Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.
Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............
Салымшы қалаған уақытта, қалаған кезде банктен өз жинаған және сыйақысын ала алатына сенімді болуы керек. Ал біздің басты мақсатымыз – осыны қамтамасыз ету. Сөз орайы кеп тұрған соң газет оқырмандарына «Казкоммерцбанк» АҚ халық салымын міндетті ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушысы екенін естеріңе салғым келеді. Бұл дегеніміз, Казкоммерцбанкдағы жеке тұлғалардың барлық салымдары кепілдендірілген; ал кепілдендіру жүйесіне қатысушы банкті күштеп ликвидациялау жағдайында салымшыларға кепілді төленетін максимальді сома 2008 жылы 5 млн теңгеге дейін ұлғайды.
Депозитті қалай таңдау керек туралы сұраққа оралайық. Депозитке ақша салынбастан бұрын, сіз салымды ашып отырған мақсатыңызды түсінуіңіз қажет: қолда бар жинақты болашаққа қалдыру ма немес нақты бір мақсатқа ақша жинау ма (мәселен, жөндеу жұмыстарын жүргізу немесе жиһаз сатып алу), мүмкін, сізді балаңыздың оқуына қаражатты қайдан алатыныңыз туралы ой мазалап жүрген шығар?
Біз салымды таңдауға ықпалын тиггізетін барлық себептерді алдын ала ескертуге тырыстық. Сондай-ақ әрбір салымшының мұқтаждығына сай болатын, тиімді шарттар қарастырылған бірегей депозиттік желіні ойластырып шығардық.
Бүгінгі таңда ақша салымдарының барлық түрлерінің арасында табыстылық пен тартымдылығы жағынан көшбасшылыққа, қаржыңыздщы тиімді түрде сақтап, кепілді табысқа қол жеткізетін КАЗКОМ-ның депозиттері ие болып отыр. КАЗКОМ ұсындағы ауқымды депозиттік желісі арқылы Сіз өзіңізге тиімді шарттары бар салым түрін таңдай аласыз.
Осыған байланысты Казкоммерцбанктің келесі салымдардардың түрлерін ұсынады:
«Үздік» депозиті;
«Еркіндік» депозиті;
«Мультивалюталық» депозиті;
«Зейнеткерлік» депозиті;
«Балалар» депозиті;
«Сенімділік» депозиті;
«Жалақы» салымы.
Жоғарыда аталып кеткен салымдарды, кесте түрінде көрсетілген (Кесте 19).
Кесте 19
«Казкоммерцбанк» АҚ депозиттердің шарттары
Депозиттердің түрлері | Минималды бастапқы жарна | Салым мерзімі | Валлюта |
«Еркіндік» депозиті | 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары/100 Еуро | 1-12, 13, 18 және 37 ай | Теңге, АҚШ доллар, Еуро |
«Зейнеткерлік» депозиті | 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары/100 Еуро | 3, 6, 12, 18, 24, 36, 37 және 60 ай | Теңге, АҚШ доллар, Еуро |
«Үздік» депозиті | 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары/100 Еуро | 3, 6, 12, 18, 24, 36, 37 және 60 ай | Теңге, АҚШ доллар, Еуро
|
«Мультивалюталық» депозиті | 150 000 теңге немесе 1000 АҚШ доллары/ 1000 Еуро | 13, 18 және 37 ай | Теңге, АҚШ доллар, Еуро
|
«Сенімділік» депозиті | 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары/100 Еуро | 12 айдан кем болмауы тиіс | Теңге, АҚШ доллар, Еуро
|
«Балалар» депозиті | 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары/100 Еуро | 12 айдан кем болмауы тиіс | Теңге, АҚШ доллар, Еуро |
Ал әр бір салымдарға жеке-жеке тоқталайық:
«Үздік» депозиті: мөлшерлеме 5 жылға дейін мерзімге сақталады.
Жинағанын сақтап қалу және қолда бар қаражатты болашақта көбейтуді көздейтін салымшылар үшін біз «Үздік» депозитін ұсынамыз. Аталған депозиттің толықтыру мүмкіндігі бар және сыйақы мөлшерлемесі ұзақ мерзімге (5 жылға дейін) белгіленген, ал бұл құбылмалы уақытта өте маңызды. Бұл дегеніміз, 5 жыл өткен соң салымшы кепілді түрде – яғни, нарық коньюнктурасының өзгеруіне және пайыздық мөлшерлеменің төмендеуіне тәуелді болмайды – банкттік салымның келісім-шартында көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бойынша қаражатын алады. Сондай-ақ қаражатты осы депозитке салсаңыз, сіз ақшаны жұмсап қоюдан аулақ жүресіз (біз банкке салған ақшамызды алып, оны жұмсайтын кездері банктегі ақшаға жүгірмесек те болатын еді дегенмен келісетін шығарсыз). Ал мақсатыңызға (жинақталған ақшаға) қол жеткізгенде, марапат ретінде рухани серпінділікпен көтеріңкі көңіл-күй және салым бойынша жоғары сыйақы ала аласыз. әдетте, осындай салымдардың пайыздық мөлшерлемесі ақшаны бөліп-бөліп алуға болатын салымдардан гөрі жоғары болады.
«Еркіндік» депозиті – ақша айналымының толық еркіндігі.
Мәселен, сізде белгілі бір сома бар, алайда бұл ақша қомақты зат сатып алуға жеткіліксіз немесе қолыңызда уақытша бір сома бар, алайда бұл ақша сізге қай кезде керек болатын білмейсіз. Қолда бар ақшаны жоймай, оның үстінен қосымша ақша жинау үшін біз сізге «Еркіндік» депозитін ұсынамыз. Депозит атауының өзі айтып тұрғандай, бұл депозит – қаражаттың еркін айналымы. Депозит шарттары қолайлы және тиімді: сіз қалаған уақытта депозитке ақша сала аласыз немесе есептелген сыйақыны жоғалтпай, ақшаны бөліп-бөліп ала аласыз. Егер кенеттен ақша қажет болып қалса, 3 ай өткен соң сіз банктік салымның келісімшартын бұзып, толық мөлшерлеме бойынша есептелген сыйақыны ала-аласыз.
«Мультивалюталық» депозиті – ақшаңызды түрлі қоржында сақтаңыз.
Соңғы кездері салымшылар арсында «Мультивалюталық» депозиті сұранысқа ие. Бұл түсінікті де: құбылмалы қаржы жағдайында, әсіресе, теңге девальвациясынан соң халықтың доллар мен еуроға қызығушылығы арта түсті. Мультивалюталық салым ашқан салымшы өз ақшасын бір мезгілде үш валютада (теңге, АҚШ доллары және еуро) орналастыра алады. Ал валюта арақатынасын салымшының өзі таңдайды. Бұл салым ақшаны бір валюта шотынан екінші валютаның шотына аударуға мүмкіндік береді және ондай кезде сіз банктік салымның келісім-шартын бұзбайсыз, сондай-ақ есептелген сыйақыны жоғалтпайсыз.
«Зейнеткерлік» депозиті – салымның ең үздік шарттары.
Біз зейнеткерлерге ерекше көңіл бөлеміз. Олар банк клиенттерінің ең адал тобы болғандықтан біз депозиттің ең үздік шарттарын ұсынамыз. «Зейнеткерлік» салымның пайыздық мөлшерлемесі жоғары (жылдық 12,5%, ал тиімді мөлшерлеме – 13,2%), сондай-ақ депозиттегі ақшаны бөліп-бөліп алуға рұқсат берілген. Ал ай сайын төленетін және салымшыөз картасынан ала-алатын депозит сомасына есептелген пайыз салымшының зейнетақысына қосымша ақша ретінде үнемі белгілі бір қызметті (мәселен, коммуналдық қызметті) төлеуге мүмкіндік береді.
Біз салымшыларымыздың арсынан тек зейнеткерлерді емес, сондай-ақ өмірдегі «негізгі міндеттерін» орындаған – ағаш отырғызып, үй салып, бала өсіріп дегендей – қазірдің өзінше күш-жігерге толы, алайда болашағын ойлайтын, 45-тен асқан жандарға да біз «Зейнеткерлік» салымын ашуды ұсынамыз.
Біздің депозиттік желіде шартты салымдар да бар – «Балалар» және «Сенімділік» салымдары. Бұл салымдардың шартты деп аталуының себебі – салымды пайдалану шарттарын ақша салатын адам белгілейді.
«Балалар» салымын тек ата-анасын ғана емес, сондай-ақ баланы жақсы көретін және болашағын ойлайтын адамдар да – ата-әжесі, апасы, ағасы және т.б жандар аша алады. Бұл ұзақ мерзімді салым. «Балалар» салымын ашқан сіз ғана қашан және қандай шартпен салым және үстінен есептелген сыйақы балаға берілетінін шешесіз.
ҚР заңдарына сәйкес, баланың атына шот ашардың алдында, сіз баланың ата-анасынан немесе бала үшін жауап беретін заңды тұлғадан нотариусте куәландырылған сенімхат алып келуіңіз қажет.
Салым салушы келісім-шартта көрсеткен шарттар жүзеге аспайынша, салым салушының рұқсатынсыз депозиттен ақша алуға болмайды. Уақыт тез өтеді, ал балалардың болашағы ата-аналарының бүгін қабылдаған шешіміне байланысты.
Сіз қойған талаптарды бала орындамаған жағдайда, сіз банк салымының келісім-шартындағы шарттарды өзгерте аласыз. Банк салымының шарттарын өзгерту немесе оның күшін жою үшін сіз банкке келіп, өтініш жазуыңыз қажет.
«Балалар» депозитінің мерзімі 12 ай және одан жоғары. Сыйақы мөлшерлемесі теңгемен 11% құрайды.
Бала дүниеге келген күннен бастап, 16 жасқа толғанша аталған депозитті аша аласыз.
Келісім-шарттың талаптарына сәйкес, бала (салымшы) төменде көрсетілген жағдайда ғана депозиттегі ақшаны ала алады:
- Депозитті ашқан адамның келісім-шартта көрсеткен талаптары орындалған кезде немесе ақша алудың мерзімі келген кезде;
- Депозитті ашқан адамның балаға ақшаны беру туралы нотариуске куәландырған келісімі болған кезде ғана балаға депозиттегі ақша беріледі.
Мысалы: бала әлі кішкентай делік. Әжесі немересінің атына депозит ашып қойды. Алайда баланың депозитіндегі ақшаны ата-анасы алғысы келді. Бұл жағдайда олар, депозитті ашқан адамның, яғни бала әжесінің рұқсатынсыз, ақшаны ала алмайды!
Тағы бір мысал: баланың әке-шешесі көп уақыт бойы ақша жинаумен болды. Алайда баланың атына депозит ашқан баланың анасы делік. Бұл жағдайда депозитті ашқан адамға, яғни бала анасына салымдағы ақша бала әкесінің рұқсатымен ғана беріледі. Бұл дұрыс та шығар, йткені біздің заңдарымыз бірінші кезекте кішкентай баланың мүддесін қорғауға бағытталған.
«Сенімділік» депозиті – жақындары мен туған-туысқандарына қаржылай көмектесе алатын жандарға арналған. Салымға ақша салуға болады және ақшаны бөліп-бөліп алуға болады. Ақшаны беру шарттарын салым ашқан адам белгілейді. Осы салымды біз балалары басқа қалада оқитын ата-аналарға ашуға кеңес берер едік. Олар үлкен балаларының атына ашылған, депозитте жатқан ақшаның қай сомасын балаларына беріп тұруды келісімде алдын-ала көрсете алады.
Казкоммерцбанктың тағы ір қызметіне назар салыңыз – «Жалақы салымы» - біз нарықтағы бірінші болып өз клиенттеріміздегі осы жобаны ұсындық. Жобаның ұраны: «Ақшаны бүгін жұмсамай ертеңге қалдырыңыз!».
Келесі айдан бастап ақшаны үнемдеп, ақша жинақтаймын деп, өмірде бір рет болса да осылай өз-өзіне сөз бермеген адам жоқ шығар? Ия, қалай екен? Тәжірибе көрсеткендей, осындай уәденіорындау қиын. Статистика көрсеткендей, біздің бюджетіміздің шамамен 10-15% қажетсіз шығындар құрайды. Жора-жолжастарымның тәжірибесінен білемін, жалақыларын алғаннан кейін, депозитке ақша салуға шешім қабылданғанымен, айтқандарын істемейді. Өйткені банкке барып, сол ақшаны салу керек қой. Ал ондай кездері үнемі бір сылтау табылады. Жарайды, осы айда ақшамды жұмсай тұрайын, ал келесі айдан жаңа өмір бастаймын және ақшамды жинақтаймын дегендей... Сосын бір айдың ішінде ақша болмағандай. Ал ақша жинап, теңіз жағасына демалуға бару немесе ем алу секілді армандар арман болып қалады.
Ал «Жалақы салымы» менің осындай достарым, жора-жолдастарым сияқты адамдарға арналған.
Егер сіз жалақыңызды Казкоммерцбанк арқылы алсаңыз, онда ақшаңыздың бір мөлшерін ай сайын, банкке бармай-ақ, депозитке аудара аласыз. Ол үшін тек бір рет жинақ шотын (салым) ашу туралы шешім қабылдап, жалақыдан ай сайын жинақ шотыңызға автоматты түрде ақша аудару туралы өтініш жазуыңыз қажет. Салымға аударылатын соманың мөлшері нақты бір сома немесе жалақыңыздың пайызы ретінде көрсетілуі мүмкін.
Банк клиенттері бірден бірнеше салымға, ұлттық және шетел валютасында ақша аудара алады. Сондай-ақ өз жинақ шотыңызға ақша аударумен қатар, үшінші тараптың да жинақ шотына ақша аудара аласыз.
Казкоммерцбанктің осы қызметін табысы тұрақты, алайда үлкен табысы жоқ адамдар бағалайды: батапқы жарнаның сомасы 1500 теңгені, 10 долларды немесе 10 еуроны құрайды.
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның барлық салымшылары несиені депозитті кепілдікке қою арқылы рәсімдей алады. Ондай кезде сіз салымыңызды, салым бойынша сыйақы мөлшерін сақтап қаласыз және несиені рәсімдеуге уақытыңызды үнемдейсіз [27].
Қорытынды
Несие жүйесінің негізгі буыны ─ банктер. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады.
Банктің атқаратын қызметтерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
- Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
- Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
- Ақша айналымын реттеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің
төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
- Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
- Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Республикада екі деңгейлі банк жүйесі бар: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк - коммерциялық банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Қарастырылған тақырып аясында келесі қорытынды шығаруға болады:
«Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» былай қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары тек несиелеуге ғана емес, сол сияқты басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды қаржыландыру үшін пайдаланылады. Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және таратылған қаражаттарының жиынтығы.
Банк ресурсы екі құрылымнан тұрады:
- Банктің меншікті капиталы;
- Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.
Меншікті капитал – банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)