Өсімдік және қоршаған орта

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 19:26, лекция

Краткое описание

Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жаідайынан ғана емес,сонымен бірге,әр уақытта,түрлер жаңа ортаға тап келгенде байқауға болады.Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының өзгертуіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде байқалатын құбылыс.

Оглавление

Жоспар
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1) Өсімдік зоналары мен биіктік белдеулері.
2) Фитоцеонология.
III.Қорытынды.

Файлы: 1 файл

10 дәріс пән.docx

— 24.52 Кб (Скачать)

   Өсімдіктердің азональды типі интразональды типке өте жақын, өйткені оларды еш уақытта, еш жерде өзінің дербес зонасын түзбейді,бірақ бірнеше зонада, типтен кез келген зонада кірме ретінде кездеседі. Өсімдіктердің азональды типтреіне өзендердің жайылма шалғындары немесе өзен жағасының ағашты бұтайлы тоғайлары мысал бола алады. Әриен шөлейт зонаны меридиональ бағытта кесіп өтетін өзендердің жайылма шалғындарының, өсімдіктердің қауымдастықтарының флоралық құрамы, орманды зонаны кесіп өтетін өзендердің шалғындарының флоралық құрамынан айқын айырмашылығы болады.

Фитоценология

  Фитоценология-экологиялық географиялық ең жас және шарықтап дамып келе жатқан саласы. Оның негізгі мақсаты өсімдіктер қауымдастықтарын зерттеп, олардың қалыптасуы мен дамуының себептерін ашу және шаруашылықта пайдалануының жолдары мен тәсілдерін анықтау болып табылады. Сонымен бірге фитоценология өсімдіктер қауымдастықтарының қайта қалпына келуін де зерттейді. Ботаникалық географияның басқа салаларымен бірге фитоценология ауылшаруашылық практикасында маңызы үлкен.Әсіресе шалғындарды. Ормандарды, шөлдерді, шөлейтті, батпақты жерлердің және т.б өсімдіктер жабынын жан-жақты зерттеу және оларды шаруашылықта пайдалануды белгілі бір ғылыми жүйеге қою фитоценологияның жетістіктерімен байланысты.

   Фитоценоз-  бұл белгілі бір территорияның  бір тектес участоктеріне кездесетін  өсімдіктердің тарихи қалыптасқан  үйлесімді қарым-қатынасы болып  табылады. Бұл-анықтамада көңіл аударатын  нәрсе  мынау, фитоценоз- өсімдіктердің кездейсоқ жиынтығы емес, ол белгілі бір территориямен, басқаша айтқанда сыртқы ортаның факторымен байланысты болатын, өмір сүріп отырған ортасына бейімделушіліктің негізінде қалыптасқан,ұзақ уаққыттар бойы жүрген тарихи дамудын жемісі.

    Бір  ғана түрден тұратын фитоценоздар  бар. Мұндай фитоценоздарды ерекше  орталарда, түрлерден айқын   артықшылығы болатын жағдайда  кездестіруге болады. Бұған сор  топырақтарда солянкалардың кейбір  түрлерінің қалың болып өсуі, қара өлеңшөптің жер асты суының  жақын жатқан жерлерінде қалың  қопа түзуі мысал болады.

   Тұрақты  система ретінде, фитоценоздың  ең маңызды қасеттерінің бірі-оның  өздігінен қалпына келуге қабілеттілігі.  Өсімдіктердің өздігінен қалпына  келуге қабілетсіз үйлесімділігін  фитоценоздардан айырмашылығы сол,  оларды өсімдіктердің топтары  деп атайды.

    Фитоценоздарды  универсальды бағдарламамен зерттейді.  Ең алдымен олардың структурасын  зерттеуге: түрлерінің құрамына, ярустығына, осы фитоценоздың түзілуіне  жекелеген түрлердің қатысына, жекелеген түрлердің өмірлік формаларына және басқа да парамеирлеріне көңіл бөледі.

    Фитоценологтардың  басты мақсаты шалғындарды, ормандарды, тундраны, шөлейтті, шөлдерді және  өсімдіктер жабынының басқа типтерін  тиімді пайдалану мен қорғаудың  ғылыми негіздерін жасау болып  табылады.Фитоценологтар аргоноидтармен, топырақтанушылармен,  экологтармен, өсімдік шаруашылығын жақын арада  қалайда жолға қоюдың жоспарын  жасау үстінде. Олар шөлді және  шөлейт аймақтарда, қорықтарда жұмыс  жүргізуде. Сонымен бірге олар  қалаларды, елді мекендерді, үлкен  орындарын игеруге байланысты  бүлінген көгалдандырудың жоспарларын  жасауға қатысады.

 

 

 

Қорытынды

Сонымен мынандай тұжырым жасауға болады:құрлықтардың өсімдіктер жабыны бірдей емес; зоналарға  бөліну, әсіресе солтүстік ендікте  айқын байқалады; жердің ауа райы жылдың мезгілдеріне қарай ауысып отыратын кеңістктерінде, өсімдіктердің сыртқы кескіндері де өзгереді.

   Шындығында  жоғары сатыдағы өсімдіктердің  өмір қоршаған ортамен, әсіресе  топырақпен және климатпен тығыз  байланыста болады. Жасыл өсімдіктер  ауадан көмірқышқыл газын, күннен- энергияны, ал топырақтан-су мен  минералдық тұздарды алады. Көмір  қышқыл газының ауадағы мөлшері  0.03%-тен аспайды, ал өсімдікке  қажетті тұздар мен судың мөлшері  топырақтың құрамында өте аз  және шашыраңқы түрде болады. Осылардың  барлығы өсімдіктің сору мүмкіндігінің үлкен (жоғары) болғандықтан қажет етеді. Эволюцияның барысында өсімдік өзінің вегетативтік денесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатындай аса үлкен көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары деңгейде жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің тіршілік ортасының өзгеруіне тез және ерекше нәзіктікпен жауап беруінің өзі осыған байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік жағдайының барысында, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді. Орманның жыл өткен сайын биікке көтеріліп, аса қалың жасыл шымылдық түзетіні белгілі. Бұл бұталар мен шөптесін өсімдіктер жабыны үшін, орман ішінің жағдайын өзгертеді. Өсімдік өсе келе өзін ылғида жаңа жағдайға әкеліп соқтырады.Өсімдіктің сыртқы ортаның әсеріне жауап беруі,көптеген ғалымдардың назарын ғылыми зерттеу объектісі ретінде өзіне аударып келеді.


Информация о работе Өсімдік және қоршаған орта