Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".
– Ақша туралы түсінігің?
– Ақша – талқылаудың күрделі тақырыбы, бұл мәселе бойынша біздің көбіміз екі жақты сезімді бастан кешеміз. Бір жағынан, біз ақша беретін қауіпсіздік пен жайлылықты қалаймыз, екінші жағынан, қаржылық табыс әлдебір жағдаймен біздің адамгершілік өлшемімізге нұқсан келтіруінен сақтанамыз. Әрине, теледидар мен кинофильмдер өздерінің тарапынан, бай адамдарды үстірт те мейірімсіз етіп бейнелейді.
Ұлтымыздың басым көпшілігі Кеңес үкіметі тұсында да, қазір де жоқшылық пен таршылық тәрбиесі белең алған ортада өсіп жетілді. Соның салдарынан жанға жайлы, рахат, жеңіл, қиналмай молшылықта өмір сүруге болады деген ережені бірден қабылдай алмаймыз. Біздерді марксизм классиктері, диалектикалық материализм ілімі «тұрмыс сана деңгейін айшықтайды» деп үйретті.
Бастапқы
тәлім-тәрбиені ата-анамыздан және
мектептен алатынымыз да белгілі. Енді
сіздердің замандарыңздағы
Енді ақша туралы кері кеткен келеңсіз тұжырымдарыңызды, саналарыңызға сіңіп қалған ойларыңызды атап өтейін:
*Өмірде ақша басты мақсат емес.
*Ақшаны неге
бет алды жұмсаймыз, ақшасыз-
*Ақша ауыр бейнетпен табылады.
*Сана, санама – бәрібір ақшаң болмайды, жоқшылықта тудық, жоқшылықта өлеміз.
*Көрпеңе қарай көсіліп, шамаңа қарап өмір сүр.
*Ақша тек ұры мен қылмыскерлерде ғана болады; таза еңбекпен ақша табылмайды.
*Ақшаңды қиыншылыққа, артқа сақта.
*Көп ақша
алу ұят, айналаңның бәрі
*Саудаласып салғыласу ұят, сені түгі жоқ кедей екен деп қалуы мүмкін.
*Өз істеген жұмысыңа ақша сұрау ұят.
*Бай болсаң «Шық бермес Шығайбай» болып кетесің.
* Ақша адамды бұзады.
*Мен кедей
болсамда адалмын, кеудемді
*Мен тек
қана «таза» еңбегіммен күн
көремін (тазамын, адалмын т.б.
Былайша қарасаңыз осы көзқарастарда не жамандық бар? Осылардың негізінде белгілі адамдардың, топтың өмірге деген көзқарасы, философиясы жатыр ғой. Егер осы көзқарастарды басшылыққа алсақ байсалды да салмақты өмір сүруге болады ғой.
Өкінішке
орай, бұның бәрі қарапайым нәрсе
емес. Осы әрбір көзқарас, біздің
төменгі есімізге жазылып, санамызға
сіңіп өмірімізге басшылық жасап
жүрген бағдарлама. Егер де саналы түрде
осы көзқарастарымызды
Сіз өзіңіздің
бүгінгі табысыңызбен не істеп жатқаныңызға
қараңызшы. оларды өзіңіздің жалпы
табысыңыздың жетпіс пайызынан аспайтын
шығын көлемінде ақылмен
– Экономикамыз қалай жұмыс істейді?
– Менің айтып отырғаным: теориялық кітаптағы емес, нақты өмірдегі күнделікті экономика жайлы. Сізге өзіңіздің тапқан әрбір теңгеңізді, барынша ақылмен, қалай жұмсау керектігін айтқан адам болды ма?
Бұл басқа саланың білгір адамдары күрделі жылдық есеп-қисапты оқуға қабілетті бола тұра, олар күнделікті экономиканы – қаржылық тәуелсіздіктің қалыптасу экономикасы – тұрақты, үздіксіз, әрдайым болжауға болатынын түсінбейді.
Өздерінің балаларына бұл экономиканы үйрете алмайды. Сөйтіп адамдар еркін кәсіпкерлік жүйенің қандай керемет болатындығынан хабарсыз.
