Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 21:57, курсовая работа
«Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін артыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады. Ал «менеджер» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам өз ісін білетін мамандандырылған басшы.
І- бөлім
1. 1. Менеджменттің мағынасы және негізгі ұғымдары
«Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін артыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады. Ал «менеджер» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам өз ісін білетін мамандандырылған басшы.
Нарықтық экономикаға өту кезенінде басқару жүйесін одан әрі дамыту және кезеңге тән жаңа қағидаларды басшылыққа ала отырып экономиканы жандандыру бүгінгі өзекті мәселелерінің бірі. Осы мәселелерді шешу жөніндегі негізгі тұтқалардың бірі ол өндірісті, жалпы экономиканы іскерлікпен басқару, нарықта экономикалық қатынастарды дамыту оларды құқықтық тұрғыдан реттеу, ақша – несие, қаржы және валюта қатынастарын жүзеге асыру.
Басқару теориясына талдау жасау жалпылама, жалпы және өндірістер жүйесіне негізделеді, Басқару (өндірісті, ауыл шаруашылығын басқару) туралы нақты ғылымдардың айырмашылығы басқару теориясы өзінің пәніне байланысты жалпы басқарумен байланыстырады.
Бұл әдістердің бірі өндірісті басқару ғылымының әдістері болып табылады және бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процесітерін тарихтан тыс деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:
Басқару дегеніміз - жүйенің жаңа, сол жүйеге арналған күйге көшу (академик Берг)
Басқару – не істеуге тура келетінін және қайткенде, мейлінше жақсы арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).
Өндірісті басқарудың мәні мынада: өндірісті басқару – объективті экономикалық заңдарының бүкіл жүйесінің талаптарын жүзеге асыратын механизм.
Басқарудың тиімділігі мен менеджерлердің іс-әрекетін экеномикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға болады.
Менеджер ұғымы ағылшын тілінен аударғанда бір нәрсені реттеу, тенестіру, басшылық ету дегенді білдіреді. Менеджердің міндетін ұйымдағы бірауыздылықты және ұйым мұқтажын өтеуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей талаптар қойылады:
- өзіне деген сенімділік
- жеке басының бағалы қасиеттері, мен өзін үнемі жетілдіру.
- бастамаларды іздестіру
- қызметкерлерді баулу және байланыс орнатуға қабілеттілік.
- баскару әдіс-тәсілдерін білу
- тиімді шешім қабылдауға дағдылану.
Менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман.
1.2.Ұйым туралы түсінік. Ұйымдардың формалары және типтері
Ұйым дегеніміз - алға қойылған мақсатқа жету барысында адамдар тобы еңбегінің саналы үйлестірілуі .
Әрбір топтың ұйым болып есептелуіне төмендегідей талаптар қойылады:
1.0сы топтың мүшесі болатын кем дегенде 2 адамның бар болуы керек.
2.Барлығының алдына қойылған ортақ мақсат немесе нәтиженің болуы.
3.Топтың мақсатына жетуі үшін топ мүшелерінің бірегей арнайы еңбектенуі керек.
Мақсатты орындауда нәтижеге қол жеткізуде ұйымдар құралады және олар:1. Ресми ұйымдар2. Бейресми ұйымдар3. Күрделі ұйымдар болып жіктеледі.
Ресми ұйымдар дегеніміз - мақсатты орындауда басқару принципін жүйелі үйлестіретін нақтылы құрылымға ие болатын басшылық еркімен құрылған адамдар тобы.
Бейресми ұйымдар дегеніміз - қызмет барысындағы әлеуметтік қатнастарға, ішкі еңбектерге байланысты ойламаған жерден құрылады.
Күрделі ұйымдар дегеніміз
- құрылым мен мақсаттарды жан-
Ұйымдар міндеттерді орындау барысында өздеріне тән бір қатар сипаттамаға ие болады.Оларға мыналар жатады:1. Ресурстардың орын алуы.2. Сыртқы ортадан тәуелділігі3. Көлденең және тік еңбек бөлінісі.4. Басқарудың қажеттілігінің енгізілуі.
Ресурстар жалпы алғанда
кез-келген қызметі - нәтижеге мақсатқа
қол жеткізуде ресурстарды
тиімді пайдалану.Ұйымдардағы
Сыртқы ортадан тәуелділігі дегеніміз ұйымның қызметі мен нәтижесі көп жағдайда оның қоршаған ортасындағы экономикалық, саяси, нарықтық, технологиялық, халықаралық, әлеуметтік, мәдени факторларға байланысты болады.
