Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады.

Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқығы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.

Банк стратегиясы - көшбасындағы банк пен қаржы қызметтерінің провайдері позициясын сақтап қалу, өсім мен операциялық тиімділік арқылы пайданы ұлғайту. Осы стратегияны жүзеге асырудағы  Банк ұстанымы [27].

Банк өзінің ұстанымын жүзеге асыру, яғни қызмет нәтижесінде пайданы ұлғайту үшін банктің ресурстардың көлемі тұрақты болуы тиіс. Ал банктік ресурстарды қалыптасытруда меншікті капиталдың маңызы өте зор.

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын  қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебіне банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспондентік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша  ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің  мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әр бір коммерциялық банк өзінің корреспондентік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық  және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін  құрылған банктің әр түрлі қорларымен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

2008 жылдың аяғында Банктің жиынтық капитализациясы 1516 млрд. тенгені (12,5 млрд. АҚШ доллары) құраған еді, бұл 2007 жылға қарағанда 9,2%-ға төмендегенін көрсетті. Бұл көрсеткіштің төмендеуінің себебі, өйткені банктің ұзақмерзімді міндеттемелері субординирленген қарыздың 8,8%-ға төмендеуінің әсерінен 11,7%-ға азайды (Кесте 1). 

Меншікті капиталдың 6917 млрд.тенгеге өсуі Банктік ағымды пайданың капитализациялаудың арқасында асырылды.

 

 

Кесте 1

«Казкомерцбанк» АҚ-ның капитализациялануы

 

 

2007

2008

+\-  млн.тенге

%

Ұзақмерзімді міндеттемелері

1254602

1085012

-169590

-13.5

Субордиленген қарыз

108166

117724

9558

8,8

Міндеттемелер барлығы

1362768

1202736

-160032

-11,7

Меншікті капитал

 

 

 

 

Жай акциялар

5749

5746

-3

-0,05

Артықшылығы бар акциялар

1249

1244

-5

-0,4

Жарғылық капитал

6998

6990

-8

-0,1

Акциялар бойынша сыйақы

152855

152684

-171

-0,1

Негізгі қорды қайта бағалау

6020

6918

898

14,9

Басқалай резервтер

140794

146992

6198

4,4

Меншікті капитал барлығы

306667

313584

6917

2,25

Капитализация барлығы

1669435

1516320

-153115

-9,17

 

 

Жоғары кесте мәліметтері бойынша 2008 жылда банктің капитализациялану көлемі 9,17%-ға төмендеп, 1516320 млн.тенгені құраған еді. «Казкоммерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталы 2009 жылдың қорытындысы бойынша 389839 млн.тенгені құраған еді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 76227 млн.тенгеге немесе 24,3%-ға артық (Кесте 2). Банктің меншікті капиталдың ішінде жарғылық капитал әдетте ең үлкен үлесті алады, бірақ та банктің меншікті капиталында эмиссиялық табыс пен резервтердің көлемі өте үлкен үлестерге ие.

 

 

Кесте 2

Банктің меншікті капиталының өзгеруі

 

Көрсеткіш

2007

2008

2009

2009-2008

+/- млн.тенге

%

Жарғылық капитал

6998

6990

9031

2041

29,2

Эмиссиялық табыс

152855

152684

195006

42322

27,7

Негізгі қорды қайтабағалау қоры

6020

6918

4935

-1983

-28,7

Басқа резервтер

 

140794

146992

180839

33847

23,02

Барлығы меншікті капитал

306667

313584

389811

76227

24,3

 

 

2009 жылда Банктің меншікті капиталында 2009 жылда жарғылық капиталы 2,3% үлесін ғана алды, бұл көрсеткіштің үлесі үш жылдың ішінде өзгеріске ұшыраған жоқ. Капиталдың құрамында ең үлкен мөлшерді эмиссиялық табыс алады, 2009 жылы – 195006 млн.тенге, 2008 жылы – 152684 млн.тенге, 2007 жылы – 152855 млн.тенгені, үлес салмағы сәйкесінше 50,0%, 48,7%, және 49,9%-ды құраған еді (Кесте 3).

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық  және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін  құрылған банктің әр түрлі қорларымен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

 

 

Кесте 3

Банктің меншікті капиталдың құрылымы

 

Көрсеткіштер

2007

2008

2009

млн.тенге

%

млн.тенге

%

млн.тенге

%

Жарғылық капитал

6998

2,3

6990

2,2

9031

2,3

Эмиссиялық табыс

152855

49,9

152684

48,7

195006

50,0

Негізгі қорды қайтабағалау қоры

6020

1,9

6918

2,2

4935

1,3

Басқа резервтер

140794

45,9

146992

46,9

180839

46,4

Барлығы меншікті капитал

306667

100

313584

100

389811

100

 

 

Банктің төтенше жағдайларға қалыптасқан әр түрлі қорлар меншікті капиталдың ішінде 2009 жылы 46,4%-ды, 2008 жылы – 46,9%-ды, 2007 жылы – 45,9%-ды алған еді (Сурет 3).

 

 

 

Сурет 3. 2009 ж. Банктің меншікті капиталдың құрылымы,  %

 

 

Меншікті капиталдың ең маңызды бөлігі жарғылық капитал болып саналады, себебі бастапқы жарналар жарғылық капитал ішінде қалыптасады. «Казкоммерцбанк» АҚ-ның жарғылық капиталын талдайық (Кесте 4).

Кесте 4

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның жарғылық капиталын талдау

 

Көрсеткіштер

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Банктің жарғылық капиталы, млн тенге

6998

6990

9031

Банктің меншікті капиталы, млн тенге

306667

313584

389811

Меншікті капитал ішінде жарғылық капиталдың үлесі, %

2,28

2,22

2,32

Банк активі, млн тенге

2997232

2614805

2587873

Банк активінің ішінде жарғылық капиталдың үлесі, %

0,23

0,27

0,35

Банктің несиелік салымдары, млн тенге

2366335

2144782

2160767

Жарғылық капиталдың несие салымдарының ішіндегі үлесі, %

0,3

0,33

0,42

Банк міндеттемелері, млн тенге

 

2678013

2300943

2198285

Жарғылық капиталдың міндеттемелерге қатынасы, %

0,26

0,3

0,41

Банктің тартылған қаражаттары, млн тенге

1745178

2145789

2016405

Жарғылық капиталдың тартылған қаражатқа қатынасы, %

0,4

0,33

0,45

Банктің заемдық қаражаттары, млн тенге

453107

155154

932835

Жарғылық капиталдың заемдық қаражатқа қатынасы, %

1,54

2,23

0,97

Баланс валютасы, млн тенге

 

2997232

2614805

2587873

Жарғылық капиталдың баланс валютасына қатынасы, %

0,23

0,27

0,35

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)