Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа

Краткое описание

Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.

Файлы: 1 файл

КУАНГАЛИЕВА Банктік несиелендіру және оны жетілдіру.doc

— 995.50 Кб (Скачать)

                  Кредиттеу мерзімін ұлғайту мүмкіндігі. Кредиттік желі аясында жобаларды қаржыландыру төмен пайыздық ставкаларды қолданып қана қоймай, сонымен бірге кредиттеу мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

                  Кредиттік өтінімді жедел түрде қарастыру. Банк қызмет көрсету сапасын жақсартуға арналған барлық күш-жігерді жұмсайды, соның нәтижесінде жоба сараптамасы жедел түрде жүзеге асырылады [ 35 ]. 

 

 

 

 


2.3 «БТА банкі» АҚ несиелік қызметі бойынша ағымдағы несиелендіру бағдарламалары

 

БТА банкі кредиттеудің төмендегі түрлерін ұсынады:

      Ипотекалық кредиттеу;

Бұл – элиталық түрғын үйді, екінші нарықта жылжымайтын мүлікті сатып алу, тұрғын үйдің үлестік құрылысына қатысу, сондай-ақ коммерциялық жылжымайтын мүлікті сатып алу, табысты растаусыз кредит алу, талаптардың кең спектрін ұсыну мүмкіндігі.

      «Любимая кредиттік желісі»;

Өз уақытын және жайлылықты бағалайтын банк клиенттері үшін БТА кредиттеудің арнайы «Любимая кредиттік желісі» жаңа бағдарламасын ұсынады. Кредиттік желіні аша отырып, Сіз бір реттік кредиттермен салыстырғанда, бірқатар артықшылықтарды ұсынады.

      Автокредиттеу;

БТА Банкінен жаңа, жеңілдетілген ережелер бойынша автокредит алу мүмкіндігі бар. 15%-дан басталатын бастапқы жарна, құжаттардың шағын топтамасы, кредит бойынша үздік ставка, кредит мерзімі – 5 жылға дейін, айыппұлсыз кредитті мерзімінен бұрын өтеу, филиалдардың кең желісі және де жүргізушілік өтілге ешқандай талаптарсыз жүзеге асады.

      Әмбебап факультет;

«Әмбебап факультет» бағдарламасы арқылы «Бакалавр», «Маман» және «Магистр» бағдарламалары бойынша Қазақстанның және алыс шетелдің кез келген аттестацияланған ЖОО-да білім алу.

      Жедел желі;

БТА Банкі жедел кредиттеудің әр алуан бағдарламаларын ұсынады, олар жаңа жиһазды немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-дағы оқу ақысын төлеуге, шетелде демалуға, салтанатты жиындарды және тағы басқаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Енді бұл несиелеу түрлеріне жеке жеке тоқталып кетсем. БТА Банкі тұрғын үйді сатып алуға және жөндеуге арналған ипотекалық кредиттеудің бірегей бағдарламаларын жүзеге асырады.

Кесте 7. БТА банкінің жедел желі бойынша кредиттеу бағдарламалары

 

Кредиттеу бағдарламасы

Тұрғын үйді сатып алуға

Тұрғын үйді жөндеуге

Заем валютасы

теңге, АҚШ доллары

Пайыздық ставка

Кредиттеудің бүкіл мерзімі үшін белгіленген

Заемның ең көп сомасы

Тұрғын үйдің бағаланған құнының 85%-на дейін

Тұрғын үйдің бағаланған құнының 75%-на дейін

Кредиттеудің ең көп мерзімі

20 жылға дейін Зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін (мүмкін 65 жасқа дейін)

20 жылға дейін

Мерзімінен бұрын өтеу

Шектеулерсіз және айыппұлдарсыз

Заемды қамтамасыз ету

Сатып алынатын және қолда бар мүлік

заемшыға/ортақ заемшыға, немесе үшінші тұлғаға (зат кепілгеріне) тиесілі тұрғын үй

Заемшының төлем қабілеттілігін растау

толық/жанама

Қосымша артықшылықтар

Тұратын жеріне тәуелсіз, ҚР-ның кез келген қаласында тұрғын үйді сатып алу мүмкіндігі

банктегі ипотекалық кредит бойынша кепілде тұрған тұрғын үйді жөндеу үшін кредит алу мүмкіндігі

Номиналды ставка

12,5% жоғары

13,5% жоғары

Тиімді ставка

12,69% жоғары

13,69% жоғары

Ипотекалық кредиттеудің талаптары БТА Банкінің ішкі құжаттарына сәйкес әрекет етеді және банк тарапынан бір жақты тәртіпте өзгертілуі мүмкін.

Ескерту: www.btabank.kz. сайтынан алынған

 

 

 

Кредитті қалай алуға болады:

1)     Тұрғын үйді таңдау;

2)     Кредиттік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттарды банкке ұсыну (төменнен қараңыз);

3)     Егер банк сіздің өтініміңізді қолданса, онда:

      сатушыға бастапқы жарна сомасын беру керек (кредиттеу бағдарламасының талаптарына сәйкес);

      сатушығы кредитті беру туралы хабарлама-хатты беруі керек банк комиссияларын төлеу керек;

1)     Банкпен банктік заем шартын және кепіл шартын жасау;

2)     Кепіл шартын мемлекеттік тіркеуші органда тіркеу және оны тиісті белгісімен банкке қайтару;

3)     Сақтандырудың барлық процедураларын жүзеге асыру;

4)     Банк кассасынан ақша алып, сатушымен есеп айырысу

Кредиттік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар:

      жеке куәліктің, СТТН-нің және ӘЖК-ның түпнұсқалары (көшірмелер үшін );

      неке туралы куәлік,

      жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы 6 ай бойынша үзінді көшірмесі

азаматтарды тіркеу кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама;

тұрғын үйге құқық беруші құжаттардың көшірмелері;

Қажетті жағдайда банк қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін.
Егер заемшы некеде тұрса, оның ерінің (әйелінің) құжаттарын және неке туралы куәлікті ұсыну керек. Ипотекалық кредитті ресімдеу кезінде уақытты үнемдеу үшін, БТА Банкінің қашықтан қызмет көрсету арналары желісінің қызметтерін пайдалануға болады.

Интернет-банкинг

БТА Банкінің Интернет-банкинг жүйесінде сіз өзіңіздің несие шотыңыздың жай-күйін бақылай аласыз және:

      шоттың ағымдағы жай-күйін;

      банктік заем шартының егжей-тегжейлерін;

      белгіленген кезең үшін жүргізілген операцияларды көрсете отырып, ол бойынша кез келген кезең үшін үзінді көшірмені ала аласыз.

«Любимая кредиттік желісі» – жылжымайтын мүлік кепіліне кез келген мақсаттарға тұтынушылық кредиттеудің сан түрлілігі. Бірақ та бір рет қана алынып, өтелетін қарапайым тұтынушылық кредитпен салыстырғанда, «Любимая кредиттік желісі» револьверлі қағида бойынша жұмыс істейді: заёмшыға ұзақ мерзімге кредиттік лимит белгіленеді, оның аясында кез келген соманы шексіз рет алуға және өтеуге болады.

«Любимая кредиттік желісінің» артықшылықтары:

Ресімдеудің қолайлылығы.Кредиттік желіні ашуға арналған құжаттарды бір рет қана ұсыну керек. Белгіленген лимит аясындағы барлық келесі транштар бірнеше күн ішінде қарапайым сұлба бойынша беріледі. Бұл ақшаны кез келген қолайлы уақытта алуға болады, бірақ та кредиттік желіге қол жеткізу кезеңі аяқталмаған болуы тиіс [ 35 ].  Жаңғыртылуы. «Любимая кредиттік желісінің» жаңғыртылуы – заемшының өз тілегі бойынша таңдай алатын опцияларының бірі. Жаңғыртылатын кредиттік желі мынаны түсіндіреді, яғни заемшының банкке төлеуі тиіс кредит бойынша сомалары бастапқы лимитті қалпына келтіреді, және оларды қайта-қайта пайдалануға болады. Жаңғыртылмайтын кредиттік желі бойынша бастапқы лимит әрбір жаңа транш сомасына азаяды. Кредиттеудің ұзақ мерзімі. Кредиттік желі заемшы зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін 12 айдан басталатын мерзімге белгіленуі мүмкін. Бұл кредиттік ресурстарды сізге қаншалықты ұзақ қолайлы уақытқа пайдалануға мүмкіндік береді. Кредит мөлшері кепілдің бағаланған құнымен ғана шектелген.

«Любимая кредиттік желісі» аясында ҚР аймағына, кредитті қамтамасыз ету түріне және заемшының санатына байланысты, кепілзаттың бағаланған құнының 75%-на дейінгі сомаға кредит ала аласыз.

 

Кесте 7. БТА банкінің «Любимая кредиттік желісі» аясында кредиттеу бағдарламалары

 

Кредит валютасы

теңге, АҚШ доллары

Тиімді ставка мөлшері

15%-дан (жеке-жеке есептеледі)

Кредиттеу мерзімі

Ең төменгі

12 ай

Ең жоғарғы Заемшы зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін

Транш/желі мөлшері

Ең төменгі

75 000 теңге/500 АҚШ доллары

Ең жоғарғы

Кепіл құнының 75%-ы (ҚР аймағына, қамтамасыз ету түріне және заемшы санатына байланысты)

Қамтамасыз ету

Жылжымайтын мүлік – тұрғын үй (пәтер, үй) және коммерциялық (дүкендер, дәріханалар және т.б.)

Бастапқы жарна

Талап етілмейді

Табысты растау

Табысты толық/жанама растау

Өтінімді қарастыру мерзімі

3 күннен бастап

 

Сақтандыру

 

Бақытсыз жағдайдан

 

Кепілзат

                    егер заемшының жасы 50 жастан асса

                    тәуекел топтары 1-2*

1 жылға сақтандыру шартына әрі қарай жыл сайын ұзарта отырып

Өтеу тәртібі

Ай сайын, аннуитет немесе тең үлестермен

Мерзімінен бұрын өтеу

Айыппұлсыз

Ескерту: www.btabank.kz. сайтынан алынған

 

Кредиттік өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар:

      жеке куәліктің және СТТН түпнұсқалары (көшірмесін түсіру үшін);

      неке туралы куәлік;

      жинақтаушы зейнетақы қорынан соңғы 6 айдағы үзінді көшірме;

      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай бюросынан анықтама;

Қажетті жағдайда банк қосымша құжаттарды сұратуы мүмкін. Егер заемшы некеде тұрса, ерінің (әйелінің) құжаттарын және неке куәлігін ұсыну керек.

БТА Банкі жаңа, сонымен қатар қолданылған автокөлікті сатып алуға кредиттер ұсынады.

Автокредиттеу шарттары бойынша қосымша талаптар:

1)     Құны 10 000 АҚШ долларынан асатын (теңгедегі баламасы) жаңа автокөлікке мерзімі 36 айдан аспайтын кредитті ресімдеген жағдайда, бастапқы жарнаның мөлшері 5% азайтылуы мүмкін;

2)     В санатындағы дилерде жаңа автокөлікке кредитті ресімдеген жағдайда, сыйақы ставкасы 0,5% ұлғайтылады;

3)     Автокөлікті бастапқы нарықта сатып алған кезде (кредиттің ең көп сомасы бойынша шектеулер, сонымен қатар жаңа автокөлік үшін бастапқы жарнаны ұлғайту міндетті шарт). Автокөлікті қайталама нарықта сатып алған кезде автомобильдің сатып алынған құны көрсетілген сатып алу-сату шартын нотариалдық куәландыру талап етіледі, сатушының атынан сенімхат арқылы автокөлікті сатып алу-сату шартын жасауға тыйым салынады.

Өтінімді алғаш қарау үшін қажетті құжаттар топтамасы:

      жеке куәліктің түпнұсқасы;

      СТТН түпнұсқасы;

      егер заемшы некеде болса, неке туралы куәлік және жұбайының жеке куәлігі және СТТН ұсынылады;

      үй кітабы немесе мекенжай бюросынан анықтама;

      соңғы 6 (алты) бойынша жеке зейнетақы шотының күйі туралы Жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді (А және В санаттары үшін). Қажет болған жағдайда банк қосымша құжаттарды талап ете алады.

«Әмбебап факультет» -  бұл БТА Банкінің және Қаржы орталығының «Бакалавр» немесе «Магистр» бағдарламалары бойынша Қазақстанның және алыс шетелдің колледждері мен ЖОО-да білім алуға кредиттерді ұсыну бойынша бірлескен бағдарламасы.

Бағдарламаның негізгі артықшылықтары – бұл негізгі борышты өтеудің ұзаққа созылған жеңілдікті кезеңі, ол білім алу мерзімі плюс заемды ресімдеу сәтінен бастап алты ай, немесе 12 ай. Ол мынаны түсіндіреді, яғни осындай жеңілдікті кезеңде студент негізгі борышты өтемей, тек қана есептелген сыйақыны төлей алады. Банк арнайы түрде студенттің жұмыс табуы үшін жеңілдікті кезеңді ұсынады [ 18 ]. 

Жедел кредиттер.

БТА Банкі жедел кредиттеудің әр түрлі бағдарламаларын ұсынады, олар жаңа жиһазды немесе тұрмыстық техниканы сатып алуға, ЖОО-дағы оқу ақысын төлеуге, шетелде демалуға, салтанатты той-жиындарды және т.б. өткізуге мүмкіндік береді.

«Экспресс линия» - кредиттеудің бір бағдарламасындағы үш артықшылығы бар:

      3 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге кредит желісі ашылады;

      Экспресс линия» кредиттеу лимиті аясында кредиттің әрекет ету кезеңінде де жаңғыртылатын кредит болып табылады;

      кепілзатты ұсыну талап етілмейді

«Экспресс зарплатная» - бұл кредиттеу бағдарламасы БТА Банкі арқылы жалақы алатын тұлғалар үшін әзірленген:

      клиенттерді жеңілдікті пайыздық ставкалар бойынша кредиттеу

«Экспресс альтернативная» - бағдарламаның артықшылығы – кредиттеу шарттарын таңдауға мүмкіндік береді:

Осы кредиттеу бағдарламасының негізгі артықшылығы - кредит бойынша клиентке ұсынылатын банктік шотты жүргізу комиссиясы бар төмендетілген пайыздық ставканың ұсынылуы.

«Пенсионный» жедел кредиті - кредиттеу бағдарламасы «Қамқор» карточкасы арқылы зейнетақы төлемдерін алатын банк клиенттері үшін жасалған:

      бұл бағдарламаның негізгі артықшылығы – зейнеткерге жеңілдікті жағдайда кредит рәсімдеу мүмкіндігі

1. «Жедел - Жалақылық»

Бұл бағдарлама БТА Банкінің карточкалары бойынша жалақы алатындар үшін арнайы әзірленген. Оның басты артықшылығына кредиттеудің жеңілдікті ставкалары жатады.

«Жедел баламалы»

Бұл бағдарламаның талаптары несие шотын жүргізу үшін комиссияны қолдана отырып. Кредиттеудің төмендетілген ставкасы бойынша жедел кредитті ресімдеуге мүмкіндік береді.

 

 

Кесте 8. БТА банкінің «Жедел баламалы» несиелеу бағдарламасы

 

Кредит валютасы

теңге, АҚШ доллары

Кредит сомасы

20 000 теңгеден немесе АҚШ долларындағы баламасы 1 500 000 теңгеге дейін немесе АҚШ долларындағы баламасы

Сыйақының номиналды ставкасы, жылдық %

13%-дан

Сыйақының тиімді ставкасы, жылдық %

25.49%-дан

Кредит мерзімі, ай

3 айдан 36 айға дейін

Өтеу

аннуитет немесе тең үлестермен

Өтінімді қарастыру мерзімі

3 күнге дейін

Қамтамасыз ету

Қарастырылмаған

Өтінімді қарастыру үшін комиссия

Жоқ

Кредитті ұйымдастыру үшін комиссия

Кредит сомасының 4%-ы (кем дегенде 3 500 теңге)

Кредитке қызмет көрсету үшін комиссия

Кредиттің бастапқы сомасының 0,5%-ы

Дер кезінде өтемегені үшін айыппұл

Қарастырылмаған

Мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссия

Қарастырылмаған

Мерзімінен бұрын өтеу үшін мораторий

Қарастырылмаған

Сақтандырушы серіктестер

Лондон Алматы, БТА Сақтандыру

Табысты растау

Толық

Ортақ Заемшылар

Қарастырылмаған

Заемшының жасы

18 жастан зейнеткерлік жасқа дейін

Заемшының жалпы жұмыс өтілі

6 ай – БТА картасының ұстаушылары үшін,
12 ай - өзге банктердің жалақы карталарының ұстаушылары үшін

Ескерту: www.btabank.kz. сайтынан алынған

Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi