Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 20:44, курсовая работа
Уран - бәсекелестік қабілеті анағұрлым жоғары энергия көзі болып табылады. Оның басқа отын көздерінен басты айырмашылығы - ол жоғары концентрацияланған энергия көзі. Яғни, әрі жеңіл, әрі арзан тасымалданатын энергия көзінен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегі көмірден бөлінетін энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледі. Жалпы құны жағынан да тиімді. 1 кВт сағат өндіруге кететін көмірдің құны 4 евроцент тұрса, осы мөлшердегі газ 1,3–2,3 евроцентке шамалас. Ал уранның дәл осы көлемі небәрі 0,4 евроцентпен бағаланады. «Ал осындай жеңілдіктерге ие бола тұра, Қазақстан сонау жылдан бері көз қырын қайда қадап жүрген?» деген сұраққа жауап - Қазақстан әлі Чернобыль электр стансасындағы жарылысты ұмыта қойған жоқ. Уранның радиоактивтілігі оны өндіру мен өңдеуде, тасымалдау, өндірісте қолдану кезінде үлкен кедергі келтірумен бірге төндіретін қатерден қауіптенген еліміз уран кенорындарын зерттеу жұмыстарын жасырын түрде жүргізіп келді.
1. Кіріспе
1.1 Уран өндірісі және оның әлемдік қоры
2. Негізгі бөлім
2.1Қазақстанда барланған уран кеніштері
2.2Қазақ елі бүкіл әлемдік нарықты уранмен қамтамасыз етуші мемлекет
2.3 Уран өндірісінің зияны
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жоспары:
2.1Қазақстанда барланған уран кеніштері
2.2Қазақ елі бүкіл әлемдік
нарықты уранмен қамтамасыз
2.3 Уран өндірісінің зияны
3. Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Уран өндірудің пайдасы мен зияны
Уран - бәсекелестік қабілеті анағұрлым жоғары энергия көзі болып табылады. Оның басқа отын көздерінен басты айырмашылығы - ол жоғары концентрацияланған энергия көзі. Яғни, әрі жеңіл, әрі арзан тасымалданатын энергия көзінен саналады. Мәселен, 1 кг уран дәл осы мөлшердегі көмірден бөлінетін энергиядан 20 мың есе жоғары электр қуатын бөледі. Жалпы құны жағынан да тиімді. 1 кВт сағат өндіруге кететін көмірдің құны 4 евроцент тұрса, осы мөлшердегі газ 1,3–2,3 евроцентке шамалас. Ал уранның дәл осы көлемі небәрі 0,4 евроцентпен бағаланады. «Ал осындай жеңілдіктерге ие бола тұра, Қазақстан сонау жылдан бері көз қырын қайда қадап жүрген?» деген сұраққа жауап - Қазақстан әлі Чернобыль электр стансасындағы жарылысты ұмыта қойған жоқ. Уранның радиоактивтілігі оны өндіру мен өңдеуде, тасымалдау, өндірісте қолдану кезінде үлкен кедергі келтірумен бірге төндіретін қатерден қауіптенген еліміз уран кенорындарын зерттеу жұмыстарын жасырын түрде жүргізіп келді.
Уранның әлемдік қорының 80 пайызы 9 ел үлесіне тиеді. Олар: Аустралия, Қазақстан, Канада, ОАР, Намибия, Нигерия, Ресей, Бразилия және АҚШ. Атап өтерлігі, уран өндірісінде алғы шептегі үш мемлекеттің бірі - Канада мен Австралиядан кейін тұрған Қазақстан. Соңғы зерттеу қорытындылары ел аумағында 1 млн. тоннаға жуық табиғи уран қоры бар екенін айқындап берді. Уран қоры Қазақстанның оңтүстік бөлігінде шоғырланған. Бүгінде уран кенішінің төрт торабы бар. Солтүстік торапта Уанас, Шығыс Мыңқұдық, Ыңғай, Ақдала, оңтүстік Ыңғай, Батыс Мыңқұдық, орталық Мыңқұдық және Буденовское кеніштері орналасса, шығысында оңтүстік Мойынқұм, оңтүстік Мойынқұм-1, Төртқұдық, Қанжуған, оңтүстік Мойынқұм-2, батыс торапта солтүстік Қарамұрын, оңтүстік Қарамұрын, Қарасан-1, Иіркөл және оңтүстік торапта ірі «Заречное» кеніштері бар. Рас, бұлардың кейбірі уран өндірумен қазірдің өзінде айналысып жатса, құрылысы бітпеген келесілері алдағы екі-үш жыл ішінде өз жұмыстарын бастайды деп жоспарланып отыр.
Әлемдік экономика атом электр стансаларының жұмысы арқасында дамитыны бүгінгі күні айдан анық ақиқат. Бірте-бірте көптеген мемлекеттер атом реакторларының құрылысына қатысты амбициялық жоспарларын жария етуде. Осы жәйт болашақта орын алатын уран өніміне деген тапшылықты қанағаттандыру мәселесін туындатады. Осы үрдісті ескере келе, бірегей табиғи ресурстарды, қоршаған ортаға залалсыз тиімді технологияларды және заманауи басқармалық қабілетті пайдалана отырып "Қазатомөнеркәсіп" уран өндірісін қарқынды арттыруға бағытталған - "2003 жылғы 3000 тоннадан, 2010 жылға қарай - 15 мың тоннаға дейін" атты бағдарламаға бастамашы болды.
Аталған бағдарлама аясында Қазақстанда 16 жаңа кеніш іске қосылады деген жоспар қарастырылған. Нарық талабына сәйкес, алдағы уақытта еліміз өндіріс мөлшерін сұранысқа сай арттырып отырады.
Уран алдағы 100 жылдықта заманауи атом энергетикасындағы ядролық отынның шикізаттық негізі болып қала береді.
Қазақстан Республикасының жер қойнауында әлемдегі барланған уран қорының 19% шоғырланған – бұл шамамен 1,5 млн. тоннаға тең. Ел аумағындағы анықталған ондаған уран кен орындарының әрқайсысы қалыптасу және практикалық маңызы жөнінен әрқалай. Геологиялық ұстанымы, генетикалық белгілері және аумақтық ерекшеліктерінің ортақтығы оларды мынадай алты уран кеніші ауданы құрамында алып қарауға мүмкіндік береді: Шу-Сарысу, Сырдария, Солтүстік Қазақстан (Көкшетау), Маңғышлақ (Каспий маңы), Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала (Балқаш маңы) және Іле.
Шу-Сарысу уран кеніші ауданы
Уранның түзілуі қабаттың
тотығуы зонасындағы аймақтық майданға
байланысты. Жалпы қорлар мен ресурстар
бүкіл Қазақстан қоры мен ресурстарының 54 % құрайды
Сырдария уран кеніші ауданы
Уранның түзілуі қабаттың тотығуы зонасындағы аймақтық майданға байланысты. Аудандағы уран қоры бүкіл Қазақстан қорының 20 % құрайды. Уран өндірісі жерасты шаймалау әдісімен. Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарында жүргізілуде.
Солтүстік Қазақстан уран кеніші ауданы
Ауданның уран кен орындары протерозой және палезой қатпарлы кешендерінде желілі-штокверлі түзілу түрінде көрініс тапқан. Мұндағы уранның жиынтық қоры бүкіл отандық қордың 17 %-на тең. Қазіргі таңда Шығыс кен орнында уран шахталық әдіспен алынуда.
Маңғыстау ауданындағы уранның түзілуі
Каспий маңы ауданы фосфариттенген балықтар сүйегінің жинақталуынан түзілген бірегей кен орындарын құрайды. Уран қоры Қазақстан қорының 2 %-на тең. Қазір мұнда уран өндірілмейді.
Кіндіктас-Шиелі-Бетпақдала немесе Балқаш маңы ауданы
Уран кен орындарының негізгі типі – континентальды жанартау кешендеріндегі эндогенді желілі-штокверлі кен орындары. Басты кен орындары толық игерілген. Қалған уран қоры республика қорының 0,5 %құрайды. Уран өндірісі тоқтатылған.
Іле уран кеніші ауданы
Негізгі қорлар қоңыр көмір қатпарларының жоғарғы қабаты тотығуынан түзілген уран-көмір кен орындарымен байланысты. Мұнда Қазақстан қорының 6,5 % шоғырланған. Қазіргі таңда уран өндірілмейді
Елімізде осы жылдың тоғыз
айындағы уран өндірісінің жалпы көлемі
9 535 тоннаны құрап, өндірістік жоспар 3
пайызға артығымен орындалды. Бұл былтырғы
жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 61
пайыз өсімнің көрсеткіші. Оған қоса уранның
шала тотығын өндіру де өткен жылдан 50
пайызға артық.
Қазақ елі бүкіләлемдік нарықты уранмен
қамтамасыз етуші мемлекет мәртебесі
деңгейіне жетіп отыр. Себебі, бүгінгі
күні біздің еліміз дүниежүзінде уран
өндіру көлемі жағынан алдыңғы орында
тұрған Австралияны басып озып, Канададан
сәл-ақ кейін келеді. Қазақстан – уран
кенінің қоры жөнінен әлемде бесінші орында
тұр. Болжам бойынша, еліміздегі уран шикізатының
қоры бір жарым миллион тоннаға жуық. «Дүниежүзілік
ядролық қауымдастығының (World Nuclear Assocіatіon)
мәліметіне сүйенсек, 2008 жылы Канада 9
мың тонна уран өндірсе, Австралия аталған
кеннің көлемін 8 430 тоннаға жеткізген.
Ал, өткен жылы Қазақстанда өндірілген
уран 8 521 тоннаны құраған болатын. Бұның
өзі 2007 жылмен салыстырғанда 28 пайызға
көп. Егер «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом
компаниясы жыл соңына дейін өзінің 12
мың тонна уран өндіру туралы алға қойған
мақсатына қол жеткізе алса, онда жылдық
кен өндіру көлемі 35-40 пайыздың деңгейінен
бір шықпақ. Бұл дегеніңіз, уран кенін
өндіруде әлемдегі жетекші кәсіпорын
атауымен пара-пар дүние. Ғаламдық қаражат
тапшылығының тауарлы-шикізат нарығына
жасаған кері әсеріне қарамастан «Қазатомөнеркәсіп»
АҚ бериллий өнімдерін жеткізіп беруші
дүниежүзіндегі бірегей кәсіпорындардың
қатарында келеді. Ұлттық компанияға қарасты
Үлбі металлургия зауытында осы жылы тантал-ниобий
өнімдерін шығару 105 пайызға орындалған.
Айта кету керек, Өскемендегі Үлбі металлургия
зауыты тантал металынан өнім өндіретін
ТМД аумағындағы жалғыз њәм әлем бойынша
ең ірі төрт зауыттың бірі. Сондай-ақ, бұл
кәсіпорындағы бериллий өндірісі концентраттан
бастап дайын өнім шығаруға дейінгі тұтастай
циклға ие. Мамандар дүниежүзінде осындай
толық қуатта жұмыс істейтін екі-ақ зауыт
бар екенін айтады. Қазіргі сәтте «ҮМЗ»
91 пайыздық жоспармен бериллийге деген
әлемдік нарық сұранысының үштен бірін
қанағаттандырып отыр.
Ұлттық атом компаниясы осы уақытқа дейін
дамыған ядролық өнеркәсібі бар шет мемлекеттердің
бірқатар кәсіпорындарымен Қазақ жерінде
уран кенін өндіріп, оны халықаралық нарыққа
экспорттау жөніндегі келісімшарттар
жасасқан-ды. Аталған елдердің қатарына
Франция, Жапония, Ресей, Үндістан, Канада
енген. Таяуда бұл тізім халықаралық уран
нарығының және бір қалталы тұтынушысы
– Қытаймен толықты. Батыстық басылымдардың
жарыса жазуына қарағанда Қытай мемлекеті
2030 жылға дейін 100-ден аса атом электр стансасын
тұрғызбақшы. Шығыстағы көршіміздің соншама
АЭС салуға мүдделі болуы ауаға көп мөлшерде
зиянды газдың бөлінуінен туындаған экологиялық
проблемалардың жолын кесуге талпынысы
екені белгілі. ҚР мен ҚХР компаниялары
арасындағы шартқа сай, Қызылорда облысындағы
«Иіркөл» кеніші 25 жылға жұмыс істемек.
Бұл кәсіпорын 2011 жылға қарай жылына 500
мың тонна уран өндіреді деп күтілуде.
Қазіргі сәтте Жаңақорғандағы зауыттың
сыртқы инфрақұрылымы, авто және теміржолдар
құрылысы аяқталып, электр желілері тартылған.
Еліміздің ұлттық атом компаниясының
биылғы жылдың үш тоқсанындағы таза табысы
29 млрд. теңгені құрады. Сондай-ақ, жыл
аяғына дейін бұл көрсеткіш 49 млрд. теңгеге
жетеді деген де болжам бар.
Таяуда «Қазатомөнеркәсіп» жапонның «Тошиба»
фирмасымен сирек кездесетін металдарды
өндірумен шұғылданатын бірлескен кәсіпорын
құру туралы келісімге келді. Аталған
кәсіпорын бериллий мен тантал тәрізді
сирек кездесетін металдарды, сонымен
бірге диспрозий, неодим секілді элементтерді
өндірумен айналыспақ. Әлемдік нарықта
өте тапшы бұл өнімдер жаңа технология
саласында экологиялық таза бұйым жасауға
таптырмас байлық. Олардың ішінде лантаноид
деп аталатын түрі күн панелдері мен үнемді
электр шамдарынан бастап, гибридті мотор
және жел трубиналарын өндіруге ауадай
қажет. Сала мамандарының айтуынша, бұл
металдар магнетизмінің қуаты күшті, сол
себепті де электр автокөліктерінде қолданылатын
салмағы жеңіл әрі арзан электр моторларын
жасауда пайдаланылады. Электр автокөлігі
демекші, бүгінде дүние жүзінің дамыған
елдері электромобиль өнеркәсібін дамытуға
ден қойып отыр. Мәселен, жарты әлемді
автокөлігімен жаулап алған Германия
үкіметі отандық көлік өнеркәсібіне 2020
жылға дейін бір миллион электроавтомобиль,
ал 2030 жылға қарай оның көлемін бес миллионға
жеткізуді міндеттеді. Экологиялық таза
пайдалы қазба болып танылатын лантаноид
металы әлемдік нарықта өте қымбат бағамен
сатылуда. Бүгінде аталған сирек металдар
өндірісінің 90 пайыздан астамы Қытайдың
үлесінде. Алайда, ҚХР сирек элементтерді
экспортқа шығару көлемін жыл сайын қысқарта
түсуде. Халықаралық сарапшылардың пікірінше,
алдағы үш жыл ішінде дүниежүзі бойынша
бұл металдарға тапшылық тууы мүмкін.
Себебі, әлемде сирек кезігетін өнімдерге
сұраныс мөлшері оны өндірумен айналысатын
зауыттар мен тау-кен өнеркәсібінің өндірістік
мүмкіндігінен әлдеқайда жоғарылап кетпек.
Ондай жағдайда шетел инвесторларының
еліміздегі уран кеніштерін игеруге деген
«тәбеті» еселене артуы ғажап емес.
Рас, уран өндіру – экологиялық қатері көп өндіріс. Сондықтан уранның қоры, оны өндіру Халықаралық атом энергиясы агенттігінің бақылауында тұрады. Осыған орай, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тиісті халықаралық үлгі-қалыптар қабылданған. Оларда қоршаған ортаға, халық денсаулығына зиян келтірмеу бойынша техникалық талаптар көзделген. Біздің елімізде уран өндіру осы үлгі-қалыптарға сәйкес жүзеге асырылады. Егер уран өндіру халықтың денсаулығына зиянды әсер тигізеді деген мәселе туындап жатса, оны толықтай тексеріп-зерттеу қажет. Бұл мәселе дәлелденген жағдайда, онда тұратын халыққа арнайы әлеуметтік-медициналық көмек көрсетілгені жөн.
Одан кейінгі ең жауапты кезең, кені ерітіліп сорылынып алынған жер асты қабаттарындағы қышқылды ортаны залалсыздандыру қажет. Себебі жер астындағы жыныстардың арасында өте күшті қышқылдар мен радиоактивті ерітінділер қалып қояды. Жер жыныстарында табиғи сілтілі орта өте сирек кездеседі. Оның бәрін түк қалдырмай сораптармен сорып алу әрине мүмкін емес. Сондықтанда бұл жынысты қабаттарға сілті (щелочь) немесе негіз ерітінділері, ең арзаны сөндірілген кәдімгі әк суы (известковое молоко) айдалынуы тиіс. (Таулы жерлердегі жыныстар сілтілі болса, яғни онда табиғи известь шөгінділері басым болса, құмды-шөлейтті аймақтарда мұндай табиғи жыныстардың кездесе бермейтіндігі белгілі). Сонда ғана қышқылды орта бейтараптандырылып, бұл өз кезегінде айналадағы жер асты суларының бүлінбеуіне оң әсерін тигізеді. Және бұл іс-шаралар қышқылды ортамен табиғат пен қоршаған ортаның күресуін оңайлатады. Бұл көп сатылы жұмыс біткесін арнаулы лабораториялар жер астындағы сұйықтықтардың рН – 6,5-8,5 көрсеткішіне жеткеніне сенімді болғасын ғана ураны алынып залалсыздандырылған бұл ұңғыларды жабуға рұқсат береді. Енді бұл ұңғыларға міндетті түрде қатты тұқымды (үйеңкі, қызыл ағаш) ағаш бөренелер тасталынып, әр бөрене арнаулы (тампонажды) цемент тығындармен бекітілуі тиіс. Себебі қышқылды, радио-активті ортада металл құбырлар шыдас бермейді. Ал ағаш бөренелер уақыт өте келе жер астындағы ауасыз қабаттарда өмір сүретін анаэробты бактериялардың әсерімен қатты жер жынысына айналып кетіп, радиоактивті сулар мен газдардың қоршаған ортаға таралмауына негіз болады. Бұл қосымша шығындарды талап ететін процесс. Бұл табиғат қорғау технологиясын «Қазатомпром» сақтап отыр ма? Міне бар мәселе осында болып тұр. «Қазатомпром» АҚ қышқылды ортаны бейтараптандырмай, ураны алынған жерлерді: «табиғат өзі залалсыздандырады!» -деп, ұңғыларды жауып кетіп жатыр. Бірақ бұл ұңғыларды жапқанда, жоғарыдағы талаптар сақталынады ма? Мұны табиғат қорғау органдары тексеріп жатыр ма? Тексерсе, қалай тексеріп жатыр? Шетелдіктер жоғарыдағы табиғат қорғау шараларын жүзеге асырып жатыр ма? Әрине ол жағы белгісіз. Бәрі де жабық тақырып?! Құпия!!!
Түптің – түбінде бүлінетін де, зорланатын да біздің жеріміз, қоршаған ортамыз, ал зардап шегетін тіршілік көздері, біздің жерлеріміздегі жан – жануарлар мен жәндіктер, құстар мен аңдар, одан қала берді сол жерлерге жақын орналасқан біздің қандастарымыз, халқымыз! Уран кендері таусылғасын жайлы жерлерден мекендерін дайындап қойған шенеуніктер де, уақытша келген шетелдіктер де Қазақстаннан тайып отырады. Оның ауыр зардабын тартатын тағы да біз!
Кеңес өкіметі кезінде барланып, дәлелденген қоры 20 мың тонна («Экспресс – К». №233. 09.12.2006 г.) ғана болатын және оның негізгі қорының 85 пайызы алынып қойылған, қоршаған орта мен жергілікті тұрғындардың денсаулығына орны толмас ойран әкелген «Табақбұлақ» (қазір «Заречное» - деп аталады) Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында орналасқан уран кеніші кеңес өкіметінің соңғы жылдары қоғамдық ұйымдар мен жергілікті халықтың талап етуімен 1990 жылы жабылған болатын. Кеңес үкіметі кезінде, өткен 20 ғасырдың 40-шы жылдары Қазақстанда уранды іздеп табу және оны өндіру үшін құрылған «Волковгеология» экспедициясы осы жерде, осындай 889 ұңғыларды топырақпен ғана шала – шарпы жауып кетіп, кейінгі уақыттарда бұл ұңғылардан сапасының қандай екені де белгісіз жер асты сулары көтеріліп кеткен?! Және айналадағы елді мекендердегі құдықтардың суы қышқылданып бүліне бастаған. Бұл уран кенішін қайта ашуға 2005 - 2006 жылдары жергілікті халық пен Оңтүстік Қазақстан облысындағы қоғамдық ұйымдар қарсы болды. Оның басты себебін жоғарыда айттық. Алайда сол кездегі Д.Ахметов үкіметі мен бұрынғы облыс әкімі Б.Жылқышиевтің кезінде «Казатомпром» АҚ – ының бұрынғы басшысы М.Жәкішов пен оны қолдаған атақты, суға батпайтын, отқа жанбайтын министр В.Школьниктер бұл кенішті 07.12.2006 жылы қайта аштырып, уран өндіруге кірісті. Қазір мұнда Ресей – Қырғыз – Қазақ бизнесмендері бірігіп уранды өндіріп, оны транспорт және басқа да коммуникациялардан өте қашықтықта орналасқан, оның үстіне стратегиялық маңызы бар ашық су көздері: Сырдария, Ызакөл, Арыс өзендерінің және басқа да үлкен магистралды каналдар үстімен өтіп жатқан стандарттарға сай келмейтін автожолдар арқылы уран шикізатын «Темір» темір жол бекетіне тасымалдаса, аса улы, қоршаған ортаға өте қауіпті күкірт қышқылын автоцистерналарға тиеп алып «Темірден» уран кенішіне қарай тасып, және бұл жолдардың екі жағында орналасқан жері от мал жайылымдары мен топырағы шұрайлы мақта, жүгері басқа да егіс алқаптарын да айналымнан шығаратын нағыз апаттың көзіне де айналдырып, қоршаған ортаға әкелер экологиялық қатерді де ондаған есе еселей түсуде... Оның үстіне исі мұсылман елдерінің пір тұтар әулиесі Арыстан Бабаның және халқымыздың біртуар Абыздары мен Ұлы Билері, Ұлы Хандары мен батырларының кесенелері орналасқан аудан орталығы Шәуілдір қалашығы уран кенішінен бар болғаны 51 шақырым жерде болса, қасиетті Түркістан қаласы 78 шақырым жерде орналасқандығына да, және бұл аса қауіпті радиактивті жүктердің тарихи орындар мен аудан орталығы арқылы автожүккөліктерімен тасылып жатуына билік басындағы шенеуніктердің асқан жауапсыздықпен қарауы да «Елім, Жерім, Отаным!» - деген азаматтарды қатты алаңдатуда. Оның үстіне бұл уран кенішінің әлемдегі әрбір алтыншы қандасымыздың, Қазақстандағы әрбір төртінші қандасымыздың тұратын Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы, миллионға таяу тұрғыны бар Шымкентке де (145 шақырым) жақын орналасқандығы, және 365 күнге тең бір жылдың 185 күнінде батыстан тұратын желдің жолай аса маңызды стратегиялық нысан, сиымдылығы 3 кубокилометр «Көксарай» су реттегішіне, cиымдылығы 5 кубокилометрден астам Шардара су қоймасына, Арыс қаласына, Шымкентке, қасиетті де, киелі «Атажұрт Қазығұртқа», қасиетті Ұлы Кер Сақ Аб «Сансыз Бабамыз» жатқан киелі шаһар Сайрамға, әлемде теңдесі жоқ «Ақсу - Жабағылы» қорығына дейін радиациялық шаң-тозаңды және осы ұңғылардан бөлініп жатқан радиоактивті газ радонды әкелетінін тиісті министрліктер мен билік орындарының ескермегендері де өте өкінішті!
Осы табиғат қорғау технологиясын уран өндіруші компаниялар мүлтіксіз орындар жүр ме? Жер анамызға жаны ашып шырылдап жүрген экологтардың айтуынша олай емес. Олардың мәлімдеуінше, ұңғыға құйылған қышқылдың жартысынан азы ғана сорылып алынады да, қалғаны жер астына сіңіп, сонда қалып қоятын көрінеді. Ол кез-келген уақытта жерасты суына қосылуы мүмкін. Уранмен бірге оның ыдырауынан пайда болған табиғи серіктері торий, протактиний, радий, полоний, висмут, таллий радиоактивті изотоптары да қышқылға еріп, суға араласады. Бұл суды ішкен адам ауруға ұшырайды. Сондықтан, уран жерасты суына қосылмас үшін жер асты шаймалау әдісін емес, бұрынғы шахталық-карьерлік тасымалдау әдісін қолдануы қажет. Уран өндіруші компаниялар шахталық тасымалдау әдісінің қымбатқа шығатынын, көп шығынға батыратынын сылтау қылмай, бірінші орынға қалталарының қамын емес, халықтың денсаулығын қойғаны жөн. «Мемлекеттің бірінші байлығы — адам» деген Елбасының сөзін ескерсек, Үкімет те компаниялардан осыны талап етуі тиіс.
Уран өндірудің арқасында экономикамыздың шарықтап өсетіні — әрине, еліміз үшін қуанышты жаңалық. Алайда, осы арада «осыншама уранды өндіру қажет пе?» және «осыншама уран өндіру экономикамызды шарықтатқанымен экологиямызды тоздырмай ма?» деген сұрақ өздігінен туындайтындай. Уранды осы қарқынмен өндіре беретін болсақ, біз оның ресурсын 70-80 жылдың ішінде-ақ сарқып алмаймыз ба? Келешектің қуат көзі — атом энергетикасы екенін ескерсек, бұл мәселені екі шұқып, бір қарауымыз керек секілді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Maidan.kz - ақпараттық порталы
www.google.kz