Ұйым ішінде басқару денгейлері: жоғары,орта , төменгі болып бөлінеді.
Жоғарғы буын – ұйымның жалпы стратегиясын, бағыт-бағдарламасын қалыптастырып жасауда және жалпы ұйымдық дамуды бағалауда қызмет атқаратын жоғарғы басшыларды (президент, вице-президент, директор, басқарма) өз құрамына енгізеді.
Орта буын (денгей) - жоғарғы буын анықтаған ұйымның жалпы мақсатын жүзеге асыруда үйлестіру қызметтерін орындайтын өндірістік және функционалдық бөлім басшылары.
Төменгі деңгей - тікелей орындаушылар және де төменгі қызметтерді орындайтын басшы буындар.
Нарықтық экономика
жағдайында басқару ісі одан әрі
күрделене түсіп, бәсәкелестік меншік
формаларының сан алуандығы, шаруашылық
дербестік орын алғанда басқарудың
қажеттілігі мен басқаруға
1.3.Басқару ғылымының эволюциясы Басқару- өте ежелгі тәжірибе болып табылады. Адамдар топтармен ұйымдарға бірігіп өмір сүре бастаған кезден басқару қажеттілігі пайда болды. Ерте кездегі Вавилонды, Египет приамидаларын, Македонияны, Римді еске алатын болсақ, соның барлығы да үлкен үйлестіру, ұйымдастыру қызметтері арқылы жүзеге асырылып келеді.Дегенмен, басқару- қызмет пен тәжірибе ретінде өте ежелгі сипатқа ие болғанымен, ғылым және зерттеу саласы түрінде салыстырмалы түрде алғанда жаңа болып табылады. Өйткені көп басқару қызметті орындайтын орта буын басшыларының болмауы, басқару қызметтерінің нақты және деректі түрде бөлінбеуі, басшылықтың мұрагерлік және тартып алу арқылы белілу әдісі осыған түткі болады. Қортыа айтқанда, ХХ ғасырға дейінгі кезең де жүйелі, Жан-жақты түрде басқару ғылымы жайлы ешкім терең ойлана қоймады. 1911 жылы жарияланған Фредерик У.Тейордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Менеджмент- бұл басқару теориясы және нарықтық экономиканың қажетті элементі болып табылады. Басқару теориясы ғылым ретінде ХІХ-шы ғасырдың аяғы мен ХХ-шы ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше дәірді басынан кешірді жүзеге асыру қажет: мақсатты таңдау және оған жету жолы, нәтижені бақылаудың тәсілін дайындау.
«Мінез-құлық» мектебі – «адамдық қатынастар» мектебінің пайда болуы кәсіподақтың өсуі әсчерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүние жүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.
«басқарушылық ғылымдар» мектебінің тууы корпорация, концерн, концерн- конгломераттар көлемі өсуі әсерімен, «қырғи-қабақ соғыс», өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.
«Ситуациялық тәсіл» мектебінің пайда болуы, экономика мүмкіндіктерінің ұлғаю әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғары технологиялық өнімнің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырылады.
Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделіеің өзіндік ұлттық ерекшелігі пайда болды. Басқарудың – американдық, жапондық және батыс еурпалық мектептері қалыптасты.
Қазіргі кездегі басқару теориясының даму ғылыми басқару мектебінің өкілдері Ф.Тейлор және Х.Гилберг, Г.Гант., Г.Эмерсон және Г.Фордтың еңбектерімен тығыз байланыстырылады.
Ф.Тейлор ғылыми басқару
көрсеткіштер уақыт пен міндетті
зерттеу, ұдайы сұрыптау және бауу,
ақшалай ынталандыру
1. 4.Ұйымның ішкі және сыртқы ортасының элементтері. Ішкі айнымалылар – бұл ұйымның ішіндегі ситуациялық факторлар. Ішкі байланыстар басқармашылық шешімнің нәтижесі болып табылады. Бірақ олар толығымен басқармамен бақыланбайды. Көбінесе ішкі факторлар басқармадан белгілі бір тәуелсіздікте болады. Ішкі айнымалыларға ұйымның мақсаты, құрылымы, міндеті, технология және адамдар кіреді. Ұйым адамдарға жеке жете алмайтын мақсаттарға бірігіп коллективті түрде жетуге көмек береді.
Мақсаттар – бұл топтың бірге жұмыс жасай отырып нақты және керекті нәтижелерге жетуге ұмтылуы. Жоспарлау прцессінің барысында басшылық мақсаттарды құрады және олар туралы ұйымның мүшелеріне хабарлап отырады. Бұл процесс ұйым мүшелеріне олардың неге ынтылып әрекет жасау керектігін түсінүге көмек береді.
