Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысы бәсеңдеген және халықаралық капитал рыноктарына жол ашылған жағдайда «Самұрық – Қазына» қоры нарық қағидаттары бойынша акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмауы керек. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.“Самұрық – Қазына ” қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайту тиіс [38,39].

Екіншіден, Стресті активтер қоры құрылды. Оның қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын активтер, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар баруі осындай активтер ретінде қарастырылады.

Банктерден мұндай қарыздарды сатып алу банктердің балансын өтімділігі аз активтерден тазартуға және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын баланстық құны бойынша жүзеге асырылатын болады.

2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.

Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық  компаниялардың, акционерлік  қоғамдардың, мемлекеттік   кәсіпорындардың және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттеріне орналастырылатын болады.

Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірелетін болады. Қаржы қадағалау агенттігі пруденциалды реттеу шеіберінде банктердің сыртқы міндеттемелерін және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға, яғни белсенді операцияларды көптеген жағдайда депозиттік база, атап айтқанда жеке тқлғалар есебінен қаржыландыруға ынталандыруы тиіс.

Таңдаулы  халықаралық практика негізінде банктердің капиталдандыру есебінің тәсілдері оңтайландыратын болады, бұл банк активтерін жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді қалыптастаруын көздейді.

Тәуекелді басқару жүйесіне және банктердегі ішкі  бақылауға талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен банктер өтімділікті жоғалту тәуекелі мониторингіге тәсілдерді елеулі түрде қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс.

Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа жағдайлардағы жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады. Зейнетақы қорларының салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет халықтың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарының сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, олардың хабардар етілуін және қаржылық сауаттылығын арттырды [40].

Халықтың зейнетақы қорларына барлық салымдарын мемлекет зейнетақы жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның деңгейінде олар бойынша кірістерді есепке ала отырып кепілдік береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан тұрақты төлем мониторингін жүзеге асыратын болады және жыл сайын инфляция есебі бойынша зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке шыққан сәттегі іс жүзіндегі жинақтар арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін республикалық бюджетте жыл сайын қажетті қаражат көзделеді.Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.

Әлем рецессияны бастан кешіріп, ғаламдық нарықта аумалы-төкпелі күй орнап отырғанда еліміздің экономикалық саясатындағы басты бағыт - қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып тұрғаны анық. Бұл орайда банктерге түсетін салмақ та, жауапкершілік те арта түсетіні белгілі.

Отандық банктерді қиын жағдайда қалдырып, қарап отырмайтындықтарын бұған дейін бірнеше рет мәлім еткен билік өкілдерінің айтқандары нақты іске ұласып та үлгерді. Үкімет банк жүйесін қолдауға арналған бірқатар шараларды жүзеге асыруда. Экономикаға қосымша қаржыны тиімді құя білу үшін нарық талаптарына сай ұтымды, ашық тетіктерді нақ осы банктер қамтамасыз етеді. Осы тұста мемлекеттің банктерге қолдау көрсету арқылы, оларда қолға алынып отырған басты мәселе - экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта бизнесті несиелеуді жүзеге асыру барысында делдал ретінде пайдаланып отырғанын айта кету керек. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру мен жақсартуға арналған арнайы шараларын іске асыруда екінші деңгейлі банктерді негізгі арна ретінде пайдалана отырып, мемлекет құрылыс секторына да жанама түрде жаңа дем береді. Сонымен қатар құрылыс секторын дамытудың мультипликаттық әсері болады. Демек, құрылысты жолға қою арқылы онымен байланысты құрылыс материалдары индустриясы, шағын және орта бизнес сияқты салалар да реттеліп, жаңа жұмыс орындары пайда болады [41]. Ал банктер мемлекет пен экономиканың арасында делдалдық қызмет атқару арқылы, яғни несие беруден түскен табыс есебінен өздері де пайда табады.

Еліміздегі қаржы секторын тұрақтандыру үшін қолға алынған шаралардың алғашқысы ең ірі төрт банкке қосымша қаржы құю болғаны белгілі. Осылайша, енді «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ арқылы құйылған қаржысының есебінен мемлекет «Альянс банк», «БТА банк», «Халық банк» және «Қазкоммерцбанк»-тің 25 пайыздық үлескері атанады. Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» аталған банктердің ұзақ уақыт бойы қатысушыларының бірі болып қалуды жоспарлап отырған жоқ. Әлемдік қаржы дағдарысы өз айылын жиып, халықаралық капитал нарығына жол ашылған кезде, ұлттық қор банк қатысушыларының қатарынан нарық қағидалары бойынша шығатын болады. Ал банк акционерлері 5 жыл мерзім ішінде мемлекеттік пакетті өз меншіктеріне қайта сатып алуға құқылы.

3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары

 

 

Тартылған қаражаттарды  тиімді басқару банктің депозиттік саясатының жасалуын көздейді.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты салым иелерінің ақшалай қаражаттарын депозитке  тарту және тартылған қаражаттарды тиімді басқарумен байланысты банктік саясатты білдіреді.

Депозиттік саясат банктің қаражаттарды тартумен байланысты стратегиясы мен тактикасын қамтиды.

Депозиттік саясат – банктік саясаттың құрамдас бөлігі ретінде банктің депозиттік операцияларын дұрыс ұйымдастыруға бағытталған шаралардың жиынтығын білдіреді.

Кең мағынасында депозиттік саясатты депозит қызметін көрсетуші мен салым иелері арасындағы қатынасты реттеу құралы ретінде қарастыруға  болады.

Тар мағынасында, бұл кез келген коммерциялық банктің депозиттік  операцияны ұйымдастыру барысындағы банктің стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.

Банктің депозиттік саясаты минималды шығындармен максималды мүмкін мерзімге депозитті тартуға бағытталған. Тартылған депозиттердің мерзімі мен салмағы шешуші деңгейде ұсынылатын кредиттердің мерзімі мен мөлшерін анықтайды. Осы міндеттемелердің күшіне байланысты банктер ұзақ мерзімге депозиттер мен салымдар тартады, бұл мақсаттар үшін пайызды ынталандырушы рөлін және түрлі қосымша қызметтерді ұсынуды пайдаланады.

Банктік статистика тартылған қаражаттардың 2 тобын бөледі: депозиттер және салымдар. Осы топқа ҚР-сы валютасындағы және шетел валютасындағы ақша қаражаттары, банктерге мүлік иелерімен нақты шарттарда сақтау үшін берілген ақшалар жатқызылады. Бұл топқа есеп айырысу ағымдық шоттардағы клиенттердің қаражаттары қосылмаған. Салым түріндегі депозит пен есеп айырысу шоты түріндегі депозиттің экономкалық айырмашылықтары бар. Есеп айырысу шотын ашушы тұлға өзінің еңбек қызметі нәтижесін табыс атуға мүмкіндік береді. Ал банктік салым (депозит) шотын ашушы тұлға еңбек шығынынсыз табыс алады. Ол үшін «ақша ақшаны жасайды». Банктік ресустарды, қалыптастыру кезінде депозиттермен бірге ағымдық және есеп айырысу шоттарындағы қалдық түріндегі ақшалар да маңызды роль атқарады. Мұны банктік жүйенің активін қалыптастырудың кейбір көздерін сипаттайтын мәліметтер куәландырады. Банктер жеке салымшыларды тартуға қызығушылықтары бар, себебі кәсіпорындар мен ұйымдардың шотымен салыстырғанда халықтың талап етуге дейінгі салымдары бойынша қаражаттар қозғалысының белсенділігі төмен. Ал банктерде халықтың мерзімді салымдарын орналастыру банк қызметі үшін аса қолайлы (тиімді) шарттар жасайды. Халықтың ақшасы банктік ресурстың маңызды көзі болып табылатынын ескере отырып, тартылған қаражаттар соммасын максималдау үшін банктер қызмет көрсету сапасын жоғарлатуға мүдделі және бұл қаражаттарды несиелік, қорлық және валюталық нарықтардағы операциялардан табыс алу үшін пайдаланылады.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының басты мақсаты – Қазақстан Республикасы заңына сәйкес депозиттік операциялардың   жүргізуде банктердің бар мүмкіндіктерін пайдалану және өтімділіктің қажетті деңгейіне қолдау  көрсету.

Банктердің депозиттік саясатының міндеттері  мынадай болуға  тиіс:

                       Банктің депозиттік базасын нығайтып, депозиттік нарықтағы үлесін кеңейту;

                       Меншікті капиталға  қатысты нормативтерді сақтай отырып, банктің депозиттік опртфелінің көлемін ұлғайтып, оның сапасын арттыру;

                       Банктің активі мен пассивін басқаруға байланысты шешімдерге сәйкес және өтімділік саясатына қарай банктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді депозиттерінің өзара шекті қатынасын қолдау;

                       Барлық салым иелеріне қатысты өлшемді және икемді саясат ұстану.

Депозиттік саясаттың ұғымын екі тұрғыдан қарауға  болады. Кең мағынада бұл салым иелерінің және өзге де кредиторлардың ақшалай қаражаттарын тартумен, сондай-ақ қаражат көздерін анықтаумен байланысты  банктің қызметін сипаттайды. Ал, тар мағынада бұл банктің  өтімді қаражаттарға деген қажетін қанағаттандыру мақсатында  тартылған қаражаттарды іздестіру шараларын білдіреді [42].

Депозиттік саясат банктің стратегиясына сәйкес  жасалуы тиіс. Сондықтан банк өзінің депозиттік саясатына жасау барысында өзінің әлеуметті  клиенттерін, яғни жеке салымшыларды немесе салымшылар ретінде  заңды тұлғаларды  дұрыс таңдай білуі  қажет.

Банктік ортадағы күшті бәсекелестік жағдайында банктер агрессивтік депозиттік саясат жүргізуді таңдайды. Сонымен қатар, клиенттерді тартуда банктердің тиімді пайыз саясатын қолданғаны дұрыс. Ол үшін банк депозиттік саясат шегінде өзінің тактикасын жасауы қажет.

Депозиттік операцияларды жүргізуде банктер мынадай принциптерді басшылыққа алады:

                       Депозиттік  базаны қалыптастыру барысында заңдық және  нормативтік талаптардың орындалуын сақтау;

                       Депозиттік операциялар банктің пайда табуына ықпал етуге  тиіс;

                       Тартылған депозиттік ресурстар банктің өтімділігін  қамтамасыз етуге тиіс;

                       Депозиттік ресурстардың субъектілері, түрлері және мерзімдері бойынша дифференциалдануын қадағалауы қажет.

Банктің депозиттік саясаты депозиттік  операцияларға  байланысты  туындайтын тәуекелдерді басқаруға аса мән береді.

Депозиттік саясаттың міндетті:

                       банк балансының өтімділігін сақтау;

                       ең төменгі шығынды ресурстар тарту;

                       барынша ұзақ мерзімге қажетті мөлшерде депозит тартуды қамтамасыз ету;

                       алдағы уақыттарда банкте  тұрақты ресурстардың шоғырлануын қамтамасыз ету.

Депозиттік саясат туралы ереженің құрылымы мынадай баптарды қамтуға тиіс:

                       Жалпы ереже;

                       Депозиттік саясаттың мақсаты мен міндеттері;

                       Банктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара әрекеті;

                       Банк ресурстарының құрылымы;

                       Ақшалай қаражаттары тарту мерзімі және депозиттік келісім-шартты бекіту тәртібі;

                       Депозиттік келісімшартты жасауға және банкте шот ашуға қажетті құжаттардың тізімі;

                       Депозиттік және жинақ сертификаттарын сатумен байланысты операцияларды рәсімдеу тәртібі және оған қажетті құжаттар;

                       Банктік және банктік емес ұйымдардың қаражаттарын тарту және рәсімдеу тәртібі;

                       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің белгіленген міндетті резерв нормалары негізінде резервтік шотқа қаражат аудару тәртібі;

                       Құжаттарды сақтау тәртібі.

Клиенттердің құрамына және банктің қызметінің бағытына байланысты  депозиттік саясаттың өзге де бөлімдері  болуы мүмкін.

Депозиттік саясаттың қалыптасуы мен іске асырылуына ықпал ететін факторлардың екі тұрғыдан бөліп қарауға болады. Бірінші, клиенттің тұрғысынан: жинақтау шартына байланысты анықталатын экономикалық қатынастар субъектілерінің мүдделерінің әр түрлілігі, жағырафиялық жағдайы, ұлттық дәстүрлі ,әлеуметтік топтың ерекшеліктері, соның ішінде жасы, олардың рухани, саяси, әлеуметтік мүдделері, отбасы жағдайы, білім деңгейі, мамандығы, табысының деңгейі, зейнетақымен қамсыздануы, салымдарды сақтандыру жүйесінің дамуы және т.б. жатады [43]. Ал банктің тұрғысынан алсақ  ондай факторларға мыналар жатады: бәсекелестік деңгейі, банктік қызмет түрлерінің даму қарқыны, «бәрі клиенттер үшін» деген саясат, банктік қызметтердің сапасы тәуекелдің диверсификациялану,банк қызметкерлерінің біліктілік деңгейі, қаражатты тарту технологиясының жағдайы, банктік операциялардың қазіргі техникалармен қамтамасыз етілуі және т.б.

Депозиттік нарықтын қазіргі жағдайына жасалған талдаудан салым иелері үшін мыналардың маңыздылығын айта кету қажет:

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)