Өсімдік және қоршаған орта

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:26, лекция

Краткое описание

Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жаідайынан ғана емес,сонымен бірге,әр уақытта,түрлер жаңа ортаға тап келгенде байқауға болады.Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының өзгертуіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде байқалатын құбылыс.

Оглавление

Жоспар
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1) Өсімдік зоналары мен биіктік белдеулері.
2) Фитоцеонология.
III.Қорытынды.

Файлы: 1 файл

10 дәріс пән.docx

— 24.52 Кб (Скачать)

10 дәріс пән: «Өсімдіктер алуан түрлілігі»

            Тақырыбы: «Өсімдік және қоршаған орта»

   Жоспар

I.Кіріспе.

II.Негізгі  бөлім.

    1) Өсімдік зоналары мен биіктік белдеулері.

    2) Фитоцеонология.

III.Қорытынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

      Біздің планетамызда космос корабльнен қарағанда,космоновтар Экватордың екі  жағында,жалпақ жолақ түзіп,тропиканың жасыл өсімдіктердің өсіп тұрғанын көреді.Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшерін және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалыұты жауатындығына қарай мәңгі жасылормандар,ылғалдылығы құбылмалы болып келетін,жапырақтары түсіп отыратын ормандар ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бұталарды,саванналарды,ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында-мангр ағаштарынан тұратын ормандар түзеді.Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін,аса үлкен ормансыз кеңістіктер-шөл,шөлейт,приерии орналасады.Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормандардың жолағы кездеседі.Бірақ олар тропиктерді секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты ормандар болып келеді.Тайган солтүстікке қарай полюстың айналасында,тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады.

       Экватордан солтүстікке қарай  құрлық  біршама аз болады.Полюстерге  жақын жерлерде және биік таулардың  басында мәңгі мұздар мен қарлар  жатады.

      Мұндай түрлі-түсті өсімдіктерден  тұратын кілем жылдың әртүрлі  кезеңде-ріне қарай, әсірісі қыста,құрлықтың  үлкен кеңістіктігін,шамамен 40 градус  с.е және одан жоғары қарай  қар басқан кезде,көп өзгеріске  ұшырайды.

    Тау  етегіндегі тегістіктен,тау басына  көтеріле отырып,өсімдіктер қауымдастықтарының  ғана емес сонымен бірге жақын  түрлердің,кейде тіптен бір түрдің  өзінің тіршілік формасының структурасының  басқаша өзгеретіндігін аңғаруға  болады.Таудың жоғары белдеулерінің   ерекше климаты мен топырақ  жағдайларының әсері ағаштар мен бұталардың жатаған аласа формаларының қалыптасуына,биік шөптесін өсімдіктердің жартылай жертаған және жертағандар түзуіне әкеліп соқтырады.

  1.Бонье  осындай өзгерістерді зерттей  отырып,әрбір зерттеуге алынған  өсімдіктерді екіге бөлген.Олардың  біреулерін тау аңңаруға,ал екіншілерін  таудың басына, теңіз деңгейінен 2300 м биіктікте отырғызған. Эксперимент  таң қаларлықтай нәтиже берген. Мысалы, топинамбур қалыпты жағдайда  биік өсімдік,ал  таудың басында  ол жерге жабысып өскен түкті  жапырақ түрінде болады.Өсімдіктердің  құрылысының өзгеруімен бірге,  олардың құрамындағы қант пен витаминдердің де консентрациясының жоғарлағандығы байқалған.Соған байланысты  таудың жоғары белдеулерінің жемшөптік өсімдіктерінің құнарлығы аса жоғары болады.

    Өсімдіктердің  қоршаған ортаға бейімделушілігін  тек таудың жаідайынан ғана  емес,сонымен бірге,әр уақытта,түрлер  жаңа ортаға тап келгенде байқауға  болады.Бұл өсімдіктің табиғи  өсетін ортасының өзгертуіне  байланысты және оны мәдени  жағдайға ендіргенде байқалатын  құбылыс. Егер қосмекенде таранның  құрнаққа өсетін формасын сазды  жағадан сулы ортаға ауыстырар  болсақ,онда ол бірнеше аптаның  ішінде таранның судағы формасының белгілерін қабылдайтыны белгілі.Белгілі фитоэколог Е.Варминг ауа райы суық және жаңбырлы кездері клейстогамды гүлдердің пайда болатындығын дәлелдеген.Сондықтанда ареалдың  арктикалық және альпалық  учаскелеріне өсімдіктер,осы түрлердің особьтарына басқа жерлерде өсетіндеріне қарағанда өздігінен құрамында тұзы жоқ топырақтарда,мор топырақтарда өсетін өсімдікке тән белгілері, мысалы, жапырақтарының етженділігін жоғалтады.

    Ауылшаруашылық  дақылдарының қоректену жағдайы  мен дұрыс жолға қойылған агротехникасының, осы өсімдіктердің түсімділігі  мен сапалығына әсерінің үлкен   болатындығын диқан қауым көптен  дәлелдеген.

     Сонымен, өсімдіктердің  қарым-қатынасының  және табиғи сұрыптаудың нәтижесінде  оларда  белгісі бір экологиялық  жағдайда аса қажетті, жаңа физиологиялық қасиеттер мен құрылысының жаңа структурасы қалыптасады. Мұндай қажетті белгілер бар түрлер мен түр ішілік дараланған топтар ,осындай экологиялық жағдайларға көп бейімделген, көп адаптацияланған ортаның компонентерінің тамаша индикаторы  болып табылады.Өсімдік-индикаторлар, көп жағдайда стенотопты  түрлер  болып келеді.Яғни бүл түрлердің ареалы шамамен көп жерді алмайды, өйткені олар аздаған кеңістіккке тән ерекше ортамен байланысты болады.Осы түрлер және олардың ертеде қалыптасқан қауымдастықтары фитоценоздары алдымен топырақтың типінің сенімді көрсеткіші болып табылады.Өйткені топырақтың белгілі бір типтерінің  қалыптасуына биоценоздың осыған сәйкес келетін типі шешуші роль атқарады.

   Индикациялық  тәсілдің көмегімен топырақтың  типі ғана емес,сонымен бірге  олардың қасиеттерін топырақ  түзетін аналық пародалардың  типін, жерасты суларының қаншалықты  тереңдікте жатқандығы және пайдалы  қазбаларды анықтауға болады.Мысалы, шөлді немесе шөлейтті өсімдіктер жабынында фреатофиттер қауымдыстықтарының болуы, басқаша айтқанда тамыр жүйелері тұрақты түрде жерасты суымен байланысты болатын өсімдіктердің болуы осы жерді тұзщы судың барлығының берік кепілі болып табылады.Қара сексеуіл, кәдімгі жантақ, шағыр жусан және т.б бірден-бірі годроиндикаторлар болып табылады.Ақ шидің болуы сол жерде жер асты суының жақындығын көрсетеді.Алайда мыстың индикатор ретінде патрен аққаңбағын, марштың индикаторы ретінде шегергүл туысының бірнеше түрлерін және ярутканы пайдаланады.

    Өсімдіктерді  индикатор ретінде, топырақтың  және геологиялық картаар жасауға  әсіресе аэрофотосъемканы пайдалануға  байланысты маңызы ерекше артып  отыр. Өйткені фотоснимкеде көп  жағдайда тек өсімдіктре мен  рельеф көрінеді,солар арқылы  ландшафтың негізгі компоненттерін, топырақты,породалары,жер асты суларын  ажыраады.

 

Өсімдіктер  зоналары мен биіктік белдеулері.

Биік солтүстік  ендіктерде бір-бірінен оңай ажыратылатын, бірінің артынан бірі келетін  үш зона: полярлық,тундралық. Орманды  зоналар циркумполярлы орналасады.

   Олардың  ең қаталы,сондықтанда өсімдіктер  үшін ең қолайсызы поляр зонасы  болып табылады.Бұл жерде вегетациялық  кезең, төменгң температурада,қысқа  поляр жазында өтеді. Ең жылы  ай шілденің орташа температурасы  0 градус С аспайды.Бұл қысыңқы  зонаның құрамында Таймыр түбегінің  солтүстік шеті мен аралдардың    мынадай тобы:Жаңа жердің солтүстік  аралдары ,Солтүстік жер,Франц-Иосиф  жері,Новосибир аралдарының бір бөлігі,Геральда аралдары және т.б кіреді.Бұл зонада өсетін өсімдіктердің түрлерінің жалпы саны 40-50-ден аспайды.

 Жердің  бетін тұтас басып жатқан өсімдіктер  жабыны жоқ.Тек жекелеген өсімдіктер  немесе мүктер мен қыналардың  аздаған тобы қиыршық тастар  мен үлкен тастардың арасында  шашыраңқы болып өседі.

 Поляр  зонасында континентті экватордан солтүстік және оңтүстік ендіктерге қарай 7-8 градус С-тың деңгейінде орап жататын ылғалды тропикалық ормандар зонасы мүлдем қарама-қарсы болып келеді.Бұл жердің ауа райы тұрақты болады.Жылдың орташа температурасы 18-20градус С-тын төмен болмайды.Ең төменгі температураның өзі 0 градус Сшамасында болады.Жаңбыры көп және ол жылдың барлық мезгілдеріне бір қалыпты жауады.Жылдық ылғалдылықтың мөлшері 8000-10000 мм-ге дейін жетеді.Өсімдіктер жабыны тұтас,көп ярусты.Оның құрамында өсімдіктердің көптеген өмірлік формалары,экологиялық топтары және алуан түрлі түрлері бар.Жаңбырлы тропикалық ормандар батыс ендікте де,шығыс ендікте де жақсы жетілген.Құрылысы жағынан,түрлерінің құрамы және олардың комплексі жағынан бұл ормандар біркелкі емес.Олардың тіршілік формаларының ішінде ағаштардан фанерофиттер айқын басымдық көрсетеді.Түрлерінің саны жағынан ағаштанған лианалар ағаштардан аз болмайды.Тек орман арасындағы ашық жерлерде,негізінен су жағалауларында,шөптесін өсімдіктердің қауымдастықтары биік шөптер түзіледі.Олардың құрамында банандар,канналар,папоротниктер,бегониялар бар.

 Екі бір-бірінен  қарама-қарсы орналасқан зоналардың  арасында бірін бірі заңды  түрде ауыстырып отыратын аралық  зоналар жатады.Климаттың,сонымен  бірге өсімдіктердің де зоналарға  байланысты қалыптасатындығы жөніндегі  ғылымның жалпы заңдылықтар өткен  ғасырдың бас кезінде сипатталып  жазылып және сол ғасырдың  ортаңғы кезінде белсенді түрде жан-жақты зерттеле басталды. (А.Гумбольт, Ф.Скоу, А.Де Кандоль)

 Ж.Константен  жершарын алты климаттық зонаға  бөлінеді:

Поляр зонасы-жыл бойында 10 градус С төмен болады;

Салқын  зона-1-4 ай бойы температура бірқалыпты қоныр-салқын болып тұрады,ал қалған айлардың барлығында салқын;

Қоңыржай-салқын зона-жазы бірқалыпты қоныр-салқын,ал қысы салқын;

Қоңыржай-салқын зона-жазы ыстық;

Субтропикалық зона-ыстық айлар көп;

Тропикалық  зона-жыл бойында температура20градус С жоғары болып тұрады.

Осы зоналардың барлығы бір-бірінен климатымен ғана емес,сонымен бірге сыртқы көрнісіменде ажыратылады.Бір зонадан екінші зонаға ауысқанда өсімдіктердің  және олардың қауымдастықтарының өзгергендігін айқын аңғаруға болады.

 Климаттың  белгілеріне  осы жердің физикалық  жағдайының сипаттамалары ғана  емес,сонымен бірге өсімдіктер  мен олардың қауымдастықтарының  ерекшкліктері де жатады.Сондықтан  климаттың ең дәл берілген  анықтамасына мыналар жатады: шөлдің климаты,тундраның климаты, жаңбырлы тропикалық ормандардың климаты т.б.

 Бірақта  айта кеткен жөн,зонаның системасы  рельефі тегіс,жер асты суы  теренде жататын территорияларда  жүргізілген зерттеулердің қорытындыларына  негізделген.Ал практика жүзінде  континенттің әртүрлі участкелерінде  орографиялық жағдай бірдей емес,сондықтанда  ол жалпы зондылықты бұзып  отырады,әсіресе тау системалары  ендік бойында орналасқан болса.Климатқа Гольфстрим,Куросиво секілді жылы ағындардың да әсері үлкен болады.

   БОР-дың  европалық бөлігінің үлкен кеңістіктеріне  зоналық системаны өзгертетіндей  орграфиялыө фактордың да(Средне-русская  и Привольжская возвышенности,  Донецкий кряж и др.), жылы ағынның  да әсері болмайды.Батыс-Сібірь  ойпаты мен Қазақстан туралы  да осыны айтуға болады.

БОР-дың европалық  бөлігінде төрт сатылық зона айқын  байқалады:поляр зонасы, тундра зонасы, орманды зона, шөлейт зона. Шөлді  зона БОР-дың азиялық бөлігінде, Волганың төменгі соғасынан бастап Алтай тауына дейінгі аралықты жалғастыратын  түзуден, оңтүстікке қарай жатқан кеңістікті түгелімен алып жатады. Дәлірек айтқанда шөлді зона Орта Азия республикалары (Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан, Қырғыстан) мен Қазақстанның жер көлемінің  басым көпшілігін алып жатады.

  БОР-дың  таулы аймақтарында (Өзбекстан, Тәжікстан,  Түркменстан, Қырғыстан, Қазақстан, Кавказ, Алтай және т.б) жалпы зоналар өзгеріске ұшырайды. Таудың етегінен басына дейін бірін-бірі алмастырып, отырып, өсімдіктер жабынының әртүрлі жолақтарын кездестіруге болады, бұл жерде оларды биіктік белдеулерін немесе биіктік зоналары деп атайды. Таудағы өсімдіктердің таралуы мен бөлінуін зерттеген ғалымдар мынаны дәлелдеген, тау экваторға неғұрлым жақын болса, солғұрлым өсімдіктердің биіктік белдеулері толық жіне айқын болады. Мысалы, биік солтүстік еңдікте, тундра зонасында, таудың басына шыққанмен тундраның өсімдіктерінен басқа ештеме кездеспейді. Керісінше экваторға жақын шөлді зонада орналасқан тауларда, мысалы Климанджарода биіктік белдеуінің өсімдіктер қауымдастықтарының толық спектрі айқын көрінеді. Яғни биіктік белдеуінің толықтығы кеңістік факторіне де және географиялық ендікке де байланысты болдады екен.

   Бірінен  соң бір келетін зоналардың  күрт байқалатын шекарасы болмайды. Олардың арасында жер көлемі  бірталай болып келетін аралық  кеңістіктер болады.Сонымен бірге  тауда өсімдіктер белдеулерінің,  өсімдіктер жабынының структурасы,  түрлерінің құрамы және тіршілік  формалары біртектес болмайды. Мысалы, тундра зонасын мынандай үш  жартылай зонаға бөлінеді: мүкті –қыналы тундра, бұталы тундра және орманды тундра.

   Орманды  зонаны және басқа зоналарды  да жартылай зоналарға бөлінеді.

  Сонымен,  өсімдіктер зоналардың деңгейінде  айқын басымдық көрсететін өсімдіктер  қауымдастықтарының және ондағы  өсімдіктердің түрлерін өсімдіктердің  зоналық типі немесе өсімдіктердің   зоналық түрлері деп атайды. Әдетте  өсімдіктердің зоналық типтері  көптеген кеңістікті алып жатады, өсімдіктердің басқа типтерінен  айқын басым  болып келеді  және оларды анықтау ешқандай  қиындық келтірмейді. Мысалы, орманды  зонада орман түзетін ағаштар  басым болып келеді. Олар қылқан  жапырақты және жалпақ жапырақты  ормандар түзеді. Өсімдіктердің  мұндай типін, басқа типтермен  шатыстыру мүмкін емес.

    Өсімдіктердің  зоналық типтері ешуақытта таза  зонаның өсімдіктерінен ғана тұрмайды, олардың құрамында міндетті түрде зонаға тән емес кірме учаскелер болады. Мұндай кірмелерді шығу тегіне және белгілі бір өсетін ортасына қарай: өсімдіктердің экстразональды, интеразональды және азональды типтері деп үш топқа бөлінеді.

  Осылардың  ішінде ең қызық жіне өзіндік  ерекшелігі бар кірмеге өсімдіктердің  экстразональды типі деп дербес  зонасын  түзетін, бірақ кейбір  ерекше жағдайларға байланысты  жекелеген участкелерімен өзінің  зонасын тыс, көршілес зонаның  территориясына кірме ретінде  өтетін өсімдіктердің типін айтады. Экстазональдық құбылысқа жекелеген  түрлермен де, өсімдіктердің топтарымен де мысал келтіре кетейік. Қымыздық боздың солтүстік боздық- әр түрлі шөпті немесе шалғынды шөлейтте зоналық өсімдік екені белгілі. Бірақта ол оңтүстік бозды-бетегелі шөлейтте сирек экстра-зональды жағдайда ғана кездеседі. Басқаша айтқанда Омбы қаласының  маңында және Қостанай облысының солтүстігінде бұл түр зоналық болып табылады,ал Есіл өзенінің бойында, Ақмола облысының оңтүстігінде, экстразональды. Сондай-ақ еменді орманның шөлейт зонадағы кішігірім үркіп шыққан учаткелері де экстразональды болып табылады.

    Өсімдіктердің интразональды типі деп, еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейтін, бірақ бір немесе бірнеше зоналарда кірме ретінде кездесетін өсімдіктер қауымдастықтарын айтады. Бұған сортаң топырақтың, сор топырақтың және орманды зонадағы шымтезек батпақтарының өсімдіктер қауымдастықтары жатады.

Информация о работе Өсімдік және қоршаған орта