Менеджменттің мағынасы және негізгі ұғымдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2013 в 21:57, курсовая работа

Краткое описание

«Менеджмент» түсінігі шетел тілінен аударғанда - өндірісті басқару, басқаша айтқанда, өндірісті басқару қағидалары мен әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы деген мағынаны білдіреді. Олар өндірістің тиімділігін артыру және пайданы көбейту мақсатымен жасалып қабылданады. Ал «менеджер» дегеніміз - өндіріс, өткізу және қызмет көрсету саласындағы ұйымдастыру және басқару жөніндегі шаруашылық дербестігі бар іскер адам өз ісін білетін мамандандырылған басшы.

Файлы: 1 файл

менеджмент дурыс.doc

— 170.50 Кб (Скачать)

Өндірістік  бөлімдердің жиынтығы, олардың саны мен өзара қарым-қатынастары және өндірістің келемі мен жұмыс-шылардың саны кәсіпорынның жалпы құрылымын құрайды.

Кәсіпорынның  өндіріске байланысты бөлімдері: цех, участок, қызмет көрсететін шаруашылықтар бірігіп, кәсіп-орынның өндірістік құрылымын құрайды. Өндірістік құрылым еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шыгындарын, табиғи байлық пен техниканы колданудың экономикалық тиімділігін анықтауға ықпал жасайды.

Кәсіпорынның  негізгі өндірістік құрылымының  бөлігі болып цех саналады. Цех - әкімшілік жағынан оқшауланған, жай өндіріс процесінде белгілі бір жұмысты атқаратын буын.

Цехтардың 3 тұрі болады:

негізгі;көмекші;қосалқы және т.б.Негізгі цехтарда сатуға әзірленген дайын өнімдер шығарылады. Кемекші цехтарға - құрал-жабдықтар, жөндеу жұмыстары, энергетикалық, көлік цехтары жатады. Қосалқы

цсхтарға - қайта  өндеу цехтары, шығарылған өнімді өндіретін қораптар мен баска да жұмыстар жатады (орау, жуктсу, тасымалдау, түсіру).

Цехтар - учаскелерден тұрады. Учаскелер 3 түрге бөлінеді:негізгі;көмекші;қосалқы.

Өнеркәсіптік   кәсіпорындағы   өндірістік  құрылымныц үш түрі (типі) бар:заттай;технологиялық;

аралас.Заттай қүрылымды қолданған кезде кәсіпорынның негізгі цсхтары мен учаскелерінің әрқайсысы белгілі бір өнімді, не болмаса белгілі бір бөлшектерді өндіруге маманданады. Заттай құрылымның көптеген пайдалы көрсеткіштері болады. Ол цехтардың арасындағы байланысты дамытады, өндіріс циклын азайтады, жұмысшылардың өнім сапасын көтеруге деген көзқарасын жақсартады. Соның. аркасында өнім өндіру ұлғаяды, өндіріс шығындары азаяды.Технологиялық  құрылым қолданылғанда   технологиялық

процестің ретіне байланысты жұмыс орындалады. Өндірістік

құрылымның  бұл типі цехты не болмаса учаскені басқаруды  дамытады және   өндірістің  бір   номенклатуралы   өнім  шығарудан     келесі    номенклатуралы    өнім шығаруына    ықпал

жасайды . Кемшіліктері: цехтардың арасындағы өндірістік қарым-қатынастардың   қүрделенуі,   жоғарғы   өнімді   құрал-жаб-дықтар  мен  құралдар  қолданудың  мүмкіншілігінің  жоқтығы. Бұлардың бәрі еңбек өнімділігінің төмендеуіне, шығында көлемінің өсуіне әсерін тигізеді.

   2.7.Еңбекті мөлшерлеу, өндірілетін  өнімді жоспарлау.

Мөлшерлеу - еңбек бөлінісі және кооперациялау, жұмысшы күшін  орналастыру, жұмыс орындарын ұйымдастыру  және қызмет көрсету сұрақтарын дұрыс  шешуге мүмкіндік беретін еңбек  ұйымдастырудың маңызды элементі. Кәсіпорында  көбінесе жұмсалған еңбек санына және оның күрделілігіне байланысты болатын жұмысшылардың еңбек ақысының дифференциясы жүреді. Тәжірибеде ол еңбек өнімділігін өндіру, еңбек сыйымдылығы, жүктеме, жұмысшылар саны, істелген уақыт саны, мөлшер және мөлшерленген тапсырманы орындау деңгейі сияқты көрсеткіштер арқылы сипатталады және есепке алынады Еңбекті мөлшерлеу - бұл белгілі бір ұйымдық-техникалық жағдайда уақыт бірлігіне белгілі бір жұмыс орындауға, өндіріс құралдарына қызмет көрсету, өнім алу немесе орындалған жұмыс санына, өндірістің қызмет көрсетілетін құралдарына, өндірілетін өнімге еңбек мөлшерін бекітуге бағытталған тәсілдер жиынтығы.

