Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

 

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі м.а___________

___________________Н.Т. Сартанова

___ ____________201___ж.

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

 

 

Мамандығы 050509 – Қаржы

 

 

 

       Орындаған                                                         А.М.Сыздыкова

 

 

       Ғылыми жетекшісі                           

       аға оқытушы                                                      А. К. Абжанова

             

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2010


Мазмұны

 

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5

1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5

1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10

2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29

2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29

2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40

2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43

2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49

3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56

3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56

3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63

Қорытынды................................................................................................................75

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................78

Қосымшалар..............................................................................................................81

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады. Өндіріс процесінің негізгі элементтеріне ақша құралдары, тауарлар, жеткізушілер, сатып алушылар жатады. Коммерциялық банк – бұл өз клиенттеріне қарыз беретін, тұрғындардың ақша құралдарын бөлу сияқты қаржылық қызмет көрсетулер мен айналысатын кәсіпорын. Қаржылық қызмет көрсетулерді (ақша құрамдары) тауар ретінде көруге болады. Банк қызметін ұйымдастыру өрісінде банктік қызмет көрсетулерді өндіріс қызметінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету қажет. Үнемі өзгеріп отыратын ортада, банктік құрылымның адаптациясын қамтамасыз етуші объект ретінде, банк экономикасының негізіне жататын элементтердің әрекеттестігі мен құру механизмін айқын көрсету қажет. Басқару операцияларымен қатар өндірістік операциялар коммерциялық банк қызметінің маңызды бөлігі болып табылады. Банк қызметі өрісінде жоғары технологиялар мен ақпараттандырудың дамуы жағдайында, банктің экономикалық қызметінің мәні туралы ғылыми түсініктерді алдағы уақытта жетілдіру, өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өндірістік процесс (банк қызметі) үшін басқару жүйесі өте маңызды. Басқару ролінің үнемі өсуі - өндіріс сипатын нығайту мен даму процесіндегі басты тенденция. Банктік қызметті басқару, банктік технологияларды жетілдіру мен өңдеуді, банк өнімдері мен қызмет көрсетулерін сапалы деңгейде қамтамасыздандыру, барлық есеп - айырысу түрлері мен банктік операциялардың орындалуын жоспарлау мен бақылауды, персоналдармен қамтамасыздандыруды, таза табыстың тұрақтылығын ұстап тұруды біріктіреді. Дамудың әр кезеңінде экономикалық субъектілердің қажеттілігіне сәйкес, басқарудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістерін іздестіру, әрқашан рационалды шаруашылықтандыру шарттарының бірі және болады. Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектінің экономикалық механизмін оның ресурстарының уақытылы қалыптасуынсыз басқару мүмкін емес. Елдегі экономикалық дамудың қазіргі уақыттағы кезеңі, кәсіпорындардың ғана емес, коммерциялық банктердің де ресурстарын басқарудың ғылымдылығына деген талаптарды күшейтеді.

Барлық экономикалық агенттер үшін нарық заңдарын қолданудың әдістері мен формаларын неғұрлым тиімді өңдеуді қажет етеді. Нарықтық экономиканың барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын жүзеге асыру, осыған байланысты болады.

Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару – бұл экономикалық қатынастардың субъектілері банк дамуының күрделі міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін, қуатты тетік болып табылады. Басқару әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын үнемі және үздіксіз жетілдіріп отыруынсыз, банк қызметін жоғарылатудағы, жаңа технологияларды ендірудегі, ресурстар тиімділігін өсірудегі ілгерілікті елестету мүмкін емес. Осымен байланысты, экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірумен байланысты ұсыныстарды өңдеу, мәселелерді ғылыми дәлелдеуге ие болды. Бірақ, Қазақстанның қаржылық нарығы тұрақтанбайынша, банктер үшін әлі де болса күтпеген және жиі болатын өзгерістер тән болады. Табыстылық аспектілерін толық есепке алатын. Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі күмән туғызбайды. Себебі  ресурстарды басқару әдістерін өңдеу, банктің сенімді және сапалы жұмысында басты орынды алады.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі  «Казкоммерцбанк» АҚ-ы болып табылады.

Дипломдық жұмыс мақсаты – коммерциялық банктік банктік ресурстарды қалыптасуы мен қолдануын талдау.

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындау қажет:

-         банктік ресурстар ұғымына сипаттама беру;

-         банктік ресурстардың құрылымын қарастыру;

-         экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде коммерциялық банктердің активтерін (ресурстарын) басқарудың мәні мен міндеттерін талқылаумен байланысты, қазіргі уақыттағы сұрақтарға қарастыру;

-         банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау;

-         банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдарын қарастыру.

Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі, ал екінші бөлімінде «Казкоммерцбанк» АҚ – ның ресурстарын басқару әдістерінің қазіргі уақыттағы жағдайына талдау жүргізіледі. Үшінші бөлімде банктік ресурстарын қалыптасуының жетілдіру жолдары қарастырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі

1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы

 

 

Банк – бұл қаражатты тартып жинақтауға және оларды өз атынан қайтару, жедел, төлем шарттарымен орналастыруға арналып құрылған ұйым.

Банктің негізгі қызметі – қаражатты несие берушілерден қарыз алушыларға және сатушылардан сатып алушыларға тасымалдауда болады. Банктермен қатар, қаражатты нарықта тасымалдаумен басқа да қаржылық және несие-қаржылық ұйымдар (инвестициялық қорлар, сақтандыру компаниялары, брокерлік, дилерлік фирмалар және т.б.) айналысады.

Банктердің пайда болуы мен шығу тарихы, басқа да халықаралық қалыптасулар секілді, олардың пайда болуымен ғана байланысты емес,олардың мәні одан да зор болып келеді. Қысқаша айтқанда, олардың мәні өндірістік күштердің өсуінің нақты тарихи үдерістеріне байланысты болып табылады. Өндірістің материалдық және материалдық емес сфералардың даму бағыттары қоғамның бір этаптан басқа этапқа көшу қозғалысын реттейді.

Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік «Банк» деген ұғым италиян сөзі «bank»-орындық, «айырбас орындығы»-айырбас орны дегенді білдіреді.

К.Маркс банктердің пайда болуы туралы былай деген: «Кәсіпкерліктің ерекше саласы пайда болды, себебі ол ерекше сала ретінде барлық топтардың ақша механизмін қамтамасыз етеді, ол шоғырланып, ірі масштабта жүргізіледі». Сонымен қатар банктер «несие ісінің екінші жағы-өсім әкелетін капиталды да» басқарады. Өйткені банктер фирмалар мен  үлкен мекемелердің және халықтың жинағы мен табыстары сияқты уақытша бос ақша қаражатын да шоғырландырып және оны несиеге беру арқылы несие үшін ақы төлеп, табыс табады. Банктер іріленген сайын тұтас несие беруші ретінде капиталистік кәсіпкерліктің дербес саласына айналады. Банктердің түрлеріне келетін болсақ, олар келесідей бөлінеді:

Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға, шығаруға құқысы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әртүрлі аталады. Мысалы, бұрынғы КСРО-да ол мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп аталады. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ақша белгісін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол елдің екі деңгейлі банк жүйесінің - жоғары деңгейдегі банк.

Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқығы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар екінші деңгейлі, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және тағы да басқа банктер.

Екінші деңгейлі банктер-клиенттерге қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар акция, облигация және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруді несиелейді.

Қазақстан Республикасында коммерциялық банктерді құру және олардың жұмысы Қазақстан Республикасының «Банктер және олардың қызметі туралы» Заңына негізделеді. Осы заңға сәйкес Қазақстанның банктері қаржы нарығында кең ауқымды операциялар жүргізеді: түрлі мерзімді несиелерді жеткізу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сақтау, сату және сатып алу, қаражатты түрлі салымдарға тарту, есеп айырысу, кепілдік және т.б. міндетткерліктер беру, делдалдық операциялар жүргізу және т.б.[1,2].

  Қазақстанда банктер меншіктің қандай да болсын түрінде құрыла алады – жеке және:

      коллективті;

      акционерлік;

      аралас.

Мемлекеттік меншік формасында негізделген банктерді құру мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Олар, ағымдағы заңнама бойынша өз жұмысын коммерциялық негізде атқаруы мүмкін.

Банктер жарғылық капиталын қалыптастыру әдісі бойынша акционерлік (ашық және жабық түрлі) және пайлық болып ажыратылады. Бір тұлғаға тәуелді (заңды немесе жеке) банк құру мүмкіндігі ағымдағы заңмен жоққа шығарылған. Осы заң бойынша банктік жарғылық капиталы кем дегенде үш қатысушының қаражатынан құралуы қажет делінген.

Егер несиелік жүйені реформалаудың бастапқы кезеңінде коммерциялық банктер негізінен пайлық негізде құралса, ал қазіргі кезең пайлық банктерді акционерлік банктер формасы етіп қайта құрумен сипатталады. Акционерлік қоғамда капиталдың иемденушісі қоғамның өзі, яғни банк болып табылады. Ал пайлық коммерциялық банктерде капиталдың иегерлері бола алмайды, себебі әрбір пай иегері өзінің капитал үлесіне ғана иемденуге құқығы бар болады. Пайлық коммерциялық банктер жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық негізінде құрылған, яғни әрбір пай иегерінің жауапкершілігі оның банктің ортақ капиталына салымына тәуелді. Жарғылық капиталды кеңейту банк қатысушыларының қосымша салымдары, сонымен қатар, банктің құрамына жаңа қатысушылардың еңгізілуі арқылы жүзеге асырылады. Жаңа қатысушылардың енуі туралы мәселе банктің қатысушыларының жиынында шешіледі.

Ал акционерлік қоғам ретінде жұмыс атқаратын банктерде жарғылық капитал бірдей номиналды құны бар анықталған акциялар (заңды және жеке тұлғалар арасына) санына орналастырылған. Акционерлер банктен осы салымды қайтаруға міндет ете алмайды. Осы жағдай банктің тұрақтылығын, беріктігін қамтамасыз етеді және оның ликвидтілігін басқаруға негіз құрады. Акционерлік банктер ашық және жабық түрлі болады. Жабық банктердің акциялары басым акционерлердің келісімімен ғана бір-біріне беріле алады. Ал ашық түрлі банктердің акциялары басқа акционерлердің келісімінсіз ауыстырыла алады [3].

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)