Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

Осыған анықтама сәйкес, банктік депозиттерді пассивті және активті деп екі топқа бөлуге болады (Сурет 2).

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Банктік депозиттердің түрлері

 

 

Мұндағы, активтік депозиттер – бұл банктің басқа банктерде пайда табу және өтімділігін қолдау мақсатында орналастырылған, сондай-ақ корреспонденттік қатынас негізінде жасалған келісім-шартқа сай пайдалануға мүмкіндік беретін уақытша бос ақша қаражатын сипаттайды.

Отандық тәжірибеде активтік депозиттер Қазақстан Республикасының Ұлттық банктегі банктердің депозиттері мен өзге коммерциялық банктерде, соның ішінде шетелдік немесе отандық банктерде орналастырған ұлттық және шетел валютасындағы шоттардағы қаражаттарын сипаттайды.

Банктік тәжірибеде активті депозиттерді банкаралық депозит деп атайды. Банкаралық депозит негізінен банкаралық несиенің қалыптасуына себеп болады.

Пассивтік депозиттер – бұл банктің ресурсының негізін құрайтын тартылған қаражат көзін білдіреді. Пассивтік депозиттер банктерге клиенттердің инициативасы бойынша жинақтайды.

Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да, пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.

Пассивтік депозиттер – бұл нәтижесінде пассивтік шоттағы немесе активтіпассивтік шоттағы қаражаттардың өсуін, яғни пассив пен активтің арту формасын білдіретін операцияларды сипаттайды.

Бұл анықтамалар бірін бірі толықтырады десе болады, себебі біріншісі пассивтік операцияның толық түсінігін бере алмайды.

Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар жергілікті билік органдары, қаражаттарды коммерциялық банктерге ынтамен орналастырады. Бұл бірнеше себептермен түсіндіріледі. Біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез-келген уақытта қайтаруды талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар табыс әкеледі.

Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі рөл атқарады, яғни, бір жағынан ақша ретінде, ал екінші жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.

Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:

       Банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу ұшін жағдай жасауға;

       Депозиттік операциялар әрекет етуі керек;

       Банк  балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет;

       Депозиттік операциялар мен қарыздарды беру бойынша байланыс пен сабақтастықты қамтамасыз ету қажет;

       Депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.

Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға тәуелді болып келеді:

1.       Халықтың ақшалай табыстарының көлемі;

2.       Олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;

3.       Салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;

4.       Елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің дамуы.

Банктік депозит – салымшыны банкке алдын ала келісілген сыйақы қосылып қайтарылуы шарты негізінде берілген ақша қаражаттары.

Ақша қаражаттарын сақтандыру шоттарына аудару ерікті сипатта жүзеге асады. Әр бір салымшы ақша қаражаттарын орналастыру кезінде көп деген шарттарды ескере отырып банкті өз қалауынша таңдайды. Банк менеджері депозит мерзміне, оған есептелетін пайыз және тағы да басқа шарттармен салымшыларын таныстырып, толық және ақысыз кеңес беру.

Шот ашу үшін салымшы банкпен банктік салым туралы келісім шартқа отырады. Талап еткеге дейінгі және мерзімді жинақтаушы салымдар бойынша шот ашу кезінде салымшыға депозиттік сертификат немесе жинақтау кітапшасын береді.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік операциялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер беруі тиіс.

Жалпы экономикалық мағынасы тұрғысынан депозиттерді мына топтарға бөліп қарастыруға болады. Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы немесе шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төменгі пайызды төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге мүлдем тыйым салынған. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған. Шот иесі олардың әр түрлі формаларда қолма-қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады. Осындай шот ашып клиент банкке өзінің төлем операцияларын техникалық жүргізуге сенім білдіреді. Банктерде күнделікті төлем  операцияларының жүргізу біраз шығындарды талап етеді, алайда ЭЕМ-ді, компьютерлік техникаларды қолданумен ол біршама азайды, әйтседе ол банктердің шығындарының маңызды факторы болып табылады. Талап еткенге дейінгі шоттарда иеленуші клиенттер өз шоттарындағы ақшалай қаражаттарды ағымдағы есеп айырысулар үшін толық пайдаланбайды, ал бұл банк шығындарын көп дәрежеде компенсациялайды [22].

Банктік коммерциялық мақсаттары үшін банкімен пайдаланылатын тұрақты қалдық қалады, сондай-ақ ол пайда табу мақсатымен қарызға берілуі мүмкін. Ол банктің көптеген клиенттері өздерінің ағымдағы шоттарынан қаражаттарын үнемі алып және оны бірнеше күннен кейін немесе аптадан кейін қайтадан толтырып отырыуы нәтижесінде қалыптасады. Бірақ, көптеген клиенттер өз міндеттемелерін төлеу үшін салымның бүкіл сомасын алмайды. Осы қаражаттар қалдықтарымен талап еткеге дейінгі шоттар есебінен банктер 60, 90, 120 күнге вексельге немесе нақты несие бере алады.

Отандық банктің тәжірибесінде депозиттерді, олардың сипатына қарай әр түрге бөліп қарастырады.

Айталық, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзінің нормативтік актілерінде, соның ішінде ақша массасын құрылымын анықтауда екінші деңгейдегі банктердегі депозиттерді былай жіктейді:

Аудармалы депозиттер: 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз атаулы құнымен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің, траттаның немесе жиро-кепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады. Аудармалы депозиттер қысқа ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Басқа депозиттер – негізінен ол, белгілі уақыт аралығынан кейін ғана алынатындығы немесе әр түрлі шектеулер жай коммерциялық операцияларда біраз қолайсыздық туғызактын және жинақ механизміне қойылатын талаптарға жоғары дәрежеде сай келетін жинақ және мерзімді депозиттер. Басқа депозиттер, сонымен қатар, шетел валютасында салынған басқа салымдар мен депозиттерді қамтиды.

Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмытылуына жағдай жасайды.

Депозиттік операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін сақтай отырып, мындай талаптарды ескеруі тиіс:

       Депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;

       Депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;

       Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;

       Салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында коммерциялық банктер ақша қаражаттарын мерзімді депозиттерге тартуға, депозиттік операциялар түрлерін кеңейте түсіп, депозиторлар санын өсіру үшін көптеген қосымша қызметтер көрсетіп, жеңілдіктер беруі тиіс.

Сонымен, депозиттік операциялар – бұл заңды және жеке тұлғалардың қаражаттарын белгілі бір мерзімдегі немесе талап етуге дейінгі салымдарға тартуға байланысты банктің операциялары болып табылады.

Депозиттік операцияларды депозитердің түріне қарай активті және пассивті операцияларға бөлуге болады.

Активті депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент – банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз бөлігін алады.

Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстарын қалыптастырудың негізгі көзі [23].

Қорыта айтқанда, депозиттер, коммерциялық банктердің еркін несиелік ресурстар нарығынан ресурстар сатып алудағы делдалдық қызметінің мазмұнын ашады. Депозиттер банктердің ресурстарының басты қалыптасу көздерін құрайды. Депозиттер банктер үшін ең арзан ресурс көзі болып табылады. Депозиттер банктердің ішкі және сыртқы міндеттемелерін құрайды. Сондықтан да депозиттердің банк қызметінде көп болуы арнайы жасалған банктердің саясатына тікелей байланысты [24].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау

2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау

 

 

1990 жылы шілде айында құрылған «Қазкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады [25].

Банктің негізгі акционерлері болып табылады:

-   АО «Центрально-Азиатская инвестиционная компания»

-   АО «Alnair Capital Holding»

-   «ФНБ «Самрук-Казына»

-   Европейский Банк Реконструкции и Развития.

2009 жылдың 30 қыркүйегіндегі қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2,787 триллион теңгені  құрады. Ал осы көлемнің 87%-ы, яғни 2,434 трлн. теңге  клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі.

2009 жылы 9 ай ішінде банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі  14,6 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2009 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 384,5 млрд. теңгені құрады.

Қаражатты тартудың негізгі көзі – банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2009 жылдың  9 айы ішінде клиент депозиттері 1172,635 млрд. теңгені құрады. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі.    

Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты  ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады.  

2009 ж. 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 22 әмбебап филиалға және 161 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді).

Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде («Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар [26].

Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және MasterCard (Cirrus/Maestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2010 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 1130 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды.

Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2010 ж. 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банкоматтар саны 1020 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны – 168. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 210 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 10200 POS-терминалға қызмет көрсетті.

Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2009 ж. аяғында жеке тұлғаларға арналған Homebank.kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 230 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank.kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 12500 астам компанияны құрайды.

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)