Тасымалды уйымдастыру және кәсіпорын менеджменті

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:18, курсовая работа

Краткое описание

Практикалық жұмыстардың мақсаты «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті» пәндері бойынша дәріс сабақтарында студенттердің алған білімдерін бекіту және кәсіпорынның қаржылық жоспарында көрінетін кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін есептеуді орындау тәжірибесі мен әдістемесін алу болып табылады.
Практикалық жұмыстарды орындау уақытын қысқарту үшін әдістемелік нұсқаулықта оңайлатылған нормативтер мен анықтағыш материалдар берілген. Кейбір салыстырмалы көрсеткіштер, проценттік қатынастар мен орташа мәнге жақын алынған коэффициенттер кәсіпорында қолданылатынға жақын, сондықтан тек оқу мақсаттары үшін арналған.

Файлы: 1 файл

курстык жумыс ОП и мен.doc

— 1.23 Мб (Скачать)

Практикалық жұмыстардың мақсаты  «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын  менеджменті» пәндері бойынша дәріс  сабақтарында студенттердің алған  білімдерін бекіту және кәсіпорынның қаржылық жоспарында көрінетін кәсіпорын  жұмысының   экономикалық   көрсеткіштерін  есептеуді   орындау  тәжірибесі  мен  әдістемесін  алу  болып   табылады.

Практикалық жұмыстарды орындау уақытын  қысқарту  үшін   әдістемелік  нұсқаулықта оңайлатылған нормативтер  мен анықтағыш материалдар  берілген. Кейбір  салыстырмалы  көрсеткіштер,  проценттік  қатынастар мен орташа  мәнге жақын алынған коэффициенттер кәсіпорында қолданылатынға  жақын,  сондықтан тек оқу мақсаттары  үшін  арналған.

Қаржылық жоспардың барлық бөлімдері  қолданылып жүрген  анықтамалықтарды және түзету коэффициенттерін есепке ала отырып әдістемелік  нұсқаулықтардың  деректерін   қолданғанда  есептеледі.

Әрбір практикалық  жұмыс  кестемен  аяқталады,  оның  атауы  мен  реттік номері болу керек. Кестелерді құру алдында әдебиеттер тізіміне сілтемелер  мен  сәйкес  түсіндірулермен қатаң тәртіпте барлық есептеулерді орындау қажет. Есептеулер автомобильдің немесе  автопоездың  бір  маркасы  бойынша жасалады,  ал басқа маркалары   бойынша   қажет  барлық  мәліметтер  мен түсінік жазбасының беттерінде есептеулерді көрсетпей-ақ есептеу  нәтижелері  енгізіледі.

Қаржылық жоспар – бұл  өндірістік  қуаттарды аса  толық пайдалану,  өндірістің тиімділігін бұлжытпай  арттыру кезінде   жоспарлық  тапсырыстарды табысты орындауға  бағытталған, автокөлік  кәсіпорнының өндірістік-қаржылық  қызметінің кеңінен ашылған  бағдарламасы. Қаржылық жоспарда  автокөлік кәсіпорнының өндірістік және қаржылық қызметінің барлық кешенін сипаттайтын,  қажетті   сандық  және сапалық  көрсеткіштер анықталған.

Қаржылық жоспардың барлық бөлімдері  өзара тығыз байланысқан және жөндеу  жұмысшылары мен  жүргізушілердің   озық  тәжірибелерін  есепке  ала  отырып,  ілгері  нормалар мен нормативтерге базаланатын, толық техника-экономикалық есептеулер негізінде  құрылады.

Практикалық жұмыстарды орындауға  арналған  бастапқы  деректер  мына көрсеткіштер болып есептеледі (қосымшаны  қараңыз):

  1. Жүктерді  тасымалдаудың  жылдық  көлемі Qгод, млн.т.
  2. Автопаркті пайдалану  шартының санаты
  3. Бір жыл  ішіндегі АКК жұмыс күндерінің  саны (жұмыс режимі) күндер.
  4. Автокөлікті  пайдалану  орны
  5. Жүктердің әр түрлерінің атау тізімі, көлемі мен тасымалдау  қашықтығы (жалпы санынан %)  және тиеу-түсіру жұмыстарын   ұйымдастыру   тәсілі.

 

 

 

 

№1. 1  ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ЖҮКТЕРДІ  ТАСЫМАЛДАУ  ЖОСПАРЫН ЕСЕПТЕУ

 

Жүктерді  тасымалдау  жоспары  бизнес-жоспарды  әзірлеу  үшін  бастапқы  тарау болып табылады. Ол жүктердің  саны  мен жіберілген жүктің  атау тізімін,  тасымалдау  қашықтығы мен көлік құралдарын пайдалана отырып  көрсеткіштерін есептеу мен  жылжымалы  құрамның  үлгісін  таңдап  алуға  негіз  болып  табылады.

Жүктерді  тасымалдау  жоспары 1 және 2-кестедегі  үлгі  бойынша  құрылады.

1-кесте

Жүктердің  атауы

Жылдық  тасымалдау көлемі, мың  тонна

Жүк класы

Тасымалдау  қашықтығы, км

Жүк  айналымы, мың  ткм

  1. керамзит

1020000

3

3

3060000

  1. кірпіш

1020000

1

26

26520000

  1. темір бетон

1360000

1

19

25840000

БАРЛЫҒЫ

3400000

 

48

55420000


 

2-кесте

Жүктердің  атауы

Тасымалдау  көлемі Qжыл,

мың т

Тасымалдау  қашық

тығы lср, км

Жүк  айналымы Ржыл, мың ткм

Жүрілген  жолды  пайда-лану  коэффициен-ті β

Жүк көтергішті  пайдалану коэффициенті γс

1 жүрілген  жолда  тиеу  мен   түсірудегі  бос тұрған уақыт

tп-р, сағ

Жүкпен  жүрілген  жол  саны,

ne, бірл

Бортты, ЗиЛ-130-76

керамзит

             
 

1020000

3

3060000

0,5

0,6

0,5

280000

               
               

Бортты, ГАЗ-52-04

кірпіш

             
 

1020000

26

26520000

0,61

1

0,21

408000

               
               

Бортты, КамАЗ-5320

темір бетон

             
 

1360000

19

25340000

0,59

1

0,67

170000

               
               

Парк  бойынша  барлығы

             

 

1-кесте жеке  жүк түрлерінің тасымалдану көлемі  мен берілген  атау тізімнің негізінде құрылады (қосымшаны  қараңыз).

Жүктердің класы № 13-01-05 [6] прейскурантына сай жеке жүк түрлері бойынша анықталады

Жүктерді  тасымалдау  қашықтығы мына  формуламен  анықталады

мұнда lср – жүкті  тасымалдаудың  орташа  қашықтығы, км;

Ргод – жылдық  жүк айналымы, ткм;

Qгод – жылдық  тасымалдау көлемі, тонна.

2-кестеде автомобильдердің  жеке  маркалары  бойынша тасымалдау   жоспарының  деректері көрсетілген. 

Автомобильдердің  маркаларын студенттер жүк  түрі мен тиеу-түсіру  жұмыстарының  ұйымдастырылу  тәсіліне қарай өздері  таңдап  алады. 3-4 автомобиль  маркасын  қолдануды  ұсынылады. Жүк көтергіштікті пайдалану коэффициентінің  шамасы   жүк  класына  қарай  алынады.

 

Жүк класы

Жүк көтергіштікті пайдалану  коэффициентінің  мәні γс

Есептеулер  үшін  орташа мән

I

1,00

1,00

II

0,71-0,99

0,80

III

0,51-0,70

0,60

IV

0,40-0,50

0,45


Автоцистерналарда 1,0 аз емес салыстырмалы салмақпен жүк  тасымалдағанда   жүк  көтергіштікті  пайдалану  коэффициентінің  шамасы автоцистернаның сыйымдылығы мен  жүктің  меншікті салмағына (бензиннің) байланысты  есептеледі

Жүкпен  жүрілген  жолдардың  саны мына  формуламен анықталады

мұнда q – автомобильдің орташа (номинал)  жүк көтергіштігі, тонна;

γс – жүк көтергіштікті  пайдалану коэффициенті (статистикалық).

Жүрілген  жолды пайдалану коэффициентінің  шамасы мен тиеу  мен түсіру  кезінде  автомобильдің бос тұру  ұзақтығы жылжымалы құрамның  типі  мен  жүктің   салмағы, тасымалдау орташа  қашықтығына қарай  алынады.

 

Автомобильдің жүріп  өткен  жолын  пайдалану  коэффициентінің есептелінген  мәндері

Бортты автомобильдер

Автомобиль-өзі аударғыштар

Тасымалдау  қашықтығы, км

Жүрілген  жолды  пайдалану  коэффиценті

Тасымалдау  қашықтығы, км

Жүрілген  жолды  пайдалану  коэффиценті

Тасымалдау  қашықтығы, км

Жүрілген  жолды  пайдалану  коэффиценті

1

0,47

15

0,59

1

0,48

2

0,48

20

0,59

2

0,48

3

0,50

25

0,61

3

0,49

5

0,53

30

0,62

5

0,49

7

0,55

50

0,69

10 және  астам

0,50

10

0,57

100

0,70

   

 

Ескерту: Бензин тасушы үшін  жүрілген жолды  пайдалану коэффициенті 0,5 деп  алу  ұсынылып  отыр, яғни отын маятникті  маршруттар  бойынша  тасымалданады.

Автомобильдің  бос  тұру уақытының  нормасы  мына  өлшемдерде  тиеу  және  түсіру  бекеттері  үшін  жеке  қойылады.

Автомобильге (автопоезға) тиелетін (түсірілетін)  жүктің  салмағы

Тиеу немесе түсіруге уақыт  нормасы, мин

I

II

1т қоса  алғанға  дейін

12

13

1т  жоғары  әрбір  толы   және  толы емес тоннаға  қосылады

2

3

I – бортты автомобильдер

II - автомобиль-фургондар; автомобиль-тікремелер мен жартылай  тіркемелер, тенттермен жабдықталған; әмбебап контейнерлер,  жылжымалы құрамнан алынбай  тиелетін (түсірілетін)

 

Автомобиль-өзі аударғыштар, автомобиль-цистерналар түрлі қызметке  тағайындалған

1 тоннаға  уақыт  нормасы,  мин.

Карьерлерде жұмыс істейтіндерден басқа  автомо-биль-өзі  аударғыштар  үшін

1

Карьерлерде  жұмыс істейтін автомобиль-өзі  аудар-ғыштар  үшін

0,2

Автомобиль-цитерналар  үшін (құю  және  ағызу)

4


Жүктердің  жеке  түрлері  бойынша  берілген тасымалдау  көлемін  қамтамасыз  ету  үшін пайдаланудағы автомобильдердің   қажет  саны  мына  формуламен  анықталады

мұнда Др – жылдағы АКК жұмыс істеу  режимі, күндер (берілген қосымшадан  алынады)

Qсут – бір автомобильдің  жүкті  тасымалдаудың  тәуліктік  көлемі, т

 

 

мұнда Тн – тәулік ішінде  жолға  автомобильдің келу  ұзақтығы, сағат;

Vт – автомобильдің  орташа  техникалық  жылдамдығы, км/сағ;

β –жүрілген  жолды  пайдалану коэффициенті;

q – автомобильдің  номиналды   жүк  көтергіштігі, т;

γс – жүк көтергіштікті пайдаланудың статистикалық коэффициенті;

lср – жүк  тасымалдаудың  орташа  қашықтығы, км;

tп-р – 1 жүрілген  жолға тиеу  мен түсірудегі автомобильдің бос тұрған  уақыты, сағат.

Тәулік ішінде нарядта автомобильдің  болу ұзақтығы (Тн) бортты  автомобильдер  мен  бензин  тасушы үшін 10-11 сағат,  ал  автомобиль  өзі  аударғыштар   үшін 9-10 сағат.

Автомобильдердің техникалық   қозғалу  жылдамдығының есептелінген шамаларының  мәні

Жалғыз  автомобильдер

Автопоездың

lср

Vт

lср

Vт

lср

Vт

lср

Vт

1

19

15

27

5

23

25

27

3

22

25

28

7

24

50

28

5

24

50

30

10

25

75

29

7

24

75

30

15

26

100

30

10

26

100

30

       

Ескерту: І топ  жолдар  үшін максимум  техникалық  жылдамдық 52 км/сағ,

II топқа – 40 км/сағ, III топқа – 32 км/сағ, IV топқа – 28 км/сағ, V топқа - 25 км/сағ.

 

№1.II. ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

ЖЫЛЖЫМАЛЫ ҚҰРАМДЫ  ПАЙДАЛАНУ  БОЙЫНША   ӨНДІРІСТІК  БАҒДАРЛАМАНЫ ЕСЕПТЕУ

Жүк АКК  үшін өндірістік  бағдарлама  мына  үлгі  бойынша құрылады:

3-кесте

Көрсеткіштері

Автомобильдердің  маркасы

Парк  бойынша  барлығы

«---»

«---»

«---»

  1. Өндірістік  база

1. Автомобильдердің  отраша  тізімдік саны,  бірлік

       

2. Автомобильдің   орташа  жүк  көтергіштігі, т

       

3. Автомобильдің   жалпы  жүк  көтергіштігі, т

       

4. Кәсіпорындағы  автомобиль-күндер,  күн

       

5. Жұмыстағы  автомобиль-күндер,  күн

       

6. Жұмыстағы  автомобиль-сағаттар,  сағат

       

7. Жыл  ішінде  бүкіл  автомобильдердің   жүрген  жолдары, мың  км

       

8. Жүкпен  жүрілген  автомобильдердің  жолдары,  мың  км

       

9. Тәулік  ішіндегі  бір  автомобильдің  жұмыс істеуі, т

       
  1. Техника-экономикалық  көрсеткіштері

1. Автопарктің  техникалық   дайындық коэффициенті

       

2. Жолға  автомобильдердің  шығу коэффициенті

       

3. Тәулік ішінде жолда автомобильдің орташа  болу ұзақтығы, сағат

       

4. Жүктерді  тасымалдаудың  орташа   қашықтығы, км

       

5. Тиелген  жүріс  ұзындығы, км

       

6. Жүрілген  жолды пайдалану коэффициенті

       

7. Автомобильдің  жүк көтергіштігін пайдалану (статистикалық) коэффициенті

       

8. 1 жүрілетін жолға   тиеу мен  түсірудегі  бос  тұру  уақыты,  сағат

       

9. Техникалық   жылдамдық  км/сағ

       

10. Автомобильдің  орташа жүретін   жолы, км

       

11. Жүкпен жүрілген   жол  саны,  бірлік

       
  1. Өндірістік  бағдарлама

1. Жылдық  тасымалдау көлемі, мың т

       

2. Жылдық  жүк  айналымы, мың ткм

       

3. Мың ткм  берілген  жылдық  жүк  айналымы

       

4. 1 автомобильдің жылдық  жұмыс істеуі,  мың т

       

    мың ткм

       

Информация о работе Тасымалды уйымдастыру және кәсіпорын менеджменті