55. 70/30 Ережесі
Ақылдыға ишарат, ақымаққа таяқ. Қазақ мақал-мәтелдері
– 70/30 ережесі дегеніміз не?
– Сіз өзіңізге тиесілі салық үлесін төлегеннен кейін, салықтан қалған табысыңыздың 70 пайызына өмір сүруге үйренуіңіз керек. Қалған отыз пайызды қалай бөлуіңіздің маңызы – өте зор. Табысыңыздың жетпіс пайызын керекті заттар мен сән-салтанатты бұйымдарға жұмсайсыз. Ал отыз пайызын қайда жұмсайсыз? Қанеки, оларды былайша бөлейікші:
56. Қайырымдылық
Кімде – кім бір момын мұсылманды осы дүниедегі қиыншылығынан құтқарса, Алла оны ақиреттегі қиыншылығынан құтқарады. Кімде – кім бір момын мұсылманның айыбын жапса, Алла оның екі дүниедегі айыбын жабады. Пенде біреуге жәрдемдесу үшін әрекет қылса, Алла оған жәрдемдеседі. Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с.)
– Сіз өз
табысыңыздың он пайызын қайырымдылық
мақсатқа жұмсауыңыз керек. Қайырымдылық
– Сіздің көмекке зәру жандарға
көмектесу мақсатында, алған дүниеңізді
қоғамға қайтару жолы. Сіздің салық
төлегеннен кейінгі қалған табысыңыздың
он пайызын көлемі бұл міндетті атқаруға
әбден жететіндігіне
Сізге табыс ақшаңыздың барынша ең жоғарғы, не барынша төмен деңгейін таңдауға болады – бұл өз жоспарыңыз ғой. Кейбір адамдар қайрымдылыққа деген қаржыларын мешіт арқылы не қоғамдық ұйымдар арқылы бергенді жөн көреді, енді біреулері жеке жолмен бергенді жөн санайды.
Құрбандық шалу – адам өмірінің ерте кезеңінен басталған. Балаға қайырымдылық тәлім үйретуден ең жақсы сәті – алғаш өз теңгесін алған кезі. Сіз балаңызбен сапар шегіңіз. Оны өзіңізбен бірге алып шығып, шындығында дәрменсіз адамдар бар орынға апарыңыз. Ол аяушылық білдіріп үйренсін. Егер балаңыз сезіне білсе, өз ақшасының он пайызын қиналмай бөліп, оларға беретін болады. Әдетте, балалардың жүрегі кең, мейірімді болады.
57. Ақша қаражатын жұмсау
Бабы келіскен істің бағы жанады. Қазақ мақал-мәтелдері
– Салық төлегеннен кейінгі қалған табысыңыздың келесі он пайызын Сіз өз байлығыңызды құруға бағыттаңыз. Бұл ақшаңызды сіз керек-жарақ сатып алуға, жаңа тауар өндіруге және осы тауарды сатуға жұмсайтын боласыз. Анығын айтсақ кәсіпкерлігіңізді одан әрі дамытасыз.
Сонымен бірге
Сіз көтерме сатып алып, жекелеп
сатуға үйренуіңізге де болар. Немесе
Сіз әлдебір жекеменшік үлесін алып,
оны жетілдіріп көруіңізге болар. Егер
Сіздің айтарлықтай жолыңыз болса,
өзіңіздің жұмыс орныңызда
Табысыңыздың бұл он пайызын өзіңізге құрал жабдықтар, өнімдер не акционерлік қоғамның үлесін алуға пайдаланыңыз. Сөйтіп, істі бастап көріңіз. Біздің қай-қайсымыздың ішімізде болмасын данышпандықтың ұйықтап жатқанын, оны оята білсек, мүмкіндіктер жарқылы ұшқындайтынын Сіз, тіпті, білмей жүрсіз ғой.
Ал, міне, шабыттандыратын ой келді! Өз жұмысыңыздың толық күнін жұмыс істемей, жарты жұмыс күнін өзіңіздің жағдайыңызды көтеруге арнасаңыз қалай болар еді? Шындығында, неге солай етпеске? «Мен есеп-қисабымды төлеу үшін емес, мен бай болу үшін жұмыс істеп жүрмін» – деп айтатын болғаныңызда, қандай сезім күйде болар едіңіз. Егер Сізде байлыққа жетудің жоспары болса, онда түн жарымынан бұрын жетелейтін құштарлыққа ие болар едіңіз.
58. Үнемділік
Сабырлылық, үнемділік және қажетсіз ысырапкершілікке жол бермеушілік, пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиетінің бірі. Ысырапкершілікке жол бермеңіз. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
– Қай уақытта үнемшіл бола аламыз?
– Адамдардың
басым бөлігі әрбір тапқан тиынын
лезде жұмсап, қарызға және несиеге
дүние алуға бейім тұрады. Егер
де осы әдетіңізден құтылмасаңыз
сізде ешуақытта ақша болмайды, байымайсыз.
Үнемшілдікті әдетке айландырыңыз. Ақшаны
бет алды шашпаңыз. Байлыққа баратын
жолды аңсап тұрсаңыз, ол жол базарға
барғандай қарапайым әрі түзу.
Ол негізінен мына екі сөзден тұрады
– ынтаңыз бен
Адам табиғатында өмір сүруге керекті жанталастың тұқымы салынған. Осы өмір үшін жанталас – адамзаттың алға жылжып дамуының басты себебі. Туғаннан өлгенге дейінгі аралық, пенде үшін алма-кезек қайталанып жататын сынақ алаңы. Осы өмір үшін күресте біз баға жетпес тәжірибе жинақтаймыз. Осы күресте, алдымызға қойған мақсатымызға жеткізетін даналық, күш, қуатқа ие боламыз.
Өмірде жолы болмаған пенделер өздерінің өмірлерін «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» өткізгісі келеді. Олардың түсінбейтіні, өмір осыларды езіп жіберетіні. Өмірдің шырғалаңдарына қаймықпай қасқайып қарсы тұру үшін мықты мінез, айқын мақсат, нақтылы жоспар болу керек.
Өмірдің мәнін
түсінгеннен кейін, біз осы мақсатқа
жетелейтін күрестің шартын қабылдаймыз.
Нәтижесінде ерінбей еңбек
– Бай мен кедейдің философиясында қандай алшақтық бар?
– «Бай»
мен «кедей» ұғымдарын анықтап
беруге рұқсат етіңіз. Кедей адамдар
жұмсағандарынан қалғандарын
Айына әрқайсысы 50 мың теңгеден табыс табатын, әрқайсысының табысы белгілі бір уақыт ішінде бірдей өсетін екі адам бар. Оның бірі – жұмсағанынан қалған ақшасын сақтайтын философияға сүйенсе, екіншісі – әуелі жинап, сосын барып қалғанын жұмсайды. Бүгінде олардың біріншісін (егер Сіз олардың екеуін де білетін болсаңыз) кедей деп, екіншісін бай деп айтуыңызға болады.
Табысыңыздың
соңғы он пайызы үнемділікке арналу
керек. Мен үнемділікті өмірлік "қысыңызға"
дайындалуға жағдай жасайтын, Сіздің
байлыққа жету жоспарыңыздың ең бір
маңызды, құрамдас бөлігі деп есептеймін.
Бұл елдің зейнеткерлікпен
Баланы молшылыққа негіздеріне үйретудің ең дұрысы, оның кейбір қосымша ақша таба алатын болған кезінде, басқаларға пайдалы бола бастаған кезінде барып басталғаны жөн. Әйтсе де, сонымен бірге, Сіз оған ұсақ шығындарға ақша беретініңізде, нағыз кәсіпкерлік аясына қалайша кіру керектігін көрсетсеңіз болады.
Егер Сіздің балаңыз болса, оған байлыққа жетудің жоспары болатындығын ұғындырасыз. Егер олар 70/30 формуласын жас кездерінде қолдана бастаса, қырық жастарына қарай қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізетіндерін аңғарттыңыз. Сосын олар бүкіл өмір бойы не жасағысы келсе, соны істей алатын болады.
