Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа
Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.
Сурет 4. 2008-2011жж банктердің несиелеу порфелі
Ескерту: Қаржы нарығындағы жағдай туралы ҚР-ның Ұлттық Банкінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №13 баспасөз релизі мәліметтері
Бұл динамиканы қорытындылай келе банктік несиелеу портфельінің ең жоғарғы өсу көлемі 01.01.2010 жылы орын алған және одан кейін біртіндеп шағын көлемде өсіп отырғандығын байқауға болады.
Өтімді қаржы құралдарын пайдалануға мүмкіндігі жоқ тұрғындар үшін де банктік салымдар капитал жинау мен оны сақтаудың маңызды құралы болып табылады. Қыркүйек айының көрсеткіштері депозиттердің таң қаларлық динамикасын және ауыртпалықтары бар несиелердің өсу қарқынының барған сайын азайып бара жатқанын көрсетті (БТА Банкі мен Альянс Банкінің ауыртпалықтары бар несиелерінің портфелін есепке алмағанда). Дегенмен, несиелендіру деңгейі әзірше өскен жоқ, дейді «Тройка Диалог» компаниясының Сараптау басқармасы.
БТА Банкі мен Альянс Банктегі несиелер сапасының нашарлауына және оларды жабу әлі күнге дейін созылып келе жатқанына байланысты активтердің сапасы бұрынғыдай айтарлықтай бұрмаланған. Сектордағы жұмыс істемейтін несиелердің жиынтық көлемі 93 б. к. 34,7% дейін өсті. 90 күнге немесе одан да ұзақ мерзімге кешіктірілген заемдардың үлесі 195 б. к. 17,5% өсті. Жоғарыда көрсетілген екі банктік есепке алмағанда, сектордың ауыртпалығы бар қарыздарының өсу қарқыны бәсеңдей берді – жұмыс істемейтін несиелердің үлесі барлығы 13 б. к. 15,4% өсті, ал 90күнге немесе одан да ұзақ мерімге кешіктірілген несиелер - 52 б. к. 12,7% өсті.
Қыркүйек айында сектордың резервтері 195 б.к. өсіп, $24,4 млрд., немесе жалпы несиелердің 36,4% құрады, бұл көбіне БТА Банкі мен Альянс Банктің ауыртпалықтары бар несиелерінің жағдайымен байланысты. Оларды есептемегенде, сектордың резервтері 51 б. к. 17,6% дейін өсті; қарзды жабу коэффициенті бұрынғыдай қолжетімді 114% құрайды. ҚР-ның ЕДБ несие портфелі бойынша резидент еместерге берілген ақпарат үш жылды салыстыру барысында төмендегі кестеде (кесте 3) көрсетілген.
Кесте 3. 2009-2010жж ЕДБ банкаралық несиелендіру
БАНК АТАУЫ
|
КРЕДИТТЕР | ||
| 2009 | 2010 | 01.11. 2011 |
"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ | 2 386,27 | 2 312,25 | 2 233,57 |
"БТА БАНК" АҚ | 2 550,92 | 2 524,36 | 2 085,08 |
"АЛЬЯНС БАНКІ" АҚ | 641,75 | 504,96 | 556,70 |
"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ" АҚ | 1 233,88 | 1 236,93 | 1 281,30 |
"АТФБАНК" АҚ | 854,12 | 847,96 | 855,57 |
"БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АҚ | 660,25 | 669,23 |
797,97 |
"ТЕМIРБАНК" АҚ | 268,89 | 262,12 | 217,64 |
"НҰРБАНК" АҚ | 235,42 | 235,07 | 212,61 |
"KASPI BANK" АҚ | 252,27 | 251,21 | 338,97 |
"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ | 187,84 | 188,56 | 256,87 |
"ЦЕСНАБАНК" АҚ | 106,87 | 129,77 | 312,41 |
"RBS (KAZAKHSTAN)" EБ" АҚ | 32,82 | 31,16 | 13,69 |
"СИТИБАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ | 32,07 | 38,35 | 72,57 |
"HSBC БАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ ЕБ | 65,98 | 67,87 | 100,26 |
"ЭКСИМБАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ | 56,30 | 55,01 | 59,39 |
"ҚАЗИНВЕСТБАНК" АҚ | 54,30 | 53,63 | 52,43 |
"РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ ЕБ | 88,23 | 96,46 | 313,74 |
"АЛЬФА-БАНК" ЕБ АҚ | 17,92 | 17,18 | 45,79 |
"DELTA BANK" АҚ | 19,53 | 20,81 | 38,12 |
"БАНК ПОЗИТИВ" АҚ | 4,55 | 4,34 | 7,38 |
"PNB-ҚАЗАҚСТАН" АҚ | 1,85 | 1,62 | 0,49 |
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ | 43,51 | 45,35 | 89,45 |
"ASIACREDIT BANK" АҚ | 3,74 | 3,78 | 13,24 |
"ҚЗИ БАНК" ЕБ АҚ | 4,24 | 4,22 | 4,18 |
"ХОУМ КРЕДИТ БАНК" АҚ | 8,66 | 8,88 | 26,03 |
"СЕНІМ-БАНК" АҚ | 2,13 | 2,16 | 2,29 |
"ЗАМАН-БАНК" АҚ | 3,36 | 3,41 | 3,98 |
"БАНК " RBK" АҚ | 1,34 | 1,34 | 12,85 |
"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ БАНКІ" ЕБ АҚ | 1,12 | 0,68 | 3,62 |
"ТАИБ ҚАЗАҚ БАНКІ" ЕБ АҚ | 1,56 | 1,56 | 0,85 |
"ПӘКІСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ" ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕБ АҚ | 0,87 | 1,05 | 2,09 |
"ҚСОБ" АҚ | 0,30 | 0,30 | 3,53 |
"МЕТРОКОМБАНК" АҚ | 1,94 | 1,86 | 12,16 |
"АСТАНА-ФИНАНС" БАНКІ АҚ | 3,07 | 3,00 | 24,11 |
"ШИНХАН БАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ | 11,39 | 8,84 | 4,53 |
"БАНК ВТБ (ҚАЗАҚСТАН)" АҚ ЕҰ | 0,02 | 0,02 | 28,57 |
"БАНК KASSA NOVA" АҚ | 0,18 | 1,82 | 9,81 |
"AL-HILAL" ИСЛАМ БАНКІ" АҚ | - | 1,71 | 2,57 |
ҚР БАНК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҒЫНДА | 9 839,46 | 9638,85 |
10096,43 |
2009-2010жж ЕДБ банкаралық несиелендіру кестесін қорытындылай келе ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінің несиелік портфелі бойынша резидент еместерге берілген несиелері 2010 жылды 2011жылмен салыстырғанда соңғы жылдары кемігендігін байқауға болады және де 2009 жылдан бері тұрақты өсуін көрсетіп отыр. Сонымен қатар ЕКБ несиелендіруі бойынша баланстан тыс есептен шығарылған, мерзімі өткен төлемдері бар кредиттер және жұмыс істемейтін кредиттер мен олар бойынша құрылған провизиялар жөніндегі мәліметтер толық ақпарат (ҚОСЫМША А) көрсетілген.
Активтер мен несиелендіруге қатысты ешқандай динамика байқалмаса да, бөлшек және корпоративтік депозиттер айтарлықтай оң көрсеткіш көрсетті, және тамыздағы деңгейіне қарай сәйкесінше 11% және 5% өсіп, жалпы өсімі $2,6 млрд. тең болды. Ал егер сектордың көшбасшылары туралы айтатын болсақ, салымшылар көбіне0,7 шетелдік банктерге сенім артатын көрінеді. АТФ Банкінің депозиттік базасы тамыздағы деңгейге қарай 7% өсті, ЦентрКредит Банкі - 4%. Халық Банкі мен Қазкоммерцбанкінің депозиттері өзгерусіз қалды, ал БТА Банкі мен Альянс Банктің депозиттері әрі қарай жабыла беріп, 4% құрады [ 22]. Салалар бойынша несиелендіруге тұтынынушылық кредиттеу динамикасы төменде (сурет 5) көрсетілген.
Сурет 5. 2009-2010жж Тұтынушылық кредиттеудің динамикасы
Ескерту: Қаржы нарығындағы жағдай туралы ҚР-ның Ұлттық Банкінің 2011 жылғы 31 мамырдағы №13 баспасөз релизі мәліметтері
Жалпы қыркүйек айында банктік сектор аса белсенді болмады. Негізгі назар қарыз жүктемесін қысқартуға және несие портфелінің сапасына аударылды. Депозиттер сегментіндегі оң көрсеткіштер үміт ұялатады, дегенмен несиелендірудің кеңейіп, сектордың өскені әзірге байқалмайды. Несие қоржыны сапасының динамикасы (ҚОСЫМША В) көрсетілген. Ал, несие банктердің несие портфелі бойынша провизиялар (ҚОСЫМША Г) көрсетілген. Төменде жоғарыда көрсетілген банкаралық несиелендіру көлеміне 3-кестеге толықтыру кестесі (кесте 4) көрсетілген.
Кесте 4. Баланстан тыс есептен шығарылған 2009-2010 жылдардағы орташа есеппен мерзімі өткен төлемдері бар кредиттер және жұмыс істемейтін кредиттер жөніндегі мәліметтер
БАНК АТАУЫ
| олардың ішінде |
ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙ ТІН КРЕДИТ ТЕР | |||
МЕРЗІМІ ӨТКЕН ТӨЛЕМДЕРІ БАР КРЕДИТТЕР |
90 КҮННЕН АСАТЫН ТӨЛЕМ МЕРЗІМІ ӨТКЕН КРЕДИТТЕР | ||||
| |||||
сомасы (млрд.теңге) | кредиттердегі үлесі (%) | сомасы (млрд.теңге) | кредиттердегі үлесі (%) | кредиттердегі үлесі (%) | |
"КАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ | 712,91 | 31,92% | 548,96 | 24,58% | 36,01% |
"БТА БАНК" АҚ | 1 604,12 | 76,93% | 1 417,28 | 67,97% | 76,82% |
"АЛЬЯНС БАНКІ" АҚ | 322,80 | 57,99% | 297,18 | 53,38% | 52,15% |
"ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ" АҚ | 295,59 | 23,07% | 232,93 | 18,18% | 22,94% |
"АТФБАНК" АҚ | 369,01 | 43,13% | 308,51 | 36,06% | 29,11% |
"БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ" АҚ | 122,70 | 15,38% | 76,57 | 9,60% | 16,07% |
"ТЕМIРБАНК" АҚ | 115,29 | 52,97% | 106,35 | 48,86% | 56,56% |
"НҰРБАНК" АҚ | 107,59 | 50,60% | 47,47 | 22,33% | 45,81% |
"KASPI BANK" АҚ | 74,92 | 22,10% | 52,80 | 15,58% | 16,67% |
"ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК" АҚ | 32,04 | 12,47% | 21,30 | 8,29% | 10,95% |
"ЦЕСНАБАНК" АҚ | 15,12 | 4,84% | 12,26 | 3,93% | 3,60% |
"RBS (KAZAKHSTAN)" EБ" АҚ | 0,00 | 0,01% | 0,00 | 0,01% | 14,23% |
"СИТИБАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ | - | 0,00% | - | 0,00% | 3,45% |
"HSBC БАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ ЕБ | 6,95 | 6,93% | 5,11 | 5,09% | 6,30% |
"ЭКСИМБАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ | 5,32 | 8,95% | 4,14 | 6,97% | 20,32% |
" ҚАЗИНВЕСТБАНК" АҚ | 18,88 | 36,02% | 18,84 | 35,93% | 17,57% |
"РЕСЕЙ ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ ЕБ | 8,89 | 2,83% | 7,07 | 2,25% | 9,15% |
"АЛЬФА-БАНК" ЕБ АҚ | 1,38 | 3,00% | 0,97 | 2,12% | 4,66% |
"DELTA BANK" АҚ | 0,98 | 2,58% | 0,53 | 1,39% | 2,40% |
"БАНК ПОЗИТИВ" АҚ | 1,59 | 21,48% | 1,33 | 18,08% | 18,41% |
"PNB-ҚАЗАҚСТАН" АҚ | 0,08 | 15,94% | 0,08 | 15,94% | 15,08% |
"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ" АҚ | 3,76 | 4,20% | 1,98 | 2,21% | 1,76% |
"ASIACREDIT BANK" АҚ | 1,22 | 9,25% | 0,62 | 4,69% | 6,80% |
"ҚЗИ БАНК" ЕБ АҚ | 1,14 | 27,23% | 0,85 | 20,26% | 21,20% |
"ХОУМ КРЕДИТ БАНК" АҚ | 1,81 | 6,94% | 0,68 | 2,63% | 3,88% |
"СЕНІМ-БАНК" АҚ | 0,00 | 0,05% | 0,00 | 0,05% | 3,83% |
"ЗАМАН-БАНК" АҚ | 0,49 | 12,33% | 0,24 | 6,02% | 6,02% |
"БАНК " RBK" АҚ | 0,68 | 5,30% | 0,045 | 0,35% | 0,38% |
"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫТАЙ БАНКІ" ЕБ АҚ | - | 0,00% | - | 0,00% | 4,01% |
"ТАИБ ҚАЗАҚ БАНКІ" ЕБ АҚ | 0,26 | 30,77% | 0,26 | 30,44% | 27,96% |
"ПӘКІСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ" ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕБ АҚ | 0,29 | 13,78% | 0,07 | 3,18% | 1,68% |
"ҚСОБ" АҚ | - | 0,00% | - | 0,00% | 0,00% |
"МЕТРОКОМБАНК" АҚ | 1,64 | 13,52% | 1,46 | 12,04% | 9,48% |
"АСТАНА-ФИНАНС" БАНКІ АҚ | 2,31 | 9,57% | 1,18 | 4,88% | 2,28% |
"ШИНХАН БАНК ҚАЗАҚСТАН" АҚ | 0,0005 | 0,01% | 0,001 | 0,01% | 0,01% |
"БАНК ВТБ (ҚАЗАҚСТАН)" АҚ ЕҰ | 0,51 | 1,773% | 0,42 | 1,48% | 0,932% |
"БАНК KASSA NOVA" АҚ | 0,40 | 4,03% | 0,04 | 0,38% | 0,23% |
"AL-HILAL" ИСЛАМ БАНКІ" АҚ | - | 0,00% | - | 0,00% | 0,00% |
ҚР БАНК ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҒЫНДА | 3 830,65 | 37,94% | 3 167,52 | 31,37% | 37,22% |
Несиелендіру жіктелуі, ҚҚА несиелерді біршама талаптар бойынша жіктейді, олардың әрқайсысына байланысты қорытынды балл шығарылады. Қорытынды балға қарай әрбір несие (біркелкілерінен басқалары) жеті категорияның біреуіне жатқызылады, ал категориясына байланысты міндетті резервтеу деңгейі бекітіледі. Көлемі банктің капиталының 0,02% аспайтын несиелерді бөлек емес, біркелкі несиелердің пулы (банктік ішкі саясатына сәйкес қалыптастырылатын) негізінде бірге саралауға болады.
Жіктеуде келесі талаптардың салмағы көп (әрбір талаптың медианды мәндер сомасына медианды мәніне қарай):
- кешіктірілген міндеттемелер - 22%;
- қаржылық жағдай - 15%;
- қамсыздандыру сапасы - 13%;
- басқа талаптардың сомасы 50% құрайды.
Жұмыс істемейтін несиелер. ҚҚА жұмыс істемейтін несиелерді бесінші категориялы күмәнді несиелердің, үмітсіз несиелер мен біркелкі несиелер бойынша нақты қалыптасқан резервтер сомасы ретінде анықтайды [ 28,128б].
