Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 10:09, реферат
Сот ауыр немесе өте ауыр қылмыс жазаланғандарды соттағанда жауапталушының жеке басын есепке ала отырып, оны құрметті, әскери, арнаулы немесе басқалай атағынан, мамандық шенімен, дипломатиялық дәрежесімен атақтарынан айыруы мүмкін.
Сот ауыр немесе өте ауыр қылмысы үшін сотталғанда ҚР-ның Президенті берген наградалары бар, сондай – ақ құрметті, арнаулы, әскери немесе басқа да атақтары, мамандық шені, дипломатиялық дәрежесі, мамандық атақтары бар адамдар туралы үкім шығарарда ҚР Президентінің алдына мұндай атақтардан айыру жөнінде ұсыныс жасаудың орындылығы туралы мәселені шешеді.
Кіріспе 3
Негізгі бөлім
Қортынды
Пайданылған әдебиет
РЕФЕРАТ
Мүлікті тәркілеу туралы сот үкімін атқару
Орындаған: Баймаханбетов Руслан
ШЫМКЕНТ 2013
Жоспар:
Сот ауыр немесе өте ауыр қылмыс жазаланғандарды соттағанда жауапталушының жеке басын есепке ала отырып, оны құрметті, әскери, арнаулы немесе басқалай атағынан, мамандық шенімен, дипломатиялық дәрежесімен атақтарынан айыруы мүмкін.
Сот ауыр немесе өте ауыр қылмысы үшін сотталғанда ҚР-ның Президенті берген наградалары бар, сондай – ақ құрметті, арнаулы, әскери немесе басқа да атақтары, мамандық шені, дипломатиялық дәрежесі, мамандық атақтары бар адамдар туралы үкім шығарарда ҚР Президентінің алдына мұндай атақтардан айыру жөнінде ұсыныс жасаудың орындылығы туралы мәселені шешеді.
Сотталғандарды арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, мамандық шенімен, дипломатиялық дәрежеден, сыныпты білігінен және мемлекеттік нагарадалардан айыру туралы үкім шығарған сот , үкім заңды күшіне енген соң оның көщшірмесін сотталғанға атақты, мамандық шені, дипломатиялық дәрежені, сыныптық білігін берген немесе оның мемлекеттік нагарадамен марапаттаған лауазымды адамға жібереді.
Мүлікті тәркілеу деп сотталғанның жеке меншігіндегі мүлігінің барлығын немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне тегін беруге мәжбүр етуді айтады.
Мүлікті тәркілеу пайдақорлық ниетпен істелген қылмыстар үшін белгіленген, сондай-ақ ол ҚР Қылмыстық кодексінің айрықша бөлімінің баптарына сәйкес көрсетілген жағдайларды тағайындауы мүмкін.
Сотталушының мүлігін тәркілеуге үкім шығарған сот және ол заңды күшіне енген соң өтеу парағын, мүлік тізімінің көшірмесін үкімнің көшірмесін орындау үшін сот орындаушысына жібереді, бұл туралы тиісті қаржы орнына хабарлайды. Істе сотталушы мүлігінің тізімі болмаған жағдайда мүлік тізімі жүргізілмегені туралы анықтама жіберіледі.
Мүлікті тәркілеу түріндегі жазаны орындауды мүліктің тұрған жері бойынша сот орындаушысы жүргізеді.
Сот орындаушысы орындау парағын
алған соң дереу тізімде
Үкім барлық мүлікті тәркілеу түрінде орындалып, бірақ айыптау үкімін орындаудың заңмен белгіленген өту мерзімдері біткенше сотталғанға шығарылғанға дейін немес үкім шығарылғаннан кейін оның тәркіленуге жататын қаражатқа сатып алған тәркіленбеген мүлкі табылған жағдайларда, үкім шығарған сот немесе үкімді атқару орнындағы сот, егер мүлік заң бойынша тәркіленуі тиісті болған болса, сот орындаушысының ұсынуымен табылған мүлікті тәркілеуді орындауға жіберу туралы қаулы шығарады.
Соңғы жылдары соттардың дербестігін күшейту бағытында бірқатар істер атқарылып, заман талабына сай заңдар қабылданды. Сөз жоқ, бұл өзі сот саласындағы қордаланып қалған қомақты мәселелердің түпкі түйінін шешуге мүмкіндік берді. Мемлекеттік тәуелсіздіктің қалыптасу тұсында қабылданған алғашқы заң өтпелі кезеңнің құқықтық актісі ретінде өз мүмкіншілігін толығымен сарықты.
Сот билігінің пәрменді екеніне
халық сенуі үшін сот шешімінің
мерзімінде, толық орындалуына басты
назар аудару керек. Сондықтан
да сот актілерінің міндетті түрде
және мерзімінде орындалуын түбегейлі
жақсарту үшін тиісті мемлекеттік шаралар
қолдану қажеттілігі туды. Осыған
байланысты 2000 жылдың 1 қыркүйегінде
Қазақстан Республикасы Президентінің
“Қазақстан Республикасындағы сот
жүйесінің тәуелсіздігін
Осы Жарлыққа сәйкес, сот актілерінің міндетті түрде және мерзімінде орындалуын түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанынан сот әкімшілігі жөніндегі Комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің ықпалынан толығымен шығарылды.
Сот жүйесінің беделі оның шешімінің орындалуымен тікелей байланысты десек, қателеспеген болар едік. Нақтылы, шүбәсіз және уақытылы орындалған сот қаулысы сот төрелігін жүзеге асырудың және оның маңызын нығайтудың бірден - бір басты белгілерінің бірі. Олай болса, сот қаулыларын орындайтын сенімді, берік жүйе орнату беделі сот билігін орнатудың құрамды элементтерінің бірі деп нақты айта аламыз. Сот қаулыларының орындалуын түпкілікті жақсарту қажеттігін Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында атап көрсетті.
Көпшіліктің сотқа сенімі артып, сот қарайтын істердің саны сан еселеп өскен сайын орындауға түсетін құжаттар саны да жыл сайын өсуде. Сот орындаушыларының жұмысын ұйымдастыру, сот шешімін орындауды жоғары дәрежеге жеткізу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының Соттар әкімшісі нақты шаралар қолдануда. Соттар әкімшісінде сот орындаушыларының жұмысы тоқсан сайын қорытындыланып, орындау барысы жүйеленіп, бағаланып отырады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы бойынша мүлікті тәркілеу дегеніміз- сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу. ҚР ҚК-інің 51-ші бабына сәйкес, мүлікті тәркілеу пайдақорлық ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін. Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңындағы Тізімде белгіленгендей, сотталушыға немесе оның асырауындағы жандарға аса қажетті мүліктер тәркіленуге жатпайды. Бұл тізімге мыналар кіреді: пәтер немесе тұрғылықты үй, жер учаскесі, өте қажетті киімдер, балалар тауарлары және т.б.
Қазақстан қылмыстық құқық реформасын жүзеге асыру кезінде шетелдік әдіс- тәсілдерді үйрену аса маңызды да, өзекті болып отырғаны баршаға мәлім. Басқа мемлекеттердің тәжірибесі өз қылмыстық заңдылықтарымызды одан әрі дамытуға үлкен тиімділік береді.
Ұлттық заңдарымызды дамытуға талпыну- қазіргі қоғамдық өмірдің өзіндік шарттарына сәйкестендіруге алып келетіні сөзсіз. Осыған орай бірқатар мемлекеттердің қылмыстық-құқықтық нормалары жарыққа шықты. Ондай нормалар мүліктік жазалар ауқымында да жетерлік, яғни қылмыскер мүлікке құқығын шектеу немесе одан айыруға сотталғанда, оған тағайындалған жаза материалдық тұрғыдағы өміріне тікелей әсер етеді. Міне, осындай жолмен сотталушыға мүлікті тәркілеу әсер етеді.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ КОДЕКСІ
ҚР 23.06.00 ж. № 57-II; 24.12.01
ж. № 276-II Заңдарымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін
атқару тәртібі
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді
(жарияланғанынан кейін алты ай өткен
соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сотталушының мүлкiн тәркiлеу туралы
үкiм шығарған сот ол заңды күшiне енген
соң атқару парағын, мүлiк тiзiмiнiң көшiрмесiн
және үкiмнiң көшiрмесiн атқару үшiн мемлекеттік
сот орындаушысына жiбередi, бұл туралы
уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлайды.
Iсте сотталушы мүлкiнiң тiзiмi болмаған
жағдайда мүлiк тiзiмi жүргiзiлмегенi туралы
анықтама жiберiледi.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді
(жарияланғанынан кейін алты ай өткен
соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мүлiктi тәркiлеу түріндегі жазаны орындауды
мүлiктiң тұрған жерi бойынша мемлекеттік
сот орындаушысы жүргiзедi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен
(бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен
58-бап өзгертілді
58-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
1. Сотталушының мүлкi, соның
iшiнде оның ортақ немесе бiрлескен меншiктегi
үлесi, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының
банктердегi салымдары мен кез келген
меншiк нысанындағы активтерге өзге де
салымдары сот үкімі бойынша тәркiленуге
жатады. Сондай-ақ қылмыстық іс-әрекет
объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе
қүралы, айналымнан алынып қойылған зат
болып табылатын мүлік сот үкімі бойынша
тәркіленуге жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны
үшін сотталған адамның меншігінен басқа,
қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық
жолмен алынған қаражатқа сатып алынған,
сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне
берген мүлік те заңнамада белгіленген
тәртіппен тәркілеуге жатады.
2. Сотталушының сот үкімі бойынша тәркiленуге
жатпайтын мүлiктiң Тiзбесiнде аталған
мүлкi тәркiленуге жатпайды (қоса тiркеледi).
3. Соттың үкімі бойынша тәркiленуге жататын
мүлiктiң кiмге тиесiлi екендiгi туралы даулар
азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен
шешiледi.
9-тарау. Борышкердің мүлкін сатудың тәртібі
§ 1. Сатудың жалпы ережесі
75-бап. Мемлекетке берілетін мүлікті сату
Мүлікті тәркілеу бөлігіндегі
қылмыстық іс бойынша сот үкімі
негізінде не мүлікті мемлекетке
беру туралы шешім негізінде тыйым
салынған мүлік Қазақстан
Информация о работе Мүлікті тәркілеу туралы сот үкімін атқару