Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:58, курсовая работа
Банктер мен клиенттер араларында несие берілуіне байланысты пайда болатын қатынастарды, несиелік қатынастар ретінде қарастырамыз. Банк сферасындағы несиелік қатынастар несие болмысының формасы болып табылады, осы ерекше қатынастар шегінен тыс несиенің пайда болуы және қызмет етуі мүмкін емес. Несиелік қарым-қатынастар экономика дамуымен қатарлас жылжып келеді, сонымен бірге ол экономиканы реттеу құралы ретінде шешуші септігін тигізеді.
«Пенсионный» жедел кредиті
Бұл бағдарлама «Қамқор» карточкасы арқылы зейнеткерлік төлемдерді алушы клиенттерге арналған. Жеңілдікті пайыздық ставка, төмен комиссиялар және «Қамқор» картасына зейнетақыны есептеу кезінде кредитті автоматты түрде өтеу үнемдеп үйренгендер үшін де бұл бағдарламаны қол жетімді етеді.
Кесте 9. БТА банкінің «Пенсионный» жедел кредиті бойынша несиелеу бағдарламасы
Кредит валютасы | Теңге |
Кредит сомасы | 20 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін |
Сыйақының номиналды ставкасы, жылдық % | 22% |
Сыйақының тиімді ставкасы, жылдық % | 22.67% |
Кредит мерзімі, ай | 12 айдан 24 айға дейін |
Өтеу | аннуитет немесе тең үлестермен |
Өтінімді қарастыру мерзімі | 3 күнге дейін |
Қамтамасыз ету | Қарастырылмаған |
Өтінімді қарастыру үшін комиссия | 3 000 тг |
Кредитті ұйымдастыру үшін комиссия | Жоқ |
Кредитке қызмет көрсету үшін комиссия | Жоқ |
Дер кезінде өтемегені үшін айыппұл | Қарастырылмаған |
Мерзімінен бұрын өтеу үшін комиссия | Қарастырылмаған |
Мерзімінен бұрын өтеу үшін мораторий | Қарастырылмаған |
Сақтандырушы серіктестер | Лондон Алматы, БТА Сақтандыру |
Табысты растау | Толық |
Ортақ Заемшылар | Қарастырылмаған |
Заемшының жасы | әйелдер үшін - 58 жастан 65 жасқа дейін, ерлер үшін – 63 жастан 68 жасқа дейін, |
Қосымша талаптар | Заемшы «Қамқор» төлем картасының/ағымдағы шотының ұстаушысы болып, ол бойынша кем дегенде 3 зейнетақы төлемін алуы тиіс. |
Ескерту: www.btabank.kz. сайтынан алынған |
Кредитті қалай алу керек:
Банкке келіп, банк менеджерінен консультация алу;
Банкке қажетті құжаттарды ұсыну (төменнен қараңыз);
Кредитті алуға сауалнама-өтінімді толтыру;
Кредитті беру туралы оң шешімді алған соң – банктік заем шартын ресімдеу.
Кредитті алуға қажетті құжаттардың жеткіліксіздігі немесе дұрыс ресімделмеуі;
құжаттардың күмән тудыратын түпнұсқаларын ұсыну;
сауалнама өтініште ұсынылған деректерді тексеру барысында алынған деректерге сәйкес келмеуі;
бұрын берілген кредиттер бойынша берешек, соның ішінде жаңа кредитке қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейтін төлем карточкасы бойынша кредиттік лимит бойынша берешекті қоса;
теріс кредиттік тарихы, клиент деректерінің сенімсіз заемшылар тізімінде болуы;
қарастыру барысындағы Банктің теріс шешімі;
ҚР-ның бейрезиденттері үшін - ҚР-да бір жерде тұруға белгі қағазының және жұмысының болмауы;
кейбір мамандықтар бойынша шектеулер бар, ол жайында филиалда консультация алу кезінде білуге болады.
Бұл курстық жұмыстың екінші бөлімінде ҚР-ның банктің несиелеу секторына шолу жасалынып және «БТА банк» АҚ мысалында банктің ағымдағы несиелендіру жағдайы талдау жасалынып, жүргізіліп жатқан несиелеу бағдарламалары қарастырылды.
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ЖОЛДАРЫ
Егер біз қазіргі уақытта экономикамыздың дамуына әсер ететін күшті факторлардың бірі ретінде банк секторын атап өтетін болсақ қателеспеген болар едік. Жалпы олардың мемлекетіміздің өмірінде ойнайтын ролі және соған қатысты маңыздылығы айтпаса да түсінікті.
Ал банк үшін, оның ішінде коммерциялық банк үшін пайда табу барысында активті операциялар ішіндегі несиелермен жасалатын операциялар, оның пайдалылығына байланысты, аса маңызды болып табылады. Бірақ та бұл операция түрінен пайда табу барысында банк өз тарапынан қиындықтарға кездеседі. Осындай қиындықтардың бірі проблемалық несиелер.
Банкі өзінің несие саясатын жүргізу барысында проблемалық несиелерді болдырмауға бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік келісім бойынша клиетпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады. Оның мақсаты-ссуда бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты төленуін қамтамасыз ету.Әрине әрбір ссуда түрі бойынша ойламаған жағдайлардың өріс алу қаупінен өзінің тәуекелі болады.Банк бұл тұрғыдан әр түрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана абсолютті сенімді қарыз алушыларға ғана несие беру саясатынын жүргізуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайда ол көп пайдалы мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. Сонымен бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін бұл өте қымбатқа шығып кетеді.Сондықтан ең оптималды саясат сақтық пен ресурстарды табысты орналастырудың барлық потенциалды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады [ 11 ].
Коммерциялық банктердің жаңа мүмкіндіктеріне тоқталып өтсем. Жақында ҚР АӨҚО ҚРА дәстүрлі қазақстандық банктердің залдарында «исламдық терезелер» ашайық деген ұсыныс жасады. Бұл қадам республикадағы исламдық қаржыландыруды дамытуға септігін тигізуге арналған.
Шариғат нормаларына сәйкес әлемдік қаржылық қызмет көрсету нарығы жыл сайын қарқынды дамып келеді. Исламдық қаржыландыру Азияда, Парсы шығанағы және Еуропада дамуда. Біздің елімізде де исламдық қаржыландыру үшін үлкен мүмкіндік бар. Қазақстан үшін бұл ең алдымен экономикаға ақша түсімінің қосымша қайнар көзін білдіреді. Алайда, аймақта исламдық қаржыландыруды дамыту бойынша, соның ішінде заңнаманы әрі қарай қайта жетілдіру сияқты үлкен жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан, Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (ҚР АӨҚО ҚРА) ұсынысы уақытылы болып отыр.
Дәстүрлі банктерде «ислам терезелерін» ашу мүмкіндігін қарастыруды ҚР АӨҚО ҚРА төрағасы Аркен Арыстанов ұсынып отыр. Оның ойынша, «Аль-Хиляль ислам банкінің ашылуы Қазақстандағы исламдық қаржыландыруды белсенді дамыту мәселелерін шешпейді, өйткені оның стратегиясы мемлекеттік қаржыландыруды дамытумен байланысты». Ал, жеке исламдық банкті ашу үлкен қаржылық шығындарды талап етеді, олар біздің тар нарықтық жағдайымызда өзін өзі қамтамасыз ете алмайды деп түсіндірді Арыстанов мырза. Ол сөзін, «Қазір біз шетелдік заңнаманы саралап жатырмыз, исламдық қаржылық құралдарды қолдану мен оларға қойылатын эмитенттерді белгілеу талаптарын халықаралық тәжірибеде зерттеудеміз. Әрекет етуші заңнамаға толықтырулар енгізу жобасын өзгерту бойынша заңшығармашылық жұмыстар жүргізіліп жатыр» – деп аяқтады. «Ислам терезесін» ашу идеясын банктің ішіндегі нарықтың көптеген кәсіби қатысушылары қолдап отыр. Мысалы, «Ақыл-кеңес консалтинг» директоры Дәуіржан Ауғамбай банктерде жаңа өнімдік желінің ашылуында үлкен мүмкіндік көрініп тұр дейді. Ол исламдық және дәстүрлі банкингтің бір қаржылық институт шеңберінде тиімді жұмыс істеуі үшін исламдық қаржыландырудың архитектурасын түсіну қажет, оның барлық стандарттар мен негізгі жүйедегі жұмысымен танысу керек деп есептейді. Ислам даму банкі еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіруге 10 миллион доллар несие береді. Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбековтың атап өтуінше, ИДБ-ның 10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржысы еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға тартылып отыр. Елордада Дүниежүзілік Ислам экономикалық форумы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ мен Ислам даму банкі арасында ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру бағдарламасына қатысу жөнінде несие және техникалық көмек гранты туралы келісімдерге қол қойды. Құжатты Ислам даму банкі тарапынан аталған қаржы ұйымының президенті доктор Ахмад Мұхаммад Али, ал Қазақстан тарапынан «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы Гүлназ Атамқұлова рәсімдеді. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтың атап өтуінше, ИДБ-ның 10 млн. АҚШ доллары көлеміндегі қаржысы еліміздің ауыл шаруашылығын шағын несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға тартылып отыр. Оның комиссиялық сыйақысы жылына 2 пайыздан аспайды. Бұл қаржыны «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты және кедейліктің деңгейін төмендету мақсатында фермерлікті дамыту үшін жұмсайтын болады. Бұл елімізде несиелендіруді дамыту үшін жасалып жатқан шаралардың бірі [ 30 ].
Қазақстан тәжірибесінде несиелік келісімдер жасалғаннан кейін шарттардың бұзылу жағдайында оны реттеуде қолданылатын құқықтық жауапкершіліктің толық анықтығының жоқтығына байланысты болады. Несие алушы көптеген жағдайда банк алдында ешқандай жауапкершілік міндетін орындамай кетеді, ертеде алынған несиелер бойынша берешегі банк шығыны арқылы жабылумен шектелген. Кеңес үкіметінен мұраланған тәжірибе, ол қазіргі несиелендірумен салыстырғанда мүлдем басқа принциптерге негізделген. Нарықтық экономикада несиелік қатынастар және бәсекесі даму алды, ал ол болса жаңа талап қойып және қазіргі уақытқа сай әдістер мен шешу қолданымдарын пайдалануды қажет етеді.
Бағдарлама қаражатының жалпы сомасы 1 800 млн. теңгені құрайды.
Бағдарламаға мынадай ЕДБ қатысады :
1. «Банк ЦентрКредит» АҚ ,
2. «АТФ Банк» АҚ ,
3. «Цеснабанк» АҚ ,
4. «Еуразиялық банк» АҚ .
МКҰ Бағдарлама аясында кредиттеудің негізгі талаптары :
Қаражатты мақсатты пайдалану –МКҰ айналым қаражатын микрокредит беру үшін толтыру;
Жылдық тиімді мөлшерлеме - жылдығы 14,0% көп емес;
Қарыз бойынша кредиттеу мерзімі - 60 айға дейін;
Қарыз валютасы – теңге;
Қаржыландыру лимиті - 750 млн. те ң ге ге дейін , соның өзінде сұралып отырған кредит сомасы ағымдағы күнге активті кредит портфелінің көлемінен аспауы тиіс. Егер МКҰ активті несие портфелі кемінде 120 000 АЕК құрайтын болса, онда қарыздың сұралып отырған сомасы сол күнге активті кредит портфелі көлемінің қатынасына 3:1 арасалмақта н а спауы тиіс ;
жобаларды салалық бағыттылығына қарай қаржыландыруға шектеу жоқ;
негізгі борышты айналым қаражатын толықтыруға ұсынылатын Қарыз бойынша өтеуге берілетін деңілдік мерзімі - 12 айға дейін;
МКҰ Бағдарлама қаражаты есебінен әртүрлі банктерден, қаржы ұйымдарынан бір уақытта Қарыз ала алмайды;
өзге талаптарды Әріптес банктердің өздері белгілейді .
Бағдарлама бойынша:
МКҰ сыртқы және ішкі қарыздарын қайтақаржыландыруға ;
Әріптес банк пен өзара байланыстағы МКҰ-ға кредит беруге тыйым салынады .
МКҰ қойылатын міндетті талаптар :
МКҰ белсенді қызмет ету мерзімі кемінде бір жыл болуы тиіс ;
Бір қарыз алушының МКҰ несие портфеліндегі тәуекелдік коэффициенті 0,25 -тен аспауы тиіс .
Бұл тақырыпты зерттеу себептері банктің несиелік операция жүргізуіндегі пайда болатын проблемалар болып табылады. Өйткені тәуекел несие қайтаруға дейін, сонымен бірге ілесіп жүреді. Бүгінгі күні Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге бекіткен нормативті талаптары бойынша кемшіліктер жіберген банк саны болып отыр.Осы себепті олардың кері әсері Қазақстан банк жүйесінің тұрақтылығына күмән келтіреді және кәсіпорындар,ұйымдар және халық тарапынан сенбеушілікке әкеліп соғады. Жалпы алғанда бұл жағдай, коммерциялық кәсіпорын ретінде банктік менеджменттің төмендігі және оның даму стратегиясы мен бағдарламасының жоқтығын білдіреді.Бүгінгі банктердің қызметкөрсету деңгейі олардың клиенттерін қанағаттандырмайды, себебі қолданылатын стереотип өркениетті мемлекеттер ортасында қолданылатын несиелік қатынастарға сәйкес келмейді. Банк жағымды нәтижелерге жету жолында, нарық ортадағы элементі ретінде өз имиджін жоғарылату керек, ал ол келесі факторлардан құралады: банктің үлкен капиталы, қызметкерлердің кәсіпқойлылығы, банктің менеджмент деңгейі, қызмет көрсету сапасы, банк операцияларының кең ауқымы, даму стратегиясының болуы және тиімді жарнама іс әрекеті
[ 30 ].
Банк өзінің даму бағдарламасында, қарапайым азаматқа түсінікті ашық саясат жүргізуі тиісті.Көптеген жағдайда бұл үлкен шығындарды талап етеді онсыз мүмкін емес. Бүгінгі тәжірибемізде банктер клиенттің қаржылық жағжайына тек несие беру қажеттілігі болғанда ғана қызығады, ал дұрысы – алдын ала, банкрот болуы мүмкін кәсіпорындардың қаржылық жағдайларына қызығушылық танытып, оларды есепке алып отыру жөн болар еді.
Әлемдік тәжірибеде несиелік қатынастар құру ортасында көптеген және түрлі тәсілдемелер пайдаланады, бірақ та олар отандық банктер іс әрекетінде тек қана шектеулі санда ғана іске асырылады. Банктік несиелендіруде мынадай несиелер овердравт, факторинг, форфейтинг, лизинг секілді және т.б формалары операцияларына сұраныс бар болғанына қарамастан, олар шектеулі түрде қолданылады, әлде мүлдем қолданылмайды. Өйткені банктердің қысқа мерзімді несиелендіруімен айналысуы оларға жеңіл соғып отыр. Несиелік қатынастарды құру саласында зерттеулерді жүргізу жұмыстары отандық экономикалық әдебиеттерде баламалық көрініс табуы тиіс.
Информация о работе Банктік несиенiң мәнi, мағынасы және түрлерi