Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

 

 

Төменгі суретте Банк міндеттемелердің өзрегу динамикасы көрсетілген, ол бойынша міндеттемелер көлемінің кему тенденциясы байқалады (Сурет 7).

 

 

 

Сурет 7. Банк міндеттемелердің өзгеру динамикасы, млн.тенге

2008 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша клиенттердің қаражаттар көлемі 9,4%-ға өсіп және заңды тұлғалар салымдарының 22,3%-ға өсі салдарынан 979,5 млрд.тенгені құраған еді (Сурет 8). Банк бизнестің өсуіне консервативті түрде келетіндігін, және қорландырудың тұрақты өзектеріне сүйеніп әрекеттенетінін растайды.

 

 

 

Сурет 8. Клиенттердің қаражаттары, млрд.тенге

 

 

              Депозиттер банк үшін қаржыландырудың маңызды қайнар көзі болып табылады, сондықтан да Банк клиенттердің салымдары бойынша бәсекелес нарықтық шарттарды ұсынады. Банк Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарын кепіл қорына мүше болып табылады.

2008 жылдың аяғында ұлттық валютада клиенттердің қаражаттары жиынтық депозиттік қоржында 45,3% үлесін құрады, ал өткен кезеңде 60,6% үлесін алған еді (Кесте 11). 2008 жылдың ішінде мерзімді салымдардың үлесі өсіп, 84,0%-ды құрады (2007 жылы – 80,3%).  Клиенттер қаражаттарының құрамында заңды тұлғалардың қаражаттары 2007 жылы 65,4% үлесін алса, 2008 жылдың қорытындысы бойынша 7,7%-ға арттып, 73,1%-ды құраған еді. Ал жеке тұлғалардың салымдар үлесі 2007 жылға қарағанда есепті жылда азайып, 26,9% үлесін құрады. РЕПО келісімі бойынша алынған қаражаттардың көлемі есепті жылда 95 млн.тенгеге өсіп, 296 млн.тенгені құраған еді.

 

Кесте 11

Депозиттердің көлемі мен құрылымы

 

Атауы

2007 жыл

2008 жыл

млн.тенге

үлес,%

млн.тенге

үлес,%

Тенгеде

542152

60,6

443566

45,3

- талап етуге дейінгі депозиттер

130720

14,6

113943

11,6

- мерзімді депозиттер

411432

46,0

329623

33,7

Шетел валютада

352730

39,4

535591

54,7

- талап етуге дейінгі депозиттер

45401

5,1

42957

4,4

- мерзімді депозиттер

307329

34,3

492634

50,3

Барлығы

894882

100

979157

100

РЕПО келісімі бойынша алынған қаражаттар

201

0

296

0

РЕПО бірге барлық қаражаттар

895083

100

979453

100

- заңды тұлғалардың қаражаттары

585404

65,4

715682

73,1

- жеке тұлғалардың қаражаттары

309677

34,6

263771

26,9

 

 

2008 жылда 20 ірі клиенттен тартылған қаражаттардың концентрациясы 59,8%-ды, ал 2007 жылы – 43,4% құраған еді. Бұл 2008 жылда «Самрқ-Қазына» Ұлттық қоры басқарумен холдингтің құрылу салдырынан болған еді, бұл холдинг «Казмұнайгаз», «Қазақталеком» АҚ, «Қазақстан Темір жолы» АҚ ұлттық компаниялардың қызметтеріне бақылау жасайды. «Самрұқ-Қазына» ҰҚ-дан банкке түскен қаражаттардың көлемі 493,9 млрд.тенгені құрайды.

2009 жылдың аяғында клиенттердің қаражаттар көлемі 1 276 464 млн.тенгені құраған еді, оның ішінде есептелген пайыз шығындары 18 943 млн.тенге көлемінде қалыптасқан еді (2008 жылы: 14 610 млн.тенге, 2007 жылы: 16 516 млн.тенге). Төменгі 12 кестеде «Казкоммерцбанк» АҚ-ның клиенттер қаражаттарың құрамы көрсетілген:

 

 

Кесте 12

Банк клиенттерінің қаражаттары

млн.тенге

Салым түрі

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Мерзімді салымдар

701 854

789 780

799 880

Талап етуге дейінгі салымдар

175 979

153 967

299 926

«Самрұқ-Қазына» ҰӘҚ салымдары

17 049

35 110

175 583

Клиенттердің құнды металлдар салымдары

-

300

1 075

РЕПО келісімі бойынша

201

296

-

Барлығы

895 083

979 453

1 276 464

2009 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша 774 868 млн.тенге немесе 60,85 көлемінде клиенттердің қаражаттары 10 ірі клиентке тиесілі (2008 жылы: 565 565 млн.тенге немесе 57,74%, 2007 жылы: 335 853 млн.тенге немесе 37,52%).  Клиенттер қаражаттарының ішінде ең көбі химикалық және мұнай өнеркәсібінде жұмылдырылған еді, яғни 2009 жылдың аяғында оның көлемі 356 415 млн.тенгені құраған еді (Кесте 13) [26]. 

 

 

Кесте 13

Салалар бойынша банк клиенттерінің қаражаттары

млн.тенге

Салалар

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Химия мен мұнай өнеркәсібі

168778

393550

356415

Жеке сектор

309679

263771

327622

Мемлекеттік басқару ұйымдары

-

271

147447

Электрэнергия, газ, су өндірісі

16683

45386

116402

Инвестиция мен қаржы

146763

105169

92916

Транспорт және байланыс

56345

27644

48533

Жеке қызметтерді көрсету

30752

30249

48513

Көтерме және бөлшек сауда

39867

46667

43688

Құрылыс

36592

24711

35360

Білім беру

27261

10800

19002

Ауыл шаруашылығы

25766

13895

11019

Кен өндірісі

8402

6090

7655

Денсаулық сақтау

6830

2856

6450

Мейманхана бизнесі

694

1145

2805

Қоғам бірлестіктері

592

519

1516

Машина жасау

904

939

900

Жылжымалы мүлік

1704

606

890

Мәдениет және өнер

612

770

706

Жеңіл өнеркәсібі

1077

1168

580

Тамақ өнеркәсібі

2444

570

545

Энергетика

1

1

-

Клиенттердің құнды металдар салымдары

-

300

1075

Басқалары

13337

2376

6425

Барлығы

895083

979453

1276464

 

 

              2009 жылдың 31 желтоқсан жағдай бойынша РЕПО келісімі бойынша ссудалар клиенттердің қаражаттары ішінде 0 теңге көлемінде болды (2008 жылы: 296 млн.тенге, 2007 жылы: 201 млн.тенге).

              Банкпен шығарылған қарыздық бағалы қағаздар туралы айтсақ, 2009 жылдың аяғында олардың көлемі 463656 млн.тенгеге тең еді (2008 жылы: 678285 млн.тенге, 2007 жылы: 739688 млн.тенге). олар бойынша есептелген пайыдық шығыстар 14246 млн.тенгені құрады (2008 жылы: 19579 млн.тенге, 2007 жылы: 21125 млн.тенге).

              2009 жылда субординирленген заемның көлемі 136411 млн.тенгеге тең еді. Олар бойынша есептелген пайыздық шығыстар 2304 млн.тенгені құрады (2008 жылы: 1928 млн.тенге, 2007 жылы: 1793 млн.тенге).  «Казкоммерцбанк» АҚ-ның субординирленген заемның түрлері төменгі 14 кестеде көрсетілген:

 

 

Кесте 14

Банктің субординирленген қарыздың түрлері

 

Қарыз түрлері

Валюта

Өтеу мерзімі

% ставкасы

2009 жыл

млн.тенге

Субординирленген қарыз Kazkommerts Finance II B.V.

АҚШ доллары

2017

9,54

37097

Субординирленген облигациялар

тенге

2015-2019

9,00-9,50

31736

Субординирленген қарыз Kazkommerts Finance II B.V.

АҚШ доллары

2016

9,64

30709

Субординирленген қарыз Citigroup GMD AG & CO

АҚШ доллары

2014

8,19

15200

Мерзімсіз қарыз

Kazkommerts Finance II B.V

АҚШ доллары

-

9,25

14922

Артықшылығы бар акциялар бойынша міндеттемелер

АҚШ доллары

-

-

6747

Барлығы

 

 

 

136411

 

 

              Егер банк банкроттыққа ұшыраса, онда осы міндеттеме түрлері Банктің басқа кредиторлардың алдында міндеттемені орындағаннан кейін ғана өтеледі.

              «Казкоммерцбанк» АҚ-ы өз қызметін жүзеге асыруда, банктік ресурстарды тартады. Осынын аясында көп жұмыс атқарылуда, жоғарыда жүргізілген талдау оған дәлел болып келеді. Жыл сайын Банкпен банктік ресурстарды қалыптастыру бойынша жұмыстар оң нәтиже көрсетіп келеді.

 

 

2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау

 

 

Қаражатты орналастырудың негізгі бағыты несиелендіру болып табылады. 2009 жылғы 1 қаңтарда Банктің ссудалық портфелі (брутто) 2434,1 млрд. теңгені құрады, 2008 жылдың басына қарағанда 72,6 млрд.тенгеге төмендеді. Құжаттық операциялардың көлемі (брутто) де төмендеген, 2008 жылдың 31 желтоқсанында 147,1 млрд.тенгені құрады, ал жылдың басында 185,1 млрд.тенгеге тең болған еді.

              Банк ірі және орта қазақстандық өнеркәсіп кәсіпорындарын, Қазақстандағы қызмет ететін трансұлттық компанияларға, бірнеше салаларда қызме көрсетеді, яғни: саудалық қаржыландыру, жобалық қаржыландыру, қысқамерзімді қаржыландыру, орта және шағын бизнесті қаржыландыру.

              Сонымен қатар Банк жеке секторға да қызмет көрсетеді, яғни тұтыну және ипотекалық несиелендіру, төлем карталары бойынша несиелендіру, және де шағын бизнесті қолдау бағдарламалары шегінде дара кәсіпкерлерді несиелендіру жргізуде.

              Ссудалық потрфельде ең үлкен үлесті саудаға, жеке секторды несиелендіруге, тұрғын-үй немесе коммерциялық құрылысты несиелендіруге бағытталған түрлері алады, олардың ссудалық портфельде жалпы үлесі 55,3%-ды құрайды.

              2008 жылы Казкоммерцбанк ҚР Үкіметімен экономиканы тұрақтандыру бойынша шараларды жүзеге асырудың тетігі ретінде таңдалған еді. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, банк үшін өтімділікті қамтамасыз етеді, ал ол экономиканың әр түрлі секторларын несиелендіруге мүмкіндік береді. Банк тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру бойынша «Самрұқ – Қазына» ҰҚ-дың бағдарламаларына қатысушы болып табылады, бұл бағдарлама шегінде 32 млрд.тенге көлемінде салым сомалары алынған еді.

              Жалпы алғанда 2008 жылдың ішінде ссудалық портфельдің құрылымы өзгеріске ұшыраған еді, мәселен, құрылысқа берілген ссудалардың көлемі 10,3%-ға артқан, ал оның үлесі 20,9%-дан 23,8%-ға дейін өсті (Кесте 15). Жеке секторға тұтынушылық мақсатқа, тұрғын-үйдің құрылысына немесе сатып алуына берілген ссудалардың көлемі 15,7%-ға төмендеді, ал оның үлесі 18,8%-дан 16,3%-ға дейін азайған еді.               Сауда компанияларға берілге ссудалар 19,7%-ға төмендеуін көрсетті және олардың банктің ссудалық портфелінде 15,2%-ға дейін қысқарған еді.

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)