай өтетініне қатты ықпал жасайды. Біздің әрқайсысымыз уақытпен санасудағы өз көзқарасымызды жасап алғанбыз, тағы бұған саналы түрде жасадық па, жоқ па – оған қатысы болмайды. Бұл көзқарас – адамның уақытты таратуын анықтайды.
Уақытпен санасуға қатысты төрт түрлі көзқарас бар. Бұлардың әрқайсысының өзіндік мүлде әр түрлі өмірлік қалпы бар.
73. Жұмыс басты жұмыскер (трудоголик)
Өмір үшін тамақ қандай қажет болса, денсаулық үшін еңбек те соншалық керек, ал дырдумен күн кешу түбінде адамға ауру болып жабысады... Еңбек өмірдің шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады. Дж. Беллерс
– Күндіз-түні көк өгіз не ыңыршағы шығып тұрған есек сияқты бейнеттеніп салпаңдап жұмыста жүре бергеннің пайдасы бар ма?
– Жұмысқа берілген жұмыскерде (трудоголик) жұмысты тоқтату деген еш уақытта болмайды. Ол тәулігіне он, он екі, он төрт сағат бойы жұмыс істей береді. Ол қолма-қол алмастырып, екі жұмысты да қатар істей беруге ұмтылады. Ұйқы қысқанда барып қанағаттанады, қуанышқа зауқы соқпай, үлкен іс бітіреді.
Мұндай жүріс-тұрыстағы адамның нәтижесін біздің бәріміз білеміз. Бұндай адам компания тарапынан қызығушылық танытқанмен, оның жүріс-тұрысы отбасына жат болуына, денсаулығын жоғалтуына, бәлки өмірлік құндылықтарының тоқыраушылыққа ұшырауына әкеп соғуы мүмкін.
Жұмыскер үлкен ақша жасайтын адам бола бермейді себебі, оның істеп жатқан жұмысына бейімділігі емес, атқарып жатқан жұмысының өзіне бейім болғандығынан. Бұндай адамдардың істеген жұмысынан нәтиже шыға бермейді.
73. Жұмыс басты жұмыскер (трудоголик)
Сағаттың шықылдағы емес ермек,
Һәмише (үнемі) өмір өтпек – ол білдірмек.
Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,
Өтті, өлді, тағдыр жоқ қайта келмек. Абай
– Адам өз уақытына ие бола ала ма?
– Уақыттың иесі – өз өмірінің әрбір сәті үшін уақытын бөліп қояды. Ол, тіпті «еш нәрсе істемеу» үшін де уақыт белгілеп, әрекет етпеу үшін уақыт бөледі. Тоғыздан беске дейін жұмыс істейтін дәрежеге кіретін адамдай ол жұмыс сағатының белгілі шекті мөлшерін біледі. Және отбасы сияқты маңызды өмірлік құндылықтар үшін онда үнемі уақыт болады. Қажет жерінде уақытпен санаспай жұмыс істеуге де қорықпайды.
Уақыттың иесінің шебер іс атқаруы – өз уақытын жоспарлай білуінде жатыр. Ол адам бірнеше сағат қана жұмыс істей отыра, сол аралықта «тау қопарады», көп іс тындырады. Ол бұны қалай атқарады? Ол барынша ұзақ емес, барынша қарқынды жұмыс істейді, сағат санын көбейтуге емес, бір сағаттағы өнімділікті өсіруге күш салады.
Өз уақытының иелері өз өнімділіктерін өсірудің жаңа мүмкіндіктерін іздейді. Басқаша айтқанда, «тетіктер жүйесін» пайдалану арқылы өз байлықтарын ұлғайтады.
74. Уақытты меңгеру
Күн жиылып ай болады, он екі ай – жыл,
Жыл жиылып, қартайтып қалғаны – бұл.
Сүйенген, сенген дәурен жалған болса,
Жалғаны жоқ бір Тәңірім, кеңшілік қыл. Абай
– Уақытты басқара білуді қалай түсінесің?
– Уақытты
басқара білудің кілті –
Өз уақытыңызға бақылау жасаудың ең жақсы тәсілдерінің бірі – барынша тиімді басқаруға мүмкіндік беретін сөздерді айтуға үйрену болып табылады. Ол сөздің қандай екенін Сіз білесіз бе? Бұл – «Жоқ» деген сөз.
Осы кезге дейін мен осының қиындығынан құтыла алмай келемін. Сүйкімді жан боп көріну үшін «Иә» – деп айтуға бәріміз құмармыз. «Иә» – деп алып, о баста келісуге тиіс емес міндеттерімізден құтылу үшін көп уақытымызды жұмсап әлек боламыз. Уақытты босқа жұмсаудың негізгі себептерінің бірі – осы.
Ақырында барып, мен «Жоқ» деген сөзді соншалық сыпайлықпен айтуға үйрендім. Қалай? Міне, қараңыз мен қалай жасаймын. Мен: «Жоқ, мен жасай алмаймын деп ойламаймын. Дегенмен, менде әлдеқалай бір өзгеріс болса Сізге телефон соғамын» – деймін. Ақырында барып, істей алатын болған кезіңізде ғана, жайлап, жайма шуақтатып айтып телефон соққаныңыз жақсы емес пе? Байқап көріңізші, бұл іске асады! «Басқа пәле тілден» – деп айту осыдан шыққан.
Уақытқа бақылау жасап, өз күніңізді басқаруды үйренудің тағы бір тәсілі мынадай: егер Сіз жұмыс істеп жатқан болсаңыз, жұмыс істей беріңіз, ал егер тынығып жатсаңыз тыныға беріңіз. Бұл екі істі араластырудың қажеті шамалы: Сіз ананы да, мынаны да жасап жатырмын деп өзіңізді алдағанды қойыңыз.