Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:39, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық деңгейіне талдау жасап, онымен күресудің жолдарын табу, жан-жақты мәлімет бере отырып, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейін;
Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау;
Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың даму қарқынын;
Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдарын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жұмыссыздық классикалық көзқарас тұрғысынан 5
1.2 Жұмыссыздық және жұмыссыздық түрлері 8
1.3 Жұмыссыздық көрсеткіші және ұзақтығы 10
2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАРҚЫНЫ
2.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейі 12
2.2 Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау 16
3. ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС
3.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздықпен күресудің шетел тәжірибесі 20
3.2 Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
МАЗМҰНЫ | |
КІРІСПЕ |
3 |
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
|
1.1 Жұмыссыздық классикалық көзқарас тұрғысынан |
5 |
1.2 Жұмыссыздық және жұмыссыздық түрлері |
8 |
1.3 Жұмыссыздық көрсеткіші және ұзақтығы |
10 |
2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАРҚЫНЫ |
|
2.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейі |
12 |
2.2 Қазақстан Республикасында |
16 |
3. ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ |
|
3.1 Қазіргі заманғы |
20 |
3.2 Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдары |
22 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
29 |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР |
34 |
КІРІСПЕ
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.
Кез келген қоғамдағы экономикалық
даму барысында тұтыну тауарларының
сұранымы құрылымында және өндіріс
технологиясында маңызды
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық деңгейіне талдау жасап, онымен күресудің жолдарын табу, жан-жақты мәлімет бере отырып, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жұмыссыздық классикалық көзқарас
тұрғысынан
А.Смит нарық өзін-өзі реттей алады және сол себептен мемлекеттік бақылау қыспағынан босатылуы тиіс дейді. Нарықтың «көзге көрінбейтін қолы» қоғамға қажеттіні өзі істейді деп санайтын. Баға және еңбек ақы нарықтың икемді аспаптары – біресе жоғары, біресе төмен сұраныс пен ұсынымның тепе-теңдігін көрсетіп еркін қозғала алады.
Және бұл жағдайда жиынтық сұраныстың төмендеуі жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеуіне емес, бағаның төмендеуіне ғана әкеп соғады. Мемлекеттің бұл іске араласуы бағаның деңгейіне ғана әсер етіп, елдегі жұмыспен қамтылу деңгейі және өндіріс көлемін өзгерте алмайды. Мемлекет нарық механизміне араласпаса, онда тұтынушылар нарықта өзіне керегін табады. Классикалық бағытты жақтаушылар бүгінгі таңда да мемлекеттің экономикаға араласуының кез келген нысанына қарсы.
Кейнс бағыты нарық жүйесі жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейінде ұзақ уақыт депрессия (тоқырау) жағдайында болуы мүмкін деген ойды айтады. Баға мен еңбек ақы идеялы икемді құрал емес, олар нарықта баяу өзгереді. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынымның тепе-теңдік нүктесіне баға мен еңбек ақы баяу қарқынмен жылжиды.
Осы бағыттың
негізін қалаушы Дж.М.Кейнс «
Мысалы: Нарық жүйесі ресурстардың толық пайдалануымен қамтамасыз етпейді. Оған толық емес жұмыспен қамтылу тән. Жұмыссыздық – нарықтың сөзсіз серігі.
Сонымен қоса, қоғамдық өмірдің өзі мемлекеттің айрықша және көпшілік таныған мәжбүрлеу құқығы бар ерекше құрал, институт ретіндегі араласуын талап етеді.
Талдау
нәтижелері негізінде жұмыспен қамтылуды
жақсарту және кәсіпорындағы жасырын
жұмыссыздықты жеңу бағдарламасы әзірленеді.
Бағдарламаға шаралардың екі тобы кіреді.
Біріншісіне жұмыс күшіне деген
төлеу қабілеті бар сұранысты
арттыруға бағытталған шаралар
кіреді: жұмыс орындарын сақтап қалу
және ашу, ақысы төленетін қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру; мүгедектер мен
еңбек әлеуметін пайдалану
Талдау көрсеткендей, осы бағыттар кәсіпорындағы қолдау жағдайындағы, жұмыспен қамтылу қорларының қаржысынан құрылатын арнайы қор ашу және мақсатты пайдалану, кәсіпкерлікті, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту, салық салуды реттеу және жеңілдікпен несие беру арқылы жүзеге асыра алады.