Дегенмен, үнемділіктің,
тәртіптің басқа түрлері
Бай мен кедейдің айырмашылығы – Сіздің қанша тапқаныңызда емес, тапқаныңызды қалай пайдаланғаныңызда жатыр. Ендігі таңдау – Сіздікі.
59. Аталар мен әжелердің негізгі мақсаты
Сұм дүние тонап жатыр, iсiң бар ма?
Баяғы күш, баяғы түсiң бар ма?
Алды үмiт, арты өкiнiш алдамшы өмір,
Желiгiн жерге тықпас кiсiң бар ма? ! Абай
Қарт адамдар жайлы ойлағанда, Сіз нені көзге елестетесіз? Бір жағынан дәрменсіз, әрі азғантай қаражатпен күнелтіп жүрген жандарды көзге елестете аласыз ба? «Егде жастағы азамат» деп аталатын топтағы адамдардың көбінің өмір жағдайы, шындығында, осындай.
Аталар мен әжелердің негізгі мақсаты – өздерінің немерелерін «өзіміз сияқты» қалай бай болуға, қалай мәдениетті болуға және қалай бақытты болуға үйретулерінде жату қажет. Аталар мен әжелер: «біз өмір бойы еңбек еттік, енді міне көмекке зәру боп қалдық» – деп айтпаулары керек. Олар: «Біз өмір бойы еңбек етіп, енді, міне, біз көмектесе аламыз» деп айтатын жағдайда болулары керек.
Егер Сіз қырық немесе елу жасыңызда қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізбеген болсаңыз, ол Сіздің жаман елде өмір сүріп жатқаныңызды білдірмесе керек, жаман қоғамда өмір сүріп жатқаныңызды танытпаса керек. Бұл, сондай-ақ, жаман кезеңде өмір сүріп жатпағаныңызды да білдірмесе керек, немесе Сіздің жаман адам екендігіңізге дәлел де болмаса керек.
Және мұндай жағдайда қалған жалғыз Сіз емессіз. Біздің көбіміз бағытымыздан жаңылысамыз.
Мұндай жағдайлар Сізге де және маған да қатысты болмақ. Егер қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізгіміз келсе, бізде орта жолда өзіміздің жеке түзетулерімізді дүркін-дүркін жүргізіп отыруымыз қажет. Ақыр соңында, Сіздің байлық пен бақытқа жетудің үлгісіне айналатын ата мен әже болғыңыз келмей ме?
60. Ақша қорын жинау
Түстік өмірің болса, кешкілік мал жина. Қазақтың мақал-мәтелдері
Ақша қорын қалай түсінеміз?
– Кейбір адамнан банкте жинаған қорыңның есеп-шоты бар ма деп сұрасаң: «Қаржылық есеп деген немене тағы? » – дейді. Өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың қандай екенін дәл білуің өте маңызды. Бұл жерде өзіңізді өзіңіз алдамауыңыз қажет. Сонда барып өзіңіздің қандай жағдайда тұрғаныңызды білетін боласыз? Сонда барып Сіз алға жылжу бойынша және өзіңіздің қалауыңызбен соған қол жеткізу бойынша жақсы жоспар құра аласыз.
Мұны жасау қиын емес. Өзіңіздің кірістеріңіздің мөлшерін қағаз бетінің бір жағына тізіп шығасыз. Неңіз бар, солардың мөлшерін көрсетесіз, қағаз бетінің екінші жағына өзіңіздің шығыстарыңызды тізесіз, сосын өзіңіз кірістен шығысты алып тастау жолымен, нағыз қаржылық құндылықтарыңыздың мөлшерін тауып аласыз. Бұл мөлшер Сіздің қанша тұратыныңызды, тіпті, де көрсетпесе керек, бұл Сіздің құндылықтарыңыздың көрінісі болып шығады.
Көпшіліктің қаржылық жағдайы соншалық жақсы емес, бірақта соншалық жақыс еместігі маңызды емес, маңыздысы – баға беруіңізде.