Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:39, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық деңгейіне талдау жасап, онымен күресудің жолдарын табу, жан-жақты мәлімет бере отырып, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейін;
Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау;
Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың даму қарқынын;
Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдарын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жұмыссыздық классикалық көзқарас тұрғысынан 5
1.2 Жұмыссыздық және жұмыссыздық түрлері 8
1.3 Жұмыссыздық көрсеткіші және ұзақтығы 10
2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАРҚЫНЫ
2.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейі 12
2.2 Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау 16
3. ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС
3.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздықпен күресудің шетел тәжірибесі 20
3.2 Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
Жұмыспен қамтудың әлемдік ағымдары: құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық құрылыс кезінде әлем халқы түгелге жуық ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткендігі белгілі. Капитализм өнеркәсіптің жандануына үлкен ықпал етті. Соның нәтижесінде бұрын ауыл шаруашылығымен шұғылданып келгендердің басым көпшілігі бірте-бірте фабрикалар мен зауыттарда жұмыс істеуге ауысты. Бұл қалалар құрылысын дамытты. Сөйтіп, қазіргі күні дамыған елдерде халықтың басым көпшілігі қалаларда өмір сүретін болды.
Өнеркәсіптік
өндірістегі еңбекті
Осы жағдай ендігі кезекте жұмыс күштерінің бәсекелестік қабілетін барынша арттыра түсуді қажет ете бастады. Кімнің білімі жоғары, жұмысқа біліктілігі артық болса, сол адам ғана өз өміріне лайық тиянақты және тұрақты жұмыс орнында еңбек ете алатын болады. Егер 90-шы жылдардың басында бастауыш білімі ғана бар адамдардың арасындағы жұмыссыздық деңгейі 10,9 пайызды құраса, орта білімге толықтай қол жеткізе алмағандардың арасында ол 8,4 пайызды, толық орта білімділердің арасында 5,7 пайызды, ал жоғары білімділер арасында 3,9 пайызды құраған. Демек, қазіргі күні кімнің білімі төмен – сол адам жұмыссыздық жағдайына жиі түсетін болады.
Кредиттік рейтингі төмендеп жатқан АҚШ-та бір ғажабы, жұмыссыздықта сәл азайған. 2010 жылғы шілде айының қортындысы бойынша, АҚШ-та адамдардың еңбекпен қамтылуы 0,1 пайызға өскен және 117 мың жұмыс орны қайта ашылған. Жұмыссыздықтың азаюында жекеменшік сектордың үлесі ауқымды. 154 мың жұмыс орнын солар қамтамасыз етіп отыр. Бұл жұмыс орындары негізінен қызмет көрсету саласында.
Біздің Қазақстанда жұмыспен қамтудың осы жаңа ағымдық құбылыстары алдын-ала ескеріліп отыр деп айта аламыз. Елбасымыз жастардың ортасында болған кезде «әр адам өз кәсібінің шыңына шығу үшін ол ең алдымен білімді болуы керек» деген сөзді жиі айтады. Осы қағида біздің мемлекетіміздің білім саласындағы саясатының басты өзегін құрайды. Мұны орта білім жүйесінің 12 жылдық оқытуға қарай бағытталып келе жатқандығынан, елімізде интеллектуалдық мектептер жүйесінің құрылуынан, «Болашақ» бағдарламасының әзірленіп, ел жастарының шетелдің жоғары оқу орындарында мемлекет есебінен тегін оқытылуынан анық байқауға болады.
3.2 Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдары
Сөйтіп, қазіргі күндері бүкіл әлем бойынша алғанда Қазақстан өз ішіндегі жұмыссыздықты ауыздықтай алған санаулы елдердің арасынан бой көрсетіп отыр. Бұл әрине, үлкен жақсылық. Елбасының еліміздегі халықтың әлеуметтік проблемаларын белсенді түрде шешу, әлемді кернеген дағдарыспен күресу жөнінде Үкіметке берген тапсырмаларының сәтті орындала бастағандығының бір көрінісі.
Бағдарламаны қаржыландыру жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен 10552,4 млн. теңге көлемінде жүзеге асырылатын болады, оның iшiнде:
2005 ж. - 3219,7 млн. теңге;
2006 ж. - 3606,7 млн. теңге;
2007 ж. - 3726,0 млн. теңге.
Қазақстан Республикасының халқын
жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама)
жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алу, жұмысқа
орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптiк
өндiрiстiң инновациялық дамуының, аграрлық
саланың жоғары білікті кадрларға қажеттiлiгiн
қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды сектордағы
халықтың жұмыссыздық деңгейiн төмендету,
жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші
ұсынысы мен жұмыс орындары санының теңгерiмдiлігі,
ұлттық еңбек рыногын қорғау жолымен өнiмдi
жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында
әзiрлендi. Бағдарлама республикада соңғы
жылдары қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық
ахуалды, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың
өңiрлiк бағдарламаларында көзделген жұмыссыздықты
азайту жөніндегі шараларды ескередi.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық
даму стратегиясының әлемдiк шаруашылық
байланыстар жүйесiне ықпалдасуға бағдарланғанын
назарға ала отырып, Бағдарлама 2003 жылы
Халықаралық Еңбек Ұйымы мақұлдаған Жаһандық
жұмыспен қамту бағдарламасында және
2002 жылғы Еуразиялық жұмыспен қамту хартиясында
қамтылған тәсiлдердi ескере отырып әзiрлендi.
Бағдарлама 2005-2007 жылдардағы кезеңде
шешiлетiн мiндеттердiң тiзбесiн айқындайды,
бұл мiндеттердi шешу тетіктерi мен одан
күтiлетiн нәтижелердi қамтиды. Бағдарлама
экономика саласындағы жаңа жұмыс орындарының
құрылуы арқылы өнiмдi жұмыспен қамтылуына
жәрдемдесуге және кәсiпкерлiк қызметті
және өзiн-өзi жұмыспен қамтуды, жұмыс күшiнің
сапасын арттыруды қолдауға және рыноктағы
бәсекелестiк қабiлеттiң өсуiне, нысаналы
топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу
жөнiндегi шараларға бағытталған еңбек
рыногындағы белсендi саясатты жүзеге
асыруға ықпал ететiн болады. Бағдарламаны
әзiрлеу үшiн "Халықты жұмыспен қамту
туралы" Қазақстан Республикасының Заңы,
Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003-2006
жылдарға арналған және Қазақстан Республикасында
әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң
2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаларын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарлары
негіз болып табылады.
Соңғы жылдары еңбек
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігiнiң
алдын ала деректерi бойынша республика
экономикасында 2004 жылы 7,2 млн. адам жұмыспен
қамтылған, бұл осының алдындағы жылғыдан
180,7 мың адамға немесе 2,6% артық.
Жұмыспен қамтылғандар арасында 62,2% (4,5
млн. адам) - жалданбалы қызметкерлер, 37,8%
(2,7 млн. адам) - өзін өзі жұмыспен қамтылғандар.Жұмыссыз
халықтың саны 657,4 мың адамды құрады, бұл
2003 жылға қарағанда 14,7 мың адамға немесе
2,2%-ға кем. Жұмыссыздық деңгейi 8,4% болды
және 2003 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға қысқарды.
Tipкелген жұмыссыздар үлесінің азаю үрдiсi
байқалады. Олардың саны 2003 жылмен салыстырғанда
25,1 мың адамға азайды және 117,7 мың адам
болды. Жұмыссыздар құрылымындағы әрбір
екіншi адам - әйел, әрбiр үшінші адам - 15-39
жаста. Жұмыспен қамту проблемасы шағын
қалалар мен тоқыраған ауылдық өңiрлерде
аса өткiр болып отыр.
Республикада еңбек рыногы жай-күйінің мониторингі үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессiздiгi және халықтың еңбек ұтқырлығының төмен болуы себептi жергiлiктi еңбек рыноктарындағы жұмыс күшінің бiр мезгілдегi тапшылығы жағдайында қазiргi уақытта Қазақстанда оған сұраныстың жеткiлiктi екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi органдардың ай сайынғы бос орындар банкі 15-17 мың бiрлiктi құрайды. Бiрақ кәсіптік белгiсi бойынша жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессiздігінен айына бір бос жұмыс орынынан орта есеппен 7-10 жұмыссыз үмiттенедi.
Бiлiм беру қызметтерінің
рыногы сұраныстың өзгеруіне
шұғыл әсер етуге дайын
2005-2007 жылдары белгiленген квота шегiнде
тарихи отанына келетін оралмандар қатарынан
шамамен 45 мың отбасының құрамында еңбекке
жарамды жастағы 100 мыңнан адам келедi
деп болжануда, олардың бәрi де жұмысқа
орналасуға мұқтаж болады. 2005-2007 жылдардағы
кезеңде IЖӨ өсiмi жылына бес пайыз, жұмыссыздық
деңгейi 7,2% болған кезде 2007 жылы жұмыспен
қамтылғандардың саны 8 млн. адамнан сәл
ғана асатын болады.
Оның үстіне үстіміздегі жылдың наурыз айында Қазақстанда «Жұмыспен қамту- 2020» бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту арқылы халықтың тұрмыс деңгейі мен табысын арттыру болып табылады. Бұл бағдарлама үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырыла бастайды.
Бағдарламаның қандай бағыттар бойынша жүргізілетіндігі, қалай іске асырылатындығы туралы осыдан бір-екі апта бұрын ғана газетіміздегі «Жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясы» деген мақаламызда кең көлемде жазған болатынбыз. Сондықтан онда жазылған жәйттерді қайталап жатпас үшін біз бұл жолы мақаламыздың басында айтылғандай, жұмыспен қамту, жұмыссыздықпен күрес мәселелерінің әлемдік ағымдарына тоқталмақпыз. Қазақстандағы халықты жұмыспен қамту бағыттары. Елімізде қазіргі күні халықты табысы жақсы тұрақты жұмыс орнымен қамту ісі жан-жақты бағыт бойынша өріс алып келе жатыр деп айта аламыз. Осы бағдарламаның арқасында 2005-2007 жылдар аралығында құрылыс, өнеркәсіп, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, туризм және спорт кешендері ашылды.(1-кесте)
Қазақстан Республикасында
мемлекеттiк және салалық
(секторалдық) бағдарламалар бойынша
2005-2007 жылдар
кезеңінде құрылатын жұмыс орындарының
саны
(жұмыс орындары)
Р/с |
Экономика |
Жылдар |
Жиыны | ||
2005 |
2006 |
2007 | |||
1 |
Өнеркәсіп |
3786 |
6585 |
5219 |
15590 |
2 |
Құрылыс |
10404 |
18948 |
18948 |
48300 |
3 |
Көлiк |
11204 |
11451 |
11976 |
34631 |
4 |
Ауыл шаруашылығы |
16012 |
1718 |
488 |
18218 |
5 |
Шағын және орта |
100000 |
100000 |
- |
200000 |
6 |
Денсаулық сақтау |
52 |
1010 |
- |
1062 |
7 |
Бiлiм беру |
397 |
1296 |
253 |
2446 |
8 |
Мәдениет |
217 |
133 |
133 |
483 |
9 |
Туризм |
540000 |
- |
- |
540000 |
10 |
Спорт |
1529 |
1829 |
1242 |
4600 |
11 |
Басқа салалар |
20930 |
15873 |
8 |
36811 |
Республика бойынша |
705031 |
158843 |
38267 |
902141 |
Жұмыссыздық мәселесін шешуге септігін тігізген "Жол картасы" бағдарламасы. Жол картасы жобасы бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірістің құлдырауы салдарынан босап қалған экономика салаларындағы жұмыс орындарын толықтыруға көмегін тигізді. Жаңа жұмыс орындары экономикадағы жұмыссыздық деңгейін бақыланатын деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Нарықтық
экономикасы дамыған көптеген елдерде
еңбек нарығындағы әртүрлі
2008-2010 жылдардағы бағдарлама бойынша еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында келесідей шараларды жүзеге асыру қажет. Олар:
Елдегі
жұмыспен қамту мәселесін шешуде
кемшіліктер, кедергілер аз емес. Мәселен,
халықты жұмыспен қамту туралы заңға
бір жылда екі рет өзгеріс
енгізілсе, оның орындалу механизмін кешіктіру
жұмысты жоспарлы түрде жүргізуге
кері әсерін тигізеді. Яғни, бұрынғы
заңның жетімсіздігін өмір көрсетті.
Кейбір мекеме, кәсіпорын басшыларының
заңды құрметтеу мәдениетінің төмендігі
жұмыссыздарды еңбекке
Біз қаншалықты еңбеккерлер мен зейнеткерлердің
жалақысын арттырып, отырғанымызбен, ол
бәрібір инфляция жетегінде кетіп жүр.
Әсіресе, осыдан жұмыссыз отбасылар қатты
зардап шегеді. Сондықтан әрбір отбасының
жағдайын жақсарту және инфляция деңгейін
бәсеңдету үшін адамдарды жұмыспен қамту
шарт. Осыған байланысты қазіргі таңда
нарықтық экономика мен әлеуметтік әділеттілік
негізінде жоғары өркениетті демократиялық
қоғам құру жолында әртүрлі оқиғаларды
басынан кешіп отырған мемлекетіміздің
бүгінгі тіршілігінің негізгі мақсаты
мемлекеттегі әрбір азаматтың бақытты
өмірін және мұң-мұқтажсыз ауқатты тұрмысын
қамтамасыз ету болып табылады.