Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

Осындай жағдайда коммерциялық банктердің активтік операцияларын қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:

-                                                                                                                                                                         депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

-                                                                                                                                                                         депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

-                                                                                                                                                                         депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

-                                                                                                                                                                         салым несиелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

1.      Банктердің активтік операциялары

Активтік операциялар – бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзегеасыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

2.       ссудалық операциялар;

3.       инвестициялық операциялар;

4.       депозиттік операциялар;

5.       қаржылық операциялар;

6.       басқа да операциялар.

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты және жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзі ретінде қызмет етеді [19].

Банктің инвестициялық операциялары – несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бғалы қағаздар портфелі қалыптастыруының екі мақсаты болады: бірішісі – банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.

Банктің инвестициялық операция жүргізетің бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

1)      мемлекеттің бағалы қағаздары;

2)      корпоративтік бағалы.

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстығына қарай үш түрге бөлінеді:

- Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға

жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтіледі.

- Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2-4 ретке дейін төленеді.

-    Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегітабыстардан құралады.

Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

                                                                                                                                                                      акциялар

                                                                                                                                                                      облигациялар

                                                                                                                                                                      депозиттік және жинақ сертификаттары

                                                                                                                                                                      ипотекалық куәліктер

                                                                                                                                                                      депозитаралық қолхаттар

Акция – бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Облигация – оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы ұаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін  растайтын бағалы қағаз.

Қазақстанда айналыста жүрген облигациялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

1. купондық облигация-инвестор банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі

2. дисконттық облигация-инвестор банктің облигацияны шығарудан номиналдық құнынан төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдану және банктермен корреспонденттік қатынас орнату негізінде дамиды. Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.

Лизинг – бұл лизинг берушінің қзіне тиесілі құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.

Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1.      Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құның толық өтемеуін сипаттайды.

2.       Қаржылық лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтуімен байланысты сипатталады.

Коммерциялық банктердің ең көп тараған делдалдық қызметінің бір түрі – факторинг.

Факторинг операциясы – жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық-делдалдық операция.

Факторинг операциясына үш тарап қатысады:

1.       Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.

2.       Клиент – факторинг компаниясымен келісімшарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.

3.       Кәсіпорын – тауарды сатып алушы фирма.

Форфейтинг операциясы – форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

1)      Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;

2)      Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;

3)      Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым [20].

Ресурстарды тару үшін банктер арасындағы бәсекелестік күресінің негізгі құралы проценттік саясаттың әртүрлілігі болып табылады, себебі салынған қаражатпен табыс табу клиенттерді салым жасауға елеулі ынталандырады. Депозиттік проценттік ставкалар деңгейін әрбір коммерциялық банк ҚР Ұлттық банкінің есептеу ставкасын бағдарға ала отырып, ақша рыногының жағдайына және өзінің депозиттік саясатына орай жеке белгілейді. Депозиттік есепшоттардың жекелеген түрлері бойынша табыс көлемі салымның мерзіміне, сомасына, есепшоттың қызмет ету түріне, қосымша қызметтердің көлемі мен сипатына және т.б. орай анықталады.

Талап етілгенге дейінгі есепшоттар жоғарыда айтылғандай иелерінің ағымдағы операцияларды жасауы үшін қолданылып, қалдықтың тұрақсыздығымен сипатталады, және осыған байланысты бұл есепшоттар тобы төменгі табыстылығымен ерекшеленеді. Заңды тұлғаларға ашылған талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражат қалдықтары бойынша проценттер тіпті есептелмеуі де мүмкін. Мұндай жағдайда әдетте, клиенттен есепайырысу-кассалық қызмет үшін төлем алынбайды. Дегенмен талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы табыстың жоқтығы олардың иелерін мұндағы қаражатты азайтуға және артылған сомаларды табыстылығы жоғары салымдарға (мерзімдік салымдар, бағалы қағаздар және т.б.) орналастыруға ынталандырады. Бұл есепшоттардан қаражаттың басқа жаққа кетуіне жол бермес үшін көптеген банктер кезең (әдетте тоқсан сайын) ішіндегі орташа қаражат қалдығына аздаған проценттер есептеуді қолданады.

Кейбір банктер клиенттердің талап етілгенге дейінгі есепшоттардағы қаражат қалдықтарын тұрақты ұстауын мынадай түрде ынталандырады: олар есепшоттағы қаражаттың ең төменгі қалдығына жоғары проценттер ұсынады, немесе клиенттерге төмендемейтін ірі қаражат қалдықтары үшін сыйлықақылар ұсынады.

Жеке тұлғалар үшін ашылған талап етілгенге дейінгі есепшоттар бойынша міндетті түрде проценттер белгіленеді, бірақ ол бойынша табыс мерзімдік салымға қарағанда әрдайым елеулі мөлшерде төмен болады.

Мерзімдік салымдар бойынша проценттік ставка мөлшерін белгілеу кезінде негізгі фактор қаражат орналастырылған мерзім болып табылады: неғұрлым мерзімі ұзақ болса, соғұрлым процент деңгейі жоғары болады. Ең елеулі мәселе табысты төлеу жиілігі болып табылады: неғұрлым жиі төленсе, соғұрлым проценттік ставка деңгейі төмен болады.

Салымшыларды өз қаражаттарын банкке орналастыруға қызықтыру мақсатында банк проценттерді есептеудің және төлеудің әртүрлі жолдарын қолданады.

Табысты есептеудің дәстүрлі түрі шартта көзделген процентке орай салым бойынша есепайырысулар және төлемдер белгілі кезеңділікпен жасалады және салымның нақты қалдығының есептеу базасы ретінде қолданылатын жай проценттер болып табылады. Әдетте жай проценттер мерзімдері 1 жылға дейінгі салымдарға есептеледі.

Жай проценттердің формуласы:

 

S = P*(1+in)                                                                                           (1)

 

мұндағы,

S – салым мерзімінің соңында күтілетін ақша қаражатының сомасы;

Р – проценттерді есептеудің бастапқы базасы;

і – проценттік ставка;

n - салым мерзімі.

Табысты есептеудің басқа түрі күрделі проценттер (процентке процент есептеу) болып табылады. Мұндай жағдайда есептеу кезеңі өтісімен салым сомасына процент есептеледі және алынған көлем салым сомасына қосылады. Осылайша келесі есептеу кезеңінде проценттік ставка табыс базасына есептелген жаңа өскен сомаға қолданылады. Күрделі проценттерді егер салым мерзімінің әрекеті аяқталуы бойынша табысқа нақты төлем жүргізілетін жағдайда пайдалану тиімді.

Күрделі проценттердің формуласы:

 

S = P*(1+i) n                                                             (2)

мұндағы,

S – салым мерзімінің соңында күтілетін ақша қаражатының сомасы;

Р – проценттерді есептеудің бастапқы базасы;

і – проценттік ставка;

n - салым мерзімі.

Салымшыларға қаражаттың салымда сақталудың нақты уақытының прогрессивті өсуіне байланысты проценттік ставканы қолдану тартымды болып табылады. Табысты есептеудің мұндай тәртібі қаражаттың сақталу мерзімін ұлғайтуды ынталандырып және салымды инфляциядан қорғайды.

Кейбір банктер инфляциялық шығындардың орнын өтеу мақсатымен проценттерді алдын ала төлеуді ұсынады. Мұндай жағдайда салымшы қаражатты белгілі мерзімге орналастыруда дереу оған есептелетін табысты алады. Егер шарт мерзімінен бұрын бұзылса, онда банк салым бойынша проценттерді қайта есептейді және артық төленген сомаларды салым сомасынан ұстап қалады [21].

Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, депозит – бұл белгілі бір уақыт өткен соң немесе алдын-ала келісім бойынша депозитордың алғашқы талабымен қайтарылатын немесе үшінші бір тұлғаға толық не жартылай берілетін, бір тұлғаның (депозитар) басқа тұлғаға – банкке (оның ішінде Ұлттық банкке) қайтырылу шартымен уақытша пайдалануға беретін ақшасы делінген.

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)