Мақсаттар ұйымның типіне қарай әртүрлі болады.
Ұйымның құрылымы – бұл
басқару дәрежесімен
Маманданған еңбек бөлінісі – бұл маман, қолынан іс келетін адамдарға жұмыс беру деген сөз. Маманданған еңбек жұмысты әр түрлі операцияға бөледі. Ұйымда еңбекті бөлу горизонталды және вертикалды болып бөлінеді.
Бақылау сферасы басшыларға
бағынышты адамдар санын
Координация қажеттілігі ұйымда вертикалды және горизонталды еңбек бөлініске байланысты пайда болады. Адамдардың жұмысты бірге орындауы үшін басшылар алдымен координация механизмін қалыптастыруы тиіс. Егер ұйымда тиісті координация механизмі болмаса ұйымдағы жоғары деңгейдегі басшыдан бастап бағыныштыларға дейін барлығы өз қажеттілігін қамтамасыз етумен қызығып, жалпы ұйым мақсаттарды оларды қызықтырмауы мүмкін/ .
Ұйымның міндеттері.
Міндет – бұл арнайы алдын ала келісілген мерзімде, белгіленген әдіспен орындалуы тиіс болған жұмыс сериясы және жұмыстың бір бөлігі.
Ұйымның міндеті 3 категорияға бөлінеді:-адамдармен жұмыс істеу-заттармен жұмыс істеу-информациямен жұмыс істеу
Негізінен Вудворт өндірістік
кәсіпорын технологияларымен
Адамдар. Басшылық ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жетеді. Әр қандай басқару моделінің орталық факторы бұл адамдар.
Басшылар үшін жеке адамның тәртібінде үлкен роль ойнайтын оның қабілеттілігі, таланттылығы, қажеттілігі, қарым-қатынасы, көз-қарасы, құндылық және т.б. қасиеттері болып табылады. Қабілеттілік ұрпақтық және тәжірибеде арттырылған болуы мүмкін.
1.5.Жоспарлау. Стратегиялық және тактикалық жоспарлаудың мәні және қажеттілігі. Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады, сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны материалдық көздері мен оны жетілдіру әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау: - ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды. - алға қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен әдістерін белгілейді.- міндетті орындауда болуы ықтимал зардаптарды кере білуді қамтиды.
Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруды тиімді әдіс-жолдарын таңдап алу болып табылады. Стратегиялық жоспарлауды ұйым алдындағы мақсатқа етудегі басшылықтың қабылданған кешенді, жан-жақты шешімдер жиынтығын береді. Басқару қызметін жүзеге асыруда стратегиялық жоспарлау.- шектеулі ресурстарды бөлу.- сыртқы ортаға бейімделу- ішкі үйлесімдікті орындау- ұйымдық стратегияны ұғыну әрекеттері орындалады.- Ресурстарды бөлу қызметі. Барлық қоғамдық ресурстардың шектеулілігімен байланысты, яғни ұйымдағы қолда бар еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды мақсат барысында тиімді бола отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағытталады. Сыртқы ортаға бейімделу. Басқару ісінің барысы көп жағдайда қоршаған ортадағы экономикалық саяси, әлеуметтік – мәдени, техникалық факторлардың әсерінде болады. Жоспарды жүзеге асыруда басшылық ұйым тарапынан тысқары факторларды зерттеп, солардың тарапынан төнген қау іп-қатерді анықтайды,
Ішкі үйлесімділікті орындау дегеніміз - стратегияны іс-жүзіне асырудағы ұйымның ішкі мүмкіндіктерін, жетістіктер мен әлсіз тұстарын басқарушылық зерттеу, бағалау арқылы мақсаттың орындалуымен қамтамасыз ету. Осыған, орай басқарушылық зерттеуге ұйымдағы өндіріс, қаржы, маркетинг, қызметкерлер және мәдениет бөлімі қызметтері енгізіледі. Стратегиялық жоспарды жүзеге асырудың үлкен маңызы бар, себебі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана отырып.мақсатты орындағанда ғана жоспардың маңызды сипаты болады. Жоспар қабылдағаннан кейін оны орындау бағдарлама, бюджет, әдістермен қатар, тактика, саясат, іс жосығы (процедура) және ереже арқылы жүзеге асырылады.
Информация о работе Менеджменттің мағынасы және негізгі ұғымдары