Нашақорлық және маскүнемдік

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:53, реферат

Краткое описание

Ғасыр дертіне айналған нашақорлық және маскүнемдік халқымыздың өмірі мен денсаулығына да үлкен зиян тигізуде . Қазір елімізде есірткі заттары астыратын айналымнан тонналап алынатын болып жүр.

Файлы: 1 файл

Нашақорлық және маскүнемдік.doc

— 24.00 Кб (Скачать)


Нашақорлық және маскүнемдік.

 

 

 

          Ғасыр дертіне айналған нашақорлық және маскүнемдік халқымыздың өмірі мен денсаулығына да үлкен зиян тигізуде . Қазір елімізде есірткі заттары астыратын айналымнан тонналап алынатын болып жүр.

 

         Өкінішке орай улы шөпті тұтынушылар жылдан жылға көбейіп келеді.

 

          Олар өздерін қор етіп қана қоймай , жасөспірімдерді де есірткіге үйретіп , өздерінің қатарына қоса алады. Осы нашақорлықты ауыздықтау былай түрсын , есірткінің таратылуын тоқтатудың өзі қиын болып түр. Бұл кәсіппен күнін көре алмай жүргендер емес , ашкөздікке , азғындыққа салынғандар айналысады. Бір өкініштісі бұларға деген заң қатал емес. Сондықтан да болар олар өздерін еркін ұстайды. Бұл қауіпті кеселдің даму мүмкіндіктерін жою үшін есірткіні әкелу , таратуға қолданатын жазаны қатайту және осыған байланысты ең ауыр жазаны енгізу керек деген де пікірлер бар.

 

           Кейбір елдерде нашақорлық үшін өлім жазасын белгіленген . Оның қоғамнның басқа дені сау мүшелерін қасиетті іс, заңды жаза деп есептейді. Олар нашақорлықтың нәубетін көріп , одан құтылу үшін , ұлтын қорғау үшін амалсыздан осындай қадамға барып отыр.

 

         Осы бізде де құдай мөлдіретіп жаратқан ой-санаңды , ақыл парасатыңды  аздыратын , алпыс екі тамырыңды улап , қасіретке ұрындыратын , төрт мүшеден кем етіп , бейшара күйге түсіретін нашақорлық ішімдікке әуестік ,темекіге құмарлық секілді жат қылықтан жас ұрпақты қайтсек аман алып қаламыз деген   мәселе аз айтылып, аз  жазылып жүрген жоқ.  Осындай ақыл – ойыңды ойран ететін қатерден елдің ертеңі болып саналатын жастарды сақтап қалу жолында Отанымызда атқарылып жатқан игі  шаралар аз емес.

 

           Елбасы «Қазақстан 2030 жылға дейін даму стратегиясында» есірткі заттарын өткізіп бизнес жасайтындарға жазаны қатайту туралы «Есірткі - өте ерекше және түпке жететін  сала , сондықтан бұл жерде адамгершілік принциптерінің қандай дәрежеде қолданылу үлкен мәселе . Тараздың бір басында оны әкеліп тарататын адамның өмірі тұрса, екінші басында соның «көмегімен» қор болған есірткі тұтынушылардың ғұмыры тұр», - деп ашық айтылған еді.

 

          Сондықтан бұл кәсіптің түбіне балта шабу үшін барлығымыз бір ауыздан бірігіп осы кәсіппен айналысатын адамдарға қарсы жұмыс атқаруымыз керек, сол кезде біздің болашағымыздан жақсы үміт, жақсы, таза, тыныш, бақытты өмір күтуімізге болады.



Информация о работе Нашақорлық және маскүнемдік