Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа

Краткое описание

Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

КУАНГАЛИЕВА Банктік несиелендіру және оны жетілдіру.doc

— 995.50 Кб (Скачать)


КІРІСПЕ

 

Еліміздің экономика саласындағы басты рөл қазіргі кездегі ақша, банк және несие ұғымдары болып табылады.

Несие - бұл банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды роль атқарады. Несиені барлық шаруашылық субьектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Ақшаның қажеттілігін қамтамасыз ететін себептер, несие қажеттілігінің де себептері болып табылады. Несие ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету қажеттілігінен барып туындайды.

Несие экономикалық категория ретінде формаларға ие. Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі. Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық және банктік несие. Банктік несие-бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несие болып табылады. Бос ақша капиталы өндірістің кез келген саласына беріле береді.

Халық өз мұқтаждықтарына қажетті қаржы ресурстарын  несие алу арқылы қамтамасыз етеді. Халық несиені өздерінің жеке кәсіпшілігіне, шаруашылығына және отбасы бюджетін толтыруға алады.

Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Несиелік қатынастар қоғамдық  ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.

Қазіргі қалыптасатын банктік несиелік қарым-қатынастары дамуының қарқыны нарықтағы бәсеке факторына тәуелді болып отыр.

Курстық жұмыс өзектілігі: Еліміздегі экономиканың  маңызды салаларының бірі болып табылатын банк секторының несиелендіру жүйесі. Ел экономикасын дамытуда да әсіресе осы салаға көңіл бөліп отыр сондықтан да оның мәні, түрлері механизімін ҚР-ның банк секторының ағымдағы несиелеу жағдайы және клиенттернің төлем қабілеттілігін анықтау сонымен қатар оның жетілдіру жолдарын ұсыну маңызды болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: банктік несиелеудің теориялық негіздеріне яғни, банктік несиелеудің мәні, түрлері принциптері мен несиелеу механизмі және банк клиентінің несие қабілеттілігін бағалау көрсеткіштері сонымен қатар ҚР-ның банк секторына талдау және «БТА банк» АҚ мысалында және банктік несиелендіруді жетілдіру тақырыптарының мағынасын ашу және талдау болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері:

― Банктік несиелендірудің теориялық негіздерін анықтау;

―  банктік несие ұғымына толық сипаттама беру және оның түрлері мен механизміне шолу;

         ― Қазақстан Республикасындағы банктік несиелеу секторына  шолу;

― ҚР-ның банктерінің несиелеу секторын  «БТА банк» АҚ мысалында талдау;

― Банктік несиелендірудің жетілдіру жолдарын анықтап, өз ұсынысымды енгізу;

Жұмыстың зерттеу пәні: мемлекетіміздің банктік секторының экономикалық жағдайын талдау,атап айтса, банктік несиелендірудің мәнін ашу, түрлерін зерттеу және несиелеудегі мәселелерді шешу жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың зерттеу обьектісі ретінде Қазақстанның банк сферасындағы  қазіргі жағдайы, «БТА банк» АҚ еліміздің банк секторындағы рөлі және несиелендіру бағдарламалары мен операцияларын талдау яғни, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктер қызметтері қаралады.

Жұмыстың ақпараттық негізі: курстық жұмысты жазу барысында ҚР заңдары, отандық әдебиеттер, мерзімді басылымдағы мәліметтер, статистикалық ақпарат көздері қолданылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.      БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi

 

Қазақстан Республикасының банк туралы заңдарында қамтамасыз етудiң әр түрлi формалары мен коммерциялық банктерге несие беру қарастырылған.

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады.

Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да, несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады. Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:

      несиенің мақсаттылығы;

      несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;

      несиенің ақылылығы;

      несиенің қамтамасыз етілуі;

      несиенің сыйақылылығы;

Несиелеудің соңғы қағидасы шетелдік банктік тәжірибеде бірінші классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие сыйақы ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.

Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды.

Мерзімділік – бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида несие берушінің қарыз алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға тиістігімен қорытындалады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы туындайды.

Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикалық категория ретінде, басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратады. Себебі, қайтарылмайтын несие болмайды.

Несиенің мерзімділігі – несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуға тиістігін көздейді. Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім-шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп, ссуда қайтарылмаса, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады. Уақыты өтіп кеткен несиелер көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді [ 2, 245-24б ].

Несиенің ақылылығы – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық – бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін пайызын несиенің бағасы деп атайды.

Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін басты факторларына мыналарды жатқызуға болады:

      орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалар бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;

      банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;

      өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;

      банктің несиелік ресурстарының құрылымы;

      несиеге деген сұраныс;

      несиенің сұралатын мерзімі мен түрі;

      еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.

Несиелеудің келесі бір қағидасы – берілетін несиелердің материалдық жағынын қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы несиенің экономикалық  категория ретінде шығуымен бірге келеді.

Бүгінгі күнгі несиенің қамтамасыз етілу формасы ретінде: кепіл, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері, тапсырма қолданылуда.

Қазіргі кезде банк өзінің 1-ші классты қарыз алушыларына қамтамасыз етілмеген, яғни сенім немесе бланктік несие де береді.

Жалпы алғанда, несиелеудің мәнін мынадай 3 элемент арқылы ашуға болады:

1)     субъект;

2)     объект;

3)     қамтамасыздандыру.

Осы үш элемент несиелік операциялардың, оның тиімділігінің түсінігін анықтайды. Банктің несиелеудегі қызметі осылардың бірін-бірі толықтыруының негізінде алға жылжиды. Ал, оларды біріктірмей, керісінше, ажыратсақ, бұл банк ссудасының қайтарылмауына, барлық жүйенің құлдырауына әкеледі.

Несиелеу субъектісі әрекет қабілеттілігі бар, несиелік мәмілелерді жасауға материалдық немесе басқа кепілдігі бар заңды немесе жеке тұлғалар болып табылады. Оларды келесідей сыныптауға болады:

      мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;

      кооперативтер;

      акционерлік қоғамдар;

      жеке еңбекпен шұғылданатын азаматтар, жалға берушілер;

      банктер;

      билік органдарын, біріккен кәсіпорындар, халықаралық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса алғанда басқа шаруашылықтар.

Субъектілер бойынша несиелерді бөлу несиелеу жүйесінде тағы бір сыныптама түсінігін тудырады – несие түрлері бойынша бөлу. Ол экономикалық және ұйымдастырушылық қатынаста белгілі-бір нақты несие мәмілесіне тән жиынтық белгілерін көрсетеді [ 1, 301-304б ].

Банктік несие мынадай белгілері бойынша топтастырылады:

Мақсатты бағытына қарай:

1) өнеркәсіптік несие                 5) инвестициялық несие

2) ауылшаруашылық несиесі    6) ипотекалық несие

3) тұтыну несиесі                       7) ломбардтық несие

4) сауда-саттық несиесі               8) дебиторлық несие

 

Кесте 1. Банктік несие белгілері

 

 

№№

Пайдалану мерзіміне байланысты:

 

Пайдалану аясына қарай:

 

Қамтамасыз етілуіне қарай:

 

Мөлшерлері бойынша:

 

Өтеу әдісіне қарай:

 

 

11.

қысқа мерзімді несие

ұдайы өндірісті кеңейтуге берілетін несие

қамтамасыз етілген (кепіл қойылған, кепілдендірілген,сақтандырылған) несие

ұсақ несие

бөліп бөліп өтелетін несие

 

 

22.

орта мерзімді несие

капитал айналысын аясына берілетін несие

қамтамасыз етілмеген (бланктік немесе персоалды) несие

орташа несие

бірден (белгіленген датада) өтелетін несие.

 

33.

ұзақ мерзімді несие

 

 

ірі несие             

 

Ескерту: Мақыш С.Б. Коммерциялық банктердің операциялары. – Алматы: Қазақ университеті, 2002ж.

 

 

Несиелік мәміленің экономикалық белгілері – бұл несиенің өзінің белгілері, олар бірегей болады. Ұйымдастырушылық белгілер әрбір жеке жағдайларда әр түрлі болуы мүмкін. Осы салалық бағытталушылыққа қарай өнеркәсіптік, сауда, банкаралық несиелерді бөлуге болады. АҚШ-та ссудаларды сыныптаған кезде ауыл шаруашылық несиелерді бөледі.

Заңды тұлғаларға берілетін несие түрлері мыналар: лизингтік, ломбардтық, овердрафт, овернайт, контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік, онкольдық, бланктік және т.б. Әрқайсысына түсінік беретін болсақ, лизингтік несие өндіріске керекті құралдарды сатып алушыларға берілетін несие.

Ломбардтық несие – құнды заттарды, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін несие.

Овердрафт – банктің қысқа мерзімді өтімділігін қамтамасыз етуге арналған бір күндік несие.

Овернайт – бір түнге берілетін несие түрі.

Контокоррентік – несиелік желі арқылы активті-пассивті шот бойынша берілетін несие.

Факторингтік – жабдықтаушының дебиторлық қарызын ала отырып берілетін несие. Ол қысқа мерзімге, 180 күнге дейін беріледі.

Форфейтингтік – экспортерға импортердің төлеуге тисті төлем талабын сатып алуын білдіреді. Бұл тек халықаралық қатынаста вексель және чекті пайдаланып жүзеге асырылады.

Онкольдық – банктің 1-ші класты клиенттеріне талап етуге дейін берілетін несие.

Бланктік немесе сенім несиесі – қамтамасыздандырусыз берілетін несие түрі.

Несиелеу объектісіне келетін болсақ, бұл – несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады [ 4, 112-115б ].

Қазақстанның банктік тәжірибесінде қысқа мерзімді несиелеу объектісіне «Экономиканы қысқа мерзімді несиелеу Ережесіне» сәйкес, банк несиесі есебінен құралатын өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларының бір бөлігі жатады. Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады.

Несиелік қатынастарды ұйымдастыру сұрақтары төмен рентабельділігі бар, тұрақсыз қаржылық жағдайдағы қарыз алушылармен ерекше егжей-тегжейлі қарастырылуы керек. Мұндай қарыз алушыларға ссуда беру тек қана оның қайтарылуына гарант алған жағдайда жоғары тұрған буындардың немесе билік органдарының негізделген ұсынысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Ол белгілі-бір    аймақтың     әлеуметтік     және    экономикалық    қажеттіліктерін  қанағаттандыру қажеттілігінен туындауы мүмкін .

Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi