Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

 

 

              2009 жылдың 1 қаңтарына «Казкоммерцбанк» АҚ-мен тұрғындарды несиелендіру бағдарламаларының ішінде көп үлесті ипотекалық несие алады, яғни несиелік қоржынның 56,3%-ын алады. Сонымен қатар тұтыну мақсаттарға арналған несиелер де несие қоржының 28,7%-ын, яғни 100830 млн тенгені құраған. Несие қоржынның қалған 15%-ын экспресс несиелері, автонесиелері және басқалары – 52592 млн. тенгені құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары

3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары

 

 

Еліміздегі қалыптасқан банктердің депозиттік операциялары қазіргі таңда даму үстінде өзімізге белгілі депозит банктердің негізгі ресурс көзі болып табылады. Бұл ресурстардың көбеюі, қосымша несиелік ресурстардың көбеюін қалыптастырады.

Депозиттік операциялардың дамуна әсер ететін бірден – бір көрсеткіш, бұл халықтың сенімділік дәрежесін арттыру үшін банктер өз алдына осы бағытта арнайы стартегиялар қабылдау қажет Шетел тәжірибесіне жүгінсек, банктер туралы қарапайым халық толық ақпаратқа ие. Олардың балансын, тартылған қаражаттар көлемін, сыйақы мөлшерін толық бөледі. Ал біздің елде кейбір банктерден басқа банктер өз балансын жарияламайды [29]. Қазіргі таңда кезкелген ел тұрғынынан депозит туралы сұрасақ және қай банкке сенімділігін сұрасақ жауап бере алмайды. Сондықтан осы проблеманы жою үшін банк арнайы маркетингтік зерттеу жүргізіп, үнемі призентациялар, бұқаралық ақпарат құралдары мен сұқпат өткізіп, баспа беттеріне жариялау керек. Ашық ақпарат бар жерде сенімділік те бар.

Елде депозиттік операциялардың дамуына кедергі жасайтын тағы бір көрсеткіш халықтың әлеуметтік жағдайы. Онсыз да бір айлықтан екінші жалақыға өз шығындарын зорға өтеп отырған халық депозит салуды ойламайды да. Бұл тұрғыдан мемлекеттің және банктердің стратегиясын дамыту қажет. Мемлекет тарапынан айлық көлемін өзгерту, әлеуметтік көмек көлемін ұлғайту болса, банк стратегиясы, мысалы басқа операциямен ұштастыру болып табылады. Өзімізге белгілі қазіргі таңда елімізде ипотекалық несиелеу дамуда. Бұл несие шарты бойынша белгілі көлемде алғашқы жарна төлену керек. Егер осы жарнаны депозит ретінде қабылдаса, онда екі жақты пайда болар еді. Банктен депозиті бар тұлғаға пайызы төмен қызмет көрсету сияқты шараларды қолдану ыңғайлы.

Қазақстан Республикасында 2000 жылдан кері жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру қоры жұмыс істейді. Соңғы кезде осы қордың сақтандыру сомасын 400 мың теңгеден 600 мың теңгеге дейін өсіруді қарастыруда. Көптеген қаржыгерлердің ойлары әр түрлі болуда. Біреулері дұрыс деп санаса, біреулері қарсы.

ҚБА төрағасының айтуынша қор туралы заңдық жоба осымен қатар тағыда басқа. Кемшіліктері бар, бірақ депозиттік операциялардың дамуына ондай көп кедергісін тигізіп жатқан жоқ. Идеалды модельді қазіргі таңда құру өте күделі. Өйткені, қор аз депозиттер, бірақ көп халықпен жұмыс істеуі керек немесе үлкен салымдармен, аз халықпен жұмыс істеуі керек. Оларды бір орталыққа теңестіру өте күрделі. Б.Жамшиевтің айтуынша «Кішігірім депозиттермен, көп халықпен жұмыс істеу оңтайлы нұсқалардың бірі болып табылады».

Болашақта кепілдендіру қорының дамуы халықаралақ ең жақсы тәжірибе негізінде болады. Банктердің еріксіз жабылу кезінде тезарада салымдарды қайтару, жүйенің қызмет атқару тәуекелін минимализациялау, сақтандырылатын депозиттерінің түрін көбейту.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екінші деңгейдегі банктерге олардың депозиттік нарықтағы қызмет ету бағытын анықтауда, сонымен қатар, депозиттік саясатын қалыптастыруда біршама еркіндік беріп отыр. Жоғарыда аталып кеткендей, коммерциялық  банктер депозиттік саясатын анықтау барысында тартылған ресурстарды орналастыру мүмкіндіктері, клиентуралық нарығы және тағы басқа ішкі жағдайларды және инфляция деңгейі, ұлттық  валюта курсы және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің саясаты және тағы басқа сыртқы жағдайлары ескереді [30].

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің 2006 жылдың 31 қаңтарындағы ақша-несие саясатымен негізгі бағыттарын анықтау туралы» Басқарма Қаулысын қабылдау сол жылғы қаржы нарығындағы оңтайлы өзгерістердің болуына, сонымен қатар комерциялық банктерді депозиттік операцияларын сәтті жүзеге асырылуына әсерін тигізді. 2003 жылы екінші деңгейлі банктердің депозиттік операцияларының көбеюі нәтижесінде ресурстық базалары да өсті. Сөйтіп сол жылы банктік жүйедегі резиденттердің депозиті 72 пайызға жоғарлап, 293 млрд. теңгені құрады. Ал, бұл көрсеткіштермен салыстырғанда ағымдағы жылдың қыркүйек айында резиденттердің банктік жүйеде орналастырылған депозиттері 409,6 млрд. теңгені, тамыз айында 391,5 млн. теңге болған, яғни бір ай аралығында 4,6 пайызға өсіп отыр. Депозиттердің жалпы көлемінің көбеюі заңды тұлғалардың банктік шоттарының толтырылуымен, сонымен қатар жеке тұлғалардың шоттарына қосымша қаражаттардың түсуімен байланысты болып отыр [31].

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның депозиттік нарықтағы өзінің басыңқы үлесін сақтап қалу мақсатында және жаңа клиенттердің қызығушылығын тудырып, салымдарды тарту үшін өз саясатын қалыптастырған. Банктің депозиттік саясаты барлық талаптарға сай құрастырылған. Сонымен қатар, Казкоммерцбанк депозиттік нарықтағы жеке тұлғалардың салымдарына үлкен назар аударады, сондықтан бөлшек қызмет стратегиясын, депозиттік саясатын құрастырған.

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның депозиттік саясаты Ұлттық банк белгілеген шарттарға сай келеді. Ол салымдарды өзінде жинақтау жолында көзделетін мақсаттарын және мәселелерін қарастырады. Казкоммерцбанк ұзақ мерзімді салымдар үлесін арттыруға және өзінде орналастырылған салымдардың орташа мерзімін ұзартуға тырысады [32,33]. Осыларды жүзеге асыру мақсатында мынадай іс-әрекеттер жүзеге асырылады:  

- Жеке тұлғалардың депозиттері нарығындағы банк үлесін арттыру және өзінде бар депозиттер бойынша қызмет көрсетудің сапасын арттыру; 

- Табысы орташа клиенттер үшін жаңа депозиттер түрін шығару;

- Арнайы салым операцияларын шығару және сервисті қамтамасыз ету, сапасы халықаралық стандарттар деңгейіне сай келетіндей қызмет көрсетулер мен банктік өнімдер ұсыну негізінде банк клиенттерін көбейту;

- Ірі шаруашылық субъектілеріне кешендік қызмет көрсету негізінде  олармен ұзақ қарым – қатынас орнату арқылы заңды тұлғалардың депозиттерінің көбейіп отыруын қамтамасыз ету;

-  Барлық депозиттер бойынша жеткілікті табыстылық дейгейін олардың әрқайсысына қатысты пайыз мөлшерлемесін инфляция дейгейіне сәйкес қалыптастыра отырып қамтамасыз ету; 

- Барлық беттік шоттар иелеріне дебеттік төлем карточкаларын беруді қамтамасыз ету [34].

Қазіргі таңда бұл мақсат жүзеге асырылуда. 2008 жылдың шілде айында банк айналысында 120 197 карточка болды. 2008 жылы 20 950 карточка шығарылған, олардың 1 5530 – VISA-Electron 6380 – ALTYN, 5040 – Cirrus maestro.

Банктің депозиттік саясаты – салымдар бойынша белгіленетін сыйақы мөлшерлемелерін және салымдарды тарту әдістерін икемді жүргізу жолымен, депозиттердің сақталу мерзімін ұзарту, қызмет ұсыну саласын кеңейту, маркетингілік жұмыстар жүргізу және клиентке қызмет көрсету процесіне технологиялық жаңартулар енгізу. Депозиттік саясат банктің депозиттік нарықтағы қызметін одан әрі дамытады, кемшіліктерін жоюды қарастырады.

«Казкоммерцбанк» АҚ 2009 – 2011 жылдарға арналған даму стратегиясына сәйкес Банктің бөлшек сауда қызметі бойынша негізгі алға қойған мәселелері мыналар болып табылады:  нарықтағы жеке тұлғалардың депозиттерінің үлесін сақтап қалу және  көбейту;  шағын несиелеу жүйесін дамыту;  халыққа қызмет көрсету сапасын жоғарылату;  әрбір жеке клиенттің талаптарын ескеріп, оған қызмет көрсету бағыиында банктік технологиялармен жабдықтау;  нарық талаптарына сай өнімдерді жаңартып отыру;  клиенттердің жалпы санын сақтап қалу және VIP категориясындағы табысы жоғары клиенттердің үлесін күшейту.

Фракциондық резервтік жүйе, яғни банктердің өз активтерінің белгілі бір мөлшерін орталық банктегі резервтік шоттарға орналастыруы тиістілгі біздің елімізде орын алып отыр. Бұл бір жағынан банктердің несиелік эмиссиясын қысқартады, екінші жағынан, салымшылардың депозиттік қаражаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Халық жинақтарының банктік жүйеге шоғырлануының негізгі әсер етушісі – олардың банктік жүйеге деген сенімі болып табылады.

Қазақстанда 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) міндетті кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі қызметін атқара бастады. Алғашында бұл ереже тек теңгемен және шетел валютасында салынған мерзімді салымдарға қатысты қолданылатын, ал 2002 жылдың 13 ақпанынан бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған мерзімді салымдарына қатысты да қолданыла бастады. Бұл жүйені енгізу нәтижесінде банктік жүйеге деген халық сенімін қайта қалпына келтіріп, соңғы кезеңдерде банктік депозиттер көлемі өсті [35,36]. Сонымен қатар, қолма – қол шетел валютасының жүруін қысқартып, заңдастыру да өз әсерін тигізді. Аталған жүйенің кемшілігі болып оның барлық банктерді қамтымай, тек депозиттерді ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қатысушылары болып келетін ірі банктерді ғана қамтитындығы болып табылады. Депозиттерге деген халық сенімінің артуына 2000 жылы қабылданған банктік құпия туралы заң да үлкен ықпал етті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында салымшылардың мүдделерін қорғау мақсатында қолданылатын тағы бір шара 1997 жылдың 23 мамыр айында № 222-ші Ұлттық Банктің Басқарма Қаулысымен «Минималды резервтік талаптар туралы Ереже» болып табылады.

Резервтік талаптарды төменгі мөлшері банктің жеке және заңды тұлғалардағы (банктерден басқа) барлық депозиттік міндеттемелерінің тұрақты пайызы ретінде анықталады. Минималды резервтік талаптарды есептеу үшін қажетті пайыз мөлшерлемесінің мөлшері Ұлттық Банк Басқармасымен белгіленеді.

Пассивтер мен активтерді басқарудың дүние жүзінде көптеген әдістері бар. Олардың мәні мынада: банктер өзінде бар міндеттемелерін бағалайды, оларды топтайды және соның негізінде салық салу жүйесі мен депозиттік нарықтағы жағдайды ескере отырып активтік операцияларды жүзеге асырады (яғни, несиелендіру, қаражаттарды мемлекеттік бағалы қағаздарға орналастыру, негізгі құралдарды сатып алу және тағы басқалары). Осылайша, банк өзінің табыстылығын қамтамасыз ете отырып, өзінің әрі қарай дамуын және нарықтағы қызметін жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.

Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда [37].

Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.

Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:

Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.

Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын  мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыңан байланысты банк секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.

Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде:

1 млрд. АҚШ доллары (120млрд. теңге) төрт жүйе банктердің (Қазақстанның Халық банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банк пен ТӘБ - нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады.

3 млрд. АҚШ доллары (385 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады.

Берілген қаражатты банктер резервтердің барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс.

Мемлекет банктер капиталындағы бақылау пакетін сатып алмайды. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондон және Қазақстан қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін «Самұрық – Қазына» қорының меншігіне түседі.

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)