Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:39, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – жұмыссыздық деңгейіне талдау жасап, онымен күресудің жолдарын табу, жан-жақты мәлімет бере отырып, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейін;
Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау;
Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың даму қарқынын;
Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдарын анықтау болып табылады.
КІРІСПЕ 3
1.ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Жұмыссыздық классикалық көзқарас тұрғысынан 5
1.2 Жұмыссыздық және жұмыссыздық түрлері 8
1.3 Жұмыссыздық көрсеткіші және ұзақтығы 10
2. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ҚАРҚЫНЫ
2.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейі 12
2.2 Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау 16
3. ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕС
3.1 Қазіргі заманғы жұмыссыздықпен күресудің шетел тәжірибесі 20
3.2 Қазақстанның жұмыссыздықпен күресу жолдары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
Соның үлкен көздерінің бірі – 2011-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Осы бағдарламаның негізінде өткен жылы елімізде 152 жаңа жоба іске қосылды. Биылғы жылы тағы да осындай 192 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осылардың негізінде жаңадан сан мыңдаған жұмыс орындары ашылатын болады. Жұмыссыз халықтың біраз бөлігі осы жаңа жұмыс орындарына қарай бағытталатын болады. Ал оларды бағыттау тетіктері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында нақты айқындалған. Бағдарламадағы шараларды жүзеге асыру негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі.
Бағдарламаны жүзеге асыру басталатын 2011 жыл – қанатқақты кезең болып есептеледі. Осы жылы бағдарламаны іске асырудың тетіктері нақтыланып, олар құқықтық тұрғыдан, яғни заңдық негіздермен қамтамасыз етіледі.
Екінші кезең 2012-2015 жылдарды, үшінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңдерде бағдарламаны жүзеге асыру жүйелі жолға түсіп, пәрменді сипатқа ие болуы тиіс.
Қазіргі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Осы бойынша бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері айқындалды. Ол міндеттер әлеуметтік келісім-шарттар жасасу арқылы бекітіледі. Көп ұзамай Индустрияландыру картасындағы жобалар мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы шаралар негізінде пайда болған және жаңадан құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істей бастайды.
Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.
Бірінші бағытқа
қатысушыларға мемлекеттік
Егер бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.
Екінші бағыттың мақсаты – жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.
Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар бағдарламаның қатысушылары бола алады. Соның ішінде жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындар негізгі назарға алынады, яғни оларға басымдық берілетін болады.
Осы бағыт бойынша бағдарламаға қатысушыға консультациялық қызмет көрсету, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, шағын несие беру, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру секілді мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі.
Қазақстанның бірегей бұл батыл қадамы Халықаралық еңбек ұйымының назарына ілігіп, оның жақсы бағасына ие болды. Ал енді үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап, халықты жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын белгілеген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске қосылатындығы еліміздегі жұмыссыздықты еңсеріп, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту бағытында жаңа бір қадам, нәтижелі бастама болып табылатындығы анық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Ол бұған
дейін де болған, алдағы уақытта
да бола бермек. Бұдан кейде әрқилы
әлеуметтік-эко-номикалық
Оның еңбек
рыногына тереңірек бойлап көрсек,
жұмыссыздық және жұмыспен қамту
ыңғайында сарабдал әңгіме қозғауға
әбден болатын секілді. Проблема
атаулы іле сөз етіліп, ол асқынбай
тұрғанда түйінін шешуге ұмытылыс жасалғанда
ғана күн тәртібінен біртіндеп сырғи
беретіні түсінікті шығар. Сонымен,
елорданың осынау шетін мәселесін
қандай жолмен реттеуге болар екен?
Тұйықтан қалай, уақыт созбай шыға аламыз?
Әр сұрақтың соңында адам тағдыры бейнеленіп
тұрғандай. Мысалы, 2006 жылдың үшінші тоқса-нының
мәліметтеріне сүйенсек, Астанада тұратын
жасы 15 және одан жоғарьщағы экономикалық
тұрғыдан белсенді халық саны 302,3 мың адамға
жеткен екен. Бұл 2005 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 10,2 мың адамға артық, яғни
3,5 пайыз көп. Мұндағы ерлер үлесі 50,3 пайыз
(152,0 мың адам) ал әйелдер 49,7 пайыз (150,3 мың
адам) болды.
Сонымен курстық жұмысты қортындылайтын болсақ, 1-ші бөлімде біз жұмыссыздықты теория тұрғысынан қарастырдық. Яғни, Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблемалардың бірі болып табылады және ол бір жүйедегі екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. Анықтама бойынша жұмыссыздық халықтың активті бөлігін жасауға қабілетті жұмыс таба алмауы. Жұмыссыздық негізінен жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар айтылады.
2-ші бөлімде біз қазіргі заманғы жұмыссыздық деңгейін талқыладық , бүкіл әлемнің ең өткір проблемаларынан біріне айналып отырған жұмыссыздықпен күрес мәселесі әлемнің әр шалғайындағы саясаткерлерді, ғалымдарды, адамзаттың алдыңғы қатарлы өкілдерін қатты толғандыруда..
ХЕҰ есебі бойынша 2010 жылы әлемде 250 миллион адам жұмыссыздықтың зардабын тартқан. Бұл көрсеткіш 2007 жылғы қорытындымен салыстырғанда жұмыссыздар қатарының 27,6 миллион адамға арта түскендігін білдіреді.
ХЕҰ болжамы бойынша 2011 жылы жұмыссыздық жағдайы әлемдегі ең ауқымды проблемалардың бірі болып қала береді. Бұл жылы болжам бойынша 203,3 миллион адам жұмыссыз ретінде тіркеледі.
Сонымен қатар, халықаралық еңбек ұйымы 2007-2010 жылдар аралығында халықтың жұмыссыздық деңгейі әсіресе, дамыған елдерде өсе түскендігін мәлімдей келе, жұмыссыздықпен күрес мәселесінде Бразилия, Қазақстан, Тайланд секілді елдер жақсы жетістіктерге жетіп келе жатқандығын атап көрсеткен.
Әлемде қазіргі күні 1 миллиард адам кедейлік құшағында. Үстіміздегі мыңжылдықтың басында БҰҰ-ның ұйымдастыруымен өткен жаһандық мыңжылдық кездесуде аталған ұйым ұлттық мемлекеттер мен бизнестік құрылымдар алдына кедейлік деңгейін төмендету талабын қойған болатын. Осы талап бойынша 2015 жылы әлемдегі кедей адамдар саны 0,7 миллиард адамға дейін азайтылуы керек. Бірақ қазіргі оқиғалардың барысы бұл межеге қол жеткізудің оңай болмайтындығын көрсетіп отыр. Мәселен, әлемдегі ең бай ел саналатын АҚШ-тың өзінде кедейлік шегіндегі адамдардың үлесі 13,2 пайыздан 14,3 пайызға дейін өсе түскен. 43,6 миллион адам кедей деп табылған. Бұл аталған елдегі соңғы 50 жыл ішіндегі рекордтық көрсеткіш болып отыр.
Кредиттік рейтингі төмендеп жатқан АҚШ-та бір ғажабы, жұмыссыздықта сәл азайған. Шілде айының қортындысы бойынша, АҚШ-та адамдардың еңбекпен қамтылуы 0,1 пайызға өскен және 117 мың жұмыс орны қайта ашылған. Жұмыссыздықтың азаюында жекеменшік сектордың үлесі ауқымды. 154 мың жұмыс орнын солар қамтамасыз етіп отыр. Бұл жұмыс орындары негізінен қызмет көрсету саласында. Ал АҚШ үкіметі керісінше, жұмыс орындарын қысқартуда. Шілде айында бюджетке йек артқандар саны 37 мың адамға кеміген. АҚШ-тың Еңбек министрлігінің жұмыссыздық туралы есебі-соңғы апталардағы аздаған жағымды жаңалықтың бірі болып отыр. бүгінде инвесторлар АҚШ-қа байланысты жаңалықтардан көңілі қалған. Соңғы деректерге қарағанда, елдің Ішкі Ұлттық жалпы өнімі тек баяу өскенімен қоймай, азайып кеткені де анықталған. Тамыз айында АҚШ-та жұмыссыздық деңгейі 1983 жылдан бергі рекордтық деңгейге - 9,7 пайызға көтерілді.
Қазақстанда 2009 жылғы сәуірде жұмыссыздық деңгейі 7,2% құрады. Бұл туралы ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің хабарламасында айтылған. "2009 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны 611 мың адамды құрады, жұмыссыздық деңгейі - 7,2%, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 86,9 мың адам ресми тіркелген (экономикалық белсенді халықтың 1%)", - делінген хабарламада. 2009 жылғы қарашада Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрады. 2009 жылғы қарашада Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 6,5 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
2010 жылғы қаңтарда жұмыссыздық деңгейі 6,4% құрады. Республика экономикасында 2010 жылғы қаңтарда (бағалау бойынша) 7,9 млн адам жұмыспен қамтылды. Өткен жылғы ұқсас кезеңге қарағанда олардың саны 100,4 мың адамға немесе 1,3%-ға көбейді. Жалдамалы қызметкерлердің саны аталған кезеңде 5,3 млн адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 66,6%) құрады.
2011 жылғы 1-ші тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 5,7% құрады. кономикалық түрғыдан белсенді халық 2011 жылғы 1-ші тоқсанда 725445 адам құрады. 2011 жылғы 1-ші тоқсанда, 2010 жылғы 4-ші тоқсанмен салыстырғанда, жұмыспен қамтылған халық санының 0,4%-ға артқаны байқалады, бұл көрсеткіштер тиісінше 2011 жылғы 1-ші тоқсанда – 684225, 2010 жылғы 4-ші тоқсанда – 681322 адам құраған.
3-ші бөлім- әлемдік деңгейде жұмыссыздықпен күрес. Біз мұнда, жұмыссыздықпен күрестің әлемдік әдістері: әлемдік тәжірибеде халықты еңбекпен қамту ісін басқарудың әртүрлі модельдері қолданылады. Мәселен, америкалық модель еңбекке қабілетті азаматтардың елеулі бөлігі үшін еңбек өнімділігі төмен, бірақ халықтың қалың бөлігін кеңінен қамтуға ұмтылатын жұмыс орындарын құрумен ерекшеленеді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдайда жұмыссыздар қатары азайғанымен, халықтың кедей бөлігінің жағдайы онша жақсара қоймайды. Ал скандинавиялық модель мемлекеттік секторда табысы орташа, еңбекақысы қанағаттанарлық жағдайдағы жұмыс орындарын көптеп аша отырып, жұмыс күштерін солай қарай тартуға бейімделген. Бұл модель негізінен мемлекеттік қаржы қаражатына арқа сүйейді. Үшінші еуропалық модель еңбек өнімділігін арттыру арқылы халықты жұмыспен қамту мәселесіне орайластырылған. Мұндай жағдайда жұмысшылардың жалақылары біршама жоғары болады. Қазақстанның қазіргі қолға алған шаралары осы модельге келіңкірейді, бірақ өзіндік ерекшеліктері аз емес.
Қазақстан Республикасы Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігiнің
болжамы бойынша 2005-2007 жылдары 826 мың
адам жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi
органдарға өтінішпен барады, олардың
шамамен жартысы жұмысқа
Нарықтық
экономикасы дамыған көптеген елдерде
еңбек нарығындағы әртүрлі
2008-2010 жылдардағы бағдарлама бойынша еңбек нарығындағы жағдайды жақсарту мақсатында келесідей шараларды жүзеге асыру қажет. Олар:
2011-2014 жылдарға
арналған индустриялық-
Бағдарламаны жүзеге асыру басталатын 2011 жыл – қанатқақты кезең болып есептеледі. Осы жылы бағдарламаны іске асырудың тетіктері нақтыланып, олар құқықтық тұрғыдан, яғни заңдық негіздермен қамтамасыз етіледі.
Екінші кезең 2012-2015 жылдарды, үшінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңдерде бағдарламаны жүзеге асыру жүйелі жолға түсіп, пәрменді сипатқа ие болуы тиіс.
Қазақстанның бірегей бұл батыл қадамы Халықаралық еңбек ұйымының назарына ілігіп, оның жақсы бағасына ие болды. Ал енді үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап, халықты жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын белгілеген «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске қосылатындығы еліміздегі жұмыссыздықты еңсеріп, халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту бағытында жаңа бір қадам, нәтижелі бастама болып табылатындығы анық.