Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 09:11, шпаргалка
Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Психологии".
АҚЫЛ ЕСТІ БИЛЕП, ЕҢСЕҢДІ ЕЗІП ТҰРҒАН ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛЫП, ТҰРМЫСЫҢДЫ ҚАЛАЙ ТҮЗЕУГЕ БОЛАДЫ?
Жөн көрсеттім қазақ деген намысқа,
Жол сілтедім жақын емес, алысқа. Ахмет Байтұрсынов
Қазіргі таңда адамның барлық іс-әрекетінің сипаты, яғни оның көретін қайғысы да, рақаты да оның қазіргі заман талабына сай білім алып, өзінің ой жүйесін, өмірге деген көзқарасын өзгерте білуіне көп байланысты. Бізді бұрынғы ескі жүйе өмір бойы жұмыс істеуге үйретті, бірақта ешкімде, ешқашанда жақсы тұрмыс жағдайы мен ақша табудың жолдарын үйреткен жоқ. Жаратушы бізді деніміз сау, бақытты және молшылықта өмір сүру үшін жаратқан – өкінішке орай адамдардың басым бөлігінде бәрі керісінше. Дегенмен үміт үзуге болмайды.
Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. Сөз басы
3. Жаңа ғасырда басты бағытты қалай дұрыс таңдай білу керек
4. ОЙЛАУ ЖҮЙЕСІН МОЛШЫЛЫҚҚА БАҒЫТТАУ
5. Арман мен мақсат
6. Асқақ арман – бақытты заман
7. Өмірдің мақсаты – мақсат үшін өмір сүру
8. Жетістікке жету үшін, жетелейтін себеп болсын
10. Мақсаттар: Олар қалай жіктеледі
11. Ұзақ мерізімді мақсаттар
12. Қысқа мерізімді мақсаттар
13. Тұрақсыздық
14. КЕДЕЙШІЛІКТІҢ СЕБЕПТЕРІ
15. Қарыздар16. Біз қарыздарды қалай жасаймыз?
17. Қарыз бен парыз
18. Дүние мүлікті қарызға алу
19. Өсімқорлық
20. Қарызды қайтару
21. Егер сізге қарыз болса
22. Беру керек пе, бермеу керек пе? Алу керек пе, алмау керек пе?
23. ЖАЛҚАУ АДАМНЫҢ ОЙ ӨРІСІ
24. Өзін-өзі тежеушілік
25. Сәтсіздік
26. Тәртіп
27. Бақыт
28. Қорқыныш
пен мазасыздықтан қалай
29. Жоқшылықтың қорқынышы
30. Аурудың қорқынышы
31. Сөзге қалудың қорқынышы
32. Сүйіспеншілік
пен махаббатты жоғалту
33. Кәрілік қорқынышы дегеніміз не?
34. Өлім қорқынышы қалай туындайды?
35. Сансыз мүмкіншіліктердің негізі
36. Байлық
37. Өміріңіздің гүлденуін – даму жоспарын құрудан бастаңыз
38. Ынта
39. Жетістік
40. АДАМДАРДЫ КЕМЕҢГЕРЛІККЕ АПАРАТЫН ІЛІМ ІЗДЕҢІЗ
41. Білім қазыналарын игеру
42. Қалай кемеңгер болуға болады?
43. Ойланып-толғаныңыз
44. Басқалардан үйреніңіз
45. Кітаптар мен таспалар (кассеталар)
46. Бақылау
47. Келешекке қаржы құю
48. ӨЗГЕРУ МЕН ЖЕТІЛУ
49. Құндылық
50. Ақыл ойыңызды жетілдіру
51. Болашақты болжай білу
52. ҚАЛАЙ ҚАРЖЫ ЕРКІНДІГІН ЖАСАЙМЫЗ
53. Ақша туралы жағымды ой ойлаңыз
54. Ақша туралы
кейбір кері кеткен ойлар,
55. 70/30 Ережесі
56. Қайырымдылық
57. Ақша қаражатын жұмсау
58. Үнемділік
59. Аталар мен әжелердің негізгі мақсаты
60. Ақша қорын жинау
61. Ақша ағымының заңдылығы
62. Сіз өзіңіздің
жеке бизнесіңіздің болуын
63. Келіңіз, жанұямыздың кірісі мен шығысы туралы сұхбаттасайық
64. Өмір жолы
65. Өмір бойы өгіз сияқты жұмыс істегіңіз келе ме?
66. Ақша – уақыт
67. 1-ші (Ж)
алаңына жалданып жұмыс
68. 2-ші (Ө)
алаңына «өзім дегенде өгіз
қара күшім бар» деп, өз
69. 3-ші (Б)
алаңына өздерінің бизнесін
70. 4-ші (И) алаңда тек Инвестициямен күн көретіндер мекендейді.
