Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа
Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.
Енді осы аталған көрсеткіштерді сипаттауға келейік. Ең алдымен қаржылық тұрақтылық коэффициенттеріне тоқталамыз.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті қарыз алушы кәсіпорының айналым қаражаттарының бір бөлігін сату арқылы өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауын көрсетеді [12].
АҒЫМДАҒЫ ӨТІМДІЛІК КОЭФФИЦИЕНТІ = (ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар + дебиторлық қарыз) / қысқа мерзімді міндеттемелер; Бұл коэффициенттің мәні 0,75-тен кем болмауы керек.
Екінші көрсеткіш – жалпы өтеу коэффициенті. Бұл көрсеткіш қарыз алушы кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін орындау үшін қажетті өтімді қаражаттардың жеткіліктілігін көрсетеді.
ЖАЛПЫ ӨТЕУ КОЭФФИЦИЕНТІ = (ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық жұмсалымдар + дебиторлық қарыз+ запастар, қосалқы бөлшектер) / қысқа мерзімді міндеттемелер; Бұл коэффициенттің мәні 1-ден кем болмау керек.
Қаржылық тұтқа коэффиценті 1 теңгеге шаққандағы меншікті қаражат үлесіне келетін тартылған қаражаттардың көлемін сипаттайды.
Қаржы тұтқасы = Тартылған қаражаттар / Меншікті қаражаттар;
Бұл коэффициенттің мәні 1-ден артық болмау керек. Меншікті айналым қаражаттарының шамасы меншікті қаражат көзерінен құралатын айналым қаражаттарының шамасын білдіреді. Мұны келесідей анықтауға болады:
Меншікті айналым қаражаттарының шамасы = меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді активтер
Жалпы айналым қаражаттарының ішіндегі меншікті қаражаттардың үлесі айналым қаражаттардағы меншікті қаражаттар қандай бөлігін құрайтынын көрсетеді.
ЖАЛПЫ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ІШІНДЕГІ МЕНШІКТІ ҚАРАЖАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІ = (меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді активтер) / ағымдағы активтер * 100%;
Енді рентабельділік көрсеткіштерін сипаттайық. Корпорацияның сауда рентабельдігін талдау оның тиімділігін көрсететін көрсеткіштердің бірі. Бұл коэффицент өткізілген өнімнің бірлігіне қанша пайда табылғанын көрсетіп, кәсіпорынның коммерциялық маржасы деп аталады.
САУДА РЕНТАБЕЛЬДІГІ = Өнімді сатудан алған пайда / Алынған кіріс
Кәсіпорынның рентабельдігі кәсіпорының қызмет етуінің табыстылығын көрсетеді. Ол сатудан түскен кірістің мүліктердің жалпы жылдық құныныдағы алатын бөлігін білдіреді. Ол келесі жолмен анықталады.
КӘСІПОРЫНЫҢ ЖАЛПЫ РЕНТАБЕЛЬДІГІ = Сатудан түскен кіріс /
Мүліктердің жылдық орташа құны;
Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін бағалау процесінде инвестицияланған капитал ретінде кәсіпорынның барлық активтері алынады, себебі олардың жалпы шамасы кәсіпорынның барлық қарыздарын ескереді.
Меншікті капитал рентабельдігі – кәсіпорынның меншігіндегі мүлкінің тиімді пайдалануын сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің бірі. Осы көрсеткіштің негізінде активтердің иесі оларды орналастыру орынын таңдауы мүмкін. Есептеу кезінде операциялық табыс емес, ал корпорация иелерінің арасында қандай да бір жолмен бөлінетін таза соңғы табыс қолданылады. Меншікті капитал рентабельдігі таза табыстың меншікті капиталдың орташа жылдық құнына қатынасы бойынша есептелінеді:
МЕНШІКТІ КАПИТАЛ РЕНТАБЕЛЬДІГІ = Таза табыс / ӨК орташа жылдық құны;
Келесі коэффициент – сатудан түскен бір күдік орташа түсім. Ол кәсіпорының күделікті жұмысының нәтижелігін білдіреді. Оны келесідей жолмен анықтауға болады:
САТУДАН ТҮСКЕН 1 КҮНДІК ОРТАША ТҮСІМ = Жалпы сатудан түскен түсім / Мерзім ұзақтығы;
Айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі айналым қаражаттарының қалдығының қанша уақытта толық айналым жасайтынын көрсетеді. Оны келесі формуламен анықтауға болады:
АМ = ОҚ * МҰ / СК;
Мұндағы, Ам – айналым қаражаттарының айналымдылық мерзімі;
ОҚ – орташа қалдық;
МҰ – мерзім ұзақтығы;
СК – сатудан түскен түсім.
Дебиторлық қарыз айналымының мерзімі қарыз алушының несие және төлем қабілетін анықтауда кеңінен қоладнылады. Оны былай анықтауға болады:
ДЕБИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗ АЙНАЛЫМЫНЫҢ МЕРЗІМІ = Мерзім ұзақтығы / Дебиторлық қарыз сомасы;
Сондай-ақ кредиторлық қарыз айналымының мерзімі де анықталады. Оны мынадай жолмен анықтауға болады:
КРЕДИТОРЛЫҚ ҚАРЫЗ АЙНАЛЫМЫНЫҢ МЕРЗІМІ = Мерзім ұзақтығы / Кредиторлық қарыз сомасы;
Осы аталған көрсеткіштер негізінде қарыз алушылардың класы анықталады. Қарыз алушының классын анықтау көрсеткіштердің шекті мәні мен олардың рейтингтері арқылы жүзеге асырылады. Әдетте, негізгі коэффициенттердің шамасына байланысты қарыз алушылар үш классқа бөлінеді. Бұл үшін банктер қолданатын көрсеткіштердің деңгеій әр әдістеме бойынша бірдей емес [ 6, 245-246б ].
Қарыз алушыларды шартты түрде класстаға бөлу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ұсынысы бойынша келесі негізгі көрсеткіштерге негізделіп жүргізілуі мүмкін:
Кесте 2. Қарыз алушының несиелік қабілетінің негізгі көрсеткіштері
КӨРСЕТКІШ | ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ | ЕСЕПТЕУ АЛГОРИТМІ
|
Өтімділік коэффициенті (Кө) | Қарыз алушының қарызды төлеу үшін шаруашылық айналымнан жедел түрде ақша қаражаттарын алу мүмкіндігін сипаттайды. Қаншалықты коэффициенттің мәні жоғары балса, соншалықты қарыз алушы сенімді болады. | тез өтімді активтер Кө = ------------------------------ |
Өтеу коэффициенті (Көтеу) | Қарыз алушының өзінің қарыздарын өтеу үшін барлық түрлі қаражаттарының жеткіліктілігін сипаттайды. Қаншалықты коэффициенттің мәні жоғары болса, қарыз алушы соншалықты үлкен соманы ала алады. | Тез өтімді активтер + Көтеу = ----------------------- |
Меншікті айналым капиталымен қамтамасыздану көрсеткіші (Кмк) | Қарыз алушының меншікті қаражаттарының мөлшерін сипаттайды. Айналым капиталында меншікті қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, банк позициясы жағынан қарыз алушы соншалықты сенімді болады. | Пассивтің 1-бөлімі - Кмк = ------------------------Активт |
Ескерту: «Банковское дело»/Под ред. д.э.н. Г.С.Сейтқасымова. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 1998. |
Несиелік қызметкерлер кәсіпорының даму болашағын, пайда мөлшерін және несиенің қайтарылу ықтималдығының дәрежесін болжау мақсатында ағымдағы жағдайын және өткен уақыттағы өзгерістерді анықтау үшін қаржылық есептерді талдайды.
Бірінші бөлімге қорытынды, бұл бөлімде банктік несиелеудің жалпылама теориялық негіздері қарастырылып, банктік несиелеу ұғымына оның мәні, түрлері несиелеу принципі мен несиелеу механизміне және банктің өз клиенттерін бағалау көрсеткіштері қарастырылған.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК НЕСИЕЛЕУ
ЖҮЙЕСІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ МЕХАНИЗМІ
2.1 Қазақстан Республикасының банктік несиелеу секторын талдау
Қазақстанның банк секторы позициясын қалпына келтіруін жалғастыруда. Екінші деңгейлі банктердің жиынтық активтері 2011 жылдың шілде айында 12,7 трл. теңгені құрап, 2,8%-ға артты, бір ай бұрын банктердің активтері 0,5%-ға қысқарған болатын.
Салыстырмалы түрде экономиканы несиелеу жақсы өсу қарқынын көрсетті. Шілдеде несиелеу бұрынғыдан тұрақтылау болды: банктердің несие қоржыны 9 354,3 млрд. теңгеге жетіп, 121,3 млрд. теңгеге немесе 1,3%-ға ұлғайды. Маусым айында заемдар нашар өсті бар-жоғы 44 млрд. теңгеге немесе 0,5%-ға өсті.
2008 жəне 2009 жылдары (өсуі тиісінше 2,8% жəне 2,5%) байқалған кредиттік белсенділіктің айтарлықтай баяулауы, 2010 жылы кредиттеудің төмендеуіне əкелді. 2010 жылы банктердің экономикаға кредиттерінің көлемі 7 596,5 млрд. теңгеге (51,3 млрд. АҚШ долл.) дейін 0,6%-ға төмендеді. Банктердің экономикаға кредиттерінің ЖІӨ-ге қатынасының көрсеткіші 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 44,9%-дан 35,3%-ға дейін төмендеді. (2-сурет).
Бұл ретте кредиттік белсенділіктің төмендеуі кредит нарығының валюта бөлігінде ғана болды. Шетел валютасындағы кредиттер 2010 жылы 3 213,4 млрд. теңгеге дейін 13,1% төмендеді, ұлттық валютамен – 4 383,1 млрд. теңгеге дейін 11,1% көтерілді. Нəтижесінде теңгелік кредиттердің үлес салмағы 51,6%-дан 57,7%-ға дейін көтерілді. 2010 жылы ұзақ мерзімді кредиттеу 6 349,7 млрд. теңгеге дейін 1,3%-ға төмендеді, қысқа мерзімдісі – 1 246,8 млрд. теңгеге дейін 2,7%-ға көтерілді. Тиісінше, ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 84,1%-дан 83,6%-ға дейін төмендеді. Ал енді олардың жылдар бойынша салыстырылуы төмендегі динамикада (Сурет 2) көрсетілген.
Сурет 2. 2002-2010 жылдар аралығындағы несиелендірудің салыстырмалы динамикасы (ЖІӨ-ге %-бен)
Ескерту: ҚР-ның Ұлттық банкінің 2010 жылғы жылдық есебінен алынған
Бұл динамика бойынша қорытынды жасасам, несиелендіру тұрақты өсіп келіп 2007 жылы ең жоғарғы көрсеткіш, ал қаржылық дағдарыс жылдары біртіндеп төмендей бастаған. Заңды тұлғаларға кредиттер 2010 жылы 5480,3 млрд. теңге болып, 1,2%-ға көтерілді, жеке тұлғаларға – 2116,2 млрд. теңгеге дейін 4,9% төмендеді. Жеке тұлғаларға кредиттердің үлес салмағы 29,1%-дан 27,9%-ға дейін төмендеді.
Шағын кəсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2010 жылы 1389,3 млрд. теңгеге дейін 18,7%-ға төмендеді, бұл экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 18,3% құрайды (2009 жылғы желтоқсанда – 22,3%). Салалық бөлуде банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы
саудаға – 24,0% (2009 жылғы желтоқсанда – 23,6%), құрылысқа - 18,1% (18,8%), өнеркəсіпке – 9,4% (9,5%), ауылшаруашылығына – 3,8% (3,7%) тиесілі. Жеке тұлғаларға ұлттық валютадағы кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2010 жылғы желтоқсанда 2009 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 21,6%-дан 20,3%-ға дейін төмендеді, заңды тұлғалардың кредиттері бойынша 14,3%-дан 12,9%-ға дейін төмендеді. Енді ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша сыйақы ставкаларының динамикасына (сурет 3) көрсетілген.
Сурет 3. 2009-2010жж ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша сыйақы ставкаларының динамикасы
Ескерту: ҚР-ның Ұлттық банкінің 2010 жылғы жылдық есебінен алынған
Сонымен бірге, несиелеу құрылымы жақсы жағына қарай сапалық өзгерістерге ұшыраған жоқ. Бұрынғыдай заемдардың көбін сауда және қызмет көрсету саласының компаниялары айналым қаражатын толықтыруға және ескі заемдарды қайта қаржыландыруға алуда. Өнеркәсіп секторы әзірше жаңа инвестициялық жобаларға ақша алудан тартынып отыр.
Оның есесіне несие қоржынының сапасы түзелуде. Мерзімі өткен несиелер жұмыс істейтіндей болуы үшін банктер қарыз алушылармен агрессиялық түрде жұмыс істей бастады. Атап айтқанда, көпшілік ортасына шығарылған, банктердің қарызгерлермен қатаң жұмыс жүргізуіне нарықта ең үлкен несие қоржынын иеленген Қазкоммерцбанк мысал болып табылады. Екі ай бұрын банк 2,5 млрд теңге берешекті өндіріп алу мақсатында «Resmi» компаниялар тобы» АҚ, «7’Я супермаркеттер желісі» және «Food Retail Invest» ЖШС-ға қарсы сотқа талап арыз берді.
Тұтынушылар заемдарындағы несеиелеуді қалпына келтіруде үлкен үлеске ие, олардың үлесі жылдық көрсеткіш бойынша 9%-ға өсті. Мұнда банктер қолда бар несиелерді қайта қаржыландыруға және жаңа несеиелер беруге баса көңіл бөлуде. Кірістілігі жоғарырақ болғандықтан, банктерге бөлшек несиелеу тиімдірек болып отыр.
Банк секторы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің ресми деректері бойынша 2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторы 39 екінші деңгейдегі банктер ұсынған. 1 мамырдағы жағдай бойынша банктердің жиынтық активтері сəуірде 88,6 млрд.теңгеге немесе 0,7% өсіп, 12 448,9 млрд.теңге болды. 1 мамырдағы банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы бір айда 57,3 млрд.теңгеге немесе 3,2% өсіп, 1 843,2 млрд. теңге болды. Шетел валютасында номинирленген активтер жиынтық активтерінің 32,1% немесе 3 994,7 млрд. теңге болды. 1 мамырдағы жағдай бойынша банктердің несие портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) сəуірде 61,8 млрд.теңгеге немесе 0,7% өсіп, 9 1 89,0 млрд.теңге болды. Бұл ретте, ҚР резидент еместерінің заемдары ағымдағы жылдың 1 мамырда несие портфелінің 1 299,9 млрд. теңге немесе 14,1% болды (1.01.2011ж. осы көрсеткіш 1 803,3 млрд. теңге немесе 14,8%). 1 мамырдағы жағдай бойынша шетел валютасында берілген заемдар жиынтық несие портфелінің 48,2% немесе 4427,4 млрд. теңге болды. Несиелеудің жылдар бойына салыстырмалы портфелі төменде (сурет 4 ) көрсетілген.
Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi