Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2012 в 11:28, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз- бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу» ерекше атап -өтеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады. Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде, өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.

Оглавление

Кіріспе..........................................................................................................................3
1 Банк ресурстарды қалыптастырудың теориялық негізі.......................................5
1.1 Банк ресурстарының ұғымы және сипаттамасы................................................5
1.2 Банк ресурсының құрылымы.............................................................................10
2 «Казкомерцбанк» АҚ-ның банктік ресурстарының құрылу көздерін талдау.........................................................................................................................29
2.1 «Казкомерцбанк» АҚ-ның меншікті капиталының қалыптасуын талдау.........................................................................................................................29
2.2 Банктің меншікті капиталының жеткіліктігін талдау.....................................40
2.3 Банктің тартылған қаражаттарының қолдануын бағалау...............................43
2.4 Банктік ресурстардың қолдануын талдау........................................................49
3 Банк ресурстарының қалыптасуының жетілдіру жолдары...............................56
3.1 Банктік ресурстарды тартудың жолдары.........................................................56
3.2 «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттік саясатының іске асыру жолдары.....................................................................................................................63
Қорытынды................................................................................................................75
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............

Файлы: 1 файл

Вся работа.doc

— 852.00 Кб (Скачать)

Біріншісі – бұл банктің сенімділігі. Көптеген салымшылардың пікіріне сүйенсек, еліміздегі ең тұрақты  банктерге Халық Жинақ Банкі АҚ, ТұранӘлем Банкі АҚ, Қазкоммерцбанк АҚ жатады. Себебі аталған банктердің банктік қызмет көресту тәжірибесі жеткілікті немесе сапасы жоғарғы деңгейде бағаланады.

Екіншісі – бұл депозиттер бойынша белгіленетін пайыз мөлшерлемелерінің деңгейі. Бұл жерде қаншалықты банк тұрақты болса, соғұрлым олардың депозиттер бойынша пайызы төмен. Ал кейбір танымал емес банктеріміз керісінше барынша жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп, депозиттік нарықта клиенттердің тартуға тырысады.

Үшінші – банктің құрылымдық бөлімшелерінің көп болуы  және қызмет көрсету сапасы. Әрине неғұрлым филиалы көп болса соғұрлым депозиттік нарықтағы клиенттердің көбірек тартуға мүмкіндік туады. Ол үшін қызмет көрсету сапасы жоғары болуы тиіс [44,45].

Депозиттік нарыққа жасалған талдау  депозиттік саясаттың ортақ ықшамдылық критерийлерінің  болуын талап етеді. Қазақстандық банктердің депозиттік саясатының ортақ ықшамдылық критерийлеріне мыналарды жатқызуға болады:

                       Банктің тұрақтылығын, сенімділігін және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында депозиттік, несиелік және өзге операциялар арасында өзара байланыстың болуы. Атап айтсақ, активтер мен пассивтерді сомаларына, мерзімдеріне, өтімділігіне, тәуекел дәрежесіне және табыстылығына қарай келістіру қажеттігі, яғни депозиттік саясатты жүргізу барысында ықшамды депозиттік  қоржынын қалыптасуына мән беру;

                       Тәуекелді төмендету мақсатында банктің депозиттік ресурстарын диверсификациялау ;

                       Клиенттердің тобына қарай депозиттік қызмет көрсету (байларға , кедейлерге, халықтың жалпы бөлігіне арналған банк өнімдерін сату);

                       Банктің өнімдері мен көрсетілетін қызметтері бәсекелес банктердікінен ерекшеленіп тұруға тиіс (сапасына, бағасына және т.б. ққарай).

Міне осындай талаптар ескерілген жағдайда отандық банктеріміз депозиттік саясатта іске асыру тиімділігі артады және ықшамды депозиттік портфелді басқаруға қол жеткізе алады.

Жалпы банктердегі депозиттік саясатты жүзеге асыру мынадай  принциптерге негізделеді:

1)     Салымдарды кепілдендіру.

Қазақстандық жеке тұлғалардың салымдарды сақтандыру қорына мүше болу арқылы банктер салымдардың сақталуы мен қайтарылуына кепіл берілуге тиіс.

2)     Міндеттемені орындау.

Банктің салым туралы келісім шартқа сай және клиенттердің алғашқы талабы бойынша клиенттер алдындағы міндеттемелерді толық және уақытылы орындау.

3)     Ашықтық.

Банктің қаржылық жағдайы туралы клиенттердің барлығына ақпараттың ашық немесе қол жетімді болуы (заңмен тыйым салынбағаннан басқалары).

4)     Бәсекелестік.

Банк өзінің депозиттік өнімдерінің депозиттік нарықтағы бәсекелестік қабілетін артыру үшін мынандай шешімдер қабылдау қажет:

      Бұрын шығарған және жаңадан шығаратын депозиттік өнімдерінің сапасын артыру мақсатында банк үнемі ішкі және сыртқы депозиттік нарықтарға маркетингтік зерттеулер жүргізу қажет және депозиттер бойынша жай, күрделі және прогрессивтік сыйақы есептеу әдістерін пайдалану;

      Депозиттер бойынша ұтыс жариялау, салым иелеріне сыйлық беру, бонус жүйесі сияқты маркетингтік ынталандыру әдістерін қолдану қажет;

      Клиенттерге өте жоғары мәдени және сапалы қызмет көрсету.

5)     Құпиялылық.

-   Клиенттермен қарым-қатынас орнату барысында алынған кез-келген ақпаратты, соның ішінде: клиенттердің мәліметтері, олардың қызметі, қаржылық мүдделері қатаң құпия болуға тиіс.

Коммерциялық банктердің депозиттік саясатының нарықтың секторлары бойынша өзіндік ерекшеліктері болуға тиіс.

Жеке тұлғалар салымдары бойынша:

Банктердің тұрақты ресурсын құрайтын жеке тұлғалардың, соның ішінде жеке кәсіпкерлердің салымдарын  тарту арқылы депозиттік базаны нығайту [46].

Табысы жоғары клиенттер сегментіне байланысты тұрақты клиенттерді тарту:

-   VIP санатындағы ірі клиенттерді тарту;

-   Орташа табысты клиенттерді тарту.

Заңды тұлғалар депозиттері бойынша:

Корпорация мен ұйымдардың ұзақ мерзімді салымдарын банкке тарту арқылы банктегі олардың шоттарының қатарын өсіру және банктің ол депозиттік нарықтағы ұстанымын одан әрі нығайту.

Банкаралық депозиттер нарығы бойынша:  

Банктер банкаралық депозиттер нарығын өздерінің қысқа мерзімді өтімділіг реттеу құралы ретінде тиімді пайдалануы қажет.

Коммерциялық банктің «Депозиттік саясаты туралы» Ережесіне сәйкес Банктің депозитттік саясатының мақсаты болып Қазақстан Республикасының заңы шегінде депозиттік операциялар жүргізу барысында Банк мүмкіндіктерін тиімді қолдану болып табылады.

Саясатты құру барысында келесі мәселелер алға қойылады: 

                       Депозиттік базаны кеңейту және тұрақты ету, Қазақстанның ішкі  депозиттік нарығындағы банк үлесін ұлғайту; 

                       Банктің меншікті капиталына қатысты депозиттік портфельдің көлемін  өсіру және сапасын жақсарту; 

                       Өтімділік саясатына сәйкес және Банктің активтер мен пассивтердіалқалы басқару органының шешіміне сәйкес Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді салымдар үлесінің оңтайлы сәйкестілігін ұстап тұру; 

                       Барлық клиенттер түріне қатысты өлшенген және лояльды саясаты.

Коммерциялық банктің депозиттік саясаты келесі принциптерге негізделген:

                       Салымдардың кепілдігі, яғни банк салымдардың сақталуын және қайтарылуын қамтамасыз етеді. Банк АҚ «Жеке тұлғалардыңсалымдарын (депозиттерін) кепілдендіру (сақтандыру) Қазақстанның қорының» қатысушысы болып табылады; 

                       Міндеттемелерінің орындалуы яғни, Банктің клиент алдындағы міндеттемелерін банктік салым туралы келісім – шарт жағдайларына сәйкес немесе талап еткенге дейінгі салымдар бойынша клиенттің бірінші талабы бойынша толығымен және уақытылы орындалуын қарастырады.

Бұл принцип депозиттік портфель құрылымымен дұрыс басқару жолымен орындалады. Ол өз алдына банк активтері мен пассивтерін алқалы басқару органымен жүзеге асады [47]. Ашықтығы принципінде банктің барлық салымшылары осы банктің қаржылық жағдайы туралы ақпараттар алуға құқығы бар (заңмен қорғалатын конфеденциялды ақпараттар берілмейді). Депозиттік өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату мақсатында Банк өз тәжірибесінде шешу жолдарына келесідей әдістерді қолданады:

                       сыйақыны есептеудің жай, күрделі және прогрессивті әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылып жүрген депозиттік өнімдерді дамытужәне оның жаңа түрлерін енгізу мақсатында ішкі және сыртқы депозиттік нарықта маркетингтік зерттеу жүргізеді;

                       келесідей маркетингтік тәсілдерді қолданады: жүлде ұтыстарын ұйымдастыру, салымшыларға сый (премия) беру, бонустар жүйесін қолдану;

                       клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары сапасын және мәдениетін қамтамасыз етеді;

                       құпиялылығы (конфиденциальность). Банктің сұхбаттасу барысында алынған барлық ақпарат, соның ішінде клиенттердің жеке басына қатысты мәліметтер, олардың қызмет ету түрі және қаржылық мүдделері қатаң құпиялылықта сақталуы тиіс. Банктің барлық қызметкерлері тиесілі шарттарды орындауға міндетті, яғни барлық ақпараттар сенімді орындасақталуы және оған басқа тұлғалардың қолы жетпеуі қажет.

Депозиттік нарықтағы клиенттердің үлкен бөлігін тарту мақсатында депозиттік саясатты әрбір нарық секторының ерекшеліктерін ескеріп жүргізеді.

Жеке тұлғалардың салымдары бойынша саясатты қалыптастыру барысында мынадай мәселелер алдыға қойылады: депозиттік базаны негізінен, жеке тұлғалардың салымдарын тарту жолымен қалыптастыру (соның ішінде жеке кәсіпкерлердің). Бұлар ресурстардың тұрақты бөлігін құрайды.

Банкте бөлшек сауда саясатына сәйкес дәстүрлі клиенттер тобын сақтап және жоғарғы табысты клиенттердің сегменттегі қатысу үлесін күшейтеді, яғни: «VIP» категориясындағы ірі клиенттерді;  орташа клиенттерді тартады.

Осы тарауда тұрақталып бекітілу Банктің жеке тұлғалардың депозиттерін дамытудағы стратегиялық мәселесі болып табылады.

Корпорациялардың және ұйымдардың салымдарын (депозиттерін) тарту аумағында Банк клиенттер санын көбейтуге, олардың банктік шотындағы қалдықтарын өсіруге және заңды тұлғаларға депозиттік қызмет көрсететін нарықта өз ұстамын күшейту.Пайыздық тәуекелді төмендету және тартылған ресурстардың ұтымды құрылымына ұмтылу барысында Банк ұзақ мерзімді салымдардың келіп түсуіне мүдделі.

Банк шоттардағы қалдықтардың өзгеру тәуекелдігінің қысқаруына ықпал ететін корпоративті клиенттермен ұзақ мерзімді қатынастарды дамытуға ұмтылады.

Заңды тұлғаларға қатысты депозиттік базаны қалыптастыру банк саясаты өтімділік талаптарын және Банк міндеттемелеріндегі тұрақсыз қорлардың ұйғарынды мөлшеріне қатысты талаптарын ескереді.

Банкаралық нарықтағы депозиттер  банкпен тек қысқа мерзімді өтімділікті реттеу құралы ретінде қолданылады.

Сонымен қатар, коммерциялық банктің ұсынылатын депозиттік өнімдер келесі түрлерге бөлінеді:  жеке және заңды тұлғалардан нақты белгіленген мерзімге жинақ  шотына бір реттік жарна аударылып қабылданатын мерзімді салым;  жеке және заңды тұлғалардан қабылданатын және банктік салым туралы келісім – шарт жүзеге асырылатын мерзімі шегінде иесі жинақ шотына жарна аудара алатын жинақ салымы;  шартты (шартты - жинақ) салымы, яғни салымшы банктің салымтуралы келісім – шартта өзі белгілеген шарттардың орындалуы немесе жағдайлардың орындалуына дейін жарна аударып отырады немесе қаражат жинақтайды;  талап еткенге дейінгі салым [48]. Жеке және заңды тұлғалардан қабылданады және талап еткенге дейінгі салым туралы келісім – шарт жүзеге асып жатқан кезеңге жинақ шотына нақты белгіленбеген сома мөлшері аударылуы немесе оның шоттан алынуы мүмкін. «Талап еткенге дейінгі» салым бойынша жинақ шотының тәртібі заңмен белгіленген ағымдағы шоттар тәртібіне ұқсас болып келеді.

Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері бойынша шарттар (жағдайлар) арнайы ережелер, нұсқаулар және осыған тән банктің әдістемелік қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерімен әзірленетін және жарғыға сәйкес директорлар Кеңесімен бекітілетін банктің ішкі құжаттарымен анықталады.

Банктің жеке және заңды тұлғаларды тарту аумағындағы пайыз саясаты салымдар (депозиттер) ағымын ынталандыруға бағытталған [49]. Салымдарға (депозиттерге) белгіленетін сыйақы мөлшерлемесі Банктің пайыздық саясатына сәйкес анықталады және активтер мен пассивтерді алқалы басқару органымен бекітіледі.

Жеке және заңды тұлғалардың депозиттері үшін сыйақы мөлшерлемесін анықтаған кезде мыналар есепке алынады:

                       қаржы нарығының конъюнктурасы; 

                       ішкі (теңгедегі депозиттер) және сыртқы (шетел валютасындағы  депозиттер) депозиттік нарықтағы сыйақы мөлшерлемесінің деңгейі; 

                       банкаралық ресурстар құны; 

                       ортақ пайыздық және валюталық тәуекелдің тиімді дәрежедегі пайыз  қаржысының қажетті деңгейі;

                       Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің қайта қаржыландыру  мөлшерлемесінің мөлшері; 

                       салымдардың (депозиттердің) құрылымы және түрлері; 

                       Халық табысының өсу қарқыны; 

                       Салымдар бойынша АҚ «Жеке тұлғалардың салымдарын(депозиттерін) кепілдендірудің (сақтандырудың) Қорымен» ұсынылатын сыйақы мөлшерлемелерінің мөлшері.

Жеке және заңды тұлғалардың салымдарына сыйақы мөлшерлемесін белгілеу кезеңі келесілерді қамтиды: 

                       сыйақы мөлшерлемелерін есептеу. Ол әдістемелік қызметті атқаратын  Банктің құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асырылады; 

                       есептелінген сыйақы мөлшерлеме мөлшері жайында қазынашылық  қызметті атқаратын Банктің құрылымдық бөлімшесімен келісу; 

                       келімге келген сыйақы мөлшерлеме мөлшерін активтер мен пассивтерді  банктің алқалы басқару органының қарастыруы және бекітуі.

Халықтың салымдары – банк жүйесінің киесі. Сондықтан банк пен мемлекет бірнші кезекте депозиттерді қорғайды. Бүкіл әлемнің банктік механизмі осы принципке негізделген.

Үкімет мемлекеттік қолдау шараларын жасағанда, бірінші кезекте, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, яғни салымшылардың мүддесін қорғауға ұмтылады.

Күн сайын әрбіреуіміз талай жарнаманың куәгері боламыз: газеттерден, радиодан, телеарналардан көптеген банктермен олардың депозиттерінің артықшылықтары туралы сан алуан ақпарат аламыз. Ал шешімді қалай қабылдаймыз? Лайықты депозит таңдаудың дұрыс жолы қандай?

Қай банкті таңдау керектігі туралы кеңес бере алмаймыз, өйткені әрбір салымшы банкті өзі таңдау қажет.

Казкоммерцбанкке келетін болсақ, бағаның қалыптасу үдерісіне бұрындары қандай өлшеммен қарасақ, қазір де солай. Бәсекеге қабілетті болу үшін банк 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап салымдардың пайыздық мөлшерлемесін көтерді. Алайда депозит саясатында біз үшін ең маңыздысы – тартылған ресурстарды экономикалық мақсатымызға сай пайдалануымыздың, бәсекеге қабілеттігіміздің және салымдарымыздың сенімділігінің арақатынасы.

Информация о работе Банктік ресурстар: қалыптасуы және қолданылуы («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында)