Шпаргалка по "Психологии"

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".

Файлы: 1 файл

АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП 1111111.docx

— 187.25 Кб (Скачать)

Сіз өзіңіз үшін жасауыңызға болатын толып  жатқан жоспар түрлері бар:

– егер Сіз  науқас болсаңыз, өзіңіздің денсаулығыңызды  қалай түзетуге болатын жоспар құрудан  бастаңыз;

– Сіз өзіңізді үнемі шаршап-шалдығып жүргендей  сезінесіз бе? Онда қажетті күш-қуатты қалай табуға болатын жоспар құруды бастаңыз.

– Сіз өзіңіздің  білім деңгейіңіздің төмендігін сезінесіз бе? Жақсы! Біліміңіздің деңгейін көтерудің жоспарын жасаудан бастаңыз.

Егер Сіз  қолымнан түк келмейді дейтін болсаңыз, онда «Менің қолымнан келеді» –  деп жоспар жасаудан бастаңыз.

38. Ынта

Ынта  – иманнан. Ынтасыздық – екі жүзділіктің  салдары. Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.)

– Ынтаны қалай  түсіндіресің?

– Адамның  ойлау жүйесінің деңгейі қандай болмасын, өзі бетімен ынталанса  жақсы кітап оқуды бастай алады. Басты нәрсе, бірінші қадамды  бүгін жасау.

– Сіздің жоба-жоспарыңыз қандай болмасын;

– Бірінші  мақсатыңызды жолға қоюды;

– Сіздің қызметіңіздің  себебіне сеп болатын үнтаспаларды тыңдауды, бейне таспаларды көруді;

– Салмағыңыздың  елеулі төмендеуіне жоспар жасауды;

– Қиын тұтынушылардың әрқайсына телефон шалуды;

– Өзіңіздің  жаңа есеп-шотыңызға «болашақтың  инвестициясына» ақша салуды;

– Күнделік жазуды бүгіннен бастаңыз.

Енді мен  Сізді ынталарды жасауға шақырамын: Сіздің жаңа бастамаңыздың бірінші  күні жаңа бастама аптасының бөлігі болсын.

Жалғастыра  беріңіз, сонда барып өзіңіздің  осы жаңа бастама аптасының ішінде қаншама көптеген істерді бастай алатыныңызға және жалғастыра алатыныңызға көз жеткізер едіңіз.

Сосын, жаңа бастаманың айын жасаңыз, бұл жаңа бастамалардың  жылы болсын. Сіз өзіңіздің жаңа бастамаңыздың бірінші жылын  аяқтағаныңызда – өткен жағдайлар, өткен дағдылар, өткен ықпалдар, өткен өкініштер, өткен сәтсіздіктер енді ешқашанда қайта оралмайтын болады.

39. Жетістік

Қандай  ғылым болса да, ол адам санасына дербес, ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Әл - Фараби

 Жетістік  дегеніміз не?

Жетістік  – біздің қарастырып өткен әрбір  ұғымдардағыдай бұл сөз де көп  мәнділігімен ерекшеленеді.

Жетістік  – сондай-ақ таптырмайтын әдеттен  тыс ұғым. Ақыр соңында, жетістік –  өзі сапар, өзі соның мақсаты, солай емес пе?

Жетістік  – өмірдің жеткілікті күшін сезінген жанға келетін табыс, сонымен  бірге тұрмыс даналығы.

Жетістік  – құндылықты бағалау және тәртіпті пайдалану арқылы нағыз құндылықты дамыту.

Жетістік  – материалдық та, рухани да, нағыз  да, қарапайымда көрінетін болуы  мүмкін.

Жетістік  – салғырттықтан іске көшу, өлі  тамақтан тірі тамаққа: жеміс-жидекке  көшу, шығыннан инвестицияға көшу ағымы.

Жетістік  – өзгеруге, өсуге, дамуға және орнығуға шақыруға деген жауап.

Жетістік  – бәрінен бұрын өміріңіздің  қандай боларын өзіңіздің қалағаныңыздай етіп жасау мүмкіншілігі. Барлық мүмкіндіктерді ойластыра отыра, өзіңіз қызығатын  басқа адамдардың барлық үлгі-өнегелерін қарастыру. Сіз өміріңізден нені қалайсыз? Бұл – маңызды сұрақ!

40. АДАМДАРДЫ  КЕМЕҢГЕРЛІККЕ АПАРАТЫН ІЛІМ  ІЗДЕҢІЗ

"Жоқ, сен жақсылық, жамандықты жаратқан – Құдай, бірақ қылдырған Құдай емес, ауруды жаратқан – Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан – Құдай, бар қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе – жоқ". Абай

– Өмір мақсатына  жету үшін не керек?

– Жақсы  өмір мақсатыңызға жету үшін қандай болмасын мәліметтер болмасын қажет. Егер олардан  хабардар болсаңыз, онда оларды қалай  алуға болатынын да білуіңіз керек.

Табысқа жеткендерге  жетістік кездейсоқ келе қойған жоқ. Мұның бәрі, біріншіден, зерттеудің, екіншіден, тәжірибенің нәтижесі. Бір  нәрсені табу үшін ең әуелі іздеу  қажет. Өміріңізді өзгертіп жіберетін  ұлы идея қажет пе? Ол – қайдан келетіні белгісіз. Ал егер өзіңізге керекті  білімді қажымай-талмай іздесеңіз, онда қажетті білім жолыңызда  жататын болады, ол көбінесе күтпеген жеріңізден шығатын болады.

Біліміңіз таяз, тұрмысыңыз төмен, денсаулығыңыз нашарлай бастағанда, көштен қалып бара жатқаныңызды бар болмысыңызбен сезінсеңіз сізді  мазасыздық жаулап алады. Мазасыздық белең  алып кетсе сізді талқандайды. Мазасыздықты да қайғы сияқты, көптеген адамдар  көпірте береді. Олар өздерінің қауіптерін соншалықты өсіріп айтқанда амалсыз  мүсіркейсің. Мазасыздықтан іскер  қатынастың бұзылғанында, махаббатты жоғалтқанда, жоқшылықта т.б. жағдайларда  құтыла алмайсың. Бірақ, бұл жерде  де айқын ой мен суық ақылды қолдануымыз  керек. Мазасыздық ештеңеге де көмектеспейді. Керісінше, біз мазасызданып қобалжыған сайын жүйке күшіміз ширыға түсіп, қиыншылықпен күресуге дәрменсіз боламыз. Біз тек қана жақсылыққа ғана сенуіміз керек. Жақсылыққа сенген адам мақсатына  жетеді, ал сары уайымға салынған адам – ешуақытта.

Кемеңгерлікке апаратын ілім іздеңіз. Жақсы кітаптар оқыңыз. Қызықты да адамды табысқа, жетістікке, денсаулыққа жетелеп  шаттандыратын кітаптар баршылық. Өзіңізді көңілдендіріп күлдіретін, жансаулығың  мен денсаулығыңды түзейтін теледидар  бағдарламасын қараңыз. Көңіл күйі төмен, бет-әлпетінде уайым табы бар адамдарға жоламаңыз.

Онша сезімтал болмаңыз. Егер сізге дүңк ете түссе  көңіліңе алмаңыз. Түймедейді түйедей  қылып, өзіңіздің жүйке күшіңізді  бет алды шығындамаңыз. Көптеген адамдар  рухани сырқат. Олардың деңгейіне  түспеңіз. «Бақытсыздық бәрімізге» –  дейді олар. Оларға сенбеңіз! Аулақ  болыңыз!

Басқалар  көре алмасын, іштері күйсін, сенімсіздікпен, теріс рухани өмірмен ғұмыр кеше берсін. Тек қана сіз емес! Өзіңізді уландырып ауырмайтындай ақылға ие болыңыз. Құдай үшін, адамдардың ішінен жетілгенді іздемеңіз. Тек қана олардың жақсы жақтарын ғана көре біліңіз. Тіпті жаманымыздың ішімізде көп жақсылары бар, жақсыларымыздың ішінде көп жамандары бар, жеке-жеке бөліп алу мүмкін емес.

41. Білім  қазыналарын игеру

«Бiз  түк бiлмеймiз, бiз де бiлемiз деп  надандығымызды бiлiмдiлiкке бермей таласқанда, өлер-тiрiлерiмiздi бiлмей, күре тамырымызды адырайтып кетемiз». Абай

– Білім  қазынасын қалай игеруге болады?

– Жақсы  ойлар тез келеді де, тез ұмытылады. Бұл да білімнің бір түрі. Ендеше кімге болмасын осындай тамаша ойларды, лезде келген білімді, керемет қайталанбас  сәттерді көңілінің түпкіріне және көз алдында сақтау үшін:

Біріншіден, ерекше сәттерді сезе қоюға және есте тұта қалуға үйреніңіз. Камераны пайдаланыңыз. Көп сурет түсіріңіз. Оқиғаны  секундтың бір бөлігі ішінде ұстап  қалу – бұл жиырмасыншы ғасырдың ғажайыбы. Мұндай ғажайыпты өз-өзінен болып жатқандай санау қандай жеңіл!

Сіздің отыз жыл бұрынғы түскен суретті көргеніңіз бар ма? Осыдан отыз жыл бұрын  өмірдің қандай болғандығы жайлы  тұтас бір тарихты көрсететін суреттер бізде жеткілікті екендігі керемет емес пе? Ендеше бұған селқос қарамаңыз. Сіз өзіңіз бүкіл тарихыңызды  суреттер мен бейнефильмдердің бай  жинағына топтастырып жатқаныңызға сеніңіз.

Білімді меңгерудің екінші тәсілі – Сіздің жеке кітапханаңыз. Біздің айтып отырғанымыз – Өзіңіз бағалайтын, асты сызылған, беттерінің бұрыштары бүктеліп қалған және көптеген белгі қойылған кітаптарыңыз. Өмірлік  құндылықтар философиялық тұжырымдарға, Сізге септігі тиген, беттерінің шеттеріне белгі қойылған кітаптар. Құны нағыз қазынаға татитын осындай  шынайы баға жетпес байлық!

Бүгінде біздің байланыс жайлы ұғымымыздағы кұндылық – біздің өмірімізді, сөзімізді  сақтайтын бейне және үн таспалар. Бұлардың бәрі де біздің балаларымыз  үшін ерекше мұра болмақ.

Егер алдыға дамып, табысқа жетемін десеңіз, қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырыңызда  ала алатын бүкіл білімдерді меңгеруге  тура келеді. Байлық пен бақытқа  татитын, барлық бағалы идеяларды жинайтын күнделік немесе қойын дәптер, күнтізбе пайдаланыңыз. Нәтижесінде, Сізде ақырындап  жинақталатын таңғажайып қазына –  бизнес идеялары, әлеуметтік идеялар, мәдениет саласындағы идеялар, инвестиция жайлы идеялар, тұрмыс дәстүріне қатысты идеялар. Сіз осылардың барлығының құндылығын елестете алар ма едіңіз? Қазынаның бұндай түрі Сіздің көзтоймастықпен жиған тұрмыстық заттарыңыздан әлдеқайда бағалы.

42. Қалай  кемеңгер болуға болады?

Ақылсыз би болмас,

Сәулесіз  үй болмас.

Жүректе оты жоқ,

Адамда  ми болмас. Абай

– Қалай  кемеңгер болуға болады?

– Кемеңгер болудың екі тәсілі бар. Бірінші  тәсілі – өз өмір тәжірибеңізден үйрену. Екінші тәсіл – басқа адамдардың тәсілінен үйрену.

Төменде кімді  болмасын кемеңгерлікке апаратын –  өзіміздің өмір тәжірибемізден түйіндеген кейбір маңызды мәселелерге тоқталайық:

Өзіңіз қолыңыздан келетін нәрсені ғана істеңіз. Кейбіреулер  шамасы келмейтін іске тыраштанып жүйкесін жұқартады. Бір адамның жан-жақты  болуы мүмкін емес. Өзіңізді бәрін  білгіш, бәрін істегіш, жан-жақты  адам ретінде күмпитіп көрсетуге  әуестенбесеңіз, өміріңіз бақытты, деніңіз  сау, ғұмырыңыз ұзақ болады.Өзіңіздің  мазасыздығыңызды ішке бүкпей, жасырмай айтыңыз. Іштен тынбаңыз. Егер де біреуге  көңіліңіз толмаса, жаймен барып  сабырлы түрде мәселенің басын  шешіп алыңыз. Әдепкіде бұл жәй  ғана түсінбеушіліктің салдары ғана болады. Осындай айқын да ашық қарым-қатынасты  балаларыңызбен, жолдастарыңызбен, әріптесіңізбен, туған-туыстарыңызбен ұстаңыз.

Өздерінің наразылықтарын білдірмей, іштей бықсып жатқан пенделер өте көп. Осының салдарынан бір-бірлерін қаншама адамдар көрмей кетеді. Олар өздерін тас қорғанмен қоршап алып, жүйкелерінің күшін жоғалтады. Осындай жағдайда біреуге сеніп  іштегі шерді тарқатуыңыз қажет. Осыдан кейін жағдайды басқа қырынан  көріп, дұрыс шешім қабылдайсыз.Өзіңіздің  көңіл-күйіңізді бақылап отырыңыз.

Көңіл-күй  жоғалтуға болмайтын өте қымбат қалып. Бақылауда болған көңіл-күй  мақсатыңызға апаратын күшке айналады. Егер көңіл-күйіңіз сабынша бұзылса  өзіңізге де, айналаңызға да кесепатын  тигізбей қоймайды. Сіз ашуланған  уақытта, бағалы ақылдан да, ар-ұяттан да, адамгершіліктен де, қуат пен  құлшыныс күшінен де айырыласыз.

4. Ашуланғаныңды  сезсеңіз, дереу санай бастаңыз. Өкініште қалмас үшін ештеме  айтпаңыз. Бірден денелік бір  жұмыс тауып алып істеңіз. Ашуды  басудың ең дұрыс әдісі – таза ауада жалғыз өзің қарқынды түрде қарыштап серуендеп қайту. Жыныңа тиген адамның жанынан кетіп қалыңыз. Егер де шәпілдеп ұрысса не айтыса ала жөнелсең тектен-текке жүйкеңді тоздырып, күшіңді жоғалтасың.

Бау-бақшаңыздың  арасына кіріп жұмыс істеңіз, малтыңыз, үй шаруасын істеңіз тек  қана қарап отырмасаңыз – ашуыңыз  сабасына түсіп, көңіліңіз марқайып, жүйкеңіз қалпына келеді. Ыза болғанда жұдырық жұмсамаңыз. Бақылаудағы  жүйке қуатының зияны өзіңізге ғана емес өзгеге де тиеді. Өзіңіздің көңіл-күйіңізді  үнемі бақылауда ұстаңыз!

Мыңдаған  өлімдер, шексіз көре алмаушылық пен  өкініштер жәй ғана әңгіменің  арты дау-дамайға ұласқанда туады. Пікір таласу мен айтыс адамның  ақылын ұштап ұлан-асыр пайда әкеледі. Бірақта, достық қарым-қатынаспен қызбаланбай  айтысатын адамдар некен-саяқ. Осындай  адамдармен дауласудан аулақ болғаныңыз жөн. Себебі олар дауласқанда өздерінің  бойларына қуат алады.

Даудың ең жаман түрі – тамақ ішіп отырғанда  айтысу. Тамақ жегендегі айтыс  асқазанға жара түсуге алып келеді. Дауласу шектен шығып бара жатса  қолма-қол тоқтата қою керек. Жай  ғана айтыңыз: «Бәлкім сіздікі дұрыс  шығар, мен қазір сізбен дауласпаймын».

Дауласпаңыз, басқаларды да түртпектемеңіз. Даукестерден аулақ жүріңіз. Егер де даукестің  біреуін мойныңызға міндіріп басындырып алсаңыз, ол сізді азаптай береді. Егер де оның сөзін құлаққа қыстырмай, жауапсыз кетіп қалсаңыз ол өзінен өзі қояды. «Үндемеген үйдей пәледен  құтылады». Әркім сіздің пікіріңізбен, көзқарасыңызбен келісе бермейді. Біз  өзімізге жақпайтын адамдардан оңаша  жүреміз. Егер де отырыста бірге бола қалсаңыз олармен аз ғана сөйлесуге  тырысыңыз.

43. Ойланып-толғаныңыз

Өмір, дүние дегенің,

Ағып  жатқан су екен.

Жақсы – жаман көргенің,

Ойлай берсең, у екен. Абай

Сіз өткен  күндеріңіздің кезеңдерін жай ғана қарап шықпай, олардан бір нәрсе  алып қалуға тырысыңыз. Санаңызда сол  күндер оқиғаларының із қалдыруы үшін, айналаңызда не болып жатқаны  жайлы, білуге құлшыныңыз. Бұл өмірде барлығына уақыт та, орын да табылады. Әрекет етуге де, ойланып-толғануға да уақыт табылады. Көпшілігіміз байсалды ойланып-толғануға уақыт бөлмейміз.

Кешке қарай  қайда бардыңыз, немен айналыстыңыз, не айттыңыз, сол күнгі болған оқиғаларға көз жүгіртіп шығыңыз. Ненің іске асқанын, ненің іске аспағанын, нені қайтадан жасағыңыз келеді, неге жолағыңыз  келмейді – сараптап алыңыз. Бір  күнгі оқиғаларды мүмкіндігінше, көрнекі  түрде еске

түсіруге  тырысыңыз. Түр-түстерді, бейнелерді, дыбыстарды, әңгімелерді, бастан кешкендерді есіңізге түсіріңіз.

Адамның тіршілігі  сол адамға не болғанымен анықталмаса  керек. Өмірімізде әлдебір жағымды  нәрсе жасау үшін, сол өмірдің  өзінен бағалы ақпарат алуымыз қажет.

– Ойланып-толғанудың қандай жағымды жағы бар?

– Ойланып-толғанудың тағы бір жақсы кезеңі: уақыт маусымдарының  соңы – апта, ай, жыл. Апта соңында  жеті күндегі оқиғаларды ойланып-толғанып ақылға салып, бағалауға бірнеше  сағатыңызды бөліңіз. Айдың соңында  бұларға бір күніңізді арнаңыз. Жыл аяғында бұл кезеңдегі  өміріңізде өткен бүкіл оқиғаларды түгендеп, қарап, бағалап, ойланып-толғануға  бір аптаңызды арнаңыз.

Өткендерді  біріктіріп, келешекпен қалай жалғастыру керектігін ғұламалар білген ғой. Өмірдің  осы жағын Сіздің ойлап көрген кезіңіз болды ма? Ол – тиімді де әрдайым ойландыра алатын болар  еді. Тағы бір жылды бос сандалып өткізуге болмайды. Оның орнына өткен  жылдарыңызды жинақтап, өміріңіздің  келесі жылына салыңыз. Тағы бір сұхбатты жайөткізе салуға болмайды. Оның орнына бұрынғы сұхбаттарыңыздың тәжірибесін  жинақтап өміріңіздің алдағы сұхбатына  салыңыз.

Информация о работе Шпаргалка по "Психологии"