Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:39, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық деңгейіне талдау жасап, онымен күресудің жолдарын табу, жан-жақты мәлімет бере отырып, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейін;
Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау;
Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың даму қарқынын;
Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдарын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жұмыссыздық классикалық көзқарас тұрғысынан 5
1.2 Жұмыссыздық және жұмыссыздық түрлері 8
1.3 Жұмыссыздық көрсеткіші және ұзақтығы 10
2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАРҚЫНЫ
2.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейі 12
2.2 Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау 16
3. ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС
3.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздықпен күресудің шетел тәжірибесі 20
3.2 Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАРҚЫНЫ
2.1 Қазіргі кездегі әлемдік жұмыссыздық деңгейі
Бүкіл әлемнің ең өткір проблемаларынан біріне айналып отырған жұмыссыздықпен күрес мәселесі әлемнің әр шалғайындағы саясаткерлерді, ғалымдарды, адамзаттың алдыңғы қатарлы өкілдерін қатты толғандыруда. Ол бұған дейін де болған, алдағы уақытта да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы әлеуметтік-эко-номикалық проблемалар да туындап қалып жатады. Қазіргі нарық жағдайында қай жерде болсын жұмыссыздар санының көбейе түсер ықтималдығы да мол.
ОББ есептері бойынша әлемдегі 2006 жылғы жұмыссыздық деңгейі
1-сурет
Әлем деңгейіндегі 2006 жылғы жұмыссыздық қарқыны 1-суреттегідей. Мысалға Солтүстік Америка 5-10%, Оңтүстік Америка елдерінде 5-15 %, Европа және Азия елдерінде 0-15%, Австралияда 5%, Африка елдерінде 0-50% ға дейін жетіп отыр.
2010 жылғы әлемдегі жұмыссыздық деңгейі
2-сурет
2010 жылғы әлемдік жұмыссыздық деңгейі Солтүстүк Америкада 0-2%-дан 5-10%-ды құрап отыр, ал Оңтүстік Американың солтүстіктегі елдерінде 25%, Оңтүстік Американың орталық және оңтүстік бөлігіндегі мемлекеттерінде 0-10 %, Ресейде 10-15%, Қытайда 0-2 %, Монғолияда 25%, Қазақстанда 5-10%, Үндістанда 5-10%, Австралияда 0-2%,Африка елдерінде 0-15%-ды құрап отыр.
2006 жылғы жұмыссыздық деңгейі мен 2010 жылғы жұмыссыздық деңгейін салыстыратын болсақ, онда Солтүстүк Американың кейбір елдерінде жұмыссыздық деңгейі 2%-ға дейін қысқарған, Оңтүстік Америка елдерінде 5%-ға өскен, Австралияда 3%-ға кеміген, Африка елдерінде 5%-ға жұмыссыздық деңгейі қысқарған.
Қазіргі күні жаһандық проблемаға айналып отырған бұл дертпен ұйымдасып күресу мақсатында бірқатар халықаралық ұйымдар жұмыс істеп келеді. Солардың алдыңғы қатарында Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) бар. БҰҰ-ның осы саладағы маманданған мекемесі болып табылатын бұл ұйым 1919 жылы Версаль шарты негізінде құрылған болатын. 1946 жылдан бастап ол БҰҰ аясында ресми мәртебеге ие болды. Халықаралық еңбек ұйымы жұмыс уақытын регламенттеу, жұмыс күшін іріктеуді регламенттеу, жұмыссыздықпен күрес, өндірістегі қайғылы оқиғалармен, кәсіптік аурулармен күрес, еңбек қатынастарында балалардың, жасөспірімдердің және әйелдердің құқықтарын қорғау, кәсіптік-техникалық білімді ұйымдастыру секілді мәселелермен шұғылданады.
Міне, осы әлем бойынша еңбекпен қамту, жұмыссыздықпен күрес мәселелерімен шұғылданатын халықаралық ең беделді ұйым 2010 жылғы өзінің қорытынды есебінде аталған проблеманың барған сайын белең ала түскендігін атап көрсеткен.
ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздықтың зардабын тартқан. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы қорытындымен салыстырғанда жұмыссыздар қатарының 27,6 миллион адамға арта түскендігін білдіреді.
ХЕҰ болжамы бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы әлемдегі ең ауқымды проблемалардың бірі болып қала береді. Бұл жылы болжам бойынша 203,3 миллион адам жұмыссыз ретінде тіркеледі.
