Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

 

 

Жарғылық капиталды талдау кезінде ең алдымен оның қалыптасу толықтығына көңіл аударады. Меншікті капиталдың ішінде жарғылық капитал ең үлкен үлесті алады: 2007 жылы – 2,28%, 2008 жылы – 2,2%, 2009 жылы – 2,32%. Сонымен қатар «Заемдық қаражаттар» бойынша кему байқалады, яғни 2007 жылдан 2009 жылға жарғылық капиталдың үлесі 1,54%-дан 0,97%-ға дейін кеміді. Жарғылық капиталдың банк активіндегі үлесі 2007 жылы – 0,23%, 2008 жылы – 0,27%, 2009 жылы – 0,35%-ды құрайды. Жарғылық капиталдың несие салымдарының ішіндегі үлесі қарастырылған уақыт ішінде 0,3%-дан 0,42%-ға дейін өсті. Жарғылық капиталдың банктің тартылған қаражаттар ішіндегі үлесі 0,4%-дан 0,45%-ға дейін өсім көрсетті.

Жалпы қарастырылған жылдарда барлық көрсеткіштер бойынша өсу қарқыны байқалады, бұл банктің тұрақты және сенімді жұмыс атқарғанын дәлелдейді.

Меншікті капиталды талдаудың келесі кезеңі оның құрылымын сипаттайтын қаржылық коэффициенттерді есептеу болып табылады. Коэффициенттердің есептеу әдістемесі төменгі 5 кестеде көрсетілген:

 

 

Кесте 5

Қаржылық коэффициенттердің есебі

 

Көрсеткіш

Формуласы

Көрсеткіш мәні

2007

2008

2009

Тәуелсіз коэффициенті

Меншікті капитал/ баланс валютасы*100

13,97

12,45

11,57

Тәуелдік коэффициенті

Ұзақмерзімді пассив/(меншікті капитал+ұзақ мерзімді пассив)*100

49,1

48,3

46,9

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

(меншікті капитал + ұзақ мерзімді пассив)/баланс валютасы*100

27,5

24,1

21,8

Тиімділік коэффициенті

(Меншікті қаражат-нетто)/несиелік салымдар

0,1

0,13

0,11

 

 

Тәуелсіз коэффициенті мүліктің жалпы құнына салынған қаражаттар үлесін сипаттайды. Ол банк өзіне залалды келтірмей активтердің бағасын қаншалықты төмендете алатының көрсетеді. Кесте 5 мәліметтері негізінде Банктің тәуелсіз коэффициенті жоғары мәнге ие: 2007ж – 13,97%, 2008ж – 12,45%, 2009ж – 11,57%. Сондықтан банк мүлігінің көп бөлігі меншікті капитал есебінен құрылады деген қорытынды шығаруға болады.

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті банк ұзақ уақыт ішінде қолдана алатын қаржыландыру көздерінің үлесін көрсетеді. Банктің мәліметтері негізінде ұзақмерзімді қаржыландыру көздерінің үлесі төмендеді: 2007 ж – 27,5%, 2008ж – 24,1%, 2009ж – 21,8%.

Тиімділік коэффициенті банктің меншікті капиталы несиелік салымдардың көзі ретінде қатысу дәрежесін, яғни несие салымдардың 1 тенгесіне меншікті қаражаттар келетінін көрсетеді. Бұл коэффициентін мәні қаншалықты бірге жақын болса, несиелік салымдарды меншікті қаражаттармен жабу дәрежесі соншалықты жоғары болады.

                Банктің меншікті капитал мен тартылған қаражаттар сомасы активтік операцияларды жүзеге асыру үшін құрылады. Сол себептен банк активтеріне тоқталып кетейік. 

2009 жылдың 1 қаңтарында Банктің жиынтық активтері 2614,8 млрд.теңгені құрады, өткен жылмен қарағанда 12,8%-ға төмендеді (2007 жылы - 2997,2 млрд.тнг) (Кесте 6).

Есеп жылында Казкоммерцбанк активтерінің төмендеуі жалпы банктің ссудалық портфелінің 9,4%-ға, яғни 221,5 млрд.тенгеге төмендеу салдарынан болды. 2008 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша банктің ссудалық портелі 2144,8 млрд.тенгені құраған, ал өткен жылда 2366,3 млрд.тенге көлемінде қалыптасқан еді.

 

 

Кесте 6

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның активтерінің өзгеру қарқыны

 

Актив

2007 жыл

2008 жыл

Өзгеріс

сомма,

млн тнг.

үлес

%

сомма,

мың тнг.

үлес

%

+/-

%

ҚР ҰБ ақша қаражаттары мен шоттар

168148

5,6

90478

3,5

-77670

-46,2

Құнды металлдар

-

-

317

-

-

-

Қаржылық активтер

188776

6,3

58130

2,2

-130646

-69,2

Банктерге берілген ссудалар мен қаражаттар

212823

7,1

241813

9,2

28990

13,6

Клиенттерге берілген ссудалар

2366335

78,9

2144782

82,0

-221553

-9,4

Сатуға арналған инвестициялар

3036

0,1

15056

0,7

12020

395

Өтеуге дейінгі инвестициялар

375

-

776

-

401

106,9

Тәуелді компанияларға инвестициялар

3222

0,1

1775

-

-1447

-44,9

Негізгі құралдар мен материалды емес активтер

34259

1,2

35465

1,4

1206

3,5

Басқалай активтер

20258

0,7

26213

1,0

5955

29,4

Активтер барлығы

2997232

100

2614805

100

-382427

-12,8

 

 

Кесте 6 мәліметтері бойынша 2009 жылдың 1 қаңтарына «Казкоммерцбанк» АҚ-ның активтер көлемі 2614,8 млрд. тенгені құрады, яғни 2007 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 382,4 млрд. тенгеге, 12,8%-ға төмендеді. Бұл Банктің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіндегі шоттары мен депозиттерінің 46,2%-ға, яғни 77,6 млрд. тенгеге азайып, есепті жылда 90,4 млрд.тенгені құраған. Банкпен клиенттерге берілген несиелер көлемі есепті жылда 9,4%-ға  кеміп, 2144,7 млрд. тенгені құрады. 2007 жылы Банкпен қаржылық құралдармен жүргізілген операциялардың көлемі күрт кеміді, яғни 69,2% кемуін беріп, 2009 жылдың басында 58130 млн. тенгені құраған. Банктің  инвестициялар көлемі артқан, сатуға арналған инвестициялардың мөлшері 395%-ға өсіп, 15056 млн.тенгеге тең болды. 

              2009 жылдың 1 қаңтарына «Казкоммерцбанк» активтерінің құрамын қарастыратын болсақ, ол үлкен өзгерістерге ұшыраған еді. Активтердің ішінде ең үлкен үлесті клиенттерге берілген несиелер (нетто) алады 2008 жылда оның үлесі 82,0%-ды 2007 жылдың аяғындағы 78,9%-бен салыстырғанда алады. Бағалы қағаздардың  үлесі (оның ішіне қаржылық активтер мен сатуға немесе өтеуге арналған инвестицияларды косса) 2,9%-ға дейін, яғни 2007 жылдың қорытындысы бойынша 6,5% үлесіне қарағанда төмендеді. ҚР Ұлттық банктегі ақша қаражаттарының ілесі банктің жиынтық активтердің көлемінде 5,6%-дан 3,5%-ға дейін төмендеді. Бұл көрсеткіштің төмендеуі ҚР Ұлттық банкпен жарияланған минималды резервтер бойынша нормативтік талаптардың өзгеруімен байланысты болды. Басқа банктерге берілген ссудалар мен орналастырылған қаражаттар үлесі жиынтық активтер көлемінде 7,1%-дан 9,2%-ға дейін өсті (Сурет  4).

Сурет 4. «Казкоммерцбанк» АҚ-ның активтерінің

құрылымы, 01.01.09ж.

 

 

2010 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша «Казкоммерцбанк» АҚ-ның жиынтық активтері 2587873 млн.тенгені құрады. Оның ішінде клиенттерге берілген ссудалар 2160767 млн.тенгеге, яғни жиынтық активтердің 83,5%-ын алады. Ал банктерге және басқадай қаржылық институттарға берілген несиелер көлемі 2009 жылда 148375 млн.тенгені құраған еді, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 93438 млн.тенгеге немесе 38,6% -ға аз көлемді көрсетті. 2009 жылы Банктің активінде ең көп үлесті клиенттерге банкпен берілген несиелер мен ссудалар, яғни 83,5%-ды құрайды (Кесте 7). Банктерге берілген ссудалар мен қаражаттар 2009 жылдың аяғында 5,73% үлесті қалыптастырды, бұл өткен кезенге қарағанда 3,47%  кемігенін көрсетеді (2008 жылы – 9,2%).

             

 

Кесте 7

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның активтерінің құрамы

 

Актив статьялары

01.01.2010 жыл

млн.тенге

%

ҚР ҰБ ақша қаражаттары мен шоттар

90 533

3,5

Құнды металлдар

1 209

0,04

Қаржылық активтер

114 203

4,42

Банктерге берілген ссудалар мен қаражаттар

148 375

5,73

Клиенттерге берілген ссудалар

2 160 767

83,5

Сатуға арналған инвестициялар

16 696

0,65

Өтеуге дейінгі инвестициялар

943

0,03

Негізгі құралдар мен материалды емес активтер

36 376

1,4

Басқалай активтер

18 771

0,73

Активтер барлығы

2 587 873

100

 

 

Тәуекелдерді басқару банктік қызметтің негізінде жатыр және Банктің операциялық қызметінің маңызды элементі болып табылады. Банк өзінің қызметін жүзеге асыру барысында нарыққа тән негізгі тәуекелдермен соқтығысуда, олардың ішінде баға тәуекелдігі, пайыздық мөлшерлеменің өзгеру тәуекелдігі, валюта тәуекелдігі, несие тәуекелдігі, өтімділік тәуекелдігі, құқық тәуекелдігі.

              Тәуекелдерді басқарудағы Банк саясаты Банк ұшыраған тәуекелдерді анықтауға, сараптауға және оны басқаруға, тәуекелдердің лимитін орнатуға, сондай-ақ тәуекелдік деңгейін және оның орнатылған лимиттерге сай болуын тұрақты бағалауға бағытталған [28]. Тәуекелдерді басқару бойынша саясат пен процедуралар нарықтың өзгеру шарттарына, ұсынылатын банктің өнімдері мен қызметтерін ескере үнемі қайта қаралып отырады.

              Банк нарық тәуекелдігін қаржы құралдарының жекелеген түрлері бойынша портфельдің көлеміне қарай ашық позициялар, пайыздық мөлшерлемені өзгерту мерзімдерінің айырмашылығы, валюта позициясы және жоғалту лимиттерін орнату арқылы және олардың орындалуы бойынша үнемі мониторинг жүргізу арқылы басқарады. Нарық тәуекелдігінің компоненті болып табылатын пайыз тәуекелдігін басқару, пайыздық міндеттемелердің пайыздық активтер мерзіміне сәйкес келмеу көлемінің мониторингі арқылы               Банктің таза пайыздық табысының пайыздық мөлшерлеме өзгерістерінің түрлі стандартты және стандартсыз сценарилеріне деген сезімталдығын мониторингтеу процедурасымен толықтырылады.

Сонымен қатар Банк, өзінің ашық сауда позициялары бойынша валюта тәуекелдігін басқару үшін тәуекелдік астындағы құнын бағалау (VaR) методологиясын және қарыздық қаржы құралдарының пайыз тәуекелдігін өлшеу үшін модификацияланған дюрацияны қолданады.

              Банк (балансты және баланстан тыс позициялар бойынша) несие тәуекелдігін басқару саясаты мен процедураларын, оған қоса несие портфелін шоғырландыру лимиттерін сақтау және орнату бойынша талаптарды жетілдірді. Банк жекелеген несиелердің жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп тұрады және жүйелі түрде өз клиенттерінің төлеу қабілеттілігіне қайта бағалау жүргізіп отырады. Жекелеген кредиттерге сараптау жүргізуден басқа Банк экономикалық салалар мен географиялық аумақтарына қарай несие тәуекелдігінің шоғырлануына байланысты несие портфелін бағалауды жүргізіп отырады [26].

              Жекелеген ерекше нарық сценарилерінің Банктің жалпы позициясына және жекелеген сауда портфельдеріне болуы мүмкін қаржылық әсерін модельдеу үшін Банк стресс-тестерді қолданып отыр. Стресс-тесттер төтенше жағдайларда пайда болатын потенциалды шығындардың көлемін анықтауға мүмкіндік береді. Банк қолданып отырған стресс-тесттерге төмендегілер кіреді: барысында әрбір тәуекелдік категориясы стрессті өзгерістерге ұшырайтын тәуекелдік факторларының стресс-тесттері, сондай-ақ жекелеген позициялар бойынша стрессті мүмкіндігі бар жағдайларды қолдануды қосатын арнайы стресс-тесттер.

              Құқық тәуекелдігін басқару сот шешімінің үкімін орындау нәтижесінде болатын шығындарды қоса, мүмкін болатын шығындарды азайту және болдырмау мақсатында жүзеге асырылады. Құқық тәуекелдігін басқару бірнеше кезеңдерден тұрады: әшкерелеу, бағалау, құқық тәуекелдігінің дәрежесін анықтау, құқық тәуекелдігін басқару, құқық тәуекелдігін басқаруды бақылау.

              Құқық тәуекелдігінің дәрежесін анықтау және бағалау мақсатында, құқық тәуекелдігінің пайда болуының ішкі және сыртқы факторлары сарапталынады; құқық тәуекелдігінің пайда болу себептерін анықтауға және бағалауға бағытталған түрлі тәсілдер мен әдістемелер қолданылады.

              Құқық тәуекелдігінің деңгейін анықтаған кезде келесі көрсеткіштер ескеріледі: жүйелі және қадағалау органдарының әсер ету санкциялары мен шектеу шараларын қолдануы; Банктен талап етілген және Банктің талап еткен сот арыздарының саны; сот үкімінің шешімдері негізіндегі ақшалай төлемдердің саны; Банк қызметкерлерімен банктік заңнаманың нормаларын бұзу жағдайларының саны.

              Құқық тәуекелдігін азайту, оның мониторингі төмендегі жолдар арқылы жүзеге асырылады: жасалынатын мәмілелер банк операцияларын стандартизациялау; Заң департаментімен ішкі нормативті құжаттарды қол қойылатын келісімдерді келісудің ішкі тәртібін орнату; заңнаманың өзгерістеріне мониторинг жүргізу; Банк филиалдарындағы заң бөлімдерінің берген есептеріне негізделе қызметтің негізгі бағыттары бойынша құқық тәуекелдігіне баға беруді жүзеге асыру.

              Құқық тәуекелдігін басқаруды бақылау дегеніміз құқық тәуекелдігінің пайда болу факторларының мониторингі және олардың Банк қызметінің тиісті тәуекелдік деңгейіне әсері; қызметтің ішкі және сыртқы шарттардың өзгерістерін ескере отырып ішкі нормативті құжаттардың мазмұндарының сәйкес келу сараптамасын жүзеге асыру.

 

 

2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау

 

 

Банктер өздерінің активтерін арттыру үшін капиталдың төменгі мөлшерде болғанын қалайды. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерінің тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес  болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер  өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ынтасыз болып келеді. Сондықтан банк жетекшілері бір жағынан, қадағалау және бақылау ұйымдары екінші жағынан, банк капиталы мен коммерциялық банктердің басқа да қызметіндегі параметрлер арасындағы қолайлы қатынасты табуға тырысады.

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)