Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Сентября 2013 в 12:41, реферат
Қызыл кітап -халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды.
Қызыл кітап туралы жалпы түсінік
Алғашқы қадамдар
Қазақстанның қызыл кітабы
Басылымдары
Адамның қырып- жою әрекетінің әсері
Қызыл кітап және оның мақсаты мен міндеті.
Жоспар:
Қызыл кітап
-халықаралық табиғат қорғау одағының
“Қызыл кітабы” — халықаралық дәрежедегі
құжат.Қызыл кітапқа сирек кездесетін,
жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан,
сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін
жануарлар мен өсімдіктердің түрлері
тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде
қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде
қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың
халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау
одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат
қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш
рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің
211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы
деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер
4 категорияға топтастырылды. 1966 — 71 ж.
Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы
мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы,
1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 — 80 ж. 4-басылымы
5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге
арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі
мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың
181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің
41 және бауырымен жорғалаушылардың 105
түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы
жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне
арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары
бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап”
қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл
кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол
мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген
түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық
парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары
қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы
Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің
97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен
жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық паркт
Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің алғашқы тізімін 1963 жылы Халықаралық табиғат және табиғат ресурстарын қорғау одағының (ХТҚО) арнайы комиссиясы құрастырды. Бұл комиссияға әлемдегі әр түрлі елдердің ғалымдары енді. Тізім жарияланып, «Деректердің Қызыл кітабы» («Red Date book») деген атау алды. Қазіргі кезде көптеген елдерде Қызыл кітап жарық көрді. Қазақстанда Қызыл кітап жасауға құлшынушылардың бірі белгілі ғалым –зоолог A. А. Слудский болды. Оның еңбектері Қазақстан жануарлар әлемін қорғауға арналды.
Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.
Қызыл кітапқа
ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі
Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында
тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының
ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың
жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау
және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі
тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер
мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді
және де өзінің жан- жақты тіршілігінде
жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы
қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен
бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген
түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер
етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің
әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың
кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми- техникалық прогресс адамдардың
қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті
құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты
пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар
көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан
табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт
қажет болатынын ойламастан, оған қалай
болса солай қарайды. Сыңсыған орманның
орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен
тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер,
ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер.
Осының бәрі сирек кездесетін көптеген
бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына
әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші
бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан
да оның жойылуы - орны қайта толмайтын
нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың
бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе-
теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан
да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі
дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл
мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік
мәселе ретінде қаралады.
“Қазақстанның Қызыл кітабы” – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды.
Бірінші басылым. “Қазақстанның Қызыл кітабының” 1991 жылы шыққан бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді. “Қазақстанның Қызыл кітабының” жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі:
Екінші басылым. “Қазақстанның Қызыл кітабының” толықтырылған екінші басылымы 1996 жылы басылып шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда
Үшінші басылым. “Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде 2006 жылы шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы “Жануарлар”, оның бірінші бөлімі “Омыртқалылар” деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген.“Қазақстанның Қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
Адамның қырып-жоя әсер етуінің тағы бір мысалы ретінде Арал теңізінің экологиялық опатын көрсетуге болады. Соның нәтижесінде теңіздің жартысынан астамы Әмудария және Сырдария өзендерінің ағысын бөліп жібергендіктен, тартылып кетті. Арал теңізі ірі балық кәсіпшілігі орнынан шағын суқоймаға айналып қалды. Теңіздің сорлануының тез өсуі нәтижесінде тұздылығы 60% (промиллеге) дейін көтерілді, сөйтіп суармалы егістіктің ақаба суынан пестицидтер мен нитраттардың жинақталуынан теңіз суынан балықтардың 28 түрі жойылып кетті. Қазақстанда жыртқыш құстардың жағдайы шұғыл нашарлап кетті. Оның негізгі себептері мыналар:
ересек құстарды жаппай аулау, сондай-ақ сату үшін ұядан (ителгі,бидайық, лашын, ақ сұңқар; бүркіт, қарақұс тәрізді қырандардың) балапандарын алу;
қаскерлік;
жабайы тұяқтылардың санының кемуінен қоректік қордың азаюы (құмай, жұртшы, сақалтай);
Суқоймаларды шаруашылықтың игеруі, жағалаудағы ағаштарды шауып алу, балық қорының кемуі (балықшы тұйғын, аққұйрықты субүркіт);
электрберіліс жолында қорғаныш құрылғыларының болмауы, химиялық ластану (жыланжегіш қыран);
тоғайлы орманның құлдырауы (бақалтак қыран);
тіршілік орындарының бүлінуі;
тың даланы жырту;
ірі қараны қайталап жаю.
Көкқұсты кейінгі жылдары сайрағыш құстарды торда ұстаушылар көбейіп кетті. Ұлттық костюмдер мен бойтұмарларды әшекейлеуге үкінің қауырсындары пайдаланылады. Аталған түрлер жойылу қаупінде болып шыққандықтан, Қызыл кітапқа тіркелді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информация о работе Қызыл кітап және оның мақсаты мен міндеті.