Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2015 в 18:34, дипломная работа
Мектепте психологиялық қызмет құрылуымен байланысты психолог ата-аналар арасында психологиялық ағарту жұмысын басқаратын адам. Сондықтан әр психолог өз жұмысының мазмұнын анықтағанда отбасымен жүргізетін іс-шаралар жүйесін толық қамтуға тиіс. Біз осы проблемаға өз үлесімізді қосу мақсатында және отбасына психологияльщ қызмет көрсету жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымыздың тақырыбын "Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыру жолдары» деп атадық.
К I Р I С П Е.............................................................................................................3
1 бөлім. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
АДАМГЕРШІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА
ОТБАСЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
1.1. Отбасы - адамгершілік тәрбиесінің негізі......................................................6
1.2. Отбасы тәрбиесінде халық педагогикасының озық
үлгілерін пайдалану............................................................................................17
1.3. Оқушыларды тәрбиелеуде сынып жетекшісінің оқушыларды жете танып-
білуінің маңыздылығыы.....................................................................................36
2 бөлім. ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН ЖЕТІЛДІРУДЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЩ МАҢЫЗЫ
2.1. Мектеп психологиялық қызметінің ата-аналармен ынтымақтастығының
маңызы.................................................................................................................48
2.2. Оқушылар және олардың ата-аналарымен жүргізілген
психокоррекциялық іс-шаралар.........................................................................58
Қ О Р Ы Т Ы Н ДЫ...............................................................................................70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕ Р......................................................................74
ҚОСЫМШАЛАР..................................................................................................77
2. Отбасы мүшелерінің саны. Қазір бірге тұрмайтын адамдарды салса баланың сол адаммен эмоционалдық жақын боғысы келгені.
3. Суреттегі адамдардың размерлері: ата-анасы, әпкесі (сіңлісі), ағасы (інісі), атасы мен әжесі т.б.
4. Адамдар арасы.
5. Заттар салынса олардың бала өмірінде атқаратын ролі болғанының белгісі.
6. Жануарлар барлығы (табиғатқа деген көзқарасын білдіреді).
7. Кейіпкерлер түрлері: нұсқасын келтірген; реалистік сурет; сурет салу эстетикасы; интерьер немесе пейзаж фонында салғаны; метафоралық сурет; кейіпкерлердің іс-әрекет жасап жатқанын көрсеткен.
8. Эмоцияны көрсетуі.
Суретті талдау барысында келесі мэселерге көңіл аудару қажет:
А) баланың майда қимыл әрекеттерінің қалыптасқандығы, дағдысы;
Б) суретте штрихтың көп түскені сенімсіздіктің белгісі;
В) суреттегі барлық бейнеленген нәрселердің размерлері майда болса ол баланың ден саулығы нашар болуының белгісі ретінде қарастыруға болады;
Г) отбасында бірге тұратын адамдарды суретке түсірмесе бала ол адамнан қорқады;
Д) суретке түспей қалған адамдар баланың талаптарына сай өмір сүрмейді немесе әйтеуір бір қылығымен оны қанағаттандырмайды;
Е) өзін өте кішкентай етіп салса отбасындағы өзінің роліне, орнына қанағаттанбайды, басқаларға көңіл көп аударылады деп сезінеді.
Пиктограмма «Отбасы суреті» әдістемесінің нәтижесі.
Балалардың аты |
Балалар салған суреттің интерпретациясы | |
1 |
Айнұр |
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес. |
2 |
Әсел |
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес. |
3 |
Әбдікәрім |
Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары. |
4 |
Бағила |
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешш қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес. |
5 |
Болат |
Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм |
6 |
Бекарыстан |
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес. |
7 |
Гулдария |
Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, түйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм |
8 |
Гулжан |
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары. |
9 |
Ғалым |
Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм |
10 |
Ғабит |
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес. |
11 |
Кәмилә |
Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары. |
12 |
Кәрім |
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары. |
13 |
Қатира |
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес. |
14 |
Сәуле |
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес. |
15 |
Сәкен |
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары. |
16 |
Рахима |
Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары. |
17 |
Торжан |
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары. |
18 |
Тоқберген |
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары. |
19 |
Ораз |
Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес. |
20 |
Ұлжан |
Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары. |
21 |
Фархат |
Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары. |
Зерттелінген екінші сынып оқушыларының отбасындағы жағдайлары әртүрлі болды, дегенмен басқа сыныптарға қарағанда, жақсы көрсеткіштермен сипатталды. Дегенмен балалардың эгоцентризмі және мазасыздану діңгейі көңіл аударатындай жоғары екендігін анықтадық. Балалардың осы проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингінен өткізу қажет екені байқалады.
Балардың жалпы жағдайын айқындау үшін және отбасының оқу мотивациясына тигізетін әсерін анықтау үшін «оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасын жүргіздік..
«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнамасы.
Оқу мотивациясы деңгейін бағалау үшін Н.Г.Лусканов арнайы сауалнама ұсынды. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап - 0 балл, бейтарап -1 балл, оң жауап - 3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін. 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл - мектепке деген теріс қарым-қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.
Сауалнама сұрақтары.
1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?
2. Таңертең сен ұйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?
3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?
4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?
5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?
6. Сен сабақта үзілістің көп және үзақ болғанын қалайсың ба?
7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?
8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?
9. Сенің сыныпта достарың көп пе?
10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?
Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының көрсеткішін, ал оның жоғарылауы - оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.
«Оқу мотивациясын анықтау» сауалнама нәтижесі
Балалардың аты |
Жауаптарының интерпретациясы | |
1 |
Айнүр |
Жоғары деңгей |
2 |
Әсел |
Жоғары деңгей |
3 |
Әбдікәрім |
Төменгі деңгей |
4 |
Бағила |
Жоғары деңгей |
5 |
Болат |
Ортаңғы деңгей |
6 |
Бекарыстан |
Ортаңғы деңгей |
7 |
Гулдария |
Ортаңғы деңгей |
8 |
Гулжан |
Жоғары деңгей |
9 |
Ғалым |
Жоғары деңгей |
10 |
Ғабит |
Жоғары деңгей |
11 |
Кәмилә |
Төменгі деңгей |
12 |
Кәрім |
Ортаңғы деңгей |
13 |
Қатира |
Жоғары деңгей |
14 |
Сәуле |
Жоғары деңгей |
15 |
Сәкен |
Төменгі деңгей |
16 |
Рахима |
Жоғары деңгей |
17 |
Торжан |
Ортаңғы деңгей |
18 |
Тоқберген |
Ортаңғы деңгей |
19 |
Ораз |
Жоғары деңгей |
20 |
Ұлжан |
Төменгі деңгей |
21 |
Фархат |
Ортаңғы деңгей |
Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп күрсетеді:
Жоғары деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; үзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; сыныпта жоғары мәртебеге ие.
Ортаңғы деңгей - оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өзбетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұқият, бірақ бақылауды талап етеді; коррекция сабаққа қызығушылықпен дайындалады: сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.
Төменгі деңгей - оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; коррекция сабақтарға немқұрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті үзілісті қажет етеді; пассивті; сыныпта жақын достары жоқ.
Бұл тест бойынша жүргізілген зерттеу нәтижесі балалардың оқу мотивациясы үш деңгейдеде көрініс бергенін анықтады. Қорытындылап айтқанда жоғары деңгейде - 10, орта деңгейде - 7, төмен деңгейде - 4 оқушының көрсеткіштері сай болды.
Оқушыларының мектеп мотивациясын тексеруге арналған әдістеменің екінші тапсырмасы оқушыларға "Мектепте маған не ұнайды?" деген тақырыпта сурет салу тапсырылады.
Автордың пікірінше тақырыпқа байланысты суреттегі мынандай жағдайларға көңіл аудару керек:
1. Мотивациясы дамымаған, мектеп мотивациясы жоқ, бірақ та оқушының ойын және басқа мотивтері басым. Мұндай жағдайда оқушылар машинаны, әскери әрекеттегі ойыншықтарды, оюларды және т.б. суреттерді бейнелейді;
2. Балалық негативизм, оқушы мектеп тақырыбында сурет салудан бас тартып, өзі жақсы көріп салатын суретін бейнелейді, мұндай мінез-құлықты оқушының талаптану деңгейі жоғары және мектеп талаптарына қиындықпен бейімделуін көрсетеді;
3. Тапсырманы түсінбеу немесе дұрыс қабылдамау, оқушылар ешнәрсе салмаса немесе басқа оқушының берілген тапсырмаға қатысты емес суретін көшіріп салса, онда бұл жағдай психикалық дамуы артта қалған балаларға қатысты. Мұндай жағдай 0 баллмен бағаланады.
Берілген тақырып бойынша салынған суреттердің сюжетін бағалау:
- Оқушының таным мотиві мен оқу белсенділігі, оқу жағдайындағы мектеп мотивациясының жоғарылығын көрсетеді, оны 30 балмен бағалайды.
- Сыртқы мектеп атрибуттары оқуға қатысты емес жағдайда мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ сыртқы мотивациясы 20 балмен бағаланады.
- Мектептегі ойын жағдайы мектепке қатынасы оң оқушыларға тән, бірақ игерген ойын мотивациясы 10 балмен бағаланады.
"Мектепте маған не ұнайды?" суретті талдау нәтижесі
№ |
Баланың аты |
Сурет мазмұны | |||
1 |
Асылзат |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
2 |
Баян |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
3 |
Алтай |
Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты | |||
4 |
Сэуле |
Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты | |||
5 |
Еркін |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
6 |
Саян |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
7 |
Атажан |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
8 |
Айжан |
Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты | |||
9 |
Ержан |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
10 |
Мәди |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, | |||
мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||||
11 |
Анарбек |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
12 |
Алишер |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
13 |
Роза |
Мектептегі оқу процесімен байланысты, мұғалімдер сынып бөлмесінде, оқушылар сабақ оқып жатқаны салынған. | |||
14 |
Марина |
Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген | |||
15 |
Қамила |
Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген | |||
16 |
Сәлима |
Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты | |||
17 |
Амина |
Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты | |||
18 |
Заррина |
Мектепте сынып жетекшісі және оқушылар гүлдерді суғарып, сынып бөлмесін тазалау барысындағы қарым-қатынаспен байланысты | |||
19 |
Қанат |
Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген | |||
20 |
Шегебай |
Мекетептегі оқумен байланысты емес, мектеп жанында ойнумен байланысты | |||
21 |
Фарух |
Мектеп өмірімен байланысты, спортзалда ойнап жүрген кез келтірілген |
Осы тест бойынша жүргізілген зерттеу 5 балаланың мотивациясы оқумен байланысты емес, мектептік болғаны мен сабақтан тыс жүргізілетін мәселелермен байланыстылығы анықталды және мектепке қызығушылық сыныптастарымен ойнауға байланысты екені анық байқалатынын көрсетті. Сондықтан олармен коррекциялық ойындар ұйымдастыру қажет болды.
«Отбасылық қарым-қатынастың аймағы» тесті
(Авторы: отбасылық психотерапевт Э.Г.Эйдемиллер, Санкт-Петербург)
Мақсаты: баланың ата-аналармен өзара қарым-қатынасын зерттеу, ата-аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудегі кемшіліктерін диагностикалау.
Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас 4 полюс арқылы көрініс береді:
Б - белсенділік
П - пассивтік
Ж - жұмсақтық
Қ - қаталдық
Осы көрсеткіштер арақатынасын талдағанда олардың бір-бірімен жұптасып келгені неше түрлі варианттағы қатынас тудырады.
Осы арақатынасты талдағанда ата-ана - бала ролдерін бағалау шкалаларын пайдаландық. Жүптастырған бағалау белгілерінің бірінші шкаласы ата-ана көрсеткіші болса, екінші шкала - бала көрсеткіші деп алдық. Мысалы:
ЖБ - ата-ана жұмсақтық көрсетеді, ал бала - белсенділік позициясында.
БЖ - жоғары белсенділік көрсететін ата-аналар балаларын ауыруды күткендей баптап тэрбиелейді, ал балаға ол ұнайды, ол барлық ата-аналық қамқорлықты толық қабылдайды;
ЖБ - ата-аналар балаларын алдап және басқа айлалар арқылы айтқанын орындаған болып көрінуге тырысады, ал балалары қарсыласу арқылы бостандық алғысы келеді;
ҚБ - ата-аналар баларын өте қатал ұстайды, барлық бастамаларын қатал сынап, кейде жаза қолданады, ал балалары белсенді түрде қарсылық көрсетеді, себебінде бір-бірімен қатынас қатынас қатаң жағдайларда өтеді, түсінісу төмен;
БҚ - ата-аналар жоғары белсенділік көрсететіп, доминанттау арқылы баланы өзіне бағындырып алғысы келеді, ал баланың өзін қорғау механизмі оянып, ол өзінің тәуелсіздігін сақтау үшін қаталдық байқатады;
ПЖ - ата-аналар балаларды өзбеттерімен жіберген, балалар ата-анадан қамқорлық көргісі келеді, сондықтан қарсыласу элементтері орын алады;
ЖП - ата-аналар балаларының айтқанын орындап, олардың белсенді болғанын қалайды, барлық бастамаларын мадақтап қолдау көрсетеді, ал бала белсенділіктен бас тартады;
ҚП - ата-аналар баларын өте қатал ұстайды өте жоғары моралдық жауапкершілікті талап етеді, ал баланың жауапкершілігі төмен, жалқау;
ПҚ - ата-аналар балаларды өзбеттерімен жіберген, моралдық және материалдық қолдауы шектетулі, балалары ата-анадан материалдық жағдай жасауды және басқа қамқорлықты талап етеді.
Информация о работе Оқушылардың ата-аналарына психологиялық қызмет көрсету ерекшеліктері