Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 16:57, реферат

Краткое описание

Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.
Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты.

Оглавление

1.Экологиялық фактор.
2.Абиотикалық фактор
3.Антропогендік фактор
4.Фактор
5.Тіршілік ортасы
6.Су
7.Құрлық-ауа
8.Топырақ.
9.Организм

Файлы: 1 файл

Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар.docx

— 32.94 Кб (Скачать)

Жоспар

1.Экологиялық фактор.

2.Абиотикалық  фактор

3.Антропогендік  фактор

4.Фактор

5.Тіршілік ортасы

6.Су

7.Құрлық-ауа

8.Топырақ.

9.Организм

                               1.Экологиялық фактор

Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.

Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар абиотик., биотик., антропогендік, климаттық және тежеу факторларымен тығыз байланысты. Экологиялық фактор тірі организмдерге олардың жеке дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез келген әрі қарай бөлшектенбейтін элементі саналады. Табиғи жағдайда организм көптеген факторлардың ықпалына ұшырап отырады. Экологиялық фактордың қайсысы болмасын табиғатта тұрақты емес. Барлық Экологиялық фактор екі санатқа: популяция тығыздығына тәуелсіз және популяция тығыздығына тәуелді болып бөлінеді.

1.Әсер ету нәтижесінде жойылатын дарабастар пайызы олардың санына немесе тығыздығына байланысты емес

2.Факторлар әсеріне жойылып кеткен түрлердің пайызы олардың тығыздығы өскен сайын пропорционал мөлшерде артады.

 

Бірінші санат факторларына негізінен климаттық, ал екіншісіне – биоталық факторлар жатады. Топтастырудың тағы бір жолы бойынша Экологиялық факторлар энергетик. және сигналдық болып бөлінеді. Мысалы, энергетик. топқа температура, бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм, т.б. жатады. Бұл топ организмдерге тікелей әсер етіп, олардың энергетик. күйін өзгертеді.қара: Абиотикалық факторлар, Биотикалық фактор, Антропогендік фактор, Фактор.

2.Абиотикалық факторлар

Абиотикалық факторлар (гр. 'a' — теріс және bіotіkos — тірішілік, өмір) — бейорганикалық ортаның тірі организмдерге жасайтын тікелей немесе жанама әсерлерінің жиынтығы; сыртқы ортаның бейорганикалық, физикалық және химиялық жағдайлары.

 

Ол ф и з и к а л  ы қ абиотикалық фактор (темпиратура, жарық, жел, ылғалдылық, атмосфераның қысымы, ағыстар, радиациялық деңгей, радиоактивті сәуле шығару т.б.), х и м и я л ы қ Абиотикалық фактор (атмосфера, су, қалдықтар, топырақ, шөгінді құрамы және олардағы қоспалар т.б.), к л и м а т т ы қ абиотикалық фактор (күн радиациясы, атмосфералық жауын-шашын, гидросфералық қысым т.б.) болып бөлінеді. Өсімдік пен жануарлардың ыстыққа, суыққа, ауа қысымына, су тереңдігіне, хим. құрамына қарай бейімделуі, кейбір жануарлардың қысқы, жазғы ұйқыға кетуі т.б. Абиотикалық факторға байланысты. Жер бетінің, ауаның, судың химиялық және физикалық құрамының өзгеруі тірі организмдерге де әсер етеді. Мысалы, 20 ғасырда Арал теңізінің тартылып, ауада тұз концентрациясының көбеюіне байланысты, миллиондаған тонна тұзды шаң тірі организмдерге үлкен әсерін тигізді.

 

Абиоталық факторды химиялық (атмосфераның, теңіздің, тұщы судың құрамы және тағы да басқалары) және физикалық (климат, орография) деп екіге бөледі. Абиоталық фактор биоталық және антропогендік факторлармен қосылғанда экологиялық факторлар құрайды

Биотикалық фактор, биогендік фактор — организмдердің тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін сан алуан әсерлері. Биотикалық фактордың абиотикалық фактордан айырмашылығы, мұнда әр түрге жататын организмдер бір-біріне өзара және айналадағы ортаға әсерін тигізеді. Мысалы, жәндіктер өсімдіктерді тозаңдандырады, бір организм екінші бір организмді қорек етеді, микроорганизмдер топырақ құрылымын өзгертеді, т.б. Биотикалық факторлар бір популяция ішіндегі дара бастар арасында да, жеке популяциялар арасында да байқалады. Мысалы, ақ бөкендердің жайылымдардағы өсімдіктерге әсері, ақ бөкендердің өзара әсері немесе қасқырдың ақ бөкенге шабуылы, т.б. Биотикалық фактор түрішілік және түраралық болып ажыратылады. Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады. Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа организм есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы организмдердің қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады

3.Антропогендік фактор

Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады. Интернет жариялаған негізгі мәліметтерде жыл сайын 16,8 млн. га тропиктік ылғалды орман жойылатыны, жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан жыл сайын 6 млн. га шөл пайда болатыны, қышқыл жаңбырдан 50 млн. га орманның зақымдалғаны, жыл сайын біздің планетамызда жыртылатын жердің 26 млрд. т құнарлы қабаты жойылатыны, өсімдіктердің 25 – 30 мың түрі жойылып кету қаупінде тұрғаны атап көрсетілген. Кейінгі кезде атмосфераға жыл сайын 400 млн. т күкірт диоксиді, азот және көміртек оксидтері, қатты бөлшектер шығарылатыны анықталды. Қазақстанда Арал өңірінің, Семей жерінің, Балқаш маңының, Каспий алқабының экол. апатты аймақтарға айналуына Антропогендік факторлар негіз болып отыр

4.Фактор

Фактор, экологияда — 1) процестердің қозғаушы күші немесе оларға ықпалы бар жағдай, қайсыбір процестегі, құбылыстағы мәнді жағдай; 2) факторлық талдауда зерттелетін айнымалы шамалар арасындағы корреляция өрнегінің көрінісі. Факторлардың ішіндегі маңыздылары: абиотикалық-экологиялық Фактор — организмдерге әсер ететін бейорганиктік және экологиялық Факторлар; адам Факторы — адамның “адам — қоршаған орта” жүйесіндегі әрекетінің тиімділігіне ықпал ететін не шектейтін анатропологиялық-морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы; а) адамның әлеуметтік, экономикалық өндірістік, ғылым-техникалық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, т.б. қатынастар жүйесіндегі әрекетінің ерекше белгіленуі; ә) қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы қызметтің субъектісі ретіндегі адамға қатысты жағдайлардың бәрі жатады; ақпараттық Фактор— әдетте тіршілікте аса маңызды мәліметтің коды (“жазылу” жүйесі) ретінде көрінетін, сондықтан тіршілік иесіне шамадан тыс әсер етпейтін Фактор, мысалы, генетикалық Фактор; антропиялық Фактор — адамның бір нәрсеге тікелей әсері барысында пайда болатын Фактор; атмосфералық Фактор — атмосфераның физикалық күйімен және химикалық құрамымен байланысты Факторлар; әлеуметтік Фактор — адамдарда қоғамдық қатынастардан немесе табиғаттағы жәндіктерде (құмырсқа, ара, термит, т.б.) әлеум. құрылымнан болатын Фактор; биогендік Фактор — тірі организмдердің қоршаған ортаға қазіргі және бұрынғы замандардағы тікелей не аралық ықпалына байланысты Факторлар жиынтығы; биологиялық Фактор — тіршілік барысында пайда болатын, атап айтқанда оның қалыптасуының негізгі көзі тірі организм не олардың қандай да болсын жиынтығы болып табылатын Фактор (мысалы, жыртқыш пен оның жемтігінің арасындағы байланыс — қорек азаю Факторы); биосфералық Фактор — негізгі көзі және ортасы биосфера болып саналады; биотикалық Фактор — 1) шығу негізі тірі организмнің ортаға аралық әсері болып табылатын Фактор, мысалы, химиялық бөлінділер (фитонцидтер, т.б.), организмдердің жойылуы (көмір, теңіз карбонаттарының түзілуі) немесе олардың бұрынғы өтіп кеткен кезеңдегі іс-әрекеттері (мысалы, топырақ түзілуі); 2) бір организмнің тіршілік әрекетінің басқа организмнің тіршілік әрекетіне әсер-ықпалының жиынтығы. Бұлар түрішілік (демографикалық, этологиялық, топтық, т.б.) және түраралық (селбесу, жыртқыштық, т.б.) болып бөлінеді; (қара Бәсекелестік, Комменсализм, Мутуализм, Паразитизм); биоценоздық (ценоздық) Фактор — негізі жеке организм, популяция, түр не олардың кездейсоқ жиынтығы емес, биоценозды құрайтын организмдердің жиынтық әрекеті болып табылатын Фактор; мутагендік Фактор — тікелей немесе жанама түрде гендік мутациялар тудыратын Фактор, мысалы, радиацияның жоғары болуы, қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы; табиғи Фактор — адамның қатысуынан тысқары (антропогендік емес) немесе оның биологиялық мәнімен байланысты (бұған техногендік әсер де қосылады) әрекет ететін Фактор; табиғи-антропогендік Фактор — табиғи Фактордың адам әрекетінен өзгергендігі соншалық, ол өзінің түп нұсқасынан сан жағынан да, сапа жағынан да өзгеше болып келеді; түрлік Фактор — биологиялық түр шеңберінде пайда болып, әрекет ететін Фактор Жалпы түрлік, популяц., топтық және индивидтік Факторларды қамтиды; физиологиялық Фактор — адамның өз организміне тигізетін жекеше ықпалы, мысалы, стресс; химиялық Фактор — қоршаған ортаның химиялық құрамынан (соның ішінде химиялық ластанудан) болатын Фактор; шектеуші Фактор— 1) қайсыбір процестің, құбылыстың не организмнің (түрдің, қауымдастықтың) тіршілік етуі үшін шектеу қоятын Фактор, мысалы, түрлер арасындағы бәсекелестік; 2) ең көп не ең аз шамада болатындықтан экожүйенің құрамы мен биологиялық өнімділігіне басқалардан гөрі ықпалдырақ әсер ететін экологиялық Фактор, мысалы, далалық аймақта өсімдіктер үшін — су, орманды жерлерде — топырақтағы қоректік заттардың молдығы, тундрада — жылу мөлшері шектеуші Фактор болып саналады; эволюциялық Фактор — қазіргі кездегі әсер сипаты организмдердің бұрынғы геол. кезеңдердегі тіршілік әрекеті нәтижесінде анықталған Факторлар (мысалы, атмосферадағы оттек мөлшері, озоносфера, т.б.); қара Абиотикалық фактор, Антропогендік фактор, Экологиялық фактор

5.Тіршілік ортасы

Тіршілік ортасы (Биотическая  среда) [1] — қазіргі тіршілік етіп жатқан организмдердің арқасында пайда болған табиғи күштер мен құбылыстар.[2]

 

Тіршілік ортасы деп белгілі бір организм (түрдің) дамуының барлық кезендеріне қажетті табиғи орта факторлар жиынтығын айтады.

 

Тірі организмдер тіршілік ететін табиғи орталар жиынтығын экологияда экотоп деп атайды. Бұл абиотикалық факторлар жиынтығы деген ұғыммен мағыналас. Оны кейде биотоп (грекше "bios" — тіршілік, "topos" — орын) деп те атайды. Белгілі бір экотопта тіршілік ететін барлық тірі организмдер жиынтығын биоценоз (грекше "koinos" — жалпы) деп атайды. Белгілі бір аумакта тіршілік ететін барлық тірі организмдер мен орта жағдайларының жиынтығын қосып биогеоценоз (грекше "bios" — тіршілік, "ge" — Жер,"koinos" — жалпы) деп атайды.Мазмұны  [жасыру]

1 Су

2 Құрлық-ауа

3 Топырақ

4 Организм

5 Пайдаланған әдебиет

6.Су

Су — тіршілік ортасы. Су көптеген организмдер үшін ең қолайлы орта болып саналады. Сулы ортаның өзіне тән физикалық және химиялық қасиеттері бар. Организмдер үшін судың химиялық құрамы, тұнықтылығы, тығыздылығы, тұтқырлығы, оттек пен жарықтың болуы және т.б. негізгі рөл атқарады. Судың құрамында көптеген минералдық заттар мен химиялық косылыстар кездеседі. Табиғи судың құрамындағы минералдық тұздардың мөлшері де түрліше болады. Мысалы, тұщы судың бір литрінде 0,5 г тұз болса, теңіз суында тұздың мөлшері 35—40 г болады. Судың құрамында оттек мөлшері атмосферадан 20 есе аз және суға жарық аз түседі. Суда қысым күрт өзгереді. Мұның бәрі де кейбір организмдер тіршілігі үшін едәуір қолайсыздық туғызады.

 

Суда тіршілік етуге бейімделген  организмдер тобы — гидробионттар (грекше "hydor" — су, "biontos" —  тіршілік ететін) деп аталады. Олар судың түрлі қабаттарында тіршілік етуге бейімделген. Гидробионттар Дүниежүзілік мұхиттарда, жер асты суларында, құрлықтағы су айдындарында кеңінен таралған. Су айдындарында екі түрлі тіршілік ортасын ажыратады. Оның бірі — судың қалың қабаты (пелагиаль грекше "pelagos" — теңіз). Бұл қабатта тіршілік ететін организмдерді пелагостар деп атайды. Екіншісі — су тубі (бенталь грекше "benthos" — терең) деп аталады. Мұнда тіршілік ететін организмдер бентостар деп аталады.

 

Судың беткі қабатында судың ағысымен қалқып жүріп тіршілік ететін ұсак организмдерді (фитопланктондар мен зоопланктондарды) планктондар (грекше "planktos" — қалқып жүретіндер) деп атайды.

 

Судың түрлі қабаттарында белсенді түрде жүзіп жүріп тіршілік ететін ірі организмдерді (басаяқты ұлуларды, балықтарды, және т.б.) нектондар (грекше "nektos" — жүзіп жүретіндер) деп атайды. Ал судың ең беткі қабатында тіршілік ететін әрі микроскопиялық, әрі ұсақ организмдер пейстондар (грекше "heustos" — жүзетіндер) деп аталады.

7.Құрлық

Құрлық-ауа тіршілік ортасы. Бұл табиғи тіршілік ортасы атмосфералық ауаның көп болуымен ерекшеленеді. Сондықтан да бұл ортада тіршілік ететін организмдер — аэробионттар (грекше "Air" — ауа) деп аталады. Бұл ортаның тығыздығы мен қысымы төмен. Ал оттек пен жарық мол. Құрлық-ауа тіршілік ортасында температура мен ылғалдылық жыл маусымдарына, тәулік мезгілдерінде және географиялық орналасқан орнына сәйкес күрт өзгеріп тұрады. Бұл ортада организмдердің тіршілігі үшін температура, ылғалдылық, жер бедері, жел, жыл маусымдарының алмасып тұруы негізгі рөл атқарады. Бұл ортада тіршілік ететін организмдердің орта жағдайларына әсері айқын байқалады, тіпті олар өздеріне қажетті ортаны өздері жасап алады. Экологиялық тұрғыдан алғанда бұл орта өте күрделі әрі ондағы орта жағдайлары да сан алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Құрлықта тіршілік етуге бейімделген организмдерді террабионттар (латынша "terra" — "жер") деп атайды. Бұл ортада тіршілік ететін организмдер денесіндегі суды үнемдеп жұмсайды, жылу реттеу механизмдері де түрліше. Оттектің мол болуына сәйкес ондай организмдерде арнайы тыныс алу мүшелері пайда болған. Температураның күрт өзгеруіне сәйкес организмдерде қорғану үшін түрліше бейімделушілік белгілер калыптасқан.

8.Топырақ

Топырақ — тіршілік ортасы. Топырақ құрлықтың беткі қабаты. Ол үнемі литосферамен және атмосферамен жанасып жатады. Топырақ ұзақ уақыттар ішінде үгітілген тау жыныстары мен тірі организмдердің шіріген қалдықтарының қосылуынан пайда болған әрі тарихи, әрі табиғи дене. Сондықтан да топырақ құрамында минералдық және органикалық заттардың қосылыстары болады. Топырақ қабатын педосфера (грекше "podos"—аяк) қабығы деп атайды. Топырақтың беткі кабатында органикалық заттарды ыдыратушы ұсақ организмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар, құрттар және т.б.) тіршілік етеді.

 

Топырақ қабатының да тіршілік ортасы ретінде өзіне тән ерекшеліктері бар. Топырақ қабатындағы тіршілік үшін температура, ылғалдылық және оттек негізгі шектеуші факторлар болып саналады. Топырақ тығыз, онда жарық болмайды, температураның ауытқуы шамалы ғана әрі оттек аз, оның есесіне топырақта көмірқышқыл газы көп болады. Топырақ борпылдақ (саңылаулары мол) құрылымды болып келеді. Топырақ ішіндегі саңылауларды газдар қоспасы және су ертінділері толтырып тұрады. Топырақ көптеген организмдердің тіршілігі үшін өте қолайлы орта. Топырақта тіршілік ететін организмдер — педобионттар деп аталады.

 

9.Организм

Организм — тіршілік ортасы. Жер бетінде тіршілік алғаш рет пайда болған кездің өзінде-ақ кейбір жеке организм тіршілік ортасына айналган. Бір организмді екінші бір организм тіршілік ортасы ретінде пайдалану табиғатта кеңінен таралған. Табиғатта кездесетін әрбір түрдің өзіне тән паразиті болады.

Информация о работе Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар