Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

Кредит жүйесінің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде қаржы қызметінің кең ауқымын көрсететін дербес банк желісінен тұрады. Бұлар коммерциялық банктер деген жалпы атаумен банк заңнамасына сәйкес бірігетін коммерциялық, кооперативтік және жекеменшік банктер.

«Коммерциялық банк» термині банктер негізінен алғанда саудаға, тауар алмасу операциялары мен төлемдерге қызмет көрсеткен банк ісі дамуының алғашқы кезеңінде пайда болған. Негізгі клиентура саудагерлер («коммерциялық» деген атау осыдан келіп шығады) еді. Алайда өнеркәсіптің және басқа да салалардың дамуына байланысты банктер экономиканың өзге сфераларына да қызмет көрсете бастады, кейінен банк атауындағы «коммерциялық» термині өзінің бастапқы мәнін жоғалтты. Ол енді банктің «іскерлік» сипатын, қызмет тегіне қарамастан шаруашылық агенттерінің барлық әрекет түрлеріне қызмет көрсетуге бағытталғанын көрсететін болды.

Бүгінгі таңда коммерциялық банк өз клиенттеріне 200-ден астам алуан өнім мен қызмет түрлерін ұсынуға қабілетті. Операциялардың осыншалық кең әр тараптануы  коммерциялық банктерде өз клиенттерін сақтап қалуға және қолайсыз деген конъюнктураның өзіне пайдаға шығуға мүмкіндік береді.

Қайсыбір операцияның шығындары осындай қиын ақуалда қолайлы жағдай тапқан өзге операциялардың пайдасымен жабылып отырады.

Нарықтық экономикасы бар елдердің барлығында коммерциялық банктердің кредит жүйесінің басты операциялық буыны болып қалуы тегін емес. Олар кредит – ақша рыногының құбылмалы жағдайларына жеңіл көндігуге қабілетті екендіктерін көрсетіп отыр [4].

Депозиттік – ссудалық операцияларды орындай отыр, коммерциялық банктер барлық мүдделі жақтарға нақты пайда алып келеді. Салымшылар өздерінің депозиттерінің айналым құралдары және өтімді активтер функциясын орындағанын, кей жағдайларда пайыздық пайда әкелгенін кәдеге жаратады. Зайымшылар ссуданы әжептәуір ұзақ уақыт кезенінде пайдаланады. Жекелеген ұсақ салымшылардың көпшілігі банкке азын-аулақ ақша сомасын қамшының сабындай қысқа уақытқа салуға ниеттенген жағдайдың өзінде осындай дәрежеге жететін еді. Коммерциялық банктер болмаса ірі фирмалардың ешқайсысы уақытша бос ақша қаражаты бар ұсақ фирмалардың зайымшылары ретінде іскерлік операцияларды жүргізе алмас еді.

Әлбетте, банктер бұл операциялардан пайда көреді. Олар ссудаларға салымдар бойынша төлейтіннен неғұрлым жоғары пайыз қойып, табыс табады.

Жалпы қоғамға қатысты алғанда ол банктердің ссудалық операцияларынан алатын пайдасы ссудаға берілуге тиісті қаржы ұсынасының шектеулі көлемімен неғұрлым өнімді мақсаттарға қол жеткізуді қамтамассыз етеді.(мысалы, пайданың жалпы нормасын 4-тен 5% -ға дейін арттырады). Болашақ займшыларды мақсатты түрде іріктей отырып, берілген қарыз қаражатқа жоғары пайыздық мөлшерлеме төлей алатындарына ғана ссудалар беріп, банктер ақша қаражатының ағынын жоғары қайталым алуды қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары шаралар арнасына бұрады.

Коммерциялық банктер өз клиентеріне ақшаны сақтаудың алуан депозиттер түріндегі оңтайлы формасын ұсынады. Мұның өзі ақшаның сақталудың және клиенттің өтімділіке қатысты сұранысын қанағаттандырады. Көптеген клиентер үшін ақша сақтаудың мұндай формасы оны облигацияларға немесе акцияларға салудан әлдеқайда қолайлы болып табылады.

Банк кредиті – қаржы қызметтерінің неғұрлым оңтайлы және көп жағдайларда теңдесі жоқ формасы болып табылады. Ол нақты займшының сұраныстарын ілкімді түрде есепке алуға және оларға ссуда алудың шарттарын икемдеуге мүмкіндік береді (мұның займ мерзімдері мен өзге де шарттары стандартты, біркелкі болып келетін бағалы қағаздар рыногынан айырмашылығы да осында)[5].

Қазіргі заманғы коммерциялық банктер туралы айта отырып, олар кредит жүйесінің өзге де буындары сияқты ұдайы дамып отыратынын атап көрсету керек. Операциялар формасы, бәсекелестік әдістері, бақылау және басқару жүйесі өзгеріп отырады.

Коммерциялық банктің оны банк жүйесіне қосатын базалық функциялары бар. Олар: депозиттерді, ақша төлемдері мен есеп айырысуды қабылдау, кредиттер беру.

Коммерциялық банктердің сирек кездесетін қабілеттерінің бірі және оны өзге қаржы институттарының айрықшалап тұратын сипатты белгісі ақшаны жасау мен жою болып табылады. Бұл жерде ақша ретінде қолма-қол ақша ғана емес, сондай-ақ талап етілгенге дейінгі салымдар да жатады. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін үлкен маңызға ие. Ол экономика өсімінің салыстырмалы түрде тұрақты өсімінің қажет шарты болып табылатын икемді кредит жүйесінде жүзеге асады. Банк кредиттерінің жетіспеуіне және кредит мөлшерлемелерінің жоғары болуына байланысты өндірісті кеңейту көп жағдайда мүмкін болмайды. Кей жағдайда пайдадан бөлінімдер  жинақталғанға немесе өзге көздерден алынғанға дейін кейінге қалдырылады. Халық шаруашылығы ауқымында мұндай практика тиімсіз болар еді, себебі бір жағынан ірі ақша сомалары белгісіз уақытқа дейін қозғалыссыз жатар еді де, екінші жағынан бұл ақшаға деген зор зәрулік байқалар еді.

Коммерциялық банктер осы мәселені шешуде маңызды роль атқарады. Өздерінің депозиттік және кредиттік  операцияларымен олар уақытша бос қаржыны жұмылдырып, кредит түрінде береді. Сөйтіп, халық шаруашылығының ақшаға деген сұранысын қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарататын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындармен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады.

              «Банк ресурстары» термині «несиелік ресурсы» былай қарағанда кең ұғымды білдіреді. Банк ресурстары  тек несиелеуге  ғана емес, сол сияқты  басқа да активтік немесе комиссиондық операцияларды  қаржыландыру үшін  пайдаланылады.

              Жоспарлы экономиканы  әкімшіл және әміршіл  басқару жүйесі жағдайында банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия көрінісі байқалады. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиіс болды. Банкке кәсіпорындар мен мекемелердің ресурстары іс жүзінде ақысыз тартылды. Тек кооперативтік  кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді. Осындай жағдайларда  жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы  мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек, олар банк ресурстары  болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарында  тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары  меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы  меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, амортизациялық  және банк ісін дамыту қорлар, ал, таратылған қаражаттарға: мемлекетік бюджет қаражаты, кәсіпорындардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатады. Осындай жағдайларда банк ресурстар нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтын бір бөлігін құрайды.

              Бүгінгі тандағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктерінің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең  бастысы, олардын баланыстары өтімді болуы керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік рессурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе - теңдіктің сақталуын талап етеді.

              Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады.Сөйтіп банкте жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялар мен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық  құрамында тек қана ақшалай  қаражаттар емес, сол сияқты  тауарлы материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Ұлттық орталық банкіміз (банктердің банкі) болып табылатындықтан, коммерциялық банктердің бір бөлігі сол банктен алған ресурстардан да құралады.

              Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.

              Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және таратылған қаражаттарының жиынтығы [6].

 

1.2 Банк ресурсының құрылымы

 

 

Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық Банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің, корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады.

Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануы, әмбебаптығы және қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.

Банк ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

1)     Банктің меншікті капиталы.

2)     Банктің заемдық және тартылған қаражаттары.

Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік  ерекшеліктерге ие .

Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын  қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар:жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т.б. шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капитал есебіне банкте қажетті резервтер құрылды. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

Меншікті және тартылған коммерциялық банк ресурстары Ұлттық Банкте ашылатын корреспондентік шотта көрсетіледі. Бұл активті шот, сондықтан да дебеті бойынша  ресурстар, ал кредиті бойынша несиелік жұмсалымдар беріледі. Демек, дебеттік қалдықтың шамасы банктің бос резервінің мөлшерін көрсетеді. Банктің бос резервінің  мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше , егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әр бір коммерциялық банк өзінің корреспондентік шоттағы қалдығын үнемі ықшапдауға ұмтылады.

Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық  және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін  құрылған банктің әр түрлі қорларымен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы [7, 8].

Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

                                                                                                                                                   Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;

                                                                                                                                                   Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;

                                                                                                                                                   Ағымды шығындарды жабады;

                                                                                                                                                   Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;

                                                                                                                                                   Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.

Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды. Осыдан келе, қазіргі кездегі банк ісіндегі басты қиын мәселелерінің бірі болып саналатын – банктің меншікті капиталының жеткіліктілігін анықтау болып табылады.

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)