Сонымен қатар, халықаралық еңбек ұйымы 2007-2010 жылдар аралығында халықтың жұмыссыздық деңгейі әсіресе, дамыған елдерде өсе түскендігін мәлімдей келе, жұмыссыздықпен күрес мәселесінде Бразилия, Қазақстан, Тайланд секілді елдер жақсы жетістіктерге жетіп келе жатқандығын атап көрсеткен.
Әлемде қазіргі күні 1 миллиард адам кедейлік құшағында. Үстіміздегі мыңжылдықтың басында БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өткен жаһандық мыңжылдық кездесуде аталған ұйым ұлттық мемлекеттер мен бизнестік құрылымдар алдына кедейлік деңгейін төмендету талабын қойған болатын. Осы талап бойынша 2015 жылы әлемдегі кедей адамдар саны 0,7 миллиард адамға дейін азайтылуы керек. Бірақ қазіргі оқиғалардың барысы бұл межеге қол жеткізудің оңай болмайтындығын көрсетіп отыр. Мәселен, әлемдегі ең бай ел саналатын АҚШ-тың өзінде кедейлік шегіндегі адамдардың үлесі 13,2 пайыздан 14,3 пайызға дейін өсе түскен. 43,6 миллион адам кедей деп табылған. Бұл аталған елдегі соңғы 50 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш болып отыр.
АҚШ-тың Еңбек министрлігінің жұмыссыздық туралы есебі-соңғы апталардағы аздаған жағымды жаңалықтың бірі болып отыр. бүгінде инвесторлар АҚШ-қа байланысты жаңалықтардан көңілі қалған. Соңғы деректерге қарағанда, елдің Ішкі Ұлттық жалпы өнімі тек баяу өскенімен қоймай, азайып кеткені де анықталған. Тамыз айында АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 1983 жылдан бергі рекордтық деңгейге - 9,7 пайызға көтерілді.
Дегенмен, АҚШ-тың Еңбек департаментінің ақпараты бойынша, соңғы айда америка экономикасы 216 мың жұмыс орнын жоғалтқан - бұл ағымдағы жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Тек қана шілде айының өзінде 276 мың адам жұмыссыз қалған болатын.
Экономиканың жандану белгілеріне қарамастан, келер жылы еңбекпен қамту көрсеткіші өсе қоймайды деп күтілуде.
АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі, ағымдағы жылдың соңына қарай жұмыссыздық деңгейі 10 пайызға жетеді деп болжап отыр.
Біздің
Қазақстан ТМД елдерінің
Испания өкіметі
бүгін жариялаған статистикалық
мәлімет бойынша, биылғы жылдың үшінші
ширегінде елдегі жұмыссыздық деңгейі
21,5 пайызға дейін өскен. Бұл Еуроодақ
пен жалпы өндірісі дамыған бүкіл елдер
үшін ең жоғарғы көрсеткіш. Жылдың екінші
ширегінде елдегі жұмыссыздық деңгейі
20,89 пайыз құраған еді. Соңғы үш айда Испанияда
146 мың 800 жұмыс орны қысқарған. Таяу Шығыс
пен Солтүстік Африкада етек жайған тәртіпсіздікке
байланысты, жазғы маусымда Испанияға
келген туристер саны артқанмен, бұл елдегі
жұмыс орындарының артуына әкелген жоқ.
Жұмыссыздықтың ең жоғарғы деңгейі құрылыс
пен қызмет ету салаларында тіркелді.
Жалпы Испанияда жұмыссыздар саны 4 миллион
980 мың адамға жетті. Бұл соңғы он бес жылдағы
жұмыссыздардың ең үлкен саны. 1996 жылы
Испанияда 4 миллион 200 мың жұмыссыз адам
тіркелген болатын.
2.2 Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау
Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі. Жылдан жылға жұмыссыздық деңгейі әртүрлі болып келеді. Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, келесі жылы төмен болады. Бұған себеп не? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады. Ол: мемлекеттің экономикалық деңгейі, халқымыздың әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, инфляция, жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы, қатаңдығы, тіптен еңбек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етеді.
Жұмыссыздық әр мемлекетте бар және
нарықта белгілі бір көлемде
болып жатады. Жұмыссыздықтың шамадан
тыс болуы халықтың әл-ауқатына кері
әсерін тигізері хақ. Ал бұл жағдай
мемлекеттің араласуын талап
етеді.
Қандай мемлекет болмасын халықтың тұрмысы
мен әл-ауқаты деңгейінің жоғары болуы
сол елдің экономикасының артып, барлық
жағынан дер қарқынмен дәйекті дамып келе
жатқандығын көрсетеді. Жұмыссыздық –
Қазақстандағы кедейшіліктің басты себебінің
бірі болып отыр. Кедейлік себептерінің
қатарына жұмыссыздық пен қатар хылықтың
шағын бизнеске қатысуының шектеулі қол
жеткізуін, жұмыс істейтін кедейлер жалақысының
төмен деңгейін, коммуналдық және білім
саласындағы қызметтерге қол жеткізудің
төмендігін, азаматтардың жекелеген санаттарының
масылдық көңіл-күйін, сондай-ақ кедей
халықтың қоғам өміріне қатысу дәрежесінің
төмендігін жатқызған жөн. Жұмыссыздықтың
деңгейі жылдан жылға әртүрлі көрсеткіштермен
сипатталады.
Қазақстанда 2009 жылғы сәуірде жұмыссыздық деңгейі 7,2% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасында айтылған. "2009 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны 611 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі - 7,2%, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 86,9 мың адам ресми тіркелген (экономикалық белсенді халықтың 1%)", - делінген хабарламада. 2009 жылғы қарашада Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрады. 2009 жылғы қарашада Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
«2009 жылғы қарашада жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 548,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2009 жылғы қарашаның соңына 79,7 мың адам ресми тіркелген. Жұмыссыздар ретінде тіркелгендердің үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,9 пайызын құрады, бұл өткен жылғы ұқсас көрсеткiшпен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа көп», делінген Статистика агенттігінің бүгін таратқан хабарламасында.
Агенттіктің мәліметінше, республика экономикасында 2009 жылғы қарашада (бағалау бойынша) 7,9 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 15,7 мың адамға немесе 0,2 пайызға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,2 млн. адамды құрады. 2009 жылғы қарашада бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,7 пайызын құрады.
2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. Республика экономикасында 2010 жылғы қаңтарда (бағалау бойынша) 7,9 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 100,4 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,3 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 66,6%) құрады.
2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздар
саны, бағалау бойынша, 542,9 мың адамды,
жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. Қазақстан
Республикасы Еңбек және
Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.
Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.
Республика экономикасында 2010 жылғы желтоқсанда (бағалау бойынша) 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 206,9 мың адамға немесе 2,6%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,5 млн. адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67,1%) құрады. (1-график)
Ағымдағы жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны, бағалау бойынша, 477,7 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 5,5% құрады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2010 жылғы желтоқсан айының соңына 35,4 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,4%-ын құрады (2009ж. желтоқсанда - 0,6%), (1-грфиктен көруге болады).
2010 жылғы желтоқсанда бағалау бойынша жасырын жұмыссыздық деңгейі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,5%-ын құрады.
2011 жылғы 1-ші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,7% құрады. кономикалық түрғыдан белсенді халық 2011 жылғы 1-ші тоқсанда 725445 адам құрады. 2011 жылғы 1-ші тоқсанда, 2010 жылғы 4-ші тоқсанмен салыстырғанда, жұмыспен қамтылған халық санының 0,4%-ға артқаны байқалады, бұл көрсеткіштер тиісінше 2011 жылғы 1-ші тоқсанда – 684225, 2010 жылғы 4-ші тоқсанда – 681322 адам құраған.
«2011 жылғы мамырдағы жұмыссыздар саны бағалау бойынша 469,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,4% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2011 жылғы мамырдың соңына 66,2 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санына 0,8%», делінген дүйсенбі күнгі жарияланған хабарламада.
Жасырын жұмыссыздық
деңгейі бағалау бойынша
2009,2010,2011 жылдардағы
Қазақстандағы жұмыссыздық
2011 жылғы
1-ші тоқсанда жұмыссыздық
3. ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС
3.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздықпен күресудің шетел тәжірибесі
Жұмыссыздықпен күрестің әлемдік әдістері: әлемдік тәжірибеде халықты еңбекпен қамту ісін басқарудың әртүрлі модельдері қолданылады. Мәселен, америкалық модель еңбекке қабілетті азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін кеңінен қамтуға ұмтылатын жұмыс орындарын құрумен ерекшеленеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда жұмыссыздар қатары азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің жағдайы онша жақсара қоймайды. Ал скандинавиялық модель мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбекақысы қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын көптеп аша отырып, жұмыс күштерін солай қарай тартуға бейімделген. Бұл модель негізінен мемлекеттік қаржы қаражатына арқа сүйейді. Үшінші еуропалық модель еңбек өнімділігін арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесіне орайластырылған. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары болады. Қазақстанның қазіргі қолға алған шаралары осы модельге келіңкірейді, бірақ өзіндік ерекшеліктері аз емес.