71. Шаршы
алаңдағы ақша ағымының
72. ӨЗ УАҚЫТЫҢЫЗДЫ БАСҚАРУДЫ ҮЙРЕНІҢІЗ
73. Жұмыс басты жұмыскер (трудоголик)
74. Уақытты меңгеру
75. Ойды қағазға түсірудің төрт тәсілі
76. Өзіңіздің күнделігіңіз
77. Күнтізбе
78. Тіршілік жоспары
79. Тіршілік жоспарын қалай дайындаймыз
80. Жетістікке жеткендермен араласыңыз
81. Жақсы қарым-қатынасты қалай жасауға болады?
82. Адамдармен қарым-қатынас жасаудың 10 шарты
83. МАҚТАУ ШЕБЕРЛІГІ
84. МАҚТАУДЫҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ
85. Джим Ронның бағалы ойлары мен асыл сөздері
86. Бай адам
мен кедей адамның өмірге
87. СӨЗ СОҢЫ
1. КІРІСПЕ «Бір сағат білім іздеу, үйрену түні бойы намаз оқып шыққаннан артық. Бір күн білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан да артық».Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.)
Кеңес үкіметіндегі
социалистік жүйе жекелеген адамдар
ақылды шешім қабылдай алатын қабілеттеріне
сенбейтігіндігімен ерекшеленді. Сол
кезде билікке ие болған адамдар
барлық нәрсенің орталықтандырылып, үкімет
қолында жинақталғанын қалады. Ол
үкіметтің қалай тас-
«Қазақтың бiр мақалы: "өнер алды – бiрлiк, ырыс алды – тiрлiк" дейдi. Бiрлiк қандай елде болады, қайтсе тату болады – бiлмейдi. Қазақ ойлайды: бiрлiк ат ортақ, ас ортақ, киiм ортақ, дәулет ортақ болса екен дейдi. Олай болғанда байлықтан не пайда, кедейлiктен не залал? Ағайын құрымай мал iздеп не керек? Жоқ, бiрлiк – ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Бiрлiк малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек, сонда әркiм несiбесiн Құдайдан тiлейдi, әйтпесе Құдайдан тiлемейдi, шаруа iздемейдi. Әуелi бiрiне-бiрi пәле iздейдi. Не түсiн, не ажарын, не өкпесiн бұлдап, ол болмаса, бiр пәле салып, қорғалатып, әйтеуiр бiрiн-бiрi алдаудың амалын iздеседi. Мұның қай жерiнен бiрлiк шықты? ». Абай, алтыншы қара сөз. Адамды істеген ісінен білесің. Көптеген адамдардың табысқа жетпеуінің, жоқшылықта өмір кешуінің, денаулығының нашар болуының себебі, өзі туралы өте төмен пікірде, қабілетім жоқ, өрем жетпейді деп есептейді. Бұл алған тәрбиенің нәтижесі, себебі – сәби, бала күнінен кейбір аналардың, әкелердің: надандықтың салдарынан өздерінің туған балаларын қарғап-сілеуден, аузына түскен былапыт сөзбен боқтаудан және ананы істеме, мынаны істеме деп өзін силауды ұмыттырып жібергенінен. Ол өзін-өзі бағалай алмайды. Осы сөздердің бәрі барып оның Ғазиз жанына жазылып қалады. Адамды басқаратын сана болғандықтан, баланың туған анасы мен әкесі өзінің баласына сәби күнінде-ақ, жоқшылық пен кедейшіліктің өмірлік бағдарламасын санасына жазып бергенін, өмірге деген құлшынысын, арманын, мақсатын бесікте жатқанда-ақ тұншықтырып, буындырып өлтіріп тастағанын білмейді де, сезбейді де...
Біздің қоғамда жалпы мораль өзін-өзі силаған, сүйген адамды жазғырады, сондықтан да өзіңіз туралы басқа адамдардың теріс пікірін өзіңіз жоққа шығарған уақытта табыс келеді.
Дана халқымыз айтады: «Егер адамды бір қабат тойындырғыңыз келсе – тамақ бер, ал өмір бойы тойындырғыңыз келсе – қармақ бер».
Есіңізде болсын! Осы оқып отырған кітабыңыз – сізге қармақпен балықты өз бетіңізше ұстауды үйрететін құрал.
Кім де кім өзін дамытқысы келсе, алдымен ойлау жүйесін өзгертіп сезімталдығын жетілдіру қажет. Бұл тек дайындықтың басы ғана. Осының бір жолы білім алу. Сіз осы кітапта баяндалған ілімді үйренсеңіз, қазіргі ХХI ғасырдың экономиканың заңдылықтарының тылсым сырларын түсінесіз. Тұрмысыңыз бен денсаулығыңыз да күрт жақсара бастайды, себебі біліммен сусындайсыз. Өзіңізге мәлім емес қабілет пен қасиеттеріңіз ашылады.
Молшылық пен байлық – біз өндіріп, өсіріп жатқан заттар емес және осылай екен деп ойлауымыз да емес. Егер біздің ақыл-есіміз бен ойымыз, аз-маз баршылықтың өзіне де разы болып – жоқшылыққа сенсе, еті үйренсе, онда қалған өміріңіз де түк өзгермей-ақ осылай өтеді.
Қайталап
айтайын, біз санамыз бен ойымыз
қабылдай алатын нәрсені – өзіміздің
қалауымыз бойынша ғана іске асыра
аламыз. Ең жаманы, ғарыштан келетін
молшылық пен байлықтың келер
жолын – санамыз бен ойлау
жүйеміздің жүдеулігінен жауып тастаймыз.
Біз молшылық пен байлық, денсаулық
туралы санамыз бен ойлау жүйемізді
біртіндеп өзгерте алсақ
Егер адам өз жағдайына қанағаттанбаса, оны екі жолмен өзгертуге болады: не өз өмірінің, не жан-дүниесінің жағдайын жақсарту арқылы. Біріншісі әрдайым болмағанмен, екіншісі әрдайым өз билігінде. Сократ.
2. Сөз басы«Қарапайым, қайырымды, таза, шыншыл, құдайшыл, әділетті, ержүрек, мейірімді болып қала бер және өз міндеттеріңді қызған. Не нәрседе болсын ақыл мен ардың нұсқауымен әрекет етуге тырыс, әркімнің игілігі үшін қам же. Өмір қысқа. Оның ең бағалы жемісі – адамдардың игілігі үшін ізгілікті істер істеуден қапы қалма». Марк Аврелий
Баяғыда біреу
үлкен ғұламаға барып, өмірімнің
соңына дейін бақытты және сәтті
болуым үшін не қажет деп сұрапты.
Ғұлама осының бәрі өзіңде бар деп
жауап беріпті. Бақыт пен сәттілік,
молшылық пен табыс сырттан келмейтін,
ішкі ағымдар. Біз өмір сүру ережесін
жоқшылыққа, аурушаңдыққа негіздемей,
керісінше гүлдену мен
Бiлiмдi үйрену және ойлау жүйесін өзгерту арқылы – байлыққа, шексіз бақытқа жету терең даналық ілім, осы ілімді жақсылап түсініп, санаңызға сіңіріп, жүрегіңізге ұялатып, ми қыртысыңыздың бір бөлігіне қашап жазып алмай: бақытты, дәулетті, мықты адам бола алмайсыз. Молшылық пен бақыт бiлiмнен туындайтын: ғарышпен, табиғатпен үндесіп жатқан, құпия сыры, ұңғыл шұңғылы, қалтарыстары көп ілім.
Дегенмен, әркiм дұрыс түсiнiп, барлығын қабылдап кетпесе де, Абай бабамыз тәрізді, бұл жазғандарымыздың жалпы жұртқа пайдасы болар деп үмiттенейік.
Адамның мақсатына байланысты қандай талаптардың болатынына келейік. Әркімнің ой-өрісіне байланысты сан қилы талаптардың болатыны туралы данышпан Абай өзiнiң қырық төртінші қара сөзiнде былай дейді:
«Талаптың iшiнде адам баласы көбiнесе басына қадiр iздеп, сол талапта болады. Бiреуі мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуiр мал тапсам, «мал тапқан ердiң жазығы жоқ» дейтұғын, «малдының бетi жарық» дейтұғын мақалға сенiп, халықтың түрiне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал Һәм пайда, Һәм қасиет болады бойыма дейдi. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда, бiрақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгiл, көңiл жиiркенетұғын iс. Осыған қарай бiреу ер атанамын, бiреу қажеке атанамын, бiреу молдеке, бiреу бiлгiш, қу, сұм атанамын деп, сол харекетте жүр».
Ойшыл адамның
сана-сезіміне байланысты осындай әр
түрлi жақсы-жаман өмiр талабы, яғни
мақсаты болатынын көрсетедi. Бiрақ
осылардың қайсысы болса да тұрақты
емес, өзгергіш-тұрлаусыз мақсаттар.
Сондықтан бұлар өзгермейтiн
Менің Сіз және оқырмандар ойлансын деп қойғым келген бірнеше сауалым бар. Олардың бірі: «Сіз неліктен тырысуыңыз керек? » Балалар «Неліктен? » деген сұрақты жиі қояды. Бұл маңызды сұрақ осы сауалдан туындап отыр. Менің сұрайын дегенім: «Неліктен ерте тұру керек? Неліктен қажымай жұмыс істеу керек? Неліктен соншалық көп табыс табу керек? Неліктен көп нәрседен бас тарту керек? »
«Сіз неліктен тырысуыңыз керек? » деген сауалдың ең дұрыс жауабы: «Неліктен олай етпеске? » деген екінші сауал болып табылады. Өміріңізде бұдан басқа Сіз не істемексіз? Өзіңіздің қаншалықты ұзаққа бара алатыныңызды неліктен байқап көрмеске? Өзіңіздің қаншалықты табыс таба алатыныңызды не оқи алатыныңызды неліктен байқап көрмеске?
3. Жаңа ғасырда басты бағытты қалай дұрыс таңдай білу керек
«Біздің өміріміздегі соншама маңызды нәрсе қазіргі жағдайымыз емес, қай бағытта жүріп бара жатқанымыз». Әсет Мұқашбеков
– Қазіргі жағдайдың адамы болып, өмір ағымынан қалып қалмау үшін не істеу керек?
– Өзіңіздің
өткен өміріңіз бен қазіргі күндегі
тіршілігіңізді талдап көріңіз –
айырмасының барлық жағдайда да жер
мен көктей екенін бірден сезе қоясыз:
адамдардың құлшынысынан, уақыттан, қалыпты
жағдайдан, жылдамдығынан т.б. Кей
кезде осы өмір ағынына ілесе
алмағандықтан өзімізді жайсыз сезінеміз,
бәлкім білмегендіктен не бейімделмегендіктен
шығар...Қазіргі жағдайдың
– Осы ғасырдың ерекшеліктерінің қандай белгілері бар?
– Бұл ғасырдың бірінші ерекшелігі өзгерістердің тез болуы. Өзіңіз де байқаған шығарсыз, бүгінгі жаңа деп жүргеніміз 1...2 айдан кейін ескіріп қалады да өзінің құндылығын жоғалтады. Әйелдер модаға ілесе алмайтын болды. Ұялы жаңа телефон сатып алғандар, ала салысымен басқа жаңасын сатып алуға мәжбүр. Егер де бұрын өмір ағыны бірқалыпты баяу жүріпжатса, қазір өзгеріс дегенің аяқ астынан, қалыпты өміріміз көз ілеспес шапшаңдықпен күнде өзгеруде.
Жаңа ғасырдың екінші ерекшелігі – жылдамдық.
Өзіңіз өткен күнмен салыстырғанда – қырандай самғап, сұңқардай шүйіліп өміріңіздің лезде өтіп жатқанын сезесіз бе? Алысқа бару дегенің ұшақтардың арқасында түкке тұрмай қалды, жер шарының қай жеріне болмасын әп-сәтте ұшып бара аласың. Баяғыда аталарымыз Меккеге қажылыққа бару үшін 2...3 жыл уақыт керек болса, қазір 2...3 апта ғана уақытта лып етіп барып келетін болды.
Өмірдің тез өзгеріп, қолма-қол құбылуына байланысты дағдарыс қаупі де белең алды. Осы дағдарыстың тууы жаңа ғасырдың – үшінші ерекшелігі.
Белгісіз вирустар, табиғи апаттарды күнделікті ақпарат құралдарынан толассыз естіп жатамыз. Үлкен компаниялардың ыдырауы (банкрот) , әлемдік алпауыттардың (магнат) қайыршылануы – міне адам баласы осы сұрақтардың бәрінің де шешуін жаңа ғасырда табуы керек.
Қазіргі заманның адамына қояр белгілі талаптар бар – соның бірі оқу, үйрену, себебі біліміміз мына заманның талабына сай келмесе – орта жолда қалып, заман ағымына ілесе алмай қаламыз. Бірақта осыған сай адамның да ойлау жүйесін, өзін өзгертуі қажет.
Өз басын өзгерте отырып қалай қауіпсіз сезінуге болады?
– Қауіпсіздікті тек қана өзіңіздің жеке бизнесіңізді ғана ашып қамтамасыз ете аласыз.
Егер де бұрын мемлекеттік мекемеде істегенде тұрақты түрде айлығыңды алып, ертеңіңе қам жемесеңіз, бүгін тек қана өзіңнің білім деңгейіңді үнемі жетілдіре отырып, өзгерістерге бейімделіп, өзіңнің жеке кәсіпкерлігіңді ашсаң ғана өзіңді қауіпсіз сезінесің.
Егер адамға жалақы керек болса – онда ол жұмысқа барады. Егер адамға үнемі кіріс керек болса – онда ол желі құрады. Желілі маркетинг өзіңіздің бизнесіңізді бөгетсіз ашуға мүмкіншілік береді. Тағы бір ерекшелігі бастапқыда көп қаржы құюдың да қажеті шамалы, сатып алушылардың делдалсыз тұрақты түрде өнімді алып – сатуларына кепілдік береді. Оның үстіне желілі бизнестің құрлымы анық та, мөлдір, осы қалып бизнестің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді.