Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

Базель келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейге  бөлінеді: І деңгейлі капитал және ІІ деңгейлі капитал.

І деңгейлі капиталға: қарапайым акциялар, бөлінбеген пайда, сол сияқты еншілес компаниялардың бақылаусыз пакеті шегерілген материалдық  емес негізгі капитал шамасы жатады.

ІІ деңгейлі (қосымша) капиталға: ссудалар бойынша зияндарды жабуға арналған резервтер, мерзімсіз артықшылығы бар акциялар қосылған екінші дәрежелі қарыздар жатады.

Базель келісімінің бекіткен нормативтік коэффициентіне сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеуге қолданылатын, пруденциялық нормативтер қатарында банк капиталының жеткіліктілігі коэффициентін белгілейді.

Банктің жалпы капиталдандыруы 2008 жылда 1516 млрд.тенге көлемінде қалыптасты, бұл 2007 жылға қарағанда 9,2%-ға төмендегенін көрсетеді. Бұл ұзақмерзімді қаражаттар көлемінің 11,7%-ға төмендеу салдарынан болды, сонымен бірге субординерленген қарыз көлемі 8,8% өсті.

Есепті жылда меншікті капиталдың 6917 млрд.тенгеге өсуі Банктің ағымды пайданың капиталдандырудың әсеріне көбінесе болды.

Базель келісімі бойынша есептелген Банктің меншікті капиталы 2008 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша 433,0 млрд.тенгеге тең (оның ішінде І деңгейлі капитал көлемі – 330,8 млрд.тенге). 2007 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша капитал жеткіліктігін қамтамасыз ету мақсатында есептелген банктің меншікті капиталы 415,3 млрд.тенгеге тең (оның ішінде І деңгейлі капитал көлемі – 321,5 млрд.тенге). 2008 жылдың ішінде меншікті капитал көлемінің өсуі 4,3%-ды құрады (17,7 млрд.тенге).

2008 жылдың 31 желтоқсан жағдайы бойынша Базель келісімі бойынша есептелген І деңгейлі капиталдың жеткіліктік коэффициенті мен жалпы капиталдың жеткіліктік коэффициенті 13,5% бен 17,7%-ды сәкесінше құраған еді ( 2007 жылдың 31 желтоқсанда – 11,7% және 15,2%) (Сурет 5).

 

 

             

Сурет 5. Банктің меншікті капиталы, млн.тенге

 

 

              2009 жылда банктің меншікті капиталы 389 588 млн.тенгеге тең екені жоғарыда айтылған еді. Есепті кезеңде капитал жеткіліктілігі 18,35%-ға тең болды.             

              Коммерциялық банктің қаржылық нәтижелері алынған пайда көлемімен анықталады. Сондықтан да «Казкомммерцбанк» АҚ-ның қарастырлыған кезеңде қаржылық нәтижелеріне тоқталып кетейік.

              2008 жылдың ішінде Банкпен 21805 млн.тенге көлемінде пайда алынған еді. Бұл 2007 жылға қарағанда 61,0%-ға аз (Кесте 8). Банктік пайданың төмендеуін екі себеппен түсіндіруге болады:

- Банктің резервтерді есептеу ьойынша консерватистік саясаттын нәтижесінде ссудалар бойынша резервтерге ассигнациялардың 115,4%-ға өсуімен, сонымен қатар әлемде қалыптасқан қаржылық дағдарыс әсерінен;

- валюталық нарықта күшті тұрақсыздықтың нәтижесінде своп-операциялардың шынайы құны бойынша теріс қайтабағалауды жүзеге асырылмаудың үлкен көлемінен.

 

 

Кесте  8

«Казкоммерцбанк» АҚ қызметінің нәтижелері

млн. тенге

Атауы

2007  жыл

2008 жыл

Өзгеріс, %

Таза пайыздық кіріс

74740

48815

-34,7

Таза пайыздық емес кіріс

33206

2155

-93,5

Операциялық кіріс

107946

50970

-52,8

Операциялық шығыс

-31200

-34049

9,1

Басқа операциялар бойынша құнсыздану резервтері мен сақтандыру резервтерін қалыптастыру

-1238

-2718

119,5

Баланстан тыс міндеттемелер мен кепілдемелер бойынша резервтерді қалыптастыру

-3186

856

-126,9

Тәуелді каомпаниялардың табыссындағы үлесі

1333

-3585

-368,9

Салық салуға дейінгі пайда

73655

11474

-84,4

Пайдаға салынатын салық

-15904

8690

-154,6

Таза пайда

57751

20164

-65,1

Пайда коэффициентері

 

 

 

ROA

2,1%

0,7%

 

ROE

19,5%

6,5%

 

 

 

              2009 жылда Банкпен аынған таза пайда көлемі 19023 млн.тенгег тең болды. Бұл көрсеткіш өткен кезеңмен салыстырғанда 1141 млн.тенгеге, немесе 5,65%-ға төмендеді. Ал есепті жылдың пайда коэффициенттері: меншікті капитал рентабельділік коэффициенті - 4,88%, активтердің рентабельділік коэффициенті  – 0,74%-ға тең. Бұл өткен кезеңдерге қарағанда, яғни меншікті капитал рентабельділік 1,62%-ға төмен, ал активтердің рентабельділігі бойынша 0,04%-ға арттық болып келеді.

 

 

2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау

 

 

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.

Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:

-               Депозиттік қаражаттар;

-               Депозиттік емес тартылған қаражаттар.

Банктің тартылған қаражаттары банк балансының пассив бөлігіне кіреді, яғни банк міндеттемелердің құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да Банктің міндеттемелеріне талдау жүргізейік.

2009 жылдың 1 қаңтарына Банктің міндеттемелері 2300,9 млрд. теңгені құрады. Міндеттемелердің көлемі бір жылдың ішінде 14,1%-ға кеміді (Кесте 9). Міндеттемелер құрылымы жалпы тұрақты және қаражатты кіргізу жағынан жақсы диверсификатталған. Есепті жылда міндеттемелердің төмендеу, көбінесе, банктердің қаражаттары мен ссудалардың көлемінің 59,0%-ға кемуі салдарын болған еді. Клиенттердің қаражаттары есепті жылда 84370 млн.тенгеге азайды.

 

 

Кесте 9

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның міндеттемелер құрылымы мен динамикасы

 

Міндеттемелер

2007 жыл

2008 жыл

Өзгеріс

млн. тнг

%

млн. тнг

%

+/-

%

А

1

2

3

4

5

6

Банктердің қаражаттары мен ссудалары

723431

27,0

296391

12,9

-427040

-59,0

Клиенттердің қаражаттары

895083

33,4

979453

42,6

84370

9,4

Қаржылық міндеттемелер

7730

0,3

54339

2,4

46609

602,9

Шығарылған қарыздық бағалы қағаздар

739688

27,6

678285

29,5

-61403

-8,3

Басқа тартылған қаражаттар

148934

5,6

137324

6,0

-11610

-7,8

Басқалай резервтер

 

10638

0,4

10276

0,4

-362

-3,4

       Кесте 9 жалғасы

А

1

2

3

4

5

6

Табыс салығы бойынша міндеттеме

30496

1,1

10205

0,4

-20291

-66,5

Төлеуге дивиденттер

2

-

5

-

3

150

Басқа міндеттемелер

13845

0,6

16941

0,7

3096

22,3

Субординерленген қарыз

108166

4,0

117724

5,1

9558

8,8

Барлығы міндеттеме

2678013

100

2300943

100

-377070

-14,1

 

 

              6-ші суретте «Казкоммерцбанк» АҚ-ның 2008 жылдағы міндеттемелердің құрылымы көрсетілген.

Сурет 6. Банк міндеттемелердің құрылымы, 2008 жыл

 

 

2009 жылдың қорытындысы бойынша банктің міндеттемелері 2198285 млн.тенге құрады, бұл өткен жылға қарағанда 102658 млн.тенгеге, яғни 4,46%-ға төмендегенін көрсетеді. Есепті кезеңде банктің міндеттемелері ішінде ең көп үлесті 58,1%-ға жуық клиенттердің қаражаттары, яғни 1276464 млн.тенге көлемінде  алады (Кесте 10).

 

Кесте 10

«Казкоммерцбанк» АҚ-ның міндеттемелердің құрамы

 

Міндеттемелер

01.01.2010 жыл

млн.тенге

%

Банктердің қаражаттары мен ссудалары

209 122

9,5

Клиенттердің қаражаттары

1 276 464

58,1

Қаржылық міндеттемелер

35 991

1,6

Шығарылған қарыздық бағалы қағаздар

463 656

21,2

Басқа тартылған қаражаттар

31 172

1,4

Басқалай резервтер

11 945

0,5

Табыс салығы бойынша міндеттеме

24 519

1,1

Төлеуге дивиденттер

15

-

Басқа міндеттемелер

8 990

0,4

Субординерленген қарыз

136 411

6,2

Барлығы міндеттеме

2 198 285

100

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)