Еңбекті мөлшерлеудің басты  міндеті еңбек шығынын өлшеу  ғана емес, сонымен қатар жұмыс  уақытын үнемдеу және еңбекті  рационалды ұйымдастыру есебінен бұйымдардың  еңбек сиымдылығын төмендету. Сонымен қатар еңбекті мөлшерлеу еңбек ақының шығындалған еңбек санымен байланысын анықтайтын еңбек ақы ұйымдастырудың маңызды құрамды бөлігі болып табылады.

Еңбекті мөлшерлеудің негізгі  принциптері болып келесілер  табылады:- мөлшерді ұйымдық - экономикалық,техникалық,психофизиологиялық  және әлеуметтік негіздеу ;- мөлшердің өндірістің нақты жағдайына сәйкестігі, өндіріс үшін олардың ұқсас ұйымдық – техникалық жағдайлармен біртұтастығын сақтау;- еңбек мөлшерін бекіту кезінде ғылым мен техника есебі;- мөлшердің динамикалығы, жағдайдың өзгеруіне байланысты оларды міндетті түрде нақтылау;- жұмысшылардың барлық категорияларын қамту.

Кәсіпорында қолданылатын еңбек шығындарының мөлшері уақыт  мөлшері, өндіру мөлшері, қызмет көрсету  және жұмысшылар саны мөлшері түрінде көрінеді .

Уақыт нормасы – белгілі-бір  ұйымдық-техникалық жағдай кезінде  жұмыс бірлігін (операцияны) орындауға  немесе өнім бірлігін дайындау үшін қажет  жұмыс уақыты.

Өндіру мөлшері - жұмыс  уақыты бірлігінде (минут,сағат,ауысым,тәулік т.б.)  орындалуға тиіс жұмыс көлемі.

Қызмет көрсету мөлшері - ауысым немесе жұмыс күнінде бір  жұмысшы немесе топпен қызмет көрсетілуі тиіс обьектінің саны.

Орындаушылар санының  мөлшері - белгілі бір кезеңде  белгілі бір обьектіге қызмет көрсету үшін қажет белгілі бір мамандығы бар тұлғалар саны.

Еңбек тиімділігін көтеру мақсатында мерзімді еңбек ақы төленетін  жұмысшыларға мөлшерленген тапсырма бекітіледі.

Мөлшерленген тапсырма - бұл белгілі бір кезеңде жұмыс  сапасына (өнім) қойылатын талаптарды сақтай отырып бір жұмысшы немесе топпен орындалуы тиіс жұмыс көлемі.

 

 

  2. 8.Маркетинг түсінігі, оның функциялары.

 Маркетинг, ағылшын  тілінен аударғанда нарықтағы  қызмет немесе тауарды өткізу  деген мағынаны білдіреді. Маркетинг  – тауарлар мен қызметтердің  өндірушіден тұтынушыға дейінгі аралықта жеткізетін кәсіпкерлік қызмет. Маркетингті экономикада бизнестің философиясы, яғни фирманың бәсекелестік жағдайдағы іс-әрекетін бағдарлаушы ретінде қарастырады.

Маркетинг қазіргі кезде  кәсіпорындардың мақсаттарын жүзеге асыру үшін кәсіпорын функцияларының ең маңыздысы болып табылады. Сонымен қатар, ұлттық экономикада өндіріске жіберілген экономикалық ресурстардың қайтадан кәсіпорындарға артығымен келуін қамтамасыз ететін кәсіпорын бөлімі болып есептелінеді. Маркетинг қазіргі кезде көптеген жағдайлар мен әдістерді пайдаланады:

1.Өндірісті басқаруда маркетинг жаңа ағымды енгізді. Яғни, пайда болған мәселелерді шынайы мүмкіндіктерді оптималды пайдалана отырып, шешуге жағдай жасады. Бұл кезде нарықтық жағдайларға көп көңіл бөлінді.

2.Маркетинг нарықта өндірістің өз технологиясы, тауары, іс-әрекетін жаңалап отыруына жағдай жасады. Мұнда тауарларды жетілдіру, жаңа өткізу әдістерін ойлап тауып, оны жүзеге асыру, бағаны икемді ету, жарнама беру т.б. іс-шаралары жүзеге асырылды.

 Қазіргі уақытта маркетинг барлық нарықтық экономикасы дамыған елдерде       оқытылады. Барлық елдер үшін маркетинг маңызы ерекше және ол келесілерден көрінеді:

а) барлық өндірістер тауарларын нарыққа шығарады, сондықтан нарықты  зерттеу арқылы ол жетістікке жетеді.

б) маркетинг сұранысқа  байланысты емес және ол нарықтың барлық жағдайларында қолданылады.    в) маркетинг тек сыртқы нарық  емес, ішкі нарық үшін де маңызы өтезор.

3.Маркетинг белгілі  бір принциптерге негізделеді,  олар:-тұтынушылардың сұранысына  ие тауарларды  өндірістің мүмкіндіктері мен материалды техникалық базасын, ғылыми-техникалық потенциалын, қаржылық жағдайын толық ескере отырып шығару;-өндірілген затты емес, сатылатын затты өндіру.-тауарды нарыққа ұсына отырып өткізуді ынталандыру-соңғы нәтижеге бағыттау

2.  Маркетинг қызметтері  – тауар және қызметтер маркетингтік  принциптерін іске асыруда қолданылатын  мамандандырылған іс-қимылдың жеке  түрлері мен олардың жиынтығы. Маркетинг қызметтері келесілер:-  нарықты маркетингтік зерттеу;-  маркетингтік жоспарлау;-  маркетингтік қызметті ұйымдастыру;- тауарлы саясатты жүзеге асыру;- өткізу саясаты;- коммуникация мен тауар қозғалысын ұйымдастыру;- маркетингтік қызметті бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

2. 9.Зоотехникалық қызметтер нарығын сегменттеу стратегиясы.

Нарықты  сегменттеу  -  маркетингтің  икемді  құралы,  өндірістік  ресурстарды рационалды  пайдалану арқылы  тұтынушылар қажеттілігін  өтеу   мақсатында  жүргізіледі.

Нарықты  сегменттеу   деген  ол  нарықты  тұтынушылардың талғамына,  ерекшелігіне  байланысты   нарықты бөлу  деген сөз.

Тұтынушыларды  талғамына,  мінез-құлқына,  түр- сипатына  байланысты. топтарға  бөлуді  нарықты  сегменттеу  деп  атаймыз. 

Нарықты  сегменттеу  келесі  жағдайларды  болдырады:1.  Тутынушылардың  тауарға  деген  қажеттілігін  қанағаттандыру2. Өндіріс шығындарын  тауарды өндіруге  және  өткізуге  бейiмдеу3  Нарықтың  әрбір бөлігіне стратегиялық   маркетингтік  жоспар  құру.4. Нарықтағы толық емес  сегментті тауып,  оны сұранысқа байланысты толықтыру 5. Нарық бөлігіне байланысты шешім қабылдау деңгейін жоғарылату6. Фирманың    бәсекелестік  жағдайын  көтеру

Әр  фирма   сегменттің   ішінде  өзі  толықтыра  алатын  бөлікті  таңдап , бәсекелестердің  алдында  артықшылыққа ие  болады.

  Сегменттеу   макро   және микро  болып  екіге  бөлінеді.1. Макросегменттеу -  нарықтағы  тауарларды  бөлу.2. Микросегменттеу –бөлінген  сегменттердегі  тауарларға    талдау  жасай  отырып  бөлу.

Нарық  сегментінің  бөлігінде фирма  өзін  басшы  деп санаса, онда оны ниша деп  атайды.  Оның  келесі  ерекшеліктері  бар:

1. фирма  үшін  қолайлы   және  көп  пайда  табатын   нарық  бөлігі.

2. кәсіпкерліктің  бұрынғымен  салыстырғандағы  жаңа  түрі.

Нарықтық  терезе-  ол  нарық  сегменті,  ол  тауар  өндірісін елемейді, өйткені  онда  тутынушылар  қажет.

Нарықты  сегменттеу  фирма  үшін стратегиялық мәні  бар.  Сондықтан  маркетинг маманы нарықты  сегментке  бөле  білуі қажетті. 

 Сегменттердің критериялары   мен  ерекшіліктері  бар. Критерия – ол сегмент  бөлудегі  бағалау  әдісі  де , ерекшілігі ол сегментті бөлу  әдісі. Өндіріс тауарлары нарығын сегменттеу  ерекшеліктері.

  Өндіріс тауарлары нарығын  сегменттеу тұтыну  тауарлары нарығын  сегменттеу принциптеріне ұқсас,  бірақ келесiдей ерекшеліктері  бар: 

Фирма  өз  бизнесін  бастау  үшін 1-шi кезеңде қандай  тұтынушылар тобының қажеттілігіне байланысты  тауар өндіру  керек, соны  анықтайды. 2-ші кезеңде тұтынушылардың   бірыңғай  және  әртүрлі қажеттілігін  ескеріп сегментке бөледі. Ол  үшін тұтынушыларды белгілі бір топтарға  бөледі .  3-ші  кезеңде сегменттердің   түрлері  анықталынады. Ол  топтастыру  әдісіне  байланысты  бөлінеді.  Топтастыру  әдісі  дегеніміз нарықты бірыңғай  ерекшеліктеріне  байланысты  жинақтау,  топтау  арқылы  белгілі  бір сегмент  анықтанылады. Мақсатты  сегментті  анықтау  ең  маңызды  кезең.

Нарықтың  мақсатты  сегменті  дегеніміз – маркетингтік   қызметтің  көп  пайда   алуға  бағытталған   бір  немесе  бірнеше  сегменттер  жиыны.

  2.10.Тауар туралы түсінік және тауарлардың жіктелуі   Тауар – маркетингтің  басты  мақсаты   және  ол  бағаға ,  бөлуге, коммуникацияға тәуелді  болады.

Нарықта  фирма  жағдайы  жақсы  болу  үшін рационалды  тауар  саясаты  қолданылуы қажетті 

Тауар  саясаты- тауар  ассортиментін  таңдау  және  басқару,  тауар  бәсекелестігін  жоғарылату   және  сапасын  жақсарту,  өнімнің өмірлік циклына талдау жасау,  қаптау  стратегиясы, тауар  белгілерін   тағайындау  т. б қызметтер  жиынтығынан  тұрады. Тауар  келесі  ерекшіліктер бойынша  бөлінеді.

1.Өнім  түріне байланысты :  а) тұтыну  б) өндірістік

1.Тұтыну  мезгіліне  байланысты  ;  а) қысқа мерзімдік   тауарлар -1 рет  қана  пайдаланатын  тауарлар . б) ұзақ мерзімді  тауарлар  – көп  рет  пайдаланатын  тауарлар.в) қызметтер – заттай  емес , белгілі  бір қызмет  көрсету 

3. Сұраныс  және  баға : а) күнделікті  сұраныстағы  тауарлар.б) арнайы  тандау  қажет  ететін  тауар в ) ерекше  сұранысқа ие  тауар  г) пассивті сұраныстағы тауард) импульсивті сатып  алу  тауары;

Тауар  саясаты  келесі  тауар  бірлігі,  тауар  ассортименті, тауар номенклатурасы,   маркалық  ат беру, орау  және т. б.қызметтерiн  бір  жүйеге  келтіреді

Тауар  бірлігі- тауар  бағасы ,түрін,  сыртқы  көрнісін  көрсететін  көрсеткіш .

 Тауар  ассортименті  – бір –біріне  ұқсас   тауарлар  тобы. 

Егер  де  фирма нарықта   көп  пайда  алғысы  келсе ,  онда  ол  тауар  ассортиментін  кеңейту  қажет. (нарықты  жаулап  алғысы  келсе)  Оларды тек  пайда  қызықтырса , онда көп  табыс келтіретін  бір-ғана тауарды өндiруге  мамандануы  қажет:

Тауар  ассортиментінің  көп болуы  тауар номенклатурасы    деп  аталады. Тауардың  өмірлік  циклы

Ол  тауардың  нарықтағы  уақыты .  Тауардың  өмірлік  циклы  туралы концепция  1965ж  американ  ғалымы Теодор Левитт  ойлап  тапқан  Тауардың өмірлік  циклының концепциясы  тауарға  сұранысты,  фирма  пайдасы

тауар  ассортименті ,  нарық  сегменті, бәсекелестер қызметі  және  әртүрлі фазадағы  маркетинг  стратегиясын  анықтауға мүмкіндік  береді.

 Тауардың өмiрлiк  циклы- уақытқа  байланысты  нарықтағы  өзгерістер   моделі  және  ол  S  түріндегі қисық  болады.ТӨЦ  төрт фазадан түрады: кіру,  өсу,  ұлғаю, түсу.  Әр  тауардың  фирманың  қызметіне байланысты  өмірлік циклдары әрқалай құрылады. ТӨЦ  келесі  факторларға  тәуелді: тұтыну  көлемі және  сұраныс тұрақтылығы,  халықтың  өмірлік деңгейі,  ҒТП өсу темпі, ,нарық  конъюнктурасы т. б.

Маркетинг  мақсаты  – ол тауардың  өмірлік  циклын ұзарту.  ТӨЦ  фазасынан өнім  пайдасы, инвестиция көлемі, жарнама  мен  маркетингке  кететін  шығындар, бәсекелестік  деңгейі , тауар  бағасы, тұтынушы   талғамы т. б. тәуелді.

Нарыққа  кіру  фазасы- оның  басты  мақсаты  жаңа  тауарға  сәйкес  нарықты  анықтау.  Бұл кезде  өндірістік қуат  толық  қосылмаған  ,  тауар  көлемі  аз  және  шығын  жоғары  болады. Өнім  көлемі  тауардың  нарықтағы  тұтынушылардың қажеттілігін   қаншалықты  өтейді,  соған байланысты.  Бәсекелестік  жоқ. 

3- бөлім

Информация о работе Менеджменттің мағынасы және негізгі ұғымдары