2.2 Коммерциялық банктегі несиелендірудің жағдайына талдау
(«БТА банкі» АҚ мысалында)
Бүгінгі БТА Банкі:
1,2 млн-ға жуық жеке және 132 мың корпоративті клиенттер;
Қазақстан бойынша 22 филиалдар мен 218 бөлімшелер;
Ресейде, БАӘ, Ұлыбритания және Қытайда халықаралық өкілдіктері бар;
БТА-ның банк желісі Ресейге, Украинаға, Беларусь еліне, Қырғызстанға, Арменияға, Грузияға, Қазақстанға және Түркияға тарайды.
БТА Банкі – қазақстандық жүйе құраушы банк, оның негізгі акционері 81,48 пайыз топтамасы бар «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры танытуындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады.
БТА Банктің акционерлік капиталына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ енгеннен кейін оның қаржылық және инвестициялық стратегиясы өзгерді.
БТА Қазақстанда сенімді рентабельді жобаларды инвестициялау мен корпоративті және бөлшектік клиенттерге сапалы қызмет көрсету сапасын көтере отырып, шетелдік жобаларды кредиттеуді тоқтатты. Бұдан өзге, БТА Банкі экономиканы қолдайтын мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушысы болып табылады. 2009 жылы банк шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға, агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржыландыруға, ипотекалық займдарды қайта қаржыландыруға және тұрғын үй құрылысын аяқтауды қаржыландыруға қатысты.
ШОБ субъектілерін қаржыландыру.
Банк шағын және орта бизнес субъектілерін кредиттеу бағдарламасы бойынша 53 млрд. теңгеден астам қаражатты игерді. Бұл қаражат 4 транштық кезең бойынша игерілді:
Қазына-І – 9,9 млрд теңге;
Қазына-ІІ – мемлекеттік қаражат 5 млрд теңгені және БТА-ның меншікті қаражаты 5 млрд теңгені құрайды;
Қазына-ІІІ – 22 млрд теңге;
«Даму-Өндіріс» - игерілген сома мөлшері 11,4 млрд. теңгені құрады (оның ішінде 8 млрд. теңге мемлекеттік қаражаттардың есебінен).
«Даму-Өндіріс» төртінші траншының аясында бөлінген қаражат төменде көрсетілген экономика секторларымен айналысатын ШОБ субъектілеріне бағытталды.
Өнеркәсіп – 61,82%;
Ауыл шаруашылығы – 4,24%;
Сауда – 19,94%;
Құрылыс – 11,53%;
Басқа да қызметтер – 2,47%.
Сонымен қатар «Даму-Аймақ» бағдарламасы бойынша 6,7 млрд теңге қаражат игерілді.
Қазіргі уақытта БТА Банкі «Даму-Аймақ-2» аймақтық басым жобаларды қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламаларын және жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бағдарламаларын жүзеге асыруға белсене қатысып отыр. «Даму-Аймақ-2» бағдарламасы аясында Банкке белгіленген қаржыландыру лимиті 1,9 млрд. теңгені құрайды.
Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің субъектілерін қаржыландыру
БТА Банкі негізгі және айналымдағы қаражатты толықтыру, сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды жабдықтау лизингі бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің бюджеттік бағдарламасының төрт байқауына қатысты (2010 жылы – 3 байқауға, 2011 жылы – 1 байқауға). Осы Бағдарламаның аясында бірінші байқау бойынша Қазақстанның 12 облысынан жалпы сомасы 426 769 мың теңгені құрайтын 476 жобаны субсидиялау мақұлданды, екінші байқау бойынша Қазақстанның 6 облысынан жалпы сомасы 17 282 мың теңгені құрайтын 148 жоба, үшінші байқау бойынша Қазақстанның 9 облысынан жалпы сомасы 16 080 теңгені құрайтын 61 жоба, төртінші байқау бойынша Қазақстанның 11 облысынан жалпы сомасы 446 862 мың теңгені құрайтын 438 жоба мақұлданды. Сонымен қатар «БТА банкі» АҚ ағымдағы және базистік жылдардағы көрсетілген несиелік қызметтеріне талдау төмендегі (кесте 4) көрсетілген.
Кесте 5. 2008-2010жж «БТА банкі» АҚ көрсетілген қызметтерінің көлеміне баға беру
Көрсетілген қызмет көлемі | 01.01.2008ж Сомасы мың тг
| 01.01.2009ж Сомасы, мың теңге | 01.01.2010 ж Сомасы, мың теңге
| Ауытқуы, +;- | Өсу Қарқы ны % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Несиелендіру, барлығы |
2107529681 |
2337395953 |
2148934776 |
188461177 |
8,7 |
Оның ішінде: Банктерге Банктерден басқа заңды тұлғаларға Жеке тұлғаларға (тұрғындарға) |
28930311 1727130165 258494251
|
33130317 2017730779 286534857 |
61666473 1776417229 310851074
|
-28536156 241313550 -24316217 |
-53,7 13,5 -2,2 |
Ссудалық қаржыландыру, барлығы | 1298511300
| 1368514301 | 1400612784
| -32098483 | -7,8 |
Оның ішінде: Гарантиялар Аккредитивтер |
1230162945 144561259
|
1230783258 137731043 |
1255844105 144768679
|
-25060847 -7037636 |
-8,1 -5,2 |
Есеп-айырысу кассалық қызмет көрсету, барлығы | 1812566088 | 19775659653 | 17125546299
| 265011334 | 15,5 |
Оның ішінде: Заңды тұлғалардың төлемдерін аудару операциясы Жеке тұлғалардың ақшалай аударымдары | 168501486250 1215824991
| 18538367155
1237292498 | 15850246550
1275299749
| 268812065
-38007251 | 16,9
-7,1 |
Брокерлік-дилерлік қызмет көрсету, барлығы Оның ішінде: Клиенттердің тапсырысы бойынша валюта сатып алу Клиенттердің тапсырысы бойынша валюта сату | 2911065516 2718463165
| 2921066587 2738463166 | -1056631190
1611369860
| - 18645397 112709336 | -176,4
58,9 |
Депозиттер тарту, барлығы | 19300147502
| 2148995536 | 1940015801
| 208979735 | 10,7 |
Оның ішінде: Банктерден Банктерден басқа заңды тұлғалардан Жеке тұлғалардан | 6253943630 1563448201 278562318 | 635194630 1236344856 277456050 | 591538851 1087685601 260791349
| 43655779 148659255 16664701 | 7,3 13,6 6,4 |
Ескерту: «БТА Банк» АҚ-ның 01.01.2010ж. консолидацияланған қаржылық есебінің мәліметтері негізінде автормен жасалынған |
Төмендегі кестеде (кесте 5) экономика салалары бойынша портфель құрылымы көрсетілген. Кредит беру бағыты бойынша үлкен үлесті коммерциялық қарыздар алады – 68,8%. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер – 42,4% , ал сауда кәсіпорындары- 32,1%. Сонымен қатар осы кесте динамикасы (сурет 7) көрсетілген.
Кесте 6. 2008-2010 экономика салалары бойынша несиелік портфель құрылымы
Экономика саласы | 2008 ж. | 2009 ж. | 2010 ж. | Өсімі (%) |
Коммерциялық несиелер | - | 53 261 986 | 78 151 993 | 46,7 |
Ірі корпоративтік клиенттерге берілетін несиелер | - | 40 814 127 | 69 401 096 | 70 |
Шағын және орта кәсіпорындарға берілетін несиелер | - | 12 447 859 | 8 750 897 | 29,7 |
Жеке тұлғаларға берілген несиелер | 43 442 956 | 39 428 746 | 35 490 970 | 18,3 |
Ипотекалық несиелер | 24 666 536 | 22 084 968 | 20 147 866 | 18,3 |
Тұтынушылық несиелер | 16 615 309 | 14 521 126 | 12 788 718 | 23 |
Экспресс- несиелер | 1 439 244 | 2 096 299 | 1 929 171 | 34 |
Автокөлік сатып алуға несиелер | 679 122 | 582 498 | 432 234 | 36,4 |
Несиелік карталар | 42 745 | 143 855 | 192 981 | 351,4 |
Ескерту - « БТА банк» АҚ жылдық есептері |
Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi