Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2013 в 11:21, курсовая работа
Халықаралық экономикалық қатынастар – халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі.
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті
«Қаржы-экономикалық» факультеті
ОСӨЖ №1
Халықаралық
экономиканың қалыптасуы және құрылымы
Орындағандар: Бөкейханқызы А.
Талдықорған қаласы 2013 жыл
Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы
Халықаралық экономикалық қатынастар – халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі.
Әлемдік экономика немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шаруашылықтың жиынтығы. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесінде бір біріне қарама – қайшы, бірақ та біртұтас әлемдік экономикалық жүйе қалыптастырады.
«Халықаралық
экономика» термині ХХ ғасырдың 90 жылынан
бастап кең түрде қолданыла бастады.
Алғашқыда халықаралық
Дүниежүзілік шаруашылықты оқыту мен зерттеудің үлкен теориялық әдістемелік және тәжірибелер меңызы бар. Әрі қазіргі кезеңнің проблемаларын ғана түсініп қоймай, оның әр аймағында болып жатқан экономикалық даму деңгейінің ерекшеліктерін біле отырып, жалпы дүниежүзілік шаруашылықтың даму барысын ойластыруды терең түсіну ықпал етеді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында нарықтық экономика Халықаралық
сипатқа ие болды, яғни халықаралық экономиканың негізгі белгілері
қалыптасты:
Халықаралық экономикалық немесе дүниежүзілік шаруашылық дегеніміз – ұлттық шартының жиынтығы болып табылады. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болды және дүниежүзілік шаруашылық өзара байланысты 2 жүйеден тұрады:
1. Ұлттық шаруашылық жиынтығы.
2. Халықаралық байланыстары.
Шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының 2 бастамасы бар:
1. Мемлекетаралық
экономикаға байланысты
2..Даму барысында
екі жақтың да өзара
Дүниежүзілік шаруашылықты өзара байланысты екі жүйеден ұлттық шаруашылықтың жиынтығы және халықаралық экономикалық байланыстардан тұрады.
Дүниежүзілік шаруашылық дегенде, тек бір ғана қарапайым
байланысты ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық жиынтығынан тұратын: халықаралық еңбек бөлінісі мен еңбекті кооперациялау нәтижесінде туындайды мемлекетаралық экономикалық қатынастарды да сөз етеміз.
Қазіргі жағдайда кез келген мемлекеттің экономикасының дамуы
дүниежүзілік шаруашылық байланыс арқылы ғана толық деңгейде жан –жақты дами алады.
Халықаралық сауда – ХЭҚ-ның ең алғашқы және басты түрі болып табылады. Сауда «халықаралық» болып бастамасын ішкі рулық еңбек бөлінісіне әсер еткен тайпалар арасындағы саудадан басталған. Бүгінгі күнде сауда айналым «көлемі жағынан ХЭҚ-дың басты түрі болмауы да мүмкін, бірақ та осы қатынастардың негізі болатындығы сөзсіз. Тіпті бүгін халықаралық сауда экономика ғылымының жеке саласы болып, ары қарай дамып жаңа түрлерін тудыруда.
Халықаралық сауданың даму кезеңдері – келесі сатыдан тұрады:
1 кезең – XVIII-XIX ғ. Мұнда халықаралық сауда айтарлықтай аумаққа жетіп, тұрақты халықаралық тауар-ақша қатынасы сипатына ие болған. Бұл процесс кейбір өнеркәсіптегі дамыған елдерде (Англия, Голландия), ірі машина өндіріснің пайда болуымен сипатталады. Ал экономикасы нашар дамыған (Азия, Африка,Лат. Америка) елдерінде ірі көлемде тұрақты түрде шикізаттарды импорттауға осы елдерге өндірістік тауарды экспорттауға бағытталған
2 кезең- XIX ғ. І жартысы. Мұнда халықаралық сауда бірнеше дағдарыстарды басынан өткізді. Оның біріншісі – 1914-1918 жж арасында дүниежүзілік соғыспен байланысты. Соғыстан кейінгі мерзімде халықарлық сауда орталық жүйесінің құлдырауына ұшырады.
3 кезең – XX ғ ІІ жартысы. Халықаралық айырбас жарылыс сипатына ие болып, халықаралық сауда жағдайындағы қарқынмен дами бастады:
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.
Халықаралық сауданың тиімділігін
бағалау мынадай теориялар
Мемлекеттің сыртқы
сауда саясаты екі типте
1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:
2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансы қолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:
Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.
Әрібір сауда қатынастары нәтижесінде ақшаны тудырады. Ақшасыз халықаралық сауданың дамуы мүмкін емес. Сондықтан келесі ХЭҚ-дың маңызды түрі халықаралық валюта болып табылады. Халықаралық деңгейде ақша валюта түріне ие болғандықтан, бұл түрін валюта - қаржы қатынастары деп атау қабылданған. Бүгінде ол ХЭҚ-дың ең дамыған және тармақталған түрі шығар.
Ақша әр түрлі функция атқаратыны белгілі, оның ішінде ең бастылары:
Ақшаның бұл функциялары тарихи даму барысында бөлініп, жеке дара жаңа түрлерін тудыруда.
Халықаралық валюта қоры (INTERNATIONAL MONETARY FUND, IMF, МВФ) — 187 мемлекеттен тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі. Мүше мемлекеттердің валюталық-кредиттік қатынастарын реттеуге және төлем балансының дефициті кезінде оларға шетел валютасымен қысқа және орта мерзімді несиелер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Қордың БҰҰ арнайы мекемесі мәртебесі бар. Ол әлемдік валюта жүйесінің институционалдық негізі ретінде қызмет атқарады. |
Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қоры Нью-Хэмпшир штатында Бреттон-Вудста өткен әлемдік көшбасшылардың бас қосуында 1944 жылы құрылды. «Бреттонвудтық мекемелердің» (көбіне осылай аталады) екеуі де халықаралық экономиканы Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы бойынша мықты негізге қою үшін қаланған. ХВҚ мүше-мемлекеттері Банктің мүшелері бола алады. ХВҚ-ның ресми мақсаттары
ХВҚ-ның негізгі функциялары
|
Еңбек миграциясы – бұл еңбекке жарамды халықтың қандай да бір қоғамның экономикалық қажеттілігіне айналған, еңбек күшін қажет ететін орындағы байланысты қозғалысы.
Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі – халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы. Өндіргіш күштердің ғылыми – техникалық прогресс әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.
Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіліктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.
Халықаралық еңбек бөлінісі – ел ішіндегі және еларалық бөлінісінің қорытындысы. Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді. Өндірістік процестің ойдағыдай жүруі ондағы атқарылатын әртүрлі еңбек процестерінің бөлшектеніп мамандануына, содан соң кооперацияланып, өзара жарасымды іс-қимылдарға көшуіне байланысты.
Еңбек бөлінісі – бұл қоғамдық еңбектің тарихи анықталған жүйесі. Ол қоғамның даму процесінде іс-әрекеттің сапалық дифференциация нәтижесінде қалыптасады.
Еңбек бөлінісі тек қана бөлектену процесі емес, сонымен қатар еңбекті біріктіру әдісі. Мұндай диалектикалық бірлік халықаралық деңгейде ерекше көрінеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі өндірістік әрекет түрлеріне байланысты мынадай нысандарға бөлінеді:
1) қоғамдық еңбек бөлінісінің жалпы түрі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс, құрылыс, денсаулық сақтау, білім беру, қызмет көрсету т.б.);
2) қоғамдық еңбек бөлінісінің дербес түрі (сала ішіндегі еңбек бөлінісі);
3) қоғамдық еңбек бөлінісінің жеке-дара түрі (кәсіпорын ішіндегі еңбек бөлінісі).
Миграцияны ішкі және сыртқы миграцияға бөледі. БҰҰ-ның топтастыруына сәйкес, сыртқы миграцияның төмендегідей түрлері бар:
Информация о работе Халықаралық экономиканың қалыптасуы және құрылымы