Аймақтық еңбек нарықтарының жағдайы кәсіпорындардың ішкі еңбек нарықтары жағдайына байланысты, өйткені олар жұмыссыздар қатарын толтыратын орындар. Сол себептен жұмыспен қамтылудың аймақтық қызметтері кәсіпорынмен тығыз байланыста әрекет етуі тиіс. Жұмыстан шыққандар және бос орындар туралы мәлімін берумен шектелмей, болжау нәтижелері және кәсіпорындар әзірлейтін жұмыспен қамтылуды жақсарту және жасырын жұмыссыздықты жеңу бағдарламаларын жинақтап қорыту негізінде басқа аймақтық басқару органдарымен бірге аймақта жұмыссыздықтың өсуін тоқтату шараларын жүзеге асыру қажет.
1.2 Жұмыссыздық және жұмыссыздық түрлері
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады және ол бір жүйедегі екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Анықтама бойынша жұмыссыздық халықтың активті бөлігін жасауға қабілетті жұмыс таба алмауы. Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық – қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.
Кез келген қоғамдағы экономикалық
даму барысында тұтыну тауарларының
сұранымы құрылымында және өндіріс
технологиясында маңызды
1.3 Жұмыссыздық көрсеткіші және ұзақтығы
Енді жұмыссыздықты
сипаттайтын кейбір қосымша мәліметтерге
жүгінейік. Олар жұмыссыздық теориясын
және оны қысқартуға бағытталған
мемлекеттік саясаттың
Айталық, сіз жұмысты жоғалтыңыз деп есептейік, сіздің ұзақ уақыт бойы жұмыссыз болуыңыздың ықтималдылығы қанша? Жауабы өте маңызды, өйткені ол жұмыссыздық себептерін және мемлекеттік саясаттың лайықты шараларын көрсетеді. Бір жағынан, егер жұмыссыздық қысқа мерзімді сипатта болса, оның уақытша және мүмкін шарасыз олуын болжауға болады. Адамдарға мамандығына және тілегіне жоғары дәрежеде сай келетін жаңа жұмысты табу үшін уақыт керек етеді. Басқа жағынан, ұзақ мерзімді сипат алатын жұмыссыздық – өзге құбылыс, себебі лайықты жұмыс табу үрдісі ұзаққа созылмауы мүмкін. Ұзақ мерзімді жұмыссыздық көбінесе жұмыссыздықты күту олады. Осыдан, жұмыссыздық ұзақтығы туралы мәліметтер біздің оның себептері туралы көзқарасымызға ықпал етуі мүмкін.
Жоғарыда қойылған сұрақтың жауабы оңай емес. Мәліметтер бойынша, көп адамдарға жұмыссыз отыру кезеңі ұзаққа созылмайды, алайда сол кезде жұмыссыздықтың жинақталған ұзақтығына ең үлкен үлесті ұзақ уақыт бойы жұмыссыз отырғандар қосадыү мысалы, 1974 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,6% болған кездежұмыссыздардың 60% ы 1 ай ішінде өздеріне жұмыс тапты. Сол жылы жұмыссыздықтың жинақталған ұзақтылығынан 69% ы 2 немесе одан да көп айға созылған жұмыссыз отыру кезеңдеріне жатады.
Неге осы фактілер бір-біріне қайшы келетінін түсіну үшін, келесі мысалды қарастырайық. Айталық, 14 адам берілген жылдың кейбір бөлігінде жұмыссыз болады. Оның ішінен 12-сі бір ай ішінде жұмыс табады, ал екеуі жыл бойы жұмыс істемейді. Сонда, осы адамдар жалпы қосқанда 36 ай жұмыс істемеген болып шығады. Берілген мысалда жұмыссыздардың көп бөлігі қысқа мерзім ішінде жұмыссыз жүрді. 14 адамның ішінде 12-сі немесе 86 % үшін жұмыссыздық бір ай шамасына созылды. Дегенмен, жұмыссыздықтың жиынтық ұзақтылығының көп бөлігі ұзақ уақыт бойы 36 ай ішінде 24 ай жұмыс істемеген 67% жыл бойы жұмыс істемеген екі адамға келді. Талқылау заты не болатынына қарай-жұмыссыз отырудың жеке мерзімдері ме немесе жұмыссыздықтың жиынтық ұзақтылығы ма, жұмыссыздық не қысқа мерзімді, не ұзақ мерзімді болады.
Жұмыссыздың ұзақтығы туралы мәліметтердің мемлекеттік саясатты жетілдіру үшін маңызды мәні бар. Егер мақсат жұмыссыздық деңгейін қысқарту болса, онда ұзақ мерзімді жұмыссыздық жалпы жұмыссыздық ұзақтығына үлкен әсер тигізбейді. Алайда бұндай саясат өте дәл бағытталған, өйткені ұзақ мерзім бойы жұмыссыз отырғандар барлық жұмыссыздар арасында азшылықты құрайды. Жұмыссыз қалған адамдардың көп бөлігі жұмысты жеткілікті